Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 828

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. Теріге майды жағу


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: тері аурулары.

Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған дәрілік май, залалсыздандырылған қалақ немесе шпатель, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  6. Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шыны қалаққа сығып шығарыңыз.

  7. Шыны қалақты қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз ( оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады).

  8. Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  11. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.


  1. Теріге майды сылап жағу


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері : дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсеткіштері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Құрал-жабдықтар: май, сабын, су, сүлгі, дәке шариктері немесе мақта

тампондары, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.

  3. Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.

  5. Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы жағдай жасауына көмектесіңіз.

  6. Май ды сылайтын терінің аймағын қараңыз.

  7. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  8. Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  9. Арнайы құралдарға майды қажет мөлшерде салып, жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).

  10. Тері бетіне майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  12. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз



Ескерту:

  • дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;

  • егерде май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өз еркімен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;

  • науқасты қолын майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.



  1. Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу


Мақсаты: емдік.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсеткіштері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Құрал-жабдықтар: дәрілік ерітінді, сабын, су, сүлгі, дәке шариктері немесе мақта тампондары, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.

  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  6. Науқастың терісін ұқыптап сумен сабынмен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  7. Теріге қажет мөлшеріндегі дәрілік ерітіндіні арнайы құралдармен жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).

  8. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.

  9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  10. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.


Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектері, қолғап, бір рет қолданылатын шприц, 70% спирт, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, спиртке ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  2. Қолынызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  3. Сол қолыңызға ораудағы шприцтің поршенін жоғары қаратып алыңыз.

  4. Поршень жағынан орауды ашыңыз.

  5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

  6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын саусақпен үйкенкіреп бекітіңіз.

  7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке

  8. ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

  9. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  10. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.





  1. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу


Максаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Көрсеткіштері : дәрігердің тағайындауы.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, мақта шариктері, қолғап, дәрілік ерітіндісі бар ампула, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, лоток, 70% спирт, егеуіш, бет перде, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.

  2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және мөлдірлігін сыртқы түрі бойынша тексеріңіз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолынызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

  5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, ампуланың мойнындағы дәрілік ерітіндіні кең бөлігіне түсіріңіз.

  6. Ампуланың мойнын спирттелген мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай өңдеңіз. Қолданылған мақта шариктерін ҚЖКЖК.

  7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен 2-3 рет кесіңіз.

  8. Мақта шаригін алып, ампуланың мойнын онымен орап алып, кескен жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны жылдам қозғалыспен өзіңізден сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін ҚЖКЖК.

  9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз.

  10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.

  11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен

қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.

  1. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.

  2. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын инемен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.

  3. Шприцті қатаң тік қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстап, ауасын шығарыңыз. Шприцтен 1-2 тамшы ерітінді бөлінеді (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).

  4. Оң колдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстаңыз, ауаны және аз дәріні ығыстырып шығарыңыз. Шприцте ауа жоқтығын тексеріп. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

  5. Шприцті дәрлік ерітіндісімен ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  6. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-га салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




  1. Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу


Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, мақта шариктері, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, флакондағы дәрілік ерітінді, еріткіш, 70 спирт, лоток, қолғап, бет перде, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  2. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

  3. Флакондағы дәрілік затты алып, атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз және сыртқы көрінісін анықтаңыз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.

  4. Зарасыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.

  5. Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Спиртті кептіріңіз.

  6. Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 мл енгізіңіз.

  7. Флаконнын түбін жоғары қаратып көтеріңіз. Сол қолдың II және III саусақтары арасына флаконды, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтары шприцтің цилиндірінде ұстаңыз. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.

  8. Шприцті сорып алған дәрі ертіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.

  9. Шприцті тік қалыпта алып, V саусақты – поршенде, II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде ұстап отыра, иненің өткізгіштігін тексеріп,

ауаны шығарып, шприцтің инесінен қорғаныш қақпағын алмай 1-2 тамшы ерітінді ине арқылы бөлінуі қажет.

  1. Дайындалған шприцті және спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  2. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту: антибиотиктерді езгенде № 1,2,3,4,5 пунктерді қараңыз.


  1. Антибиотикті 1 мл 100.000 МБ (мыңдық бірлікке)есебінен ерткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).

  2. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті ерткішпен алыңыз.

  3. Шприцті 900 бұрышпен ұстай отыра, флаконнын ортасындағы тығынды тесіңіз. Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз.

  4. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай флаконды бірнеше рет сілкіңіз, антибиотик толық ергенше.

  5. Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, антибиоткті тағайындалған дозада сорып алыңыз.

  6. Шприцті инесімен флаконнан алыңыз, инъекцияға инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз, қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек.

  7. Дайындалған шприцті және спирттелген шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  8. Антибиотиктің флаконын, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




  1. Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері


Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (МБ). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.
Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1мл – 100.000 МБ және 1мл – 200.000 МБ.

  1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:

  • 500.000 МБ : 100.000 МБ = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

  • 500.000 МБ : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл – 200.000 МБ еріту кезінде).

  1. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет.

  • 1 мл – 100.000 МБ еріту кезінде

науқасқа 500.000 МБ антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 МБ : 100.000 МБ = 5 мл сәйкес келеді;

  • 1 мл 200.000 МБ еріту кезінде

науқасқа 500.000 МБ антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 МБ : 200.000 МБ = 2,5 мл сәйкес келеді.


  1. Тері ішіне егуді ОРЫНДАУ


Мақсаты: диагностикалық.

Көрсеткіштері: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.

Қарсы көрсеткіштері : егу жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, егу жердегі тері аурулары.

Асқынулар: инфильтрат.

Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 70% спирт, сыйымдылығы 1 мл шприц, ұзындығы 15 мм ине, қолғап, мақта тұйершыктер, бет перде, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, егеуіш, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, ҚЖКЖК.