Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 735
Скачиваний: 8
СОДЕРЖАНИЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл
Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл
STEM/ STEАM технологияларды қолдану
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту
Инклюзивті білім беру ортасын құру
Білім күнінде өткізілетін шаралар
«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы
2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
«2023-2024 оқу жылында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
Астана
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылды (2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3 хаттама)
«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023. – 111 с.
Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-11-сыныптарында 2023-2024 оқу жылындағы білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Әдістемелік нұсқау хат орта білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен мамандарына арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023
Құрметті әріптестер!
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әдістемелік нұсқау хат облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшыларына, жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне, өңірлік әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлеріне арналған, білім беру қызметін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды:
-
2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар; -
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен бастауыш білім беру пәндерінің бағдарламаларындағы өзгерістер; -
пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру (оқу және жазу сауаттылығы, математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық); пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді дамыту; цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту; STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану; құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру; тұлғаға, іс-әрекетке бағдарланған және инновациялық тәсілдерді іске асыру, оқу процесіне тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұрады және барлық оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталады.
Бастауыш білім беруде «Цифрлық сауаттылық» пәнін және «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке баулу» мен «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады.
Бастауыш білім беру деңгейінде тілдерді кезең-кезеңімен оқыту шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 2-сыныптан «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады.
«Шетел тілі» оқу пәні 1-2-сыныптарда оқытылмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында негізгі орта білім беруде академиялық білімге, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, пәндік, метапәндік дағдылар мен құзыреттерді дамытуға, STEM-тәсілі негізінде оқытуға, тәрбиелік компонентті күшейтуге және инклюзивті орта қалыптастыруға баса назар аударылатын болады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеуге және білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Алдағы оқу жылында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс атқару өзекті міндет болады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады.
2023-2024 оқу жылында мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы негізінде тәрбие міндеттерін іске асыруда «Ата-аналар академиясын» құру, сондай-ақ «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 өнер» жобалары шеңберінде іс-шаралар өткізу, мерейтойлық күндерге арналған сыныптан тыс ісшараларды ұйымдастыру маңызды аспектілер болып табылады.
Құрметті ұстаздар! Бұл әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда тиімді әрі пайдалы болады деп сенеміз.
І | 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
-
1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін, 3-4сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқыту жалғасады. -
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе», «Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады. -
Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады. -
Негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі. -
Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту бойынша бағдарламалардың мазмұнына тақырыптарды қосу -
Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру -
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту (үлгерімі төмен және үлгерімі жоғары білім алушылар арасындағы алшақтықты қысқарту) -
Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту, «Ата-аналар академиясын» құру -
Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі шахмат секцияларының желісін кеңейту -
«Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 жоба» жобалар шеңберінде іс-шаралар өткізу арқылы тәрбие жұмысын күшейту, мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру -
«Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру: «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу -
«1000 көшбасшы» республикалық кадрлық резервтің деректер қорын құру -
Цифрлық технологияларды пайдаланып, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауылдық шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту жобаларын іске асыру
1.1 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
-
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріменhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031; -
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029136, 2022 ж. 30 қыркүйектегі
№412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916);
-
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйекте гі №399 бұйрығыhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029767; ҚР Оқу-ағарту министрінің
21.11.2022 ж. № 467 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200030654);
-
«Білімді ұлт» «Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 Қаулысы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000726; -
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032306); -
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.08.2022 №376 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен; -
«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029329);
− «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрінің 24.03.2022 жылғы №104
бұйрығымен енгізілген өзгерістерменhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700016138);
-
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрінің 07.06.2022 №265 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272); -
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 №533 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013317); -
«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығыhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011716); -
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 11 қарашадағы №559 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.12.2022 жылғы
№492 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025128);
-
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 жылғы № 513 бұйрығымен
енгізілген өзгерістеріменhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495);
− «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрінің 02.02.2022 жылғы №34 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен