Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 817

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 2 науа, 2 пинцет, тіл ұстағыш, ауыз кергіш, дәке салфеткалар, тампондар, 2 шпатель, алмұрт тәрізді баллонша немесе Жане шприці, мензуркалар, вазелин, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакон, сүлгі, ішінде суы бар стакан, қолданылған заттарды салатын науа, қолғап, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз.

  3. Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.

  4. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

  5. Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына науаны қойыңыз.

  6. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  7. Науқастан тістерін қабыстыруын өтініңіз (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз).

  8. Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз.

  9. Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз.

  10. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетінде дәке тампондарын ауыстыра отырып, өңдеңіз.

  11. Тілді залалсыздандырылған дәке сафеткамен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке салфеткамен тілдегі бозамықты 2-3 рет салфетканы ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз.

  12. Дәке салфетканы антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз.

  13. Пинцетті , шпательді, тіл ұстағышты өңделген материалдарға арналған науаға салыңыз.

  14. Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз.

  15. Ауыз айналасындағы теріні құрғақ салфеткамен сүртіңіз, залалсыздандырылған салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз.

  16. Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, салфеткаларды, қолғапты ҚЖКЖК - ға салыңыз.

  17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту:

  • ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастын жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар;

  • халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.

  • Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.



V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау


  1. Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу


Мақсаты: диагностикалық: ересек науқастың дене қызуын анықтау.

Көрсеткіштері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

Қарсы көрсеткіштері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы.

Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек.

Құрал-жабдықтар: медициналық термометр, лоток, салфеткалар, сағат, қара түсті қаламсап, қызуды тіркейтін журнал, қызу парағы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдыс, ҚЖКЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

  4. Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз.

  5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егерде қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).

  6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).

  7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).

  8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.

  9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз.

  10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен- 0,2).

  11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз.

  14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




  1. Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау


Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

Көрсеткіштері: науқастың жағдайын бақылау.

Тамыр соғуын анықтайтын жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.

Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, кернеу күші, толуы, көлемі.

Құрал-жабдықтар: сағат (секундомер), қағаз, қызыл түсті қаламсап, қызу парағы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

  2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  4. Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына

орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

  1. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

  2. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  3. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.

  4. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

  5. Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.

  6. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.

  7. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.

  8. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

  9. Қолынызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

  • қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады;

  • тамыр соғу ырғағы тамыр соғу толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егерде күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толқынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады;

  • тамыр соғу жиілігін аңықтау (егерде тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:


қалыптағы тамыр соғу 1 минутта – 60-80 соққы

тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия

тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – жәй – брадикардия

  • артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу – толық, бос, жіп тәрізді болады;

  • тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды:

тамыр соғу – қанағаттанарлық кернеу күші

тамыр соғуы күшті (қатты)

тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).



  1. ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ


Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.

Көрсеткіштері: науқастың жағдайын бағалау.

Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады

Құрал-жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, қағаз, қаламсап, қызу парағы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.

  2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

  3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

  4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

  5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

  6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

  7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер

  8. жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

  9. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

  10. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.

  11. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систольдық қысым, бөлімі –диостольдық қысым).

  12. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.

  13. Фонендоскоптын басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.

  14. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.