Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 821
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын жүргізеді:
-
-38-400 су моншасында тамақты жылытады; -
қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады; -
герде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады; -
сүнгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет.
Гастростома – асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.
Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.
Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік – еюностома салынады.
Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына – тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.
Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.
Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден өң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.
Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.
Тану процесінде түтіктін қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егерде түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.
-
НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Көрсеткіштері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми, жарақатында қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйгінде.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: шыны құйғы, резеңке түтік, сүрткілер, ыдыс (500 мл көлеміндегі) 35-450С дейін жылытылған сұйық тамақпен, қысқыш, жабысқыш пластырь, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз. -
35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз. -
Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Резеңке түтіктен кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты алыңыз. -
Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз. -
Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз. -
Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз. -
Шайді ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз. -
Құйғыны алып, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз. -
Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз). -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
56. Гастростоманы күту
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: операциядан кейнгі жағдай.
Құрал-жабдықтар:залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттер, Кунер қайшысы, таңғыш материал, қолғап, лоток, Жане шприці, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флакон, шпатель, жылытылған түрдегі Лассар пастасы, лейкопластырь, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лоток, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз. -
Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта салфеткалармен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептіріңіз. -
Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағыңыз. -
Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы). -
Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін). -
Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз. -
Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды ҚЖКЖК - ға салыңыз.Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде
залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.
VІІ. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу
57.Жылытқышты қолдану
Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.
Көрсеткіштері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.
Қарсы көрсеткіштері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.
Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.
Құрал-жабдықтар: резеңке жылытқыш (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгі (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ветош (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрі.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа ем шара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шара жасауға рұқсатын алыңыз. -
Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз. -
Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз. -
Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз. -
Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. -
Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз. -
Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз. -
Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек). -
Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз. -
Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне малынған ветошпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз. -
Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз. -
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.
-
Мұзды мұйықты қолдану
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Көрсеткіштері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсеткіштері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: дене бөлігінің үсуі.
Құрал-жабдықтар: мұзды мұйық, мұз кесектері, сүлгі (жаялық), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ветош, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз. -
Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз. -
Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз. -
Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз. -
Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз. -
Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз. -
Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз. -
Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз. -
Зарарсыздандыратын ерітіндісіне ветошті малғып мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз. -
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.
-
Қыша қағаздарын қою
Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.
Көрсеткіштері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары,гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.
Қарсы көрсеткіштері : тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Қоятын орындары: желке аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, жүрек аймағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аймағы
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
Құрал-жабдықтар: қыша қағаздары, жылы суы бар (t-40-450С) лоток, сүлгі, көрпе, салфетка, жылы жаялық, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз. -
Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс). -
Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз. -
Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз). -
Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз. -
5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс). -
Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз. -
Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз. -
Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз. -
Қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Ескерту:
-
қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды; -
қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды; -
емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға деиін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.
-
Ыстық ылғалды компресті қою