Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 827

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, тамызғыш, мақта шариктері және турундалары, дәрілік ерітінділер (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғап, қайнатуға арналған ыдыс, су моншасы, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  4. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  6. Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.

  7. Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.

  8. Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.

  9. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.

  10. Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.

  11. Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғары қарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

  12. Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышын енгізбеңіз.

  13. Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.

  14. Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.

  15. Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.

  16. Қолғапты шешіңіз.

  17. Пайдаланған турундаларды,ҚЖКЖК -ға, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.

  18. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.



  1. Жеке ингаляторды қолдану


Мақсаты: емдік,білімділік науқасқа өз-өзіне жеке ингаляторды қолдануын үйрету.

Көрсеткіштері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.

Құрал-жабдықтар_:__2'>Құрал-жабдықтар
: 2-аэрозольді ингалятор бос,дәрігердін тағайындау бойынша дәрілік ерітіндісі. Оның сақталу мерзімін тексеріңіз.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.

  3. Науқасқа отыру немесе тұру қалпын жасаңыз.

  4. Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.

  5. Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.

  6. Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.

  7. Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.

  8. Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.

  9. Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.

  10. Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.


Ескерту:

  • аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;

  • аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.




  1. Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.

Құрал-жабдықтар: сеппе, сүлгі немесе сүрткі, су, қолғап, ҚЖКЖК
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті айтыңыз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.

  6. Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).

  7. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



  1. жабысқақ дәрілік Пластырьді салу


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: құяң, невралгия, миозит, бұлшық еттің қабынуы, тері мүйізгегі.



Қарсы көрсеткіштері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.

Құрал-жабдықтар: дәрілік пластырь, қайшы, мақта немесе дәке шариктері, лоток, шымшуыр (пинцет), антисептикалық ерітінді, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.

  6. Пластырьды қажетті көлемін қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабықты ашыңыз.

  7. Науқастың терісінің үстіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.

  8. Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.

  9. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.


Ескерту:

  • пластырьді 2 тәулік бойы алуға болмайды, егерде қатты тітіркендіруі сезілмесе;

  • пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.



  1. Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: тік ішектік суппозиторий , қайшы, мақта шариктері, дәке салфеткалар қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  5. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз, анал тесігіне аймағына дәке салфеткаларды қойныздар.

  6. Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.

  7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).

  8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.

  9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.

  10. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.




Ескерту:

  • суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;

  • суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.



  1. Дәрілік ерітіндіні теріге майлау


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: тері аурулары.

Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, залалсыздандырылған дәке тампондары, пинцет, лоток, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқа таңдаңыз.

  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті наукасқа түсіндіріңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  6. Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.

  7. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзын бойлық жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.

  8. Пайдаланған тампондарды, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз


Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.



  1. Майлы таңғышты орындау


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: тері аурулары.

Құрал-жабдықтар:залалсыздандырылған: шпатель, салфетка, мақта, бинт, қайшы,

дәрігер тағайындаған май, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  4. Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы жағдайды көмектесіңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  6. Шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

  7. Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабатты мақта қойыңыз.

  8. Салфетканы маймен, дәкемен немесе түтікті бинтпен ораңыз.

  9. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  10. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  11. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

  12. Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.