Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 823

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көрсеткіштері: іш қату, улану,босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

Қарсы көрсеткіштері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұштық, Эсмарх крушкасы, штатив, вазелин, шпатель, қолғап, мақта дәке тамнондары, пинцет, дәрет ыдысы судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-220С 1,5-2 литр су, салфеткалар, әжетханалық қағаз, су термометрі, клеенка, жаялық, клеенкалы алжапқыш, қолғап, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

  3. Халатты, бет перде, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

  6. Наукастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке кружканы іліңіз, оған ұштықты кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

  7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

  8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

  9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

  10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.

  11. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

  12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраныз (егерде су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын


өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егерде нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

  1. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

  2. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

  3. Егерде емшара палатада орындалса, наукасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

  4. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

  5. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.

  6. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, бетпердені шешіңіз.

  7. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты, масканы ҚЖКЖК-ға салыңыз.


Ескерту:

  • тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егерде 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шығады;

  • атониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;

  • егерде науқас нәжісі аз мөлшерде тек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.



  1. Сифон клизмасын қою


Мақсаты: емдік: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

Көрсеткіштері: улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда наукасты дайындау.

Қарсы көрсеткіштері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйе (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғыш,20-220С температурасындағы 10-12 литр су, сыйымдылығы 1 литр крушка, суды ағызуға арналған шылапшын, шпатель, қолғап, салфеткалар, клеенкалы алжапқыш, бет перде, клеенка, жаялық, вазелин, су термометрі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, бет пердені, қолғап, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

  3. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз,оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

  4. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызын, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.

  5. Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

  6. Сол колдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.

  7. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

  8. Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

  9. Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.

  10. Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, құйғыш қайтадан аққан сұйыктықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты шылапшынға құйыңыз.

  11. Құйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.

  12. Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз.

  13. Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.

  14. Анус тесігі айналасын тазартыңыз.

  15. Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыру ертіндісіне салып қойыңыз.

  16. Қолгапты, масканы, салфеткаларды,шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  17. Алжапқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин аралықпен сүртіңіз.

  18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



  1. Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою


Мақсаты: тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұштық, алмұрт тәрізді баллонша (спринцовка), қолғап , салфеткалар, шпатель, вазелин майы, лоток, тағайындалған ертінді (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, маска, қолғап, клеенкалы алжапқышты киіңіз.Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз.

  3. Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.

  4. Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығына вазелин майын жағыңыз.

  5. Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.

  6. Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.

  7. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне еңгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.

  8. Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.

  9. Сол қолмен алмұрт тәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішекке қарай итере қысыңыз.

  10. Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).

  11. Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.

  12. Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Қолғапты шешіңіз. ҚЖКЖК- ға салыңыз.

  14. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.




  1. Жел шығаратын түтікті қою



Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

Көрсеткіштері: іш кебу, ішек атониясы, майлы клизмасын қойғанда.

Қарсы көрсеткіштері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтік, лоток, шпатель, қолғап, вазелин, клеенка, 2-жаялық, бет перде, алжапқыш, судно суымен, салфеткалар, әжетхана қағазы, керме, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Наукасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

  3. Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

  4. Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, қолғапты киіңіз.

  6. Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

  7. Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

  8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке

қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

  1. Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

  2. Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

  3. .Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратып түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.

  4. Науқастың қал жағдайын әрбір 20-30 минут сайын бағалаңыз.

  5. Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

  6. Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

  7. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз. Алжапқашты дезерітіндімен 2 рет 15 мин аралығымен сүртіңіз.

  8. Қолғап, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  9. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес.

101. Майлы клизманы қою
Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Көрсеткіштері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсеткіштері: асказан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.