Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 744
Скачиваний: 8
СОДЕРЖАНИЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл
Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл
STEM/ STEАM технологияларды қолдану
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту
Инклюзивті білім беру ортасын құру
Білім күнінде өткізілетін шаралар
«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы
2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»
«Жаратылыстану» білім саласында келесі пәндер оқытылады:
«Жаратылыстану» – 1-6-сыныптар, «Физика», «Биология», «Химия», «География» – 7-11-сыныптар.
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді.
Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес:
-
бастауыш білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (1-4 сыныптар); -
негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (5-6 сыныптар), «Физика», «Химия», «Биология», «География» (7-9 сыныптар); -
жалпы орта білім беру деңгейінде екі бағыт бойынша «Физика», «Химия», «Биология», «География» (10-11 сыныптар) пәндері оқытылады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының (өзгерістер мен толықтыруларға ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 ж. № 412 бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4 сыныптар), 6–8, 16– 20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11сыныптар) көрсетілген.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы Бастауыш білім берудің мақсаты «Адам – Табиғат» жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым деңгейін қамтамасыз ету. Білім алушылардың табиғатты тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны «қарапайымнан күрделіге қарай, таныстан таныс емеске қарай» принципі бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғаттың құбылыстары мен процестерінің өзара байланыстарының себебін ұғыну және түсіну, қоршаған ортаның көптүрлілігі мен күрделілігін саналы аңғару білім алушылардың ойөрісін кеңейтеді. «Жаратылыстану» оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерінде дербес пән ретінде оқылатын «Биология», «Физика», «География», «Химия» оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын, сондай-ақ білімнің барлық салаларында маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы Негізгі орта білімнің мақсаты функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалықэксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; патриоттық сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз ету.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы Жалпы орта білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады.
Пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсынымдар
Мектеп білім алушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығының нәтижесін жақсарту және «Жаратылыстану» білім саласындағы пәндердің білім сапасын арттыру мақсатында күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. Бұл тапсырмаларды әзiрлеу және қолдану кезінде PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулердiң тапсырмаларының жүйесіне негіздеу керек. Осы тұрғыда мұғалімдерге көмек ретінде «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде білім алушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту», «PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» әдістемелік құралы әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (https://uba.edu.kz). Бұл әдістемелік құралда PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде білім алушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.
Халықаралық зерттеудің талаптары бойынша білім алушылардың
-
жаратылыстану құбылысындағы процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу; -
баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша); -
есептердің шешімін сауатты ресімдеу; -
жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстардың кеңейтілген жазбаша есептерін, ауызша баяндамаларды дайындай білу; -
білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу т.б. дағдыларын қалыптастыру ұсынылады.
Пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар
Зертханалық және практикалық жұмыстың көлемін орындау үшін ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) пайдалану, білім алушылардың эксперименттік деректермен жұмыс істеу және қорытынды жасау қабілетіне назар аудару ұсынылады.
Зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүргізу, өңірлік және жергілікті аспектілерде қолданбалы маңызы бар жобаларды жазу, Қазақстанның жаратылыстану саласындағы ғылыми жетістіктерін зерделеу ұсынылады.
Жергілікті сипаттағы материалдарды (объектілер, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау қызметін ұйымдастыру арқылы білім алушыны танымдық және әлеуметтік тұрғыдан жандандыру ұсынылады. Техника, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетиканың әртүрлі салаларындағы жетістіктер ғылыми идеяның дамуы мен ғылыми прогрестің жарқын мысалдары болып табылады.
Мұғалімдер бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескеруі керек:
-
пән мазмұнындағы базалық білім жүйесі білім алушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы бастапқы білімдерін қалыптастырады; -
пән білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған: сұрақтар қою және осы сұрақтарға жауап табу, зерттеу жоспарын әзірлеу және болжау, сұрақтарға жауап іздеу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған деректерді жалпылау, өңдеу және түсіндіру; -
зерттеу жұмыстары мен эксперименттер жүргізу арқылы тапсырманы өз бетінше іздеу және қорытындыларды дұрыс тұжырымдау дағдыларын қалыптастырады, баланың ойлау қабілеті мен ғылыммен айналысуға деген ұмтылысын дамытады; -
білім алушылар сыни тұрғыдан ойлау формаларын меңгереді, шынайы жаңдайларда шешім табуды, сұрақтар қоюды, ғылыми-зерттеу жұмысының тәсілдерін түсінуді және бақылауды үйренеді.
Жаратылыстану пәнін зерттеуде қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жаратылыстану саласындағы метапәндік және пәндік құзыреттілік - бұл бақылаулар мен эксперименттерге негізделген тұжырымдар жасау үшін ғылыми әдістер арқылы зерттеуге және шешуге болатын нақты жағдайларда мәселелерді шешу үшін жаратылыстану білімін пайдалану мүмкіндігі. Бұл тұжырымдар қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекеті енгізетін өзгерістерді түсіну және тиісті шешімдер қабылдау үшін қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік нәтижелері негізінен жалпы кәсіби білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің күтілетін нәтижелері негізінен кәсіптік білім беруге даярлауға, базалық курста көзделгеннен неғұрлым терең жолымен білім алушылардың жеке қабілеттерін дамытуға, ғылым негіздерін, жүйелі білімді игеруге бағытталған.
Жаратылыстану бағыты пәндері бойынша метапәндік құзыреттіліктерді дамытуға талдау әдістері мен тәсілдері төменде келтірілген әдістер арқылы қол жеткізуге болады.
-
Оқыту әдістерінің әртүрлілігі: дәрістер, пікірталастар, зертханалық жұмыстар, жобалар, зерттеулер. -
Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу ғылыми мақалаларды оқу, ғылыми жұмыстардың мәтіндерін талдау, түйіндемелер мен аннотациялар жасау білім алушыларға мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ақпарат алуға және әртүрлі көзқарастарды салыстыруға көмектеседі. -
Топтық жұмыс. Бұл бірлескен жобалар мен зерттеулер, пікірталастар жүргізу және топтағы жұмыс нәтижелерін талдау білімалушыларға коммуникативті дағдыларды дамытуға, ұжымда жұмыс істей білуге және мәселелерді шешуге көмектеседі. -
Білімді тәжірибемен ұштастыру: зертханалық жұмыстарды орындау, эксперименттер жүргізу, үлкен көлемде жұмыс істеу және білімалушылардың материалдарды пайдалануы, деректерді бақылау, талдау дағдыларын дамыту және ғылыми білімді практикада қолдану. -
Заманауи технологияларды қолдану: деректерді талдау үшін компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, деректерді өңдеу. -
Өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту: өз жұмысын жоспарлау, басымдықтар мен мақсаттарды анықтау, жаңа тақырыптарды өз бетінше зерттеу өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік нәтижелері негізінен жалпы білім беру және жалпы мәдени даярлықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің күтілетін нәтижелері негізінен кейінгі кәсіптік білім беруге даярлауға, базалық курста көзделгеннен неғұрлым тереңірек жолымен білім алушылардың жеке қабілеттерін дамытуға, ғылым негіздерін, жүйелі білімді игеруге бағытталған.
Білім алушыларының пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерін дамытудың жоспарланған нәтижелері
-
табиғи құбылыстарды бақылау, нәтижелерді сипаттау және қорытындылау; эксперимент нәтижелерін жинау және талдау негізінде талдау жүргізу; -
жаратылыстану бағытындағы биология, физика, химия, география ғылымдары арасындағы байланысты сипаттау; табиғи құбылыстардың өзара байланысын орнату; -
қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіруде, денсаулықты сақтауда, тіршіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалануда, сондай-ақ сауатты тұтынушының рөлін орындау үшін жаратылыстану бағытындағы білімдерді қолдана білу; -
әр адам үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің маңыздылығын түсіндіру, жиналған және өңделген деректерді, кесте, график, хабарлама, баяндама, презентация түрінде ұсынылатын ақпаратты синтездеу; гипотезалар, модельдер жасап, зерттеу жүргізу.
Негізгі құзыреттіліктер:
-
ғылыми зерттеуге болатын мәселелерді анықтау; -
ғылыми ақпаратты табу үшін қажетті кілт сөздерді анықтау; -
жаратылыстану зерттеулерінің негізгі ерекшеліктерін анықтау.
Құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру
-
қажетті жағдайда жаратылыстану білімдерін қолдану; -
ғылыми негізделген құбылыстарды сипаттау немесе түсіндіру, өзгерістерді болжау.
Жаратылыстану білімі арқылы негізгі құзыреттерді дамыту үшін ұсынылатын қажетті минимум:
Физика бойынша:
-
механиканың физикалық шамалары мен түсініктері; -
электромагнетизм принциптері; әртүрлі физикалық күштердің құбылыстарға, денелерге әсері; зат пен энергияның өзара әрекеттесуі (мысалы, жарық пен радиотолқындар, дыбыс және сейсмикалық толқындар).
Химия бойынша:
-
заттың құрылымы (мысалы, атом моделі); -
заттың қасиеттері (мысалы, заттың күйінің өзгеруі, жылу және электр өткізгіштік); -
заттың химиялық өзгерістері (мысалы, химиялық реакциялар,
энергияның берілуі, қышқылдар / негіздер); заттарды сапалы талдау әдістері; Биология бойынша:
-
жасуша құрылымы (құрылымы мен қызметі, ДНҚ, РНҚ, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары); -
тірі организмдердің әртүрлілігі, құрылымы және қызметі (тірі организмдердің әртүрлілігі, тамақтану, заттардың тасымалдануы, тыныс алу, қозғалыс, координация және реттелу); -
популяциялар (эволюция, биологиялық әртүрлілік, генетикалық вариация); -
экожүйелер (қоректену тізбектері, заттар мен энергия ағындары); - биосфера (экожүйелерді қолдау, тұрақты даму).