Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 832

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ескерту:

Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.

Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.

  • қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.

  • артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.;

  • артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.



  1. Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу


Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.

Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.

Құрал-жабдықтар: секунді тілі бар сағат, қызу парағы, көк стержен, қалампсап.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет.

  4. Бір қолмен науқастың қолын алыңыз, қәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға.

  5. Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

  6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.

  7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.

  8. Дем алу қозғалысының жиілігін есептегенін науқасқа түсіндіріңіз.

  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  10. Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.


Ескерту:

  • Тыныс алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;

  • 1 минуттағы тыныс алу қозғалысының саны – тыныс алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ТАЖ);

  • дені сау ересек адамның қалыптағы тыныс алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;

  • тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынысында;




  • дене температурасы 10С жоғарлағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиеленеді;

  • Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.

  • Тахипноэ – 1 минутта 20 көбірек жиілік жие дем алу жиеленеді.



  1. Су балансын анықтау және есептеу


Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.


Құрал-жабдықтар: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдыс және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдыс, су балансын есептейтін парақ, қаламсап, қызу парағы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.

  2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.

  3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.

  4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.

  5. Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат 6,00 зәрін унитазға жіберу қажеттігін.

  6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат 6,00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.

  7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тәуліктік диурез болады.

  8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.


Бөлінген сүйықтық


Бөлінген зәрдің уақыты

Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)













Барлығы:







  1. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз


Енгізілген сүйықтық


Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты

Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері













Барлығы:







  1. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.

Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.
Мейірбикенің міндеттері:


  • Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.

  • Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.

  • Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.

  • Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).

  • Қатты тамақтарда 60-тан80% дейін су бар.

  • Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.

  • Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.

  • Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).


шығарылған зәр мөлшері · 100

шығарылуы % =

енгізілген сұйықтық мөлшері


  • Келесі формула бойынша су баланысына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.

  • Шығарылған сұйықтық мөлшерін қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.

  • Егерде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.

  • Егерде сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.

  • Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.



Нәтижесінің бағасы:
80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).

  • Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

  • Кері су балансы (<70%) ісіктің көбейуін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.


VІ. Тамақтану және науқасты тамақтандыру

  1. ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ


Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Көрсеткіштері: төсек тәртібінде жатқан, қал-жағдайы ауыр науқас.

Құрал-жабдықтар: сүлгі, салфетка, поильник, сұйықтық ішуге арналған түтік, қасық, тарелка, жылы тамақ.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын ұнататынын науқастан сұраңыз.

  2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.

  5. Тумбочкіге немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

  6. Науқасқа ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).

  7. Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз.

  8. Науқасты қасықпен аз порцияда немесе поильникпен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

  9. Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

  10. Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.

  11. Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту: егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.


  1. Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру


Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.

Көрсеткіштері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру


тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсеткіштері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісі, 200 мл құйғы немесе Жане шприці, салфеткалар, фурацилин ертіндісі, қасқыш, фонендоскоп, 3-4 стакан, жылы сұйық тамақ 600-800 мл мөлшерінде, лоток, жабысқыш пластырь, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа және туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Енгізетін сүнгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.

  4. Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.

  5. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

  6. Мұрын жолдарын қараңыз.

  7. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз,

жұтынуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.

  1. 30-40 мл ауаны жане шприціне сорып алып және оны сүнгіге жалғастырыңыз.

  2. Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз.

  3. Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

  4. Сүнгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

  5. Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны науқастын бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

  6. Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

  7. Құйғыны немесе Жане шприцін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғынын ауызында тамақ қалмағанша.

  8. Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

  9. Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

  10. Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанғанға дейін науқастын

  11. мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

  12. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.