Файл: Аза тілі адірлі талапкер!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 361

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………

Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………

Леп белгісі……………………….……………………………

Сұрау белгісі……………………………………………………

Көп нүкте…………………………………….…………………

Нүктелі үтір……………………………………………………

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ

ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

1. жалпы қолданыстағы сөздер;

2. қолдану аясы шектеулі сөздер;

3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;

4. сөздің лексикалық мағыналары;

Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

СӨЗ ҚҰРАМЫ

Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.

ҚОСЫМША Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар. Олар: жұрнақ және жалғау. ЖҰРНАҚ Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Жұрнақтың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ. Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді. (Қой+шы – қойшы, өнер+паз – өнерпаз, ой+лa – ойла, тау+лы – таулы) Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді. (Үй+шік – үйшік, сандық+ша – сандықша, алаң+қай – алаңқай, қала+шық – қалашық.) Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, жаз-у-шы-лық. Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады. Ондай бір түбірден жасалған сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, біл-ім, біл-дір, біл-гіш т.б. Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады. Мысалы, кітапханалардан, оқушымын т.б. ЖАЛҒАУ Жалғау сөздерді байланыстырады. Оның 4 түрі бар: Көптік жалғауы Тәуелдік жалғауы Септік жалғауы Жіктік жалғауы 1. Көптік жалғауы Сөздер ;trtit n3hlt және r6git n3hlt 1jklfyskflы` R6gn8r vf2syfys ,8kl8he 3i8y сөздерut r6gn8r ;fk2fes ;fk2fyfls` Vscfks= f2fi/nfh r6it/kth 1sp/lfh`

Септік жалғауының мағыналары: Ілік септігі бір заттың екінші затқа тәуелді екенін (Қайраттың кітабы) немесе қатысты екенін (алма ағашы) білдіреді. Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, Мұса Алматыға (бағыт) кетті. Мұса Алматыға кітап алуға (мақсат) кетті. Табыс септігі объектіні білдіреді. Мысалы, Мен сөмкені алдым. Жатыс септігі мекендік, мезгілдік мағына береді. Мысалы, Омар қалада (мекен) тұрады. Оспан жазда (мезгіл) келеді. Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді. Мысалы, Мен әкемнен алма алдым. Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. Мысалы, Мен атпен келдім. Мен әкеммен сөйлестім. Ctgntkel85 tr8 n3h8 ,fh= ;fq ctgntke ;7yt n7etkl8 ctgntke` 1. Жfq ctgntke – с6plthl85 n3,8h r3q8ylt ctgntke8` 2. Т7etkl8 ctgntke – с6plthl85 n7etklty8g ,fhsg ctgntke8`Vscfks= Жай септеу Тәуелді септеу А. ҮйІ. Үй-діңБ. Үй-геТ. Үй-діЖ. Үй-деШ. Үй-денК. Үй-мен А. ҮйімІ. Үй-ім-ніңБ. Үй-ім-еТ. Үй-ім-діЖ. Үй-ім-деШ. Үй-ім-ненК. Үй-ім-мен 4. Жіктік жалғауы Ж8rn8r ;fk2fes ,fcnfesi gty ,fzylfesins ,fqkfyscnshfls` Cjyls1nfy ;8rn8r ;fk2feks c6p 7h1fify ,fzylfesi ,jkfls lf c6qktvl8 nbzyf1nfg n4hfls`

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас

Назар аудар!

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ

ЛЕП БЕЛГІСІ

СҰРАУ БЕЛГІСІ

КӨП НҮКТЕ

ҮТІР

НҮКТЕЛІ ҮТІР

СЫЗЫҚША

БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША

ҚОС НҮКТЕ

ЖАҚША

ТЫРНАҚША

СТИЛЬ


  • Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы: Аласа – биік, Ұзын – қысқа, Ақ – қара, Жақын – алыс, Су жүрек – жүрек жұтқан

  • Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты.

    Синонимдерді қолданудың мынадай тәсілдері бар:

    1. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланған сөзді қайталамас үшін оны басқасымен алмастырады. Мысалы: Ерегісте ер өлер, екі батыр егессе, екеуінің бірі өлер (Мақал). Айнала шабытты еңбек, қызу жұмыс.

    2. Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайласып та тұра береді. Мысалы: Бет көрсе, жүз ұялады (Мақал). Қауіп бар жерде қатер бар (Мақал). Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамақ мырс етсе, ол жарқылдап күледі (Ғ.Мұстафин). Ата дұшпан сен едің, ата жауың мен едім (Махамбет).

    3. Белгілі бір ұғымды әр жақтан толық сипаттап беру үшін 2 немесе 3-4 синоним сөз қатарынан қолданылады. Мысалы: Балташ жолдасқа опашыл, уәдешіл болатын (Ж.Аймауытов). Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады (Ж.Аймауытов). Жылатушы көп болса, уатушысы, жұбатушысы да мол болған ел сорлы бола ма? (М.Әуезов). Дәл қасымызда үш бастау, қайнар, бұлақ бар. (Ә.Тәжібаев). Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болады (Ғ.Мұстафин). Ибалы, инабатты, ізетті жандар қазақта баршылық («Жас алаш»).

    4. Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты бұларды қосарлап та пайдалануға болады. Мысалы: күш-қуат, кұрбы-құрдас, ар-ұят, аман-сау, үлгі-өнеге, азып-тозу, қорқытып-үркіту, қажымай-талмай, өткен-кеткен, даусыз-талассыз, мұңды-зарлы, өніп-өсу т.б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың бұрынғы жеке мағыналары абстракцияланып (яғни жалпыға айналып), білдіретін ұғымның көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының жиынтығынан шығады.

    5. Қазақ тілінде мағыналас екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мысалы: кең байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік тау, зәулім биік үй, қызыл жоса қан, нән семіз жылқы, жайдары жарқын мінез, орасан зор жұмыс, құр бекер жүріс т.б.

    6. Синонимдер тек жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де кездеседі. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беру үшін фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқарады. Мәселен, Кеңес армиясы 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандады деген сөйлемдегі талқандады деген сөздің орнына жермен-жексен етті, күлін көкке ұшырды десек, сөзіміз әлдеқайда күшті шыққан болар еді. Сондай-ақ екі синоним сөздің қатар қолданылғаны тәрізді мағына жағынан өте жақын екі фразалық тіркестер де қаз-қатар жұмсала береді. Мысалы: Қатерлі қауіп төнген күндер де өтті, итжығыс, бірде олай, бірде бұлай (Қ.Айнабекұлы). Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой – бұл да бір (Қ.Жұмаділов). Бұл салада да жетістіктермен қатар әттеген-ай дегізіп, сан соқтырарлық олқылықтар да бар («Жетісу»).

    7. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы: Ақсақал абдырды, састы, қысылды, жан терге түсті (Ж.Аймауытов). Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр жармады (Т.Әлімкұлов). Жолыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж.Жұмақанов). Ойдың да шикісі бар күлді-көмеш, Сүйкімсіз арам астай адам жемес. Дүмбілез, дүбарасы бар оның да, Әрі-сәрі, не ол емес, не бұл емес (Ә.Оңалбаев). Ел-жұрт, халқы мен ата-анасын көреді (Батырлар жыры).

    8. Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнында оның түсінігін сипаттап беру болып шығады. Мәселен, Алматы дегеннің орнына Қазақстанның астанасы, М.Әуезов деудің орнына «Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бұлбұл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде, немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойғызу мақсатында қолданылады. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп баяндау үшін де жұмсалады.

    9. Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тыңдаушыларға жеңілдетіп, жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде эвфемизм деп атайды. Бұл да тіл мәдениетінің бір тәсілі болып саналады. Мәселен, өсек-аяң дегеннің орнына жаяу почта, ұзын құлақ, сымсыз телефон деп, өтірік сөз дегеннің орнына қоспа деп, өсекші дегеннің орнына жеңіл ауыз деп, пара дегеннің орнына ауыз бастырық деп, ұрлық дегеннің орнына жиендік деп, қартаю дегеннің орнына жасы ұлғаю деп жұмсартып қолдана беруге болады.


    М.Әуезов «Абай жолы» атты романында Абайдың өлімін мынадай эвфемизмдер арқылы бейнелеген: «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің демі тоқталды. Шел даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шығып, зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті». Мұнда жазушы Абай деудің орнына бірде ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде игілік өмір, бірде зәулім өскен алып шынар деп парафраза тәсілімен ерекше назар аудартқызып отырған болса, өлді деген жағымсыз сөздің орнына дүниеден көшті, қаза тапты, демі тоқталды, үзілді, кұлады, кетті сияқтанған эвфемизмдер қолданған.1

    Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері

      1. Метафора (грек. «ауысу, ауыстыру») – бір-біріне ұқсас екі не одан да көп зат немесе құбылыстың балама аталуы. Мысалы, Хан емессің, қасқырсың... Хан емессің, шаянсың... өлеңіндегі «қасқыр», «шаян» сөздері жауыз, қатыгез сөздерінің орнына қолданылған.

      2. Метонимия (грек. «атын өзгертіп атау») – ойда сақталып тұрған бірер сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу. Мысалы, Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу.

      3. Синекдоха (грек. «бірге жобалап, шамалап түсіну») – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. Мысалы, Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнына төрт-бес тұяғымыз бар деу.

    МОРФОЛОГИЯ

    • Морфология сөз құрамы, қосымша және сөз таптарын зерттейді.

    • Сөз құрамының 2 түрі бар: дара сөз және күрделі сөз.

    Дара сөз

    Күрделі сөз

    1) түбір сөз

    2) туынды сөз



    1) қос сөз

    2) біріккен сөз

    3) қысқарған сөз

    4) тіркескен сөз



    • Қосымшаның 2 түрі бар: жалғау және жұрнақ.

    Жалғау

    Жұрнақ

    1) көптік жалғауы

    2) септік жалғауы

    3) жіктік жалғауы

    4) тәуелдік жалғауы

    1) сөз тудырушы

    2) сөз түрлендіруші






    • Сөз табының 9 түрі бар:

    1. зат есім 4. есімдік 7. шылау

    2. сын есім 5. етістік 8. еліктеу сөз

    3. сан есім 6. үстеу 9. одағай

    Сөз таптарының сызбасы2




    СӨЗ ҚҰРАМЫ

    Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.


    ДАРА СӨЗ

    Дара сөз – бір түбірден тұратын сөз. Оның 2 түрі бар: түбір сөз және туынды сөз.

    1. Түбір сөз

    Түбір сөз сөздің мағынасы бар ең бастапқы бөлшегі. (ән, дос, бөл, біл, тау, жақсы, қала)

    2. Туынды сөз

    Туынды сөз түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. (әнші, достық, бөлім, білгір, таулы, жақсылық, қалашық)

    Қосымша:

    Түбір сөз бен одан жасалған туынды сөз арасында мағыналық байланыс болады. Мысалы, бал сөзінен балшы, балгер деген сөздер жасалады. Ал бал сөзінен бала, балық деген сөз жасалмайды. Себебі олардың арасында мағыналық байланыс жоқ.

    КҮРДЕЛІ СӨЗ

    Күрделі сөз – кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөз. Оның 4 түрі бар:

    Біріккен сөз

    Қос сөз

    Қысқарған сөз

    Тіркескен сөз
    1. Біріккен сөз

    Біріккен сөз екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: Тасбақа (тас+бақа), Талдықорған (Талды+қорған), қарақұрт (қара+құрт), Екібастұз (Екі+бас+тұз)

    Кіріккен сөз құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысы өзгертіп біріккен сөз. Мысалы:

    биыл

    бұл жыл

    бүгін

    бұл күн

    әкел

    алып кел

    апар

    алып бар

    ендігәрі

    ендігіден әрі

    жаздыгүні

    жаздың күні

    білезік

    білек жүзік

    қарлығаш

    қара ала құс

    ағайын

    аға іні

    сексен

    сегіз он

    сәресі

    сахар асы

    2. Қос сөз

    Қос сөз сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама қос сөз және қосарлама қос сөз.

    • Қайталама қос сөз – сыңарлары бір түбірден жасалатын қос сөз. Мысалы: көре-көре, көзбе-көз, өз-өзінен, тау-тау.

    • Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:


    1. Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, үлкен-үлкен, су-су, тікен-тікен, қора-қора, қарқ-қарқ, ұсақ-ұсақ т.б.

    2. Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, бара-бара, айтып-айтып, үйдей-үйдей, сөйлей-сөйлей, бір-біріне, көзбе-көз, келер-келмесін, орынды-орынсыз, қолды-қолына, он-ондап т.б.

    3. Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады. Мысалы, кісі-місі, қағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-мас, тіс-міс, мәре-сәре, кемпір-семпір, нан-пан, сатыр-сұтыр, салдыр-гүлдір, қараң-құраң т.б.

    4. Бір сыңары ықшамдалып жасалады. Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.

    • Қосарлама қос сөз – сыңарлары әр түрлі түбірден жасалатын қос сөз:: үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы, бала-шаға, көйлек-көншек.

    • Қосарлама қос сөздің 5 түрлі жасалу жолы бар:

    1. Сыңарлары синонимдес болып келеді. Мысалы, зәре-құт, ашу-ыза, дос-жар, тәлім-тәрбие, ыдыс-аяқ, етек-жең, өнер-білім, төсек-орын, қазан-ошақ, ес-түс, қауіп-қатер, уайым-қайғы, мінез-құлық т.б.

    2. Сыңарлары антонимдес болып келеді. Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.

    3. Бір сыңары мағынасыз болып келеді. Мысалы, арық-тұрық, бала-шаға, емін-еркін, жүн-жұрқа, көйлек-көншік, киім-кешек, көрші-қолаң, кедей-кепшік, жоқ-жітік т.б.

    4. Екі сыңары да мағынасыз болып келеді. Мысалы, анда-санда, ығы-жығы, қым-қуыт, әңкі-тәңкі, ту-талақай, алба-жұлба, ұйпа-тұйпа, тым-тырақай т.б.

    5. Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді. Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени, үнді-еуропа т.б.

    3. Қысқарған сөз

    Қысқарған сөз күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. Мысалы,

    1

    ТМД

    Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

    2

    ҚазҰМУ

    Қазақ Ұлттық Медицина университеті

    3

    Ұжымшар

    ұжымдық шаруашылық

    4

    кг

    килограмм

    5

    ГАЗ-33

    машина, трактор, ұшақ маркалары


    Қысқарған сөздің жасалуының 4 жолы бар:

    1. Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің тек бірінші дыбыстары қысқарды. Мысалы, ТМД, БҰҰ, АҚШ т.б.

    2. Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен соңғы сөздердің бірінші дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы, ҚазҰПУ, ҚазМҰУ т.б.

    3. Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің бірінші буындарынан қысқарды. Мысалы, кеңшар (кеңестік шаруашылық), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), физмат(физика-математика) т.б.

    4. Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен келесі сөздің түбір күйінде қысқаруы. Мысалы, пединститут, медколледж, медпункт т.б.

    5. Өлшем бірліктерінің қысқаруы.Мысалы, см (сантиметр), кг.