Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 829
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
-
плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар; -
плевра сұйықтығын зертханаға апару кешіктірілуд күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін; -
ине плевра сұйықтығын қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.
-
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) даярлау
Мақсаты: диагностикалық: асциттік сұйықтықты зертханалық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу.
Көрсеткішері: іш шемені іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.
Қарсы көрсеткіштері: қан қысымы өте төмендегенде, іш қуысындағы жабыспалық процесінде, іш қатты кепкенде.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: мақта шариктері, қолғап, троакард, 5,10,20 мл шприцтер, салфеткалар, қақпағы бар банкі, 0,5 новокаин ерітіндісі, 5 йод ерітіндісі, 70 спирт, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдыс, шылапшын, пробиркалар, енді ақ жайма немесе сүлгі, лейкопластырь, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтық, ішінде зарарсыздандырылған ерітіндісі бар ыдыс, зерттеуге жіберетін жолдама, таңғыш материалдар, пинцет, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз. -
Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз. -
Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз. -
Науқасты орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастың аяғын клеенкамен жабыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5 спирттелген йод ерітіндісін, сосын 700С спирт ерітіндісін дәрігерге беріңіз. -
Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5 новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Іш қуысын тесу алдыңғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады. -
Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен троактарды қалың іш пердесінің бетіне итеріп, енгізеді, сосын стилетті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастайды. -
Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз. -
Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты зертханалық зерттеуге алыңыз (бактериологиялық және цитологиялық). -
Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең орамалды өткізіп, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз. -
Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз. -
Емшара біткеннен кейін канюланы шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5 йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз. -
Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз. -
Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз. -
Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз. -
Алынған биологиялық материалды зертханалық зерттеуге жіберіңіз.
Ескерту:
-
манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз; -
сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.
-
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) ПУНКЦИЯСЫНА дайындау
Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).
Көрсеткіштері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: шприцтер (5 мл, 10 мл, 20 мл), инелер, тесуге арналған инені мандренімен, пинцеттер, салфеткалар және мақта шариктері, лоток, қөректі ортасы бар пробиркалар, қолғап, манометриялық түтік, 70 спирт, 5 спирттелген йод ерітіндісі, 0,5 новокаин ерітіндісі, лейкопластырь, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз. -
Асептика ережесін қатал жағдайд сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды. -
Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз. -
Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек) -
Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды. -
Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, қолғапты киіңіз. -
Тесетін жердің терісін, 5 йод ерітіндісімен, сонан кейін 70 спирт ерітіндісімен тазартыңыз. -
Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезия (жансыздандыру) жүргізу үшін шприцке 0,5 новокаин ерітіндісін сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренмен лотокқа салып беріңіз. -
Пробиркаға 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз. -
Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз. -
Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз. -
Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5 спирттелген йод ерітіндісімен өңдеңіз. -
Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз. -
Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз. -
Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз. -
Науқастың хал жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз. -
Қолғапты шешіңіз. -
Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты ҚЖКЖК-га салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау
Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларынын диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.
Көрсеткіштері: қан өндіру жүйесінің аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, 10-20 мл шприцтер, Кассирский пункциялық инесі, таңғыш материал, 8-10 дана заттық әйнектер, мақта және дәке шариктері, корнцанг, қолғап, 70 спирт, 5 спирттелген йод ерітіндісі, лейкопластырь, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз. -
Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді. -
Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі. -
Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі. -
Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз. -
Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, қолғапты киіңіз. -
Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70 спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз. -
Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз. -
Кассирскийдің пункциялық инесіне шектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз. -
Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды. -
Заттық әйнекті кептіріңіз. -
Инені алған соң тесілген жерді 5 спирттелген йод немесе 70 спирт ерітіндісімен өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. -
Қолданған қолғапты, шприцтерді және мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз. -
Науқасты палатаға апарыңыз. -
Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.
-
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау
Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
Көрсеткіштері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
Қарсы көрсеткіштері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұзындығы 7-10 см пункциялық ине, 10, 20 мл шприцтер, пинцет, дәке тампондары, асептикалық таңғыш, салфеткалар, қолғап, 5 спирттелген йод ерітіндісі, 70 спирт ерітіндісі, 0,5 новокаин ерітіндісі, шыны түтіктер, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді. -
Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сұраңыз. -
Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5 спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз. -
Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады. -
Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады. -
Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз. -
Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді. -
Инені алған соң, тесілген жерге 5 спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз. -
Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік
-
Тазарту клизмасын қою
Максаты: емдік: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.