Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 824

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған таблеткалар (түймедақтарды) капсулалар, драже, пилюла (дәрінің домалақ түрін), қайнатылған суы бар стакан немесе мензурка.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

  2. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

  3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).

  4. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

  7. Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.

  8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

  9. Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.


Ескерту:

  • қабығы бар таблетканы науқастын жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

  • науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;

  • дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.


  1. Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны

(қоспалы сұйық дәріні) қолдану

Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Құрал-жабдықтар: дәрі- дәрмектер, бөлшек белгісін салған мензурка немесе шай, десертті, асханалық қасықтар, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:

  • 1 шай қасықта – 5 мл

  • 1 десерт қасығында – 7,5- 10 мл

  • 1 ас қасықта – 15 мл


  1. Науқастың дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.

  2. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.



  1. Тұндырманы, экстракты (шырсөлДІ) қолдану



Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.

Құрал-жабдықтар: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілер, тамызғыш, мензурка, қайнатылған су, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

  3. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  5. Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз.

  6. Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.

  7. Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

  8. Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.



68. Науқасқа ұнтақты қолдану
Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақ, қайнатылған суы бар стакан немесе мензурка.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

  2. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

  3. Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).

  4. Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  6. Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

  7. Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.

  8. Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.

  9. Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.


Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.



  1. МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУ


Мақсаты: емдік

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, мұрын тамызғышы, мақта шариктері, мақта турундалары, дәрі-дәрмектер (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғап, вазелин майы, қайнатуға арналған ыдыс,су термометрі, су моншасы,ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік


ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-370С дейін жылытыңыз.

  1. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Мұрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин майына суландырған мақта турундасымен тазартыңыз.

  4. Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып немесе тамшы тамызатын немесе екінші мұрын жолына қарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

  5. Оң қолға мақта шаригін алып, оны V саусақпен алақанға қысыңыз.

  6. Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

  7. Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ертіндіні сорып алыңыз.

  8. Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.

  9. Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.

  10. Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ертіндіні тамызыңыз.

  11. Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.

  12. Дәрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.

  13. 1-2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ертіндіні сол реттілікпен тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.

  14. Қолыңызды жуып кептіріңіз қолғапты шешіңіз.

  15. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты ҚЖКЖК -ға салыңыз.


Ескерту: майлы ертіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).



  1. Көзге тамшы тамызу


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған:пинцет, лоток, тамызғыш, дәке салфеткалары, дәрілік ерітінді (дәрігердің тағайындауы бойынша), колғап, қайнатуға арналған ыдыс, су термометрі, су моншасы, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  5. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

  6. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

  7. Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен.

  8. Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқасқа жоғары қарауын сұраңыз.

  9. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта ұстап тамызыңыз.

  10. Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

  11. Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

  12. Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.

  13. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын ҚЖКЖК –ға салыңыз .

  14. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Ескерту:

  • екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

  • бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

  • егерде көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.



  1. КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ


Мақсаты: емдік

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: көз майы (дәрігердің тағайындауы бойынша), шыны көз қалақшалар,пинцет, дәке салфеткалар,қолғап, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).

  3. Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  5. Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.

  6. Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек.

  7. Шыны таяқшаны самай бетінен көздің тесігіне қарай жақындатыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен).

  8. Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке.

  9. Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.

  10. Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз.

  11. Сығылыстарылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл қабақтарды уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс.

  12. Екінші көзіне де майды осы реттілікпен салыңыз.

  13. Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.

  14. Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.

  15. Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.

  16. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  17. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын ҚЖКЖК -ға салыңыз.

  18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.