Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 747
Скачиваний: 8
СОДЕРЖАНИЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл
Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл
STEM/ STEАM технологияларды қолдану
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту
Инклюзивті білім беру ортасын құру
Білім күнінде өткізілетін шаралар
«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы
2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ
-
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 жылғы №68 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріменhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317);
− «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 қарашадағы №547 бұйрығыhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010768);
− «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы №272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 125 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020292);
− «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023890);
− «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығыhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013418);
− «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 384 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029446);
− «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрінің 09.08.2022 №355 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V15H0010279);
− «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 3.10.2022 №415 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013420);
− «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022
№534 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013085);
− «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 №350 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017553);
− «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы
№18 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы
№251 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013067);
− «Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi №333 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028915);
− «Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету жөніндегі басшылықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусым №292 бұйрығы
https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37431780);
− Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерді және білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200027414;
− «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығы)https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200026618/compare;
− «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы) https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200026513/compare.
Қолданыстағы НҚА-дағы өзгерістер мен толықтырулар Әділет ақпараттық жүйесінде көрініс табады.
| | |
1.2 | ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқуағарту министрінің 12.08.2022 ж №365; 30.09.2022ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен жүзеге асырылады.
Осы бұйрыққа сәйкес жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу процесінде Үлгілік оқу жоспарының екі түрі: Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары қолданылады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын төмендетілген оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарына меншік түрі мен нысанына қарамастан педагогикалық кеңестің шешімі негізінде оқу процесі жүзеге асырылатын үлгілік оқу жоспарын таңдауда академиялық еркіндік беріледі.
Білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022ж 12 тамыздағы №365 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарларына 2022 ж. 30 қыркүйектегі №412 бұйрығымен келесідей өзгерістер енгізілді:
Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:
− оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінің оқу жүктемесі 2, 4-сыныптарда 1 сағатқа (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы
30 қыркүйектегі № 412 бұйрығына 9, 12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916);
− оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінің оқу жүктемесі 3-4-сыныптарда 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығына
8,9,10,11,12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916).
Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша:
- оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде жүргізілетін сыныптарда «Жаратылыстану» (5-6-сыныптарда), «Алгебра», «Физика», «Химия», «Биология», «Қазақстан тарихы» пәндерінің (7-9-сыныптарда) оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№412 бұйрығына 13,14,15,16,17-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916).
Вариативтік компонент бойынша:
Білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге арналған оқу пәндерінің комбинациялары 1 сағат көлемінде оқытылады.
Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша:
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика»,
«Химия», «Биология» пәндерінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (38,40 қосымшалар https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916)
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
− «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді;
− таңдау пәндері (тереңдетілген деңгей): «Шетел тілі» (екінші тіл), «Дүниежүзі тарихы», «География», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды.
− таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Физика», «Химия», «Биология», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығына 18,20,22,26 қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916).
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстануматематикалық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
− «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді;
− таңдау пәндері (стандарттық деңгей
): «Дүниежүзі тарихы», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 1 сағаттан оқытылатын болды (ҚР
Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж.№412 бұйрығына 19,21,23,24,25 қосымшалар. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916).
Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің барлық пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын пайдаланады
(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029767).
Алдағы оқу жылында оқу бағдарламаларындағы өзгерістер тек 2 сыныпқа ғана әсер етеді, атап айтқанда:
-
1-2-сыныптарда «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18); «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту жалғасады (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18); «Шетел тілі» пәні оқытылмайды. -
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту енгізіледі.
1.3 | ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР |
Білім берудің жаңа әдіснамасын, тұлғалық-әрекеттік, құзыреттілік тәсілдерді және олардың кіріктірілген инновациялық STEM-тәсілінің әлеуетін іске асыру мектептегі білімнің мазмұндық-әдістемелік негіздерін қайта қарауды көздейді.