Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 738

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл


Білім берудегі құндылық тәсілі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамның өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбекқорлықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Бұл тәсіл білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиелеуді интеграциялауға, білім беру әдістемесін, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағытталған.

Орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар ретінде:

  • қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

  • құрмет;

  • ынтымақтастық;

  • еңбек пен шығармашылық;

  • ашықтық;

  • өмір бойы білім алу айқындалған.


Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл


Құзыреттілік тәсіл – бұл құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерін көрсететін және білім алушыларды даярлаудың практикаға бағдарланған сипатына, міндеттер мен жағдайларды шешу бойынша олардың өзіндік жұмысының рөлін күшейтуге ықпал ететін білімге қойылатын талаптар жүйесі. Бұл тәсілде практикалық тапсырмалар теориялық білімнен басым болады және оқушыларды әртүрлі жағдайларда және жаңа жағдайларда білімді қолдануға бағыттайды.

Құзыреттілік тәсіл іс-әрекетке деген көзқарастың негізгі тұжырымын қамтиды – «іс-әрекет арқылы оқыту» және оны білім алушы игерілген білімді іс жүзінде қолдана білуі керек деген талаппен күшейтеді.

Құзыреттілік тәсіл адамның өмір бойы алған білімін адам қызметінің әртүрлі салаларындағы өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін пайдалану қабілетін сипаттайтын функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған.


Тұлғаға бағытталған тәсіл


Тұлғалық тәсіл оқыту процесінде педагогтің, білім алушының жасын, ұлттық, жеке-психологиялық жағдайын, мәртебесін (яғни ұжымдағы жағдайын) барынша ескеруін білдіреді. Бұл оқу міндеттерінің мазмұны мен формасы (яғни тапсырма) арқылы да, педагогтің білім алушымен, сыныппен қарымқатынасының тиісті сипаты арқылы да жүзеге асырылады. Білім алушы тұлға белсенді әрекет ететін мақсатты субъект ретінде жеке көзқарас аясында әрекет етеді.

Практикада тұлғалық-іс-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерді іске асыру белсенді және интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ісәрекеттік тәсілі оқу процесіндегі жеке тұлға (іс-әрекет субъектісі), оның мақсаттары, мотивтері, қажеттіліктері дегенді білдіреді, ал жеке тұлғаның өзінөзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуының негізгі құралы іс-әрекет болып табылады.



STEM/ STEАM технологияларды қолдану


STEM - жаратылыстану, технология, инженерия және математика сабақтарын біріктіретін оқу бағдарламасы. STEAM технологиясы білім берудің бес саласын бірыңғай оқыту жүйесіне біріктіреді (өнер қосылады).

Білім беру процесінде STEM/ЅТЕАМ технологияларын қолдану жекелеген пәндерге емес, белгілі бір тақырыптарға сәйкес интеграцияланған оқытуды қамтамасыз етеді.

STEM/ЅТЕАМ оқыту технологиялары білім алушыларда пәндік және метапәндік құзыреттерді қалыптастыруға, сыни ойлауды, проблеманы шығармашылық шешу дағдыларын және командадағы қызметті дамытуға арналған белсенді оқытудың заманауи әдістерін, пәнаралық цифрлық мазмұнды, пәнаралық және қолданбалы оқу тапсырмаларын қолдануды көздейді

(https://www.livescience.com/43296-what-is-stem-education.html).

STEM/ ЅТЕАМ технологияларына негізделген тәсіл сабақта да, сабақтан тыс уақытта да қолданылады. Сабақтарды өткізу кезінде проблемалық бағдарланған және эвристикалық оқытуды, ал сабақтан тыс уақытта – жобалық және зерттеушілік - бағдарланған оқытуды қолдану ұсынылады.

Педагогтерге оқу тапсырмаларының, шығармашылық жобалардың негізінен қолданбалы сипатын қолдана отырып, сабақтарды, оқу сабақтарын жоспарлау ұсынылады. Сонымен қатар, тапсырмалар мен жобаларды орындау бірлескен шығармашылық, зерттеу қызметін қамтиды, оның барысында өзара қарым-қатынас орнату қабілеті дамиды. Білім алушының педагогпен және басқа білім алушылармен бірлескен оқу іс-әрекеті процесінде алынған өнімнің маңыздылығына назар аудару қажет.


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру


Функционалдық сауаттылық дегеніміз алған білімдерін күнделікті мәселелерді шешу үшін қолдану қабілеті. Функционалдық сауаттылықты дамыту болашақ кәсіби қызметте және жалпы өмірде дағдыларды қолдану үшін қажет.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы үш негізгі компоненттен тұрады:

  • Оқу сауаттылығы: оқудың дұрыстығын, жылдамдығы мен еркіндігін емес, оқылған мәтінді, сұрақты және әртүрлі тапсырмаларға арналған нұсқауларды түсінуді қалыптастыру;

  • Математикалық сауаттылық: күнделікті өмірде жеке, қоғамдық және кәсіби мәселелерге әсер етуі мүмкін әртүрлі контекстер мен пайымдаулардағы практикалық есептерді шешуге бағытталған;

  • Жаратылыстану сауаттылығы: зерттеу әдістерін қолдана отырып, әртүрлі құбылыстарды, фактілерді, оқиғаларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу.


Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының негізгі құзыреттерін қалыптастыру кең ауқымды дағдыларды қалыптастыратын қосымша компоненттермен бірге жүреді: креативті ойлау; сыни ойлау; зерттеу дағдылары; коммуникация; рефлексия; жаһандық құзыреттілік.

Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін үш негізгі компоненттер үшін дұрыс тапсырмаларды таңдау маңызды. Функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі тапсырмалар жыл бойы оқу процесінде біркелкі бөлінуі, балалардың жасына және олардың когнитивтік ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Бастауыш мектепте тапсырмалардың оқушылардың практикалық тәжірибесіне сәйкес келуі маңызды. Орта және жоғары сыныптарда білім көлемін және ақпаратты талдаудың күрделілігін біртіндеп арттыру ұсынылады. Пәнаралық және метапәндік сипаттағы интеграцияланған тапсырмалар берілуі керек. Тапсырмаларды орындауда дербес және топтық зерттеу жұмыстарын, жобалау қызметін көздеуі тиіс. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін қолдануды талап етеді. PIRLS-2021

PIRLS-2021 нәтижелері білім алушылардың ақпараттық мәтін, интерпретация, интеграция және бағалау бойынша тапсырмаларды орындауда балдарының төмендегенін көрсетті.

Білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша ұсыныстар: - оқу процесінде ақпараттық мәтіндерді пайдалануды кеңейту;

  • шынайы оқу материалдарын (басқа мектеп пәндерінің материалдары, нұсқаулықтар (рецептер), өмірбаян, электрондық хаттар, газет мақалалары, әлеуметтік желілердегі жазбалар) пайдалану;

  • оқуды оқытуды басқа пәндермен интеграциялау; оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту тек тілдік пәндер сабақтарында ғана емес, пәнаралық контексте де жүруі тиіс;

  • оқудың әртүрлі стратегияларын қолдану дағдыларын дамыту, атап айтқанда білім алушылардың оқуды интеграциялау, жалпылау және бағалау дағдыларын дамыту;

  • өз пайымдауларын келтіруді талап ететін тапсырмаларды (ашық сұрақтар), сондай-ақ «қарапайымнан күрделіге» қарай тапсырмаларды пайдалану;

  • оқу үшін мәтінді таңдағанда сараланған тәсілді қолдану;

  • цифрлық мәтіндермен, оның ішінде интернет-ортада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға машықтану;

  • пәнді оқыту шеңберінде білім алушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту.

TIMSS


Қазақстанның TIMSS циклдарына қатысу нәтижелері бойынша мынадай ұсынымдар беруге болады.

Неғұрлым күрделі тапсырмаларды орындауға қабілетті білім алушылардың үлесін арттыру үшін білім алушыларда стандартты емес міндеттерді шешуді, деректерді түсіндіруді, нақты өмірлік жағдайларда білімді қолдануды, себеп-салдар байланыстарды орнатуды, экожүйелердегі процестер мен қатынастарды түсінуді қоса алғанда, жоғары тәртіптегі дағдыларды дамыту қажет.

Бастауыш мектептегі математика сабақтарында қарапайым және ондық бөлшектермен жұмыс істеуге, сондай-ақ деректерді ұсынуға ерекше назар аудару сұралады. Кестелік мәліметтермен, графиктермен, диаграммалармен тапсырмаларды көбірек қолдану қажет.

Жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқыту процесінде білім алушылардың практикалық және зерттеу қызметіне ерекше назар аудару керек. Қазіргі заманғы физика, химия және биология кабинеттерінің барлық мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Физикалық және химиялық құрылғылармен жұмыс істеу, бақылаулар, эксперименттер жүргізу және оны өз бетімен жасауға үйрету дағдыларын дамыту.

Пәндік электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, сабақтарда тест тапсырмаларын электрондық форматта қолдану. Экожүйе, ағзалар және олардың өзара әрекеттесуі, табиғат процестерін қарастырылатын бөлімдеріне ерекше назар аудару керек. Осы бөлімдердің тест тапсырмалары бірқатар циклдарда мектеп оқушыларына белгілі бір қиындықтар туғызды.

PISA-2025


Халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізу шеңберінде алдағы PISA2025 негізгі бағыты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық болып айқындалды. Сұрақтар жаратылыстану сауаттылығын бағалаудың жаңартылған шеңберіне негізделетін болады.

Бағалау шеңбері жаратылыстану білімі нәтижесінде қалыптасатын құзыреттерді, білім алушыларға осы құзыреттерді қалыптастыру үшін қажетті білім түрлерін және білім алушылар нақты өмірде жаратылыстану ғылымдары саласындағы проблемалар мен мәселелерге қатысты мәнмәтін түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

2025 жылы PISA зерттеулері «жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағытының нәтижелерін анықтауға бағытталады, ол үшін оқытуда жаратылыстану-ғылыми білім беру салаларына көп көңіл бөлу керек. Анықтамаға сәйкес, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты көтеру үшін білім алушынының ғылым, тұрақты даму және технология туралы сыни көзқараспен бағалай отырып, өзіндік ой түю қабілеттерін, танымын, пікір айта білу дағдыларын дамыту қажет. Ол үшін:


  1. табиғи және технологиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре

білу;

  1. ғылыми зерттеулер жобаларын әзірлеу және бағалау, сондай-ақ ғылыми деректер мен дәлелдемелерді сыни тұрғыдан түсіндіре білу;

  2. жаһандық, жергілікті немесе жеке сипаттағы мәселелерді зерттей білу, ғылыми ақпаратты бағалай білу, шешімдер қабылдау және ақпараттандырылған іс-әрекеттер жасау үшін пайдалану.


ICILS-2018


ICILS-2018 компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарына:

  • цифрлық теңсіздікті жою мақсатында мектептің «цифрлық резиленттілігін» арттыру, яғни қаладағы және ауылдағы мектептерде АКТ-ға тең және кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;

  • компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың жоғары деңгейін (3 және 4-деңгей) қамтамасыз ететін, «коммуникативтік мақсаттарда пайдалану үшін тиісті ақпаратты таңдау, берілген контексте ақпараттың пайдалылығын бағалау және оның мазмұны мен шығу тегі бойынша сенімділігін бағалау қабілетін» талап ететін пәнаралық оқытуды дамыту ұсынылады.

Сандық дағдылар - бұл белгілі бір пәндік саламен байланысты емес дағдылар жиынтығы.

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту


Қазіргі цифрлық әлемде ақпаратты іздеу, өңдеу және сақтау, байланыс және ынтымақтастық, цифрлық мазмұнды құру, киберқауіпсіздік және сенімді әрекет ету, мәселелерді шешу, нәтижелерді талдау және ұсыну сияқты дағдылар қажет.

Цифрлық дағдылар цифрлық құрылғылар мен онлайн-сервиске қол жеткізу және пайдалану үшін электрондық құрылғылар мен қосымшаларды пайдаланудағы функционалдық сауаттылықпен байланысты.

Қазіргі білім алушылардың цифрлық дағдыларын табысты қалыптастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының: педагогтердің, атааналардың, білім алушылардың өзара іс-қимылы қажет.

Цифрлық сауаттылық пен дағдыларды қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі цифрлық ресурстарды, цифрлық платформаларды, цифрлық оқулықтарды, цифрлық контентті пайдалану болып табылады.

Білім беру ұйымдары цифрлық платформалар арқылы білім алушылардың цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етуі қажет.

Цифрлық білім беру мектептегі дәстүрлі білім беруді алмастырмайды, толықтырады.

Білім алушыларда цифрлық дағдыларды қалыптастыру кезінде мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:

  • информатика пәнін оқу кезінде цифрлық дағдылардың негіздері қаланады;

  • цифрлық дағдыларды қалыптастыру барлық пәндерді оқу барысында үнемі жүреді, ал белгілі дағдыларды қалыптастыру кезінде кейбір пәндердің рөлі артуы мүмкін;

  • мұғалімдер цифрлық дағдылардың деңгейін үнемі арттыруға ұмтылуы керек.