Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 815
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін салфеткаларды ауыстырып отырыңыз,кішкене жыныс еріндерін өндіміз
-
Құрғақ салфеткамен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз. -
Салфеткаларды жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісіне қойып, сол қолдың 1- 2 саусақтармен жыныс еріндерін ажыратып зәр шығару каналының кіре беріс тесігіне оң қолыңызбен пинцетпен, антисептикалық ерітіндініге малынған дәке салфетканы ұстап 1 минутқа қоямыз -
Баздалудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз. -
Қолданылған корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Судноны және клеенканы жинап алыңыз, зарарсыздандырыңыз. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз. -
Кермені жинап алыңыз. -
Қолғапты және қолданған салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз,. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Халі ауыр ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ
Мақсаты: жыныс мүшелері аймағының тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.
Көрсеткіштері: науқастың халі ауыр жағдайында.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, корнцанг, пинцет,салфеткалар,қолғап, клеенка, жаялық, сабын, судно, ішінде суы бар құмыра (судың t-37-380С) немесе Эсмарх крушкасы,керме, ҚЖКЖК .
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқаспен сенімділік қарым-қатынас орнатып; процедура мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз,егер процедура барысы паллатада өтетін болса кермені(ширма) қойыңыз -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Халі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз. -
Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз. -
Науқастың оң жағынан тұрыңыз. -
Эсмарх крушкасінің ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті алыңыз. -
Жыныс мүшесінің қасаға, бұтаралығын, аналь тесігін мүқият жуыңыз. -
Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағыттап жуыңыз, жыныс мүшесінің басынан бастап: ума, аналь тесігін кезектілікпен жуып,салфеткаларды ауыстыра отырып, құрғатыңыз. -
Жыныс мүшесінің үстіне салфетканы қойып 3,4- ші саусақтарыңызбен ұстап, ал 1,2- ші саусақтарыңызбен оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.Жыныс мүшесінің басын айналмалы қозғалыстармен сағат тілінің бағытында салфетканы фурацилин ерітіндісіне малып жуыңыз. -
Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз. -
Судноны, клеенканы, жаялықты кезекті зарарсыздандыру үшін жинаңыз.Қолданылған салфеткаларды және қолғапты ҚЖКЖК- ға салыңыз. -
Төсек-орнын жазықтап, науқасты жабыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Кермені жинаңыз.
-
ДӘРЕТ САУЫТЫН (СУДНОНЫ) БЕРУ
Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан науқастарға ішегін және қуығын босату кезінде қолданылады.
Құрал-жабдықтар: зарарсыздандырылған дәрет сауыты (судноны), клеенка, жаялық, қолғап, керме, су, әжетхана қағазы, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Дәрет сауытын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз. -
Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз. -
Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына қойып, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесіңіз. -
Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз. -
Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз. -
Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет сауытын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз. -
Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз. Қағазды дәрет сауытына салыңыз. -
Дәрет сауытын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз. -
Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз. -
Дәрет сауытын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз. -
Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз. -
Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз. Қолғапты ҚЖКЖК- ға салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.
Көрсеткіштері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде қолданылады.
Құрал-жабдықтар: зарарсыздандырылған зәр қабылдағыш, залалсыздандырылған дәке салфеткалар,пинцет, клеенка, жаялық, залалсыздандырылған қолғап, керме, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Егер процедура барысы палатада өтетін болса науқасты кермемен оңашалаңыз. -
Көрпені қайырыңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшақтатуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз. -
Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Қолыңызға пинцетпен дәке салфеткасын алыңыз, онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз. -
Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз. -
Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке салфеткасын алып тастаңыз. -
Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз. -
Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз. -
Зәр қабылдағыштың ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз, зәр қабылдағышты зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, дәке салфетканы, қолғапты ҚЖКЖК- ға салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Көзді күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын-алу, халі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Көрсеткіштері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, халі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы, емдік затты тамызу.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: дәке тампондар, лоток, пинцет (іскекті), ундинка, көз стакандары, 1:2000 фурациллин ерітіндісі, вазелин майы, мензуркалар, физиологиялық ерітінді, тамызғыштар, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз. -
Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз. -
Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз. -
Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді). -
Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз. -
Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет тампондарды ауыстыра отырып қайталаңыз. -
Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде:
сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.
-
Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз. -
Қолданылған қолғапты, тампондарды ҚЖКЖК- ға салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолыңызды жуып ,кептіріңіз.
Ескерту: көзді тазалаған кезде бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.
-
Мұрын қуысын күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Көрсеткіштері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: мақта турундалар, мензурка, пинцет, вазелин немесе өсімдік майы, лоток, қолғап, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз. -
Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз. -
Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз. -
Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз. -
Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалдап, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз. -
Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (қатып қалған қабыршықтар болған кезде). -
Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді. -
Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. -
Қолданылған турундаларды, қолғапты ҚЖКЖК - ға салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Құлақты күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Көрсеткіштері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.
Қарсы көрсеткіштері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: науа, тамызғыш, пинцет, мензурка, мақта турундалар, салфеткалар, қолғап, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісі, сабынды су, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз. -
Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны астына қойыңыз. -
Салфетканы жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны құрғақ салфеткамен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін). -
Алдын-ала су моншасында (t-36-370С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз. -
Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз; құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз. -
Құрғақ турундасын жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз. -
Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөліністер мен құлықтың тазаруын қаматамасыз етеді. -
Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. -
Қолданылған қолғапты, турундаларды, салфеткаларды ҚЖКЖК - ға салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы жарақаттануы мүмкін.
-
Халі ауыр НАУҚАСТЫҢ Ауыз қуысын күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың уылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.
Көрсеткіштері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.