Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 746

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ


Инклюзивті білім беру ортасын құру


Инклюзивті білім беру ортасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қоғамға, ортаға қосу үшін білім беру жағдайларын жасауды көздейді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жеке көзқарастың заманауи тенденциялары баланы жалпы оқу ортасына қосуды, қосымша білім беру құрылымдары мен қолдау әдістерін құруды, олардың икемділігін қамтамасыз ету, дидактикалық технологияларды бейімдеу, оқу мақсаттары мен міндеттерін саралау арқылы мектеп бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз етуді көздейді.

Инклюзивті білім беру балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасындағы арақашықты біртіндеп жоюмен сипатталады.

Бұл жерде назар басқа көрсеткіштерге аударылады: оқу нәтижелері, баланың әлеуметтенуі және әл-ауқаты, мектептегі қоршаған ортаны бағалау және жағдай сапасы.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларында инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға, білім алушының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға көбірек көңіл бөлу ұсынылады. Әлеуметтену процесінде, оқу бағдарламаларын игеруде қиындықтарды жеңуде білім алушыға қолдау көрсету қажет. Білім беру ұйымдары ата-аналармен, дәрігерлермен, тәрбиешілермен, әлеуметтік серіктестермен, мамандармен байланыс орнатуы керек.



1.4



ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мызғымас басымдықтар – білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

2023-2024 оқу жылы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы келесідей негізгі бағыттарды басшылыққа алады: рухани-танымдық тәрбие; ұлттық тәрбие; отбасылық тәрбие; қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие; еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу; дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытуда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде білім алушылардың бойында адами қасиеттерді қалыптастыруға басымдық береді. Тәрбие мен оқытудың тұтастығын қамтамасыз ету үшін:

  1. пәндік мазмұн шеңберінде:

− әр пәннің қысқа мерзімді жоспарын әзірлеуде тәрбиелік мақсатты қою және оның сабақ барысында жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;



− бастауыш сынып пәндері апталығын жоспарлауда ортақ тақырыптар мен ұлттық құндылықтарды негізге алу және оның іс-шаралар арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

− пән апталықтарын жоспарлау мен өткізуде ұйымдастырылатын ісшаралардың тәрбиелік мәніне назар аудару және оның мазмұны арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету ұсынылады.

  1. сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде:

− ар-ұждан, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру және ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстану тәрбие жұмысының жылдық жоспарындағы іс-шаралар мен сынып сағаттарының мазмұнында ескеру ұсынылады;

− сынып сағаттары аптасына 1 сағат мектептің сабақ кестесіне енгізілуі және жүйелі түрде өткізілуі ұсынылады.

Сынып жетекшілер Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережесін негізге алады.



  1. сыныптан тыс іс-әрекеттер шеңберінде:

− білім алушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің бірлескен жобаларын жүзеге асыру және қосымша білім алуға жағдай жасау ұсынылады;

− білім беру ұйымына аты берілген тұлғалар туралы білім алушылардың тереңірек білуіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

− білім беру ұйымы орналасқан өлкенің танымал тұлғаларымен, еңбек ардагерлерімен және мектепті аяқтап табысты еңбек етіп жатқан түлектерімен кездесу ұйымдастыру ұсынылады.

Білім алушылардың мектептен, сыныптан тыс уақытта бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру үшін мектепте қосымша білім алумен яғни, дене шынықтыру және спорттық; көркемдік-эстетикалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық және техникалық бағыттардағы үйірмелер және пәндік факультативтік сабақтармен қамтамасыз ету ұсынылады.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды білімге ынталандыру мен денсаулықты сақтауға, ұлттық өнер мен мұраны қастерлеуге және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға баулитын «Тоғыз айға 9 іс-шара» ұсынылады.

Аталған іс-шаралар барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта басталады. Қатысушылар санын және қатысушылардың киімдерін әрбір білім беру ұйымы дербес анықтайды. Іс-шараны ұйымдастыру барысында қатысушылардың жас және жеке дара ерекшеліктері ескерілуі қажет.


Қыркүйек айында «Сергіту сәті» шарасын өткізу ұсынылады. Негізгі мақсат – білім алушыларға салауатты өмір салтын дәріптеу, спортқа тарту.

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орайлас «Әнұран орындау» шарасы ұсынылады.

Ұлттық ойындар мен өнерді дәріптеу мақсатында қараша айында «Асық ойыны», наурызда «Домбырашылар», сәуірде «Тоғызқұмалақ, шахмат ойнау» шараларын өткізу ұсынылады.

Білім алушыларды білімге, оқуға құштарлығын оятып, кітап оқуды дәріптеу мақсатында желтоқсан айында «Шығарма жазу», қаңтарда «Қазақ есебі», ақпанда «Оқуға құштар мектеп» және мамыр айында қоршаған ортаны аялауға баулу үшін «Жасыл мекен» шарасын өткізу ұсынылады.

«Тоғыз айға 9 іс-шара» білім беру ұйымдарының тәрбие ісіндегі жаңа бастамалардың туындауына себепші болады.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына қажетті әдістемелік ұсынымдарды https://uba.edu.kz/ruсайтында танысуға болады.



Білім күнінде өткізілетін шаралар


1-қыркүйекте білім күні салтанатты жиын және сынып сағаттары ұйымдастырылады. Өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес анықтайды.

2023-2024 оқу жылының басталуында өткізілетін сынып сағаттары аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, отаншылдық және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға кеңес беріледі.

Өңірлік білім басқармалары әр 2023-2024 оқу жылын жариялайтын ісшараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-қимылдарды үйлестіреді.

Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп қоғамдастығының қатысуын қамтамасыз етеді.

Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.

Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.

Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, білім алуға жағымды көңіл-күй мен оң көзқарас қалыптастыру.

Міндеттері:

  • қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;

  • білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;

  • білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

  • өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.

Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:

  • аудан/қала/облыс әкімдері;

  • бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары;

  • қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

  • мектеп оқушыларының ата-анасы/заңды өкілі.

Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары/заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңыздылығына назар аудару қажет.

Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылады.

Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылады.