Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 757

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ



Білім беру саласының аксиологиялық қызметі-патриотизм қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен құқықтық сауаттылық, құқықтық сана құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар


Білім алушының оқу пәндері шеңберіндегі функционалдық сауаттылығы дағдыларды дамыту арқылы қалыптасады:

− тарихи құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыру;

− құқықтық жағдаяттарды шешуде жауаптарын заң тұрғысынан дәлелдеу;

− мәселелер, кейстерді талқылау кезінде өз пікірін білдіру;

− кез келген оң және келеңсіз құбылыстарға баға бере білу;

− мәтін, сызба, карта түрінде берілген материалдарды талдай білу.

Тарих сабақтарындағы оқыту процесінде мұғалімдерге тапсырманы құрастыру кезінде тарихи және құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару ұсынылады: оқытылатын кезеңнің уақыт аясын анықтау, күнді ғасырлармен сәйкестендіру, зерттелетін оқиғаның аумақтық кеңістігін картада көрсету, тарихтағы тұлғаның рөлін тарихи деректер арқылы, құқықтық жағдаяттарды НҚА негізінде талдау. Сонымен қатар, сабақтарда әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану ұсынылады (мәселен, оқытудың белсенді және проблемалық әдістері, зерттеу әдісі, жоба әдісі және тағы басқа).

Тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту мынадай тарихи концептілер түсініктер) негізінде құрылуы тиіс:

  1. өзгеріс пен сабақтастық (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгерді);

  2. себеп пен салдар (мысалы, осы тарихи кезеңдегі саяси процестерге қандай негізгі факторлар әсер етті);

  3. дәлел (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңдегі өнер бізге құндылықтар, нанымдар мен технологиялар туралы не баяндай алады);

  4. ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, оқытылатын кезеңді мемлекеттердің саяси құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай);

  5. маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы

неде);

  1. интерпретация (мысалы , әр түрлі зерттеушілер осы немесе басқа тарихи оқиғаны қалай сипаттайды).

Тарихи концептілер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, процестер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл өз кезегінде пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі. Тарихи концептілерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдау жүзеге асырылады. Нәтижесінде, оқушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу үдірістері және дағдылар мен біліктермен байланысты комбинацияларды игереді (материалдарды жинау және реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау үдерісінде проблеманы қоя білу біліктілігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру). 7-9-сыныптарда картамен жұмысты нәтижелі деңгейде күшейту ұсынылады. Ол үшін тарихи дереккөздерді пайдалана отырып, тарихи картаның мазмұнын талдауға бағытталған тапсырмаларды қолдану қажет.


Тарих сабақтарында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау бойынша тапсырмалар білім алушылардың белгілі бір оқиғалардың себептері мен салдарын анықтап қана қоймай, оларды берілген белгілер бойынша (мазмұны, уақыты мен рөлі бойынша) жіктей алатындай түрде әзірленуі керек. Бұл білім алушылардың әртүрлі себептер арасындағы байланыстарды тауып, оларды маңыздылық дәрежесі бойынша саралай алуына мүмкіндік береді.

Тапсырмаларды құрастыру кезінде тарихи дереккөздерді түсіндіру дағдыларын дамытуға ерекше назар аудару керек. Білім алушылардың тарихи дереккөздермен жұмысы олардың жасы және танымдық мүмкіндіктері, сондайақ дайындық деңгейін ескере отырып, біртіндеп күрделене түсуі керек. Оқу процесінде тарихи деректер, аудио және бейне материалдар, иллюстрациялар сияқты әртүрлі дереккөздерді пайдалану ұсынылады.

«Құқық негіздері» пәнін оқытуда практикаға-бағдарланған тәсілді іске асыру ұсынылады. Оның мәні алған білімді күнделікті іс-әрекетте тәжірибеде қолдану дағдылары қалыптастыру болып табылады. Жаңа тақырыпты зерттеу кезінде НҚА жұмыс істеу, нақты заңдық нормаларға сілтеме жасау және білім алушылардың өмірлік жағдаяттарды шешуде құқық нормаларын қолдану дағдыларын дамыту ұсынылады. Білім алушылардың тиісті сөйлеу мәнерін қалыптастыру мен заң терминологиясын дұрыс қолдануға бағыт беру керек. Жауаптарын құқықтық тұрғыдан дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға назар аудару ұсынылады. Сабақтарда коммуникативтік дағдылар, құқық нормасын дәлелді қолдану дағдыларын дамытуға баса назар аудару қажет. Барлық тапсырмалар тәжірибелік болуы керек, заңдық құжаттардың қарапайым формаларын әзірлеуге бағыт беру ұсынылады

Пәндерді оқытуда әртүрлі белсенді әдістерді және оқыту стратегияларын қолдану ұсынылады. Мысалы:

- «Кейс стади»: білім алушылардан өз тұжырымдарын жасау, мәселенің шешімін табу, өз көзқарасын дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді жоспарлау қабілетін талап ететін проблемалық жағдаяттарды жасау;

  • белгілі бір тақырыптар бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «авторлық орындық» әдістерін қолдану;

  • білім алушылардың белсенді қатысуын талап ететін құқықтық жағдайларды талқылау;

  • білім алушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін (әртүрлі тақырыптар бойынша талқылау және пікірсайыс) цифрлық ресурстар мен компьютерлік коммуникация (мәселен, онлайн-форум, конференция, виртуалды-музей экскурсиялары) құралдарын пайдалану.

Пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар


Пәндерді оқытуда зерттеу, шығармашылық жұмыстар және пікір алмасуға назар аудару маңызды.

Білім алушылардың мета-пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруда зерттеу әдісі өте тиімді болып табылады. Проблемалық, іздеу, зерттеу әдістерінің элементтерін қолдану оқу процесін нәтижелі етеді. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту белгілі бір мақсаттарға: білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оларды жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыруға қол жеткізуге көмектеседі.

Әрбір тоқсанда ұсынылған зерттеу жұмыстары жобалық-зерттеу сипатындағы жұмыстар ретінде ұйымдастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау.

Осы сабақтар барысында білім алушылар жеке, жұпта немесе топтарда тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кішізерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын оқушылар тоқсан бойы таңдай алады. Әр тоқсан соңында білім алушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, 10-11-сыныптарда оқитын білім алушылар өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарымқатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда білім алушылар келесі зерттеу дағдыларын көрсетуі тиіс:

  • зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;

  • зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;

  • зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,

  • зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;

  • алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық дерек көздері) таңдау және жүйелеу;

  • ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік – кестелік, кестелік-сызбалық немесе графикалық және т. б.;

  • зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау.

  • жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.

Цифрлық құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсыныстар


Цифрлық құралдарды пайдалану білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырады және білім алушылардың:

  • цифрлық ресурстармен жұмыс істеу;

  • білім алушылардың білімін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды пайдалану;

  • орындалатын өзіндік жұмысқа жауапкершілікпен қарау, шығармашылықпен жұмыс істеу;

  • өз пікірін, ойын білдіру;

  • салыстырмалы жұмысты жүргізу;

  • өз пікірін, ойын дәлелдеу және қорғау дағдыларын қалыптастырады.

Білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктері мен дағдыларын дамыту үшін мұғалімдерге:

− материалды сапалы игеру және білім алушылардың олармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін цифрлық білім беру технологияларын пайдалану;

− білім алушыларға интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке деректерін қалай қорғау және Интернеттен ақпаратты қалай дұрыс іздеу және Интернеттен тапқан ақпараттың дұрыстығын тексеруге үйрету;

− интернеттегі кітапханалар, мәліметтер базасы және өзін-өзі басқаратын білім беру платформалары сияқты онлайн оқыту ресурстарын пайдалану, материалды зерттеу;

− білім алушылардың мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер және басқа бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

− білім алушылардың цифрлық әлемде коммуникация дағдыларын дамыту ұсынылады.

Цифрлық білім беру ресурстарын дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақтың әртүрлі кезеңдерінде: жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде және өзіндік жұмыста, қорытынды қайталау кезінде және т.б. пайдалануға болады Мысалы, мультимедиялық презентациялардың көмегімен фактілер, оқиғалар, қатынастар, құбылыстарды және тағы басқаларын бейнелі түрде ұсыну жүзеге асырылады. Мультимедиялық презентация тақырыпты анимациялық сюжеттер, түрлі-түсті иллюстрациялар, анимациялық тарихи карталар, мұрағаттық құжаттар арқылы ашады. Бұл білім алушыларға виртуалды тарихи әлемге ену, белгілі бір тарихи дәуірдің ерекшеліктерін қайта құруға және т. б. мүмкіндік береді.

Сабақта төмендегі электронды ресурстарды пайдалану ұсынылады: «XIXXX ғасырлар тоғысындағы Қазақстан», «Қазақстанның иллюстрацияланған тарихы» 4 бөлім - «Қазақ халқының хандығы», «Қазақ халқының даңқты ұлдары», «Тарихқа дейінгі уақыт», «Алтын Орда құрамында» и т.б.

Құндылыққа бағытталған оқытуды іске асыру жөніндегі ұсынымдар


Пәнді оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсіл білім алушыларда Қазақстандық патриотизмді, толеранттық сананы қалыптастыру, ата-бабалардың тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу, құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты дамыту арқылы іске асырылады.

Әртүрлі тарихи кезеңдегі өз елінің тарихын зерделеу арқылы білім алушылар тарихи процестің біртұтастығы мен сабақтастығын Қазақстан тарихын дүниежүзі тарихының бір бөлшегі екенін біледі. Білім алушылар әлем елдерінің тарихын зерделеу арқылы мәдени әртүрлілікті, адамзат қауымдастығының біртұтастығын түсінеді, халықтар мен елдердің бейбіт, екі жаққа да пайдалы ынтымақтастық пен әрекеттестікті орнатудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтайды. Білім алушылар тарихи даму процесіндегі Қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінеді.

Сонымен қатар, тарихи мұрадағы мәселелер мен қарама-қайшылықтардың бар екендігін біледі, тарихи процестердің заңдылықтарын анықтауға және олардың одан әрі дамуын болжауға үйренеді.

Сабақты құрылымдау кезінде жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, жағымды мысалдар арқылы құқық нормаларын құрметтеу, өмірлік жағдайларды қарастыру, қоғамдық процестерді құқықтық реттеудің артықшылықтарын көрсетуге ықпал ететін оқыту тәсілдері мен белсенді әдістерін қарастыру қажет. Мысалдар зерттелетін тақырып аясында болуы керек. Құқық нормаларымен реттелетін қажетті мінез-құлықтың пайдасын көрсететін оң тұжырымдарды қамтуы керек. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаудың тарихи маңыздылығы, қазақ қоғамындағы демократиялық процестердің маңыздылығын көрсететін мысалдар келтіру ұсынылады.

Құндылыққа бағытталған тәсіл бойынша сабақты құрылымдауда:

  • қазақтардың әдет құқығы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мысалдарына ерекше назар аудару;

  • нормативтік-құқықтық актілермен жұмыстың жүйелілігіне, Жаңа тақырыпты зерттеу аясында білім алушылар өз дәлелдерін заңның нақты нормаларына сілтеме жасай отырып құруына;

  • мысалдар әлеуметтік тұрғыдан пайдалы пен құқықтық реттеудің

тиімділігін көрсетуіне;

  • құқықтық құжаттармен жұмыста, ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде құқықтық терминологияны дұрыс қолдануға;

  • заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттерді бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің болуын дәлелдейтін мысалдар келтіруге көңіл бөлу ұсынылады.