Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 813
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.
-
Халі ауыр науқастың шашын күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Көрсеткіштері: науқастың енжарлық қалпы.
Құрал-жабдықтар: жылы су (37-380С), сабын немесе сусабын, шылапшын, крушка, тісі жиі тарақ, сүлгі, 6% сірке су ерітіндісі, таза бас орамал (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшық, қолғап, ҚЖКЖК
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз. -
Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрасты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз. -
Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз. -
Керуеттін бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз. -
Науқастың басын сорғалып аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз. -
Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараган бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз. -
Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз. -
Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай , ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайлымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тағыңыз. -
Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз. -
Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.
Ескерту:
-
халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек; -
осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастын астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді; -
әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды; -
ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды; -
6% сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.
-
Науқасты ылғалды сүрту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.
Көрсеткіштері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртіб кезінде.
Құрал-жабдықтар: клеенка, жаялық, лоток, шылапшын, t-35-370С жылы су, сүлгі немесе салфетка, ауыстыратын іш киімдер және төсек-орын тыстары, қолғаптар, шүберектен тігілген биялай, лас төсек-орын тыстарына арналған қап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқастың астына клеенканы төсеңіз. -
Шылапшынға жылы су құйыңыз. -
Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз. -
Салфетканы , сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз. -
Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын. -
Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз. -
Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз. -
Қолдың тырнақтарын алыңыз. -
Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда). -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Көрсеткіштері: науқастың халі ауыр жағдайы.
Құрал-жабдықтар: клеенка, ішінде жылы суы бар шылапшын, сабын, жөке, сүлгі, қайшы, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым- қатынасын орнатыңыз. -
Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Матрацтың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз. -
Клеенканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз, науқастың бөкселері валиктің үстінде болуы керек. -
Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз. -
Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын шылапшынға түсіріңіз. -
Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз. -
Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз. -
Тырнақтарын алып тастаңыз. -
Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз. -
Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Қолдағы тырнақты қиып алу
Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.
Көрсеткіштері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Құрал-жабдықтар: ішінде жылы суы бар ыдыс, сабын (сұйық), резеңке қолғаптар, қолға арналған крем, қайшы, егеуіш, лоток, сүлгі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз. -
Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз. -
Науқастың қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқастың қолын сабынмен жуыңыз. -
Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз. -
Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз. -
Тырнақтарды егеуішпен өндеңіз. -
Науқастың қолына кремді жағыңыз. -
Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Аяқтағы тырнақты қиып алу
Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.
Көрсеткіштері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Құрал-жабдықтар: ішінде жылы суы бар ыдыс, сабын (сұйық), резеңке қолғаптар, қайшыны, егеуіш, аяққа арналған крем, лоток, сүлгі, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз. -
Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз. -
Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістекуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз. -
Тырнақтарды егеуішпен өндеңіз. -
Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз. -
Қайшыны, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз..
-
Науқасты қырындыру
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Көрсеткіштері: қалі ауыр жағдайдағы науқас.
Қарсы көрсеткіштері: беттің жарақаты.
Құрал-жабдықтар: суға арналған ыдыс, компресс жасауға арналған салфетка, сүлгі, қырынуға арналған станок, жаққыш, қауіпсіз ұстара, қырынуға арналған сықпа, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз. -
Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз. -
Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз. -
Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз. -
Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз. -
Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖКЖК - ға салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау.
Көрсеткіштері: операциялар жасар алдында.
Құрал-жабдықтар: жаққыш,сұйық сабын, қыруға арналған станок, жеке ұстара, қолғап, сүрткілер, су, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз. -
Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз. -
Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз. -
Қолтық асты ойығы аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз. -
Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты қыру.
Көрсеткіштері: операция жасау алдында.
Құрал-жабдықтар: жаққыш, сұйық сабын, қыруға арналған станок, жеке ұстара, қолғап, сүрткілер, су, Эсмарх крушкасы, судно, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқасқа судноны беріңіз. -
Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз. -
Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз. -
Науқастың астын жуыңыз. -
Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз. -
Судноны жинап алыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу
Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.
Көрсеткіштері: науқастың ауыр халі.
Құрал-жабдықтар: ішінде жылы (t-37-380С) әлсіз калий перманганат немесе 1: 5000 фурациллин ерітіндісі бар құмыра немесе Эсмарх крушкасы, залалсыздандырылған: қолғап,бет перде,корнцанг, лоток. салфеткалар, клеенка, жаялық, судно, клеенкалы алжапқыш, керме,зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Егер процедура барысы палатада өтетін болса науқас әйелді кермемен оңашалаңыз. -
Науқас әйелдің шалқаснан жатуға көмектесіңіз жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне судноны қойыңыз. -
Аяқтарын тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек. -
Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты киіңіз. -
Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасінің ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфекткамен жоғарыдан төмен қарай ( қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, бұтаралығы, үлкен жыныс еріндері, аналь тесігі