Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 830

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолынызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз(стандартты қараңыз).

  4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз (стандартты қараңыз), инеден қақпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  5. Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз

  6. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

  7. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді (10*10), сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (5*5) (ҚЖКЖК-ға мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.

  8. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, I, ІІІ, IV, V, саусақтармен – цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз.

  9. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз.

  10. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

  11. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  12. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай папула пайда болады).

  13. Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

  14. Шприцті ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  15. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  17. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз.



  1. Тері астына егуді орындау


Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

Қөрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакцияның болуы, егу жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.



Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

Енгізілетін жерлері: иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортанғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприц, ұзындығы 20 мм ине, 70% этил спирт, мақта тұйершыктері, егеуіш,зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, бет перде, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолынызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырамыз (стандартты қараңыз).

  4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алымыз (стандартты қараңыз).

  5. Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз

  6. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

  7. Спирттелген екі мақта шаригімен егу жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді(10*10), егу жасайтын жерге пальпация жасаймыз(түйіндер мен терінің қатаюы болмауы керек), тура егу жасайтын жерді (5*5) өңдеңіз. (мақта шариктерді ҚЖКЖК-ға салыңыз).

  8. Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз.

  9. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, I, ІІІ, ІV, V саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз.

  10. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

  11. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

  12. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  13. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.

  14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл ұқалаңыз.

  15. Шприцті, мақта шариктерін және қолқапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  17. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.



  1. Инсулинді енгізу


Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.


Көрсеткіштері: инсулинге тәуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу.

Қарсы көрсеткіштері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.

Асқынулар: аллергиялық реакция, липодистрофия, ісіктер.

Енгізілетін жерлері: иықтың және жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдынғы беті.

Құрал-жабдықтар: флакондағы инсулин ерітіндісі, 70% спирт, залалсыздандырылған: лоток, пинцет, мақта шариктері, бір рет қолданылатын инсулин шприці,бет перде, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеп, қолғапты киіңіз.

  3. Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз.

  4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ИБ(инсулин бірлігі) санына. Инсулин мен шприцтін белгілерін көңіл

қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.

  1. Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.

  2. Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-370С дейін жылытыңыз.

  3. Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

  4. Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.

  5. Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз.

  6. Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.

  7. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.

  8. Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.

  9. Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек.

  10. Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз.

  11. Шприцті оң қолыңызға алыңыз.

  12. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз.

  13. Тері асты майлы қабатын ортасына 30-450 бұрышпен иненін ұзындығына үш бұрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап инені жылдам жылдам қозғалыспен енгізіңіз.

  14. Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

  15. Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз.

  16. Жылдам қозғалыспен инені шығарып, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

  17. Науқасты тамақтандырыңыз.

  18. Қолғапты шешіңіз.

  19. Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Инсулин шкаласы «бөлігінің бағасын»- анықтаныз

1бөлік – инсулин 2 ИБ

Х – 10 ИБ

Х



  1. Бұлшық етке егуді орындау


Мақсаты: бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсеткіштері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, егу жасаған жерде терінің және тері асты майлы клеткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.

Енгізілетін жерлері: бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.

Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, ауа және май эмболиясы(тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын шприц, ұзындығы 40-60 мм ине,70 этил спирт, мақта шариктері, бет перде, қолғап, лоток, егеуіш, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, ҚЖКЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік ерітіндіні қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:

  • бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

  • санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;

  • иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

  1. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолынызды тері антисептигімен өндеп, қолғап пен бет пердені киіңіз.

  2. Шприцтің сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз, шприцті құрастырыңыз(стандартты қара).

  3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз, шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).

  4. Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз

  5. Қолымызға спирттелген 3 мақта шаригін дайындаймыз.

  6. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатуын сұраймыз.

  7. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

  8. Инъекция жасайтын жерді ең алғаш үлкен көлемді(10*10) өңдейміз, инъекция жасайтын жерге пальпация жасаймыз(түйіндер мен терінің қатаюы болмауы керек), сосын тура инъекция жасайтын жерді(5*5) өңдеңіз (мақта шариктерді ҚЖКЖК-ға салыңыз). Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.

  9. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II, I, III, IV саусақтармен цилиндрді ұстаңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

  10. Соң қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.

  11. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз.

  12. Оң қолдың II саусағымен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  13. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойып, оң қолмен инені жылдам қозғалыспен шығарып алыңыз.

  14. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерді жеңіл ұқалаңыз.

  15. Шприцті, мақта шариктерін, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз, науқастың жағдаыйн сұраңыз.