Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 750

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ



Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.

Міндеттері:

  • білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;

  • білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;

  • отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

  • сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Ұсынылады:

  • балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулерін талқылау;

  • «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде жазғы демалыс барысында оқылған кітаптар туралы талдаулар, өзара оқылған кітаптар туралы талқылаулар;

  • заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.

Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс.

Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Мектеп – мейірбандық мекені» республикалық челленджін өткізу ұсынылады.

Бейнероликті орналастыру күні: 2023 жылғы 1 қыркүйек.

Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00.

Хэштег: Bilim_quni

Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:

- барлығы үшін «Мектебім, менің мектебім!», «Мектебім – мейірбандық мекені», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;

  • бірінші сынып оқушыларына арналған «Мектепке алғашқы қадам»;

  • 2-4 сынып оқушыларына арналған «Жазғы каникулдан жарқын естелік», «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім;

  • 5-8 сынып оқушылары үшін – «Менің саяхатым», «Менің туған өлкем», «Жазғы демалыста мен жасаған игі іс»;

  • 9-11 сынып оқушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Болашақ менің қолымда»;

  • ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»;

  • сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!».



«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы


Қазақстан балалары хал-ахуалының негізі ретінде позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту мақсатында 2023-2024 оқу жылында Алматы қаласы мен Алматы облысының пилоттық білім беру ұйымдарында «Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы апробациядан өтеді.

Жоба білім беру ұйымдарында келесі бағыттарда іске асырылатын болады:

  • Спикерлер ретінде бала тәрбиесінде табысты тәжірибесі бар аға ұрпақ өкілдерін тарта отырып «Даналық мектебін» құру.

  • «Әлеуметтік хал-ахуал», «Эмоционалдық хал-ахуал», «Когнитивтік хал-ахуал», «Физикалық хал-ахуал» сияқты модульдер бойынша атааналар үшін курстар ұйымдастыру.

  • Ата-аналардың қажеттіліктері деңгейін анықтау бойынша диагностикалауды жүргізу және Ата-аналарға арналған академия қызметінің нәтижелерін мониторингілеу.

  • Ата-аналарға арналған академияға ақпараттық қолдау көрсету, оның қызметін БАҚ, әлеуметтік желілерде жарыққа шығару.

  • Ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісіне тарту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу: ата-аналар форумы, конференциялары, марафоны және т.б.

  • Позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда әлеуметтік серіктестіктер күштерін біріктіру.



Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына қажетті әдістемелік ұсынымдармен https://uba.edu.kz/ruсайтында танысуға болады

1.5



МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде: Білім саласындағы өзгерістер және министрлік қызметінің нәтижелері туралы (2021 жылғы 15 наурыз), «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қызметін күшейту, олардың мемлекеттік тілдегі көркем әдебиет қорын айтарлықтай жаңарту, кітапханашылардың еңбекақысын арттыру міндеті жарияланды.

https://primeminister.kz/ru/news/rasshirennaya-kollegiya-mon-rk-ob-

izmeneniyah-v-sfere-obrazovaniya-i-itogah-deyatelnosti-ministerstva-1625649

Мектеп кітапханаларының қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13070 болып тіркелді) бұйрығымен реттеледі («Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы»).



Мектеп кітапханаларының қызметіндегі негізгі міндеттер:

  • мектептің ақпараттық, білім беру мен мәдени орталығы және педагогикалық процестің қажетті буыны ретінде мектеп кітапханаларының рөлін арттыру: ақпараттың барлық түрлеріне оқушылардың қол жетімділігін қамтамасыз ету; ақпаратты өз бетінше таба алатын құзыретті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында білім алушыларға ақпарат көздерін (каталогтар мен файлдық шкафтар, библиографиялық көрсеткіштер және басқа да іздеу құралдарын) пайдалану бойынша сабақтар өткізу;

  • мектеп кітапханашылары мен пән мұғалімдерінің тікелей байланысын нығайту, білім беру мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыруда мұғалімдермен бірлескен жұмысты жандандыру: оқу іс-әрекетін қолдау және оның мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мұғалімдерге сабаққа дайындық материалдарын таңдауда көмек көрсету;

  • мектеп кітапханаларын цифрландыру: кітапхана оқырмандарының сұранысын қанағаттандыратын цифрлық ресурс – мектеп кітапханасының вебсайтын құру; электронды оқулықтар қорын құру және толықтыру; ҚР ОАМ РҒПК цифрлық кітапханасы негізінде электрондық кітапханалар құру;

  • кітап және кітап оқуды насихаттау үшін мектеп кітапханашыларының әртүрлі құралдар мен әдістемелерді пайдалануын арттыру; кітапхана қызметінің дәстүрлі (кітап көрмелерін безендіру, поэзия кеші, көркем әдебиет конкурсы т.б. ұйымдастыру) жұмыстарына заманауи жұмыс түрлерін (әдеби марафондар, квесттер, буккроссингтер, челлендждер, буктрейлерлер және т.б.) қоса пайдалану;

  • сабақтан тыс қызмет кеңістігін аймақтарға бөлу және ресімдеу (білім беру сапасын арттыру ресурстарының бірі болып табылатын қазіргі заманғы оқу кеңістігі – коворкинг-орталықтар құру);

  • мектеп кітапханаларының тиімділігін арттыру үшін жаңа ақпараттық технологияларды енгізу (компьютерлермен, Интернетке байланысты қамтамасыз ету): кітапханалық-ақпараттық қызметтің негізгі процестерінде компьютерлік технологияларды пайдалану;

  • мектеп кітапханашыларының кітаптарды талқылау, оқырмандардың пікірлерін жариялау, өткізілген іс-шаралар туралы және т. б. ақпараттармен бөлісіп отыруы үшін әлеуметтік желілерді пайдалануы




ІІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МЕН

ТӘРБИЕЛЕУДІ

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ



2.1

БІЛІМ БЕРУДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ



Білім берудегі сабақтастық оқушының бір білім деңгейінен екіншісіне ауысқан кезінде психологиялық және педагогикалық дайындығын қалыптастыруға бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Бұл сабақтастық бір деңгейден екінші деңгейге тұрақты, үдемелі өтуді қамтамасыз ететін тиімді құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.

Білім беру деңгейлерінің сабақтастығы, ең алдымен Мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен қамтамасыз етіледі онда сабақтасу байланыстарын ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта білім деңгейлері бойынша білім мазмұнының сәйкестігі, оқытуды іске асыру тәсілдері, жеке жас ерекшеліктері, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері негізінде әрбір баланың дамуы қарастырылады.

«Мектепке дейінгі - бастауыш мектеп - негізгі мектеп – орта мектеп» деңгейлеріндегі бір деңгейден келесісіне өту кезінде оқушы өзі үшін маңызды сәттерді басынан өткізеді. Білім алушы үшін өтпелі уақыт оқу іс-әрекетіне, оқыту мен тәрбиелеу әдіснамасына, сонымен қатар, құрдастарымен және мұғалімдермен жаңа қарым-қатынасқа, жаңа талаптарға көшу кезіндегі маңызды кезең болып саналады.

«Мектепке дейінгі - бастауыш мектеп» деңгейіндегі сабақтастық


Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастық білім беру үрдісінің әдіснамасы мен мазмұнының үздіксіздігі мен бірлігі, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығына мүмкіндік беретін білім алушылардың білімі мен дағдыларын кезең-кезеңімен арттыру болып табылады. Бастауыш мектеп баланың одан әрі жан-жақты дамуы үшін мектепке дейінгі білім беру нәтижелеріне сүйенеді.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептің тығыз ынтымақтастығы қажет, оның міндеттері балалардың мектепке деген қызығушылығын дамыту, олардың тиісті мектепалды даярлығы, балабақшадан мектепке көшудің табиғилығын қамтамасыз ету, мектепалды даярлық мәселелерінде мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы болып табылады.


Аталған міндеттерді іске асыру үшін жазғы уақытта білім беру ұйымдары жанындағы балабақшалар мен мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар үшін 2 аптадан 1 айға дейін мектепалды даярлық курстары өткізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары «Денсаулық», «Пікір», «Таным», «Шығармашылық», «Қоғам» сияқты білім беру салаларын кіріктірілуі көзделген курстардың мазмұнына негізделеді.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сатыларының сабақтастығын іске асыру жөніндегі жұмыс түрлері:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп педагогтерінің бірлескен семинарлары мен педагогикалық кеңестері.

  2. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын педагогтердің, ата-аналардың бірлескен іс-шаралары (мерекелер, экскурсиялар, спорттық жарыстар, балабақшалардағы «Түлектер күні»);

  3. Мұғалімдерге, ата-аналарға арналған психологиялық тренингтер.

  4. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептің психологтарының, медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылдары.

  5. Балалардың мектепке дайындығын диагностикалау.

  6. Мектепке дейінгі ұйымдардың түлектерінен 1-сыныпқа жасақтауда жасалатын жұмысты мектеппен бірлесіп атқару.

«Бастауыш мектеп-негізгі мектеп» деңгейіндегі сабақтастық


5-сыныпта білім алушыларының бейімделу кезеңі оқу материалының күрделенуімен, пәндік оқытумен, мұғалімдер құрамының өзгеруімен, білім алушылардың оқу қызметіне қойылатын талаптардың артуымен байланысты. Мұның бәрі бесінші сынып оқушыларының эмоционалдық жағдайына әсер етеді, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетеді, сонымен бірге олардың алаңдаушылығын арттырады, мінез-құлқының өзгеруіне әсер етіп, құрдастарымен қарым-қатынасты бұзуы мүмкін.

Оқытудың сабақтастығын жүзеге асыру орта және бастауыш деңгейдегі педагогтер арасында, әдістемелік өзара іс-қимылды жолға қоюды көздейді.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

  • ұйымдастыру жұмыстары: педагогикалық кеңестер, педконсилиумдар, «дөңгелек үстелдер», әдістемелік бірлестіктер кеңестерін өткізу, 4 және 5-сынып педагогтерінің, болашақ бесінші сыныптардың сынып жетекшілерінің сабақтарға өзара қатысуы, болашақ бесінші сынып мұғалімдерінің қатысуымен ата-аналар жиналыстары, әртүрлі тақырыптық көрмелер;

  • балалармен жұмыс: ата-аналардың қатысуымен 4 және 5-сынып оқушыларының бірлескен іс-шаралары (спорттық жарыстар, мерекелер, экскурсиялар, конкурстар және т. б.);

  • үй тапсырмасын оңтайландырып, оған шығармашылық, өзгермелі сипат беру;

  • бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін, біліктілігі мен дағдыларын педагогикалық диагностикалау;

  • психологиялық диагностика: білім алушылардың орта буында оқуға дайындық деңгейін анықтау;

  • педагогтермен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен