Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 825
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Көрсеткіштері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары.
Қарсы көрсеткіштері : іш пердесінің қабынуы.
Құрал-жабдықтар: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдыс, су термометрі, 2 салфетка, клеенка, мақта, сүлгі.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз. -
Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз. -
8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз. -
Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз. -
Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз. -
Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды). -
Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз. -
Науқасты жылы жабыңыз. -
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
-
Салқын компресті қою
Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
Көрсеткіштері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсеткіштері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
Құрал-жабдықтар: салқын суы бар ыдыс, бірнеше рет қабатталған 2 салфетка, қолғап, ҚЖКЖК
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз. -
Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз. -
Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз. -
Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді. -
Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз. -
Емшара аяқталғаннан кейін қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз
Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.
-
Жылы және дәрілік компресТерді қою
Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.
Көрсеткіштері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.
Қарсы көрсеткіштері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.
Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю
Құрал-жабдықтар: компрестік мата немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфетка, компрестік қағаз, мақта, бинт, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділер, 20-250С су, қайшы, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз. -
Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз. -
Дененің қажетті учаскесіне компрестік дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек. -
Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет. -
Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс). -
Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз. -
Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою). -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. -
2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз. -
Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.
Ескерту:
-
егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған; -
спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады; -
компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады; -
қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.
-
Сүлікті қою
Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.
Көрсеткіштері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.
Қарсы көрсеткіштері : қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.
Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсіндінің аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тәрізді), құйымшақ айналасы, самай аймағы.
Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: таңғыш бинт, науа, шымшуыр (пинцеттерді), тампондар, сүрткілер, пробиркалар, 40% глюкоза ерітіндісі, натрий хлорид
ерітіндісі, тұздалған су, ыдыстағы ыстық су, 6-8 белсенді сүліктер, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз. -
Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз. -
Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз. -
Теріні құрғатыңыз. -
Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз. -
Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз. -
Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз. -
Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз. -
Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз. -
Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды). -
Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз. -
Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз. -
30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі. -
Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз. -
Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖКЖК- ға салыңыз. -
Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен салфетканы көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды). -
Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз, қолыңызды жуып, кептіріңіз -
Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.
Ескерту:
-
сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді; -
сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай; -
асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады; -
сүлікті бір рет қана қолданады.
-
ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру
Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту.
Көрсеткіштері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
Құрал-жабдықтар: Кислород баллоны,Бобров аппараты, дистилденген су (70% спирт- пенагаситель ретинде), залалсыздандырылған: лоток, мұрын катетері, пинцет, шпатель, турундалар, қолғап, вазелин майы немесе глицерин, жабысқыш пластырь, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. -
Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:
-
таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, (өкпе ісігінде 70% спиртті) құйыңыз; -
жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз; -
ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.
-
Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз. -
Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз. -
Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдатыңіз. -
Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз. -
Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз. -
Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз. -
Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз. -
Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз. -
Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз. -
Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин). -
Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың қал-жағдайын бағалаңыз. -
Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз. -
Катетерді алап тастаңыз. -
Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз . Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
-
катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет; -
қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді); -
ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын алу ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.
Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату
Көрсеткіштері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Құрал-жабдықтар: оттегі жастықшасы, мундштук, 4 қабаттан жиналған дәке салфетка, 70% спирт ерітіндісі немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, су, оттегі бар баллон, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. -
Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.
Ол үшін:
-
оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз; -
жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз; -
оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз. -
Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз. -
Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз. -
Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз. -
Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л). -
Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз. -
Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз. -
Пайдаланған салфетка, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз . Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.
VІІІ. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері