Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 820

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  2. Зәр бөлінуі аяқталғаннан соң катетерді шығарыңыз, қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін сол қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).

  3. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.

  4. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  5. Алжпқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин аралығынд сүртіңіз.

  6. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


Ескерту: егер катетерді енгізген кезде кедергі пайда болса науқасқа тынышталып, өзін бос ұстауын кеңес беріңіз. Катетерді енгізген кезде еркектердің уретрасының физиологиялық бүгілістері мен тарылуларын ескере отырып, жыныс мүшесін ішіне қарай қисайтып, катетерді енгізіп кейін астына қарай қисайту керек.

107. Қуықты жуу
Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық жолмен шығару. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.

Құрал-жабдықтар: науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтар, қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітінді (фурацилин ерітіндісі немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісі және т.б), Жане шприці, қолғаптар, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыды с, ҚЖКЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, оларды 70% спиртпен ылғалдатылған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ертіндісімен өңдеп, қолғапты киіңіз.

  4. Наукастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).

  5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).

  6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).

  7. 50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жане шприціне сорып алыңыз.

  8. Катетердің бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.

  9. Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.

  10. Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.

  11. Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.

  12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  13. Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.

Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.

ХІІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау

108. Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Терінің тесілетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған садақ-скарификаторы, мақта шариктері, қолғаптар, 70% спирт, 5% йод ерітіндісі, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:




  1. Мейірбике науқасты зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу утралы алдын ала ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.

  2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеп, қолғапты киіңіз.

  4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.

  5. Тесілетін жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және спирттін кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.

  6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейінжылжытып теріні тесіңіз.

  7. Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.

  8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.

  9. Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды.

  10. Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз.

  11. Қолғап, мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.



Ескерту:

  • қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады;

  • ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.



109. көк тамырдан вакуумдық жүйемен қан алу
Көк тамырдан вакуумдық жүйемен қан алу – бұл қан үлгілерін жинау,тасымалдау және сапалы талдау үшін қауіпсіз жүйе. Вакутайнер – тамырдан қан алуға арналған бір рет қолданылатын вакуумды пластикалық жабық жүйе.

Үш компоненттен тұрады:

  1. Қаупсіздік клапаны бар екі жақты ине

  2. Бір реттік ұстағыш

  3. Вакуумның белгілі көлемі бар залалсыздандырылған пробиркалар.


Артықшылықтары: қауіпсіздік,тиімділік,сынаманың тұтастығын және зерттеудің репродуктивтілігін қамтамасыз ету,минималды гемолиз,минималды микроклаттар,сынаманы алу мен оның қоспамен байланысы арасындағы уақыт тұрақты,қан/қоспа көлемінің арақатынасының дәлдігі,резеңке бұраудың минималды әсері,улгінің стерильдігі

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіштері: науқасты зерттеу.

Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис.

Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік тамырлары.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: қауіпсіздік клапаны бар екі жақты ине , бір рет қолданылатын ұстағыш, штативтегі вакуумдық пробиркалар, лоток, мақта шариктері,пинцет, салфеткалар, 70 этил спирті, бет перде, қорғаныс көзілдірігі, алжапқыш, қолғап, пробиркаларды тасымалдауға арналған бикс, резеңке бұрау, клеенкалы жастықша, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімің аламыз. Емшара таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

  2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өндеңіз.

  5. Бет перде, қолғап, қорғаныш көзілдірігін, алжапқышты киіңіз.

  6. Қан алатын жүйені алып, қан алудың негізгі компонеттерінің жарамдылық мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  7. Орауын ашыңыз.

  8. Инені алып қорғаныс қақпағын ашыңыз (екі жақты инені қолданғанда қорғаныс қақпағын ашыңыз)

  9. Инені ине ұстағышқа қойып соңына дейін бұраңыз.

  10. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  11. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе киімінің үстінен байлаңыз.Бұрауды былай байлаңыз:оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

  12. Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

  13. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

  14. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.

  15. Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды ҚЖКЖК-ға салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

  16. Оң қолыңызға жүйені алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

  17. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

  18. Инеден қалпағын алып, көк тамырды 15 С бұрышпен тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған). Инені 1-1,5 см енгізіңіз.

  19. Ине ұстағышты сол қолға ауыстырыңыз, ал оң қолыңызбен пробирканы ине ұстағышқа қойып, қан келуін қамтамасыз етіңіз.

  20. Залалсыздандырылған пробиркаға қан жинала бастаса резеңке бұрауды босатыңыз.

  21. Пробирканы алынған қан үлгісімен ұстағыштан босатыңыз

  22. Пробиркадағы қанды шайқамай 8-10 рет араластырыңыз.

  23. Басқа да зерттеулерге қажет жағдайда ұстағышқа келесі пробирканы жалғаңыз.

  24. Пробирканы қанды тасымалдауға арналған контейнерге салыңыз.

  25. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынына н қолды сәл бүгуін сұраңыз.

  26. Мәліметтерді зерттеуге қан алу журналында тіркеп жолдамамен зертханаға жіберіңіз.

  27. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  28. Алжапқыш пен қорғаныс көзілдірігін зарарсыздандырыңыз, қолғап, бет пердені шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  29. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту: - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакутайнер (BD VACUTAINER) медициналық қызметкерлерді максималды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.
110. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіштері: науқасты зерттеу.

Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.

Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік тамырлары.

Құрал-жабдықтар:залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприц, лоток, мақта шариктері, салфеткалар, 70 этил спирті, бет перде, қолғап, қорғаныс көзілдірігі, алжапқыш, штативтегі таза пробиркалар, резеңке бұрау, клеенкалы жастықша, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Емшара таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

  2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол декотаминациясын жүргізіп, оларды тері антисептигімен өндеңіз.

  5. Бет перде, қолғап, қорғаныс көзілдірігін, алжапқышты киіңіз.

  6. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе киімінің үстінен байлаңыз.Бұрауды былай байлаңыз:оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

  9. Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

  10. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

  11. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.

  12. Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

  13. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

  14. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

  15. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

  16. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  17. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-10 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

  18. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

  19. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

  20. Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.

  21. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

  22. Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.

  23. Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

  24. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

  25. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  26. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.

  27. Қолғап, бет пердені шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  28. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.