Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 819

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ескерту:

  • биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • ЖҚТБ және RW қан алуды күннін әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;

  • шприцсіз қанды алуға тиым салынады. Тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).

  • жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз.




  1. Правила сбора мокроты на исследования.


Для безопасного сбора и обращения с мокротой медицинская сестра

должна быть хорошо обучена, т.к. любая мокрота потенциально может быть инфицирована, в т.ч. микробактериями туберкулеза. Медицинская сестра должна провести с каждым пациентом инструктаж по правилам сбора мокроты на лабораторные исследования.

Для сбора мокроты необходимо использовать посуду из прозрачного стекла, хорошо обезжиренную (вымытую содой без мыло), с надежной крышкой, способной предотвратить утечку. Банка должна иметь широкое горло и вместимость 50 мл и более мл. прозрачные банки является предпочтительными по сравнению с банками из темного стекла, т.к. это позволяет произвести осмотр мокроты, не открывая крышку.

Запрещается ставить банку с мокротой на бланки направления, поскольку стенки банки могут быть загрязнены мокротой, что ведет к инфицированию бумаги.

Медицинские сестры должны быть хорошо обучены процедуре сбора, работы и транспортировки мокроты.

  1. Рекомендуется собирать мокроту вне помещения, вдали от людей или в специально отведенном для этого помещении. Мокроту необходимо собирать одновременно, в течение нескольких часов.

  2. При водянистой мокроте с примесью остатков пищи или со слизью из носовой полости необходимо повторить процедуру сбора мокроты.

  3. Мокроту нужно собирать рано утром (натощак) до приема пищи, после санации полости рта.

  4. Мокроту хранить в прохладном месте на полу.

  5. С целью предотвращения риска заражения при сборе мокроты медицинская сестра должна стоять сзади пациента.

  6. Пациенту необходимо указать на то, что исследованию подлежит только мокрота, отделяющаяся при кашле, а не при отхаркивании.




112. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
Мақсаты: диагностикалық: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

Құрал-жабдықтар:

  • таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған контейнер;

  • контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні);

  • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі температурасы 370С қайнатылған су.


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.

  3. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

  • тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

  • тік тұруды немесе тік отыруды;

  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде контейнерге жинаңыз;

  • қақырығы бар контейнерді қақпақпен жабыңыз.

  1. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.


Ескерту:

  • егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

  • қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.


113. Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
Мақсаты: диагностикалық: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.

Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.

Құрал- жабдықтар:

  • таза құрғақ, кең ауызды 50-200 мл ашық шыныдан жасалған контейнер;

  • контейнердінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні)

  • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі температурасы 370С қайнатылған су.


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.

  3. Науқастан сұраңыз:


  • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен тұп-тура қақырық жинар алдында шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды;

  • бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

  1. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

  2. Жиналған қақырықты қарап бір сағаттан кешіктірмей оны зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.



114. Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау

Мақсаты: диагностикалық: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Құрал- жабдықтар: бет перде, клеенкалы алжапқыш,қолғап, көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргіш немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлер, таза

құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банка қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05), ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

  2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

  3. Бет перде, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

  4. Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

  5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

  6. Наукастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

  7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

  8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

  9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

  10. Таңертеңгі жиналған қақырықты зертханаға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

  11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.


Ескерту:

  • емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

  • ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

  • қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

  • қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, зертханаға апарылады;

  • қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

  • қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

  • көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

  • бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.



115. Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
Мақсаты: диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.

Көрсеткіштері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған құрғақ түкіргіш немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды контейнер, бикс, 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі температурасы 370С қайнатылған (суытылған) суымен, салфеткалар, жолдама бланкасы, қаламсап, стеклограф, қолғап, бет перде, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

  2. Түкіргішті немесе контейнерді нөмірлеңіз.

  3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

  4. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  5. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

  6. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, бет перде, қолғапты киіңіз.

  7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

  8. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

  • ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • түкіргіштің қақпағын ашуды;

  • аузын салфеткамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

  • науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

  1. Түкіргішті немесе контейнерды қақпақпен жабыңыз.

  2. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған ветошпен сүртіңіз.

  3. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

  4. Бет перде мен қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  5. Қолды жуып, кептіріңіз

  6. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.


Ескерту:

  • қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

  • антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.