Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 826
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
-
санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 450 бұрышпен енгізеді. -
майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. -
Егер де шприцте тағы да қан көрінсешприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз; -
инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз; -
майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.
-
КӨК ТАМЫРҒА иньекцияны орындау
Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсеткіштері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, егу жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік тамырлары.
Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприц (иненің ұзындығы 40 мм),лоток, салфеткалар, мақта шариктері, 70% этил спирті, ампуладағы дәрілік ерітінді, қолғап, бет перде, клеенкалы валик, резеңке бұрау, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, шокқа қарсы арналған жиынтық, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өндеп, бет перде мен қолғапты киіңіз. -
Шприцтің саңылаусыздығын тексеріңіз, орауды ашып, шприцті құрастырыңыз . (стандартты қараңыз) -
Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз). -
Ампуланы ашып, дәрілік ерітіндіні сорып, иненің қақпағын жауып ауасын шығарыңыз (стандартты қараңыз). -
Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салыңыз. -
Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз -
Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз. -
Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін). -
Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе киімінің үстінен байлаңыз. -
Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға, ал ілгегі төмен қарап, кәріжілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек. -
Науқастың жұдырығын бірнеше рет ашып-жұмуын, сосын оның қысуын сұраймыз (қанды көк тамырға қарай айдау үшін). -
Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз (көк тамырдың қанға толуын күшейту үшін). -
Көк тамырды зерттеңіз. II-III саусақтармен пальпация жүргізіп қанға толған көк тамырды анықтаймыз. -
Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен бірінші үлкен аймағын (10*10), екінші мақта шаригімен (5*5) көлемін өңдеңіз (мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз. -
Оң колға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясынан ұстап І,III,IV,V– саусақтармен цилиндрді ұстаңыз. -
Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітіп қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды
тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.
-
Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. -
Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз. -
Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз. -
Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.Дәрілік ерітіндіні толық енгізбейміз. -
Залалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін егу жасаған жерге қойып, инені жылдам қозғалыспен шығарыңыз, 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз. -
Мақта шаригін, шприцті инесімен, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
-
Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін
бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Көрсеткіштері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 70% спирт, сұйықтық, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйе, флакондағы дәрілік ерітінді, мақта шариктері, қолғап, бет перде, қайшы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, тамшылатуға арналған штатив (тіректі), ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өндеп, бет перде мен қолғапты киіңіз. -
Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз). -
Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). -
Флаконның металды қалпағын спирттелген мақта шаригімен өңдеп, ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз. -
Спирттелген екінші мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын өңдеңіз. -
Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.
-
Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз. -
Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз). -
Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, тірекке бекітіңіз. -
Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз. -
Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз. -
Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз. -
Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.
-
Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып
енгізуді орындау
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Көрсеткіштері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің ішкі бетіндегі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың көк тамырлары.
Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қан ісік), тромбофлебит
(көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (қатайған тін бөлігі).
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын жүйе, мақта шариктер, салфеткалар, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке лейкопластырь, клеенкалы жастықша, резеңке бұрау, штатив, дәрілік ерітіндісі бар флакон, лоток, қолғап, бет перде, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), қуықты және ішекті босатуын ұсыныңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, бет перде мен қолғапты киіңіз. -
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз. -
Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз. -
Салфетка немесе киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз. -
Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын ашып-жұмуын, сосын жұдырығын қатты қысуын сұраңыз. -
Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз. Қолға киген қолғапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз. -
Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен бірінші үлкен аймағын (10*10), екінші мақта шаригімен (5*5) көлемін өңдеңіз (мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз -
Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын ашып, сол қолдың үлкен саусағымен теріні шетке қарай тартыңыз. -
Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. -
Инені көк тамыр боыймен иненің 1/3 бөлігін енгізіңіз. Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз (сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз сол кезде қан көрінеді). -
Сол қолмен бұрауды босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз. -
Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз. -
Жүйенің қысқышын ашыңыз. -
Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағалаңыз. -
Енгізу жылдамдығы тұрақты болуын қадағалаңыз. -
Дәрілік ертіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз. -
Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 минутке басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бүгуін сұраңыз. -
Жүйе мен инені, қолданылған мақта шариктерін, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
-
қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады; -
флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндегі инені енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді; -
енгізіліп жатқан бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ертіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ертіндінің жүрісі тоқталған жоқ па? -
науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет.
ІХ. Пункциялар
-
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау
Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.
Көрсеткіштері: жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы),
тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).
Қарсы көрсеткіштері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: мақта шариктер, дәке салфеткалар, жаялық, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған ине, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см, диаметрі 1-1,5мм ине) инелер, 5,10,20,50 мл шприцтер,
0,5 новокаин ерітіндісі, 5 йод ерітіндісі, 70 спирт, қысқыш, клеол, лейкопластырь, кеуде торының 2 рентгенограммасы, плевра сұйықтығына арналған ыдыс, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, зертханаға жолдама, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз. -
Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз. -
Науқастың денесін сәл бір қырына бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына. -
Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өндеп,қолғапты киіңіз. -
Болжамды тесетін жерді 5 йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісімен және қайтадан йодпен өңдеңіз. -
Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз. -
VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады. -
Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді және ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады. -
Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз. -
Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сұйықтықты құйыңыз. -
Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз. -
Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз. -
Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз. -
Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баялау үшін және талықсудың дамуын ескерту. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салып,, қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз. -
Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткалардыҚЖКЖК-ға, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалап, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз. -
Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз. -
Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз. -
Алынған биологиялық материалды зерттеуге зертханаға жолдамасымен жіберіңіз.