Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 779

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

3) Өзара диктанттар. Педагог диктант карталарын дайындайды. Білім алушылар өзара диктанттарды орыс, ағылшын (ана) тіліндегі сабақтардағыдай ережелер бойынша жүргізеді.

4. Жаңа мәтінмен танысудың басқа нұсқалары. Педагог білім алушыларға әртүрлі жаңа мәтіндер береді. Білім алушылар оларды өз бетінше оқып, аударма жасауы керек. Педагог тексергеннен кейін білім алушылар бір-бірімен жұмыс істеуге кіріседі. Мәтіндердің одан да күрделі түрлері берілуі мүмкін. Мысалы, мәтін фразалар бойынша оқылады, кейде әр фраза екі-үш рет оқылады және аударма дереу хабарланады және нақтыланады. Аударма аяқталғаннан кейін білім алушыларға сөздікке жаңа сөздерді жазып, есте сақтауы керек сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты тапсырма беріледі.

Құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру бойынша ұсыныстар


Оқыту барысында құндылықтарды басшылыққа ала отырып, білім алушының құзыреттілігін дамыту сабақты мағыналы және тиімді етеді, өйткені бұл процесс білім алушының өмірінің бір бөлігі болып табылады және оның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Сабақ барысында құндылықтарды дамытуды дұрыс ұйымдастыру, дұрыс құрылған сабақ оқу мақсаттарына құрылған нәтижеге жеткізеді.

Құндылықтарға бағдарланған тәсіл – қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, өз елінің өткен тарихына, ата-бабаларымыздың әдебиеті, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздейді.

Тұлғаға бағытталған, іс-әрекетке негізделген тәсілдерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар


Тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оның жеке психикалық және дене бітімі ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінезқұлық уәждерінің әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушыны тұлға ретінде үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу болып табылады.

Педагог білім алушыны тілдік пәндер мазмұны арқылы рухани жағынан тәрбиелеу, гуманистік дүниетанымын, азаматтық, патриоттық сана-сезімін, әдебиетке және ұлттық құндылықтарға, отандық және әлемдік мәдениетке деген сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру мақсатында жұмыс жасайды.



МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА




«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес:

  • бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» және «Цифрлық сауаттылық» (1-4 сыныптар);

  • негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика» (5-6 сыныптар), «Алгебра», «Геометрия» (7-9 сыныптар) және «Информатика» (5-9 сыныптар); ✓ жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» (10-11 сыныптар) пәндері оқытылады.

Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының (өзгерістер мен толықтыруларға ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 ж. № 412 бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4 сыныптар), 6–8, 16– 20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11сыныптар) көрсетілген.

Бастауыш білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруға; математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде түсінуге; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруге; бағдарламалау технологиясының және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруге; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуға бағытталған.



Жалпы орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны білім алушылардың келесі білім алу деңгейінде табысты оқуы, сондай-ақ практикалық есептерді шешуі үшін қажетті математикалық білім жүйелері мен біліктерін және математикалық мәдениетті дамытуға; функционалдық сауаттылықты, абстрактілі, логикалық, алгоритмдік және есептік ойлауын дамытуға; есептерді шешу және ақпараттық технологиялардың құралдары мен әдістерін меңгеруге; білім алушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеу және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер тәжірибеде барлық білім салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттау және зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне; объектілер мен процестерді модельдеу ептіліктерін дамытуға бағытталған.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар

Математикалық сауаттылық функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Математикалық сауаттылық – бұл әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешу үшін негізделген математикалық пайымдаулар тұыжырымдау, математиканы қолдану қабілеті.

Мектептегі математикалық білім берудің мазмұны білім алушылардың зияткерлік дамуына, олардың ойлау мәдениеті мен дербестігін қалыптастыруға, алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Қойылған міндеттерді шешу үшін мектеп математика курсын игеру барысында негізгі және маңызды орындардың бірін алатын жаттығулар жүйесіне ерекше рөл беріледі. Математика бойынша жаттығулар жүйесіне келесі типтегі тапсырмалар кіреді: ағымдағы оқылатын материалды қолдануға арналған тапсырмалар; әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар; шығармашылық тапсырмалар; пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға бағытталған есептер және т.б. Математика сабақтарында әртүрлі мазмұндағы мәтінді есептерді (пәнаралық есептер, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, ситуациялық есептер) шешуге көп көңіл бөлу керек, олардың кейбіреулерін шығару барысында есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастырылады.

Сонымен қатар, үлгілік оқу бағдарламаларында «Математикалық моделдеу және анализ» бөлімі берілген. Әр тарауды игерген кезде мәтінді есептерді шығаруға, математикалық сауаттылықты дамытуға арналған, практикаға бағытталған тапсырмаларды орындауға назар аудару ұсынылады. «Математика және информатика» білім саласы оқупәндерін оқыту барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында білім алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.


Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезінде білім алушылардың жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыстарды жүргізу ұсынылады: тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтар мен алгоритмдер жасау; математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманың орындалу барысын ауызша және жазбаша талдау.

Математикалық сауаттылық зерттеу сипатындағы тапсырмаларды шешуде де қалыптасады, оларды орындай отырып, білім алушылар қолда бар деректерді тапсырма сұрақтарымен байланыстыра алады, тапсырма сұрағынан қолда бар деректерге іздеу қадамдарын жоспарлайды, табылған шешімді тапсырма сұрақтарымен салыстырады, нәтижені алудың әр қадамының дұрыстығын дәлелдейді, табылған шешімнің дұрыстығы мен толықтығын тексереді.

Пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар


Оқу пәнінің кез-келген тақырыбы аясында білімалушының алдына белгілі бір пәнді оқу кезінде алынған білімнің көмегімен шешілетін пәндік саладан тыс мәселелер қоюға болады. Математика осындай есептерді қарастыруға мүмкіндік береді.

Білім беру процесінде цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсынымдар


Математикада цифрлық ресурстарды пайдалану құзыреттілігі білім алушылардың жұмыс барысында, бос уақытында технологияларды сенімді және шығармашылық пайдалануды қамтиды.

Цифрлық құзыреттіліктің құрамдас бөліктері білім алушылардың өздігінен білім алу, қажетті ақпаратты іздеу, іріктеу, ақпаратты талдау, ұсыну және беру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Цифрлық құзыреттілікті дамыту үшін ұсынылады:

  1. білім алушыларды негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

  2. ақпарат іздеуге және оны таңдауға байланысты өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

  3. математиканың әртүрлі бөлімдерін зерделеу кезінде презентациялар жасау үшін қажетті компьютерлік бағдарламаны пайдалану, математикалық тапсырмаларды орындау кезінде фото/видео әзірлеу (геометриялық фигуралар жасау);

Жаратылыстану-математика бағыты пәндерінің сабақтарында STEM/ STEAM технологияларын қолдану бойынша ұсынымдар


Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс.

Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек. Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.

Құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру бойынша ұсыныстар


Математика сабақтарында құндылықты қалыптастыру тарихты, мәдениетті және дәстүрлерді және халықтың басқа да құндылықтарын құрметтеуге; қоршаған ортаны қорғаудағы белсенді ұстанымға; жоғары патриоттық сезімдерге тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар шешімдері арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан мүмкіндігінше мұндай тапсырмаларды шешуді, әсіресе 1-8-сыныптарда қарастырған жөн.

Тұлғаға бағдарланған, іс-әрекетке (белсенділікке) негізделген тәсілдерді іске асыру жөніндегі ұсынымдар


Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар ісәрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.