Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 758

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

https://kazneb.kzhttps://adebiportal.kz/kz http://bilimger.kz http://ustaz.kz http://sabak http://sabaqtar.kz/kazaksh/ http://bilimsite.kz/ustaz

http://tarbie.org

Білім алушыларды олимпиадаға қатысуға дайындау кезінде мұғалімге көмек үшін олимпиада тапсырмалары орналасқан сайты ұсынамыз:

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайты:

-https://daryn.kz/kk/sample-page-2/

«Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша интернет-ресурстарға сілтемелер:

http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/;http://www.world-history.ruhttp://historyatlas.narod.ruhttps://online.zakon.kz/https://adilet.zan.kz/rus https://www.un.org/ru https://uchet.kz/deloproizvodstvo/index.php?SECTION_ID=6267 https://kazpatent.kz/ru/content/obrazcy-dokumentov-6 https://sud.gov.kz/rus/content/obrazcy-iskovyh-zayavleniy-i-drugih-

obrashcheniy-v-sud https://almaty.atameken.kz/ru/pages/819-obrazcy-dogovorov-gpo



Цифрлық кітапхана


«Цифрлық кітапхана» бірлескен жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Республикалық ғылыми педагогикалық кітапхананың филиалы ашылды. Жоба 2022 жылдан бастап отандық ғылымизерттеу жұмыстарының қолжетімділігін арттыру және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында іске асырылуда.

Цифрлық кітапханада барлығы 100 000-нан астам әдістемелік құралдар мен диссертациялар бар, ғылыми жұмыстарды ыңғайлы іздеу және ӘОЖ мен QR-кодты автоматты түрде беру ұсынылған.

Бірыңғай цифрлық ресурста оқу бағдарламаларымен, әдістемелік ұсынымдармен, педагогикалық ғылымдар бойынша диссертациялармен, білім беру стандарттарымен және басқа да әдістемелік материалдармен танысуға мүмкіндік берілген.

Цифрлық кітапхананың әдістемелік құралдар мен диссертациялар базасы Алтынсарин Академиясының сайтымен біріктірілген www.uba.edu.kz(бөлім – Кітапхана).

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР




Оқулық - оқу пәнінің мазмұнын дәйекті және жүйелі түрде баяндайтын оқыту құралы. Оқулықпен жұмыс істеу оқу материалын игеруге ықпал етеді және білім алушылардың өзіндік жұмыс дағдыларын дамытады.

Сабақтарды дайындау кезінде мұғалімдер оқулық материалының мазмұнын мұқият тексеріп, оны талдап, сабақ жоспарына параграфтардың мазмұнындағы қателіктерге қатысты ескертпені енгізуі керек. Оқулықта берілген жауаптардың дұрыстығын тексеру үшін тапсырмаларды алдын-ала шешу керек.

Оқулықтағы тапсырманың оқу мақсаттарына сәйкестігіне ерекше назар аударыңыз. Егер педагог сабақта осы мәселеге тиісті назар аудармаса, білім алушы оқулықпен өз бетінше жұмыс жасағанда дұрыс емес білімді игереді, оны уақытында бақылау және түзету қиын.

Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бойынша оқулықтардың мазмұнындағы ескертулер бойынша жұмыс істеу бойынша ұсыныстар.

Қазіргі орыс тілі мен әдебиеті сабағы коммуникативті тәсіл негізінде құрылуы керек, яғни, сабақта оқушылар бір уақытта сөйлеу әрекетінің төрт дағдысын игеруі керек: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу.

Тыңдау сабақтары үшін аудио мәтіндер, бейнелер қажет. Барлық тапсырмалар аудио мәтіндер негізінде құрылуы керек.

Оқу сабақтарында білім алушылар жазбаша, электрондық мәтіндерді талдауы тиіс.



Білім алушыларды тек оқулық мәтіндерімен шектеуге болмайды; білім алушылар күн сайын кездесетін нақты өмірден алынған мәтіндерді талдауы керек. Осылайша сіз білім алушылардың мотивациясының өсуіне қол жеткізесіз.

Оқылған, тыңдалған мәтіндерге сүйене отырып, бөлімнің соңына қарай білім алушыларды ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жазбаша жұмыс жазуға шақырыңыз. Бұл эссе, шығармашылық жұмыс және т.б. болуы мүмкін. бұл жазбаша жұмыста білім алушы оқылған және тыңдалған мәтіндердің идеяларын ұсынуы керек.

Жазу тапсырмалары жаттығуларды қайта жазумен және тыныс белгілерін қоюмен шектелмейді.

Өнімді дағдылардың (сөйлеу, жазу) негізгі мақсаты – бірегей жазбаша өнімдерді жасау.

Ағылшын тіліндегі оқулықтардың сөздіктерінде сөздердің дұрыс аударылмауы кездеседі.

Педагог білім алушыға сөздердің мағынасын және тұрақты тіркестерді тексеру үшін әртүрлі электрондық және қағаз ресурстарын пайдалануды үйретуі керек. Үлгілік оқу бағдарламасында 9.4.8.1 мақсаты осы дағдыны дамытады:

9.4.8.1 use a range of familiar and unfamiliar paper and digital reference resources to check meaning and extend understanding

Педагогке ана тіліне аударманы қолдануға жүгінбеуге ұсынылады, бірақ мақсатты тілдің анықтамаларымен жұмыс істеуге ынталандырылады, өйткені бір сөз контекстке байланысты әр түрлі мағынаға ие болуы мүмкін.

Сөздерді және тұрақты өрнектерді тексеруге арналған сенімді дереккөздердің мысалдары:

https://dictionary.cambridge.org/; https://www.oxfordlearnersdictionaries.com/ https://www.merriam-webster.com/

Тарих оқулықтарының мазмұнындағы қателіктермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар:

− оқулықтағы тарихи даталардың сәйкес келмеуіндегі олқылықтар орын алғанда мұғалім дұрыс ақпарат берілген дереккөздерді талдау арқылы түсіндіру ұсынылады;

− оқулық мәтінінде мемлекеттер мен империялардың аумағымен байланысты олқылықтар туындаған кезде тарихи картамен жұмыс жасай отырып, дұрыс ақпарат беру ұсынылады;

− оқулықта тарихи терминдердің анықтамасы берілмесе, педагогке сабақ барысында терминдермен жұмыс жүргізу ұсынылады;

оқулықтағы тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келмеген кезде педагогке оқу мақсатына жетуді тексеруге арналған тапсырмаларды тұжырымдау ұсынылады.

2.6

ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС



2023-2024 оқу жылында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту, үлгерімі төмен және үлгерімі жоғары білім алушылар арасындағы алшақтықты қысқарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет.


Жұмысты ұйымдастыру білім алушылардың барлық пәндер бойынша білімін кіріс және тұрақты бақылау, жұмыс жоспарын әзірлеу және оны әр педагог жүйелі түрде жүзеге асыру барысында жүзеге асырылады және мектеп әкімшілігінің бақылауында болуы керек.

Білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу пәндері бойынша білім сапасына үнемі мониторинг жүргізу қажет.

Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс істеу алгоритмі:

  1. бірнеше педагогтардың сабақтарды, оқу іс-әрекеттерін бірлесіп жоспарлауы (оқу материалын қайталау, бекіту, олқылықтарды жою үшін қарапайым оқу тапсырмаларын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу іс-әрекетін алгоритмдеу және т. б.);

  2. оқу қызметі барысында сүйемелдеу және консультация беру;

  3. бірінші сынып оқушылары мен осал балалардың психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету;

  4. оқу қызметін ынталандыру (көтермелеу, табысқа жету жағдайларын жасау, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.);

  5. білім алушылардың оқу қызметі мен жетістіктерінің мониторингі (білім алушылардан үнемі сұрап отыру, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру,

кері байланыс, өзін-өзі бағалауды жандандыру және т.б.);

  1. қосымша сабақтар және өзара көмекті ұйымдастыру;

  2. білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;

  3. дербес тапсырмаларды орындау үшін қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.

Оқу жылы ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша келесі міндеттерді шешуге бағытталған жұмысты жалғастыру ұсынылады:

  • білім алушының артта қалуының себептерін анықтау және оның оқу жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтау;

  • жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу; - сараланған тапсырмаларды таңдаумен жеке оқу жоспарын әзірлеу; - тұрақты кері байланыс жүргізу.

Педагог білім беру қажеттіліктерін және білім алушылардың жеке даму траекториясын ескере отырып, пән бойынша үлгерімі төмен білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейді. Мысалы:

  • өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу мақсаттарын, оқу пәні сабақтарының тақырыптарын біріктіру;

  • өткен оқу жылының материалын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне пәндер бойынша бөлу;

  • жаңа тақырыпты/оқу мақсатын оқымас бұрын оқу материалын қайталау;

  • білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша


сабақтар өткізу;

  • білім алушыларға оқытудың күрделі тақырыптары/мақсаттары бойынша жеке және топтық консультациялар өткізу;

  • пән бойынша өткен оқу материалдары бойынша олимпиадалар ұйымдастыру;

  • демалыс мектептерін ұйымдастыру;

  • формативті бағалау жүргізу кезінде өткен бағдарлама бойынша оқу тапсырмаларын әзірлеу және енгізу;

  • өткен оқу жылындағы материалды пайдалана отырып, зерттеу және жобалау жұмыстарын іске асыру;

  • білім беру ұйымдарының, оның ішінде гимназиялардың/лицейлердің Типтік оқу жоспарларының вариативтік компонентінің сағаттарын білім алушылардың білімін толықтыру бойынша сабақтар өткізуге пайдалану; - білім беру платформаларын пайдалану.



И. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022 жылы «Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірлеген және www.uba.edu.kzсайтында қол жетімді



2.7

САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ



Сабақты жоспарлау бұл тиімді оқыту және оқушылардың оқу мақсаттарына жетуі үшін қажетті педагогикалық практиканың ажырамас бөлігі болып табылады.

Орта білім беру ұйымдарындағы сабақтарды жоспарлау нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:

  • «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы;

  • «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы;

  • «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы.

Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мұғалімдер сабақты жоспарлау аясында екі құжат бойынша жүргізеді: