Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 786
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Нәтижелерді нақты науқасқа қолдану. Зерттеулердің нәтижелерін тәжірибелік қолданысқа енгізудің нұсқалары болады. Осы нұсқалардың ішінен нақты жағдайға ең тиімдісін таңдау.
Істелінген істің нәтижелерін бағалау. Қойылған сұрақтың жауабына қарап жүргізеді. Өзгерістер күтілетін нәтижелерге әкеледі ме? Ғылыми-дәлелденген тәжірибе үрдісінен қандай пайда аламыз?
Клиникалық сұрақты құрастыру
ДМ тәжірибесіне қажетті негізгі түсініктердің бірі – клиникалық сұрақты дұрыс құрастыру қабілеттілігі. Сұрақтың дұрыстығы екі негізгі талапқа сай болу керек – олар тікелей клиникалық жағдайға бағытталуы тиіс және сол сұраққа жауап табу үшін сұрақтың өзі дұрыс құрастырылуы қажет. Сұраққа жауапты компьютерлік базадан іздеумен қатар, сол сұрақ іздеу машиналарының сұранысына сай және іздеу нәтижелері нақты болуы қажет.
Дұрыс сұрақ – мәселені тікелей көрсететін, фронтальды болады. Ол қызығушылығы мол және студенттердің сұрағынан өзгеше келеді. Соңғылары беткейлік сұрақтар қояды – ісіну неден пайда болды? Қоздырушысы не болуы мүмкін? Ауырсыну немен түсіндіріледі? Бұл сұрақтар қызықты болуы мүмкін, бірақ науқасқа тікелей байланысты сұрақтың жауабы болуы мүмкін емес.
Ғылыми-дәлелденген медицина жақтастары сұрақты құрастырудың өзіндік «анатомиясын» ұсынды, бұл сұрақтың 4 құрам-бірлігі РICO формуласы бойынша анықталады. Бұл тәжірибелік медицина қызметкерлеріне 4 компоненттен тұратын дұрыс сұрақты құрастыруға мүмкіндігін береді:
-
Population немесе patient (Популяция немесе науқас) – Кім туралы айтылған? -
Intervention (Араласу) – Науқасқа байланысты не істеліп жатыр немесе науқастармен не болып жатыр? -
Comparison (Салыстыру) – Альтернативасы қандай? -
Outcomes (Нәтижесі) – Істелінген істің нәтижесі қандай және қандай нәтижеге қол жеткізгіміз келеді?
Келесі мысал (8-кесте) PICO компоненттерін көрсетеді.
Сұрақ: Ортаңғы отиты бар балаларға антибиотиктер тағайындау осы аурудың симтомдарының және асқыныстарының азаюына әкеле ме немесе антибактериалды ем мүлдем қолданбағанмен салыстырғанда?
8- кесте. Клиникалық сұрақ PICO компоненттерімен.
Пациент немесе мәселе | Сұрақ кімге байланысты? Нақты мәселені немесе науқастар тобын сипаттау. | Ортаңғы отиты бар балалар |
Араласу | Не істелінуде? Әсер етуді немесе араласуды анықтау? | Антибиотиктерді қолдану |
Салыстыру | Әртүрлі араласулар қаншалықты тиімді? | Антибактериалды емді мүлдем қолданбау |
Нәтижесі | Қандай нәтижені бағалайтындығын анықтау (науқастану, өлім)? | Аурудың симтомдарының және асқыныстар жиілігінің азаюы |
Клиникалық сұрақтардың түрлері
Науқастарға медициналық көмек көрсетудің мәселелерін шешу үшін сұрақтың түрін анықтау қажет.Сұрақтар төмендегі берілгендермен қатысты болуы мүмкін.
-
Клиникалық көрсеткіштер; -
Аурудың симптомдары; -
Болжам; -
Аурудың себептері мен этиологиясы; -
Зияндылығы және қаупі; -
Диагностикалық тестер; -
Дифференциалдық диагностика; -
Өмір сүру сапасы; -
Емі; -
Шығынның тиімділігі және денсаулықтың басқа да аспектілері мен медициналық қызмет.
Мәліметтерді іздеу бағдарламасын жоспарлауда клиникалық сұрақтың 5 жалпы түрлерін бөліп алуға болады.
Емі (терапия) және алдын-алу – науқасты емдеу (аурудың ағымын өзгертуге бағытталған араласулар) және емдеудің түрлі әдістерінің нәтижесі қандай болуы жайлы сұрақтар. Бұл топқа алдын-алу сұрақтары да жатады.
Диагностика – белгілі бір диагностикалық тестің (берілген тест нақты науқасқа пайда келтіреді ме) клиникалық пайдалылығы және сәйкес дәреженің нақтылығы жайлы сұрақтар. Тестің нақтылығы тест нәтижесінің стандартты тест нәтижесімен сәйкес келуімен сипатталады, яғни эталон болып саналатын нәтижелер.
Болжам – белгілі бір араласуларды таңдауға байланысты науқастың болашақтағы жағдайы, өмір сүру сапасы мен ұзақтығына байланысты сұрақтар.
Этиологиясы және зияндылығы – осы ауру мен оның себептері арасындағы байланыстарға қатысты сұрақтар (зияны және қаупі), оның ішінде медициналық араласуларға қатысты қауіптер және дәрі-дәрмектер т.б.
Экономикалық тиімділігі - араласулардың экономикалық тиімділігі жайлы сұрақтар (емдік, диагностикалық).
Әр түрлі типтегі сұрақтарға мәліметтің дәлелділік түрі де өзгеше болады, сонымен қатар, әртүрлі ресурстар да қолданылады. Қызықтыратын сұраққа байланысты тиімді ізденіс арқылы дәлелді мәліметті алу үшін дәлелділік зерттеу түріне (дизайны) байланысты сұрақты сәйкестендіру қажет.
Негізгі сұрақтар түріне келесі дәлелді мәліметтер сәйкес келеді:
-
жағдайлар жиілігі - когортты, көлденең, -
қауіп-қатер - когорттық, көлденең, жағдай-бақылау зерттеуі, -
болжам – когорттық, РБЗ, -
емі - РБЗ, -
профилактикасы - РБЗ, -
себебі - когорттық, жағдай-бақылау, РБЗ, -
экономикалық тиімділік - РБЗ, жүйелік шолулар.
8 бөлім.
Дәлелді медицинаның екінші және үшінші кезеңдері. Интернетте және электронды мәліметтер базасынан ақпараттарды іздестіру. Мақалаларды талдау және сыни бағалау.
Ақпараттар жүйесі
Мәліметтер базасы — қазіргі заманның ақпарат жүйесінің негізгі бөлігі. Ақпараттық жүйе — ақпаратты сақтауға, өңдеуге, шығаруға қолданылатын әдістер мен мәліметтер жинағы.
Кез келген ақпарат жүйесінің мақсаты — нақты бір тақырып аясындағы тақырыпты өңдеу.
Бұл мәліметтер базасының ерешеліктері мынадай:
-
ақпарат көлемінің көптігі -
мәліметтер сақтаудағы мүмкін болатын максималды жүйелілік -
МБ белгілі бір тақырыпта әртүрлі ақпараттарды алу мүмкіндігі -
Қолайлы ақпараттың қолданушыға ыңғайлы форма мен түрде болуы -
мәліметтерге жетудің жоғары жылдамдықта болуы -
ақпаратты сақтауда сенімділік және жеке қолданушылар үшін мәліметтерге толық жету мүмкіншілігі
-
қолданушы сұраныстарына жауаптың, мәлімет талдауда формалар мен есептің қарапайым және жеткілікті болуы.
Дәлелді ақпараттың көзі
9 -шы кестеде қол жетімді ақпарат көздерінің жақсы мен жаман жақтарын көрсетеді.
9- кесте. Ақпарат көздері
Ақпарат көзі | Жағымды жақтары | Кемшіліктері |
Кітаптар | Қолайлылығы жеңіл Тереңдік Талдау Ыңғайлы Кітапханадан алуға болады | Тез ескіреді Кітапханаға кіруге тиым салу мүмкін Іздеуге және қарап шығуға ұзақ уақыт керек |
Бірінші ақпараттық журналдар | Жаңа ақпарат Оңай алу Ыңғайлы | Көбінесе толық емес Қымбат Кітапханаға кіруге тиым салу мүмкін Іздеуге және қарап шығуға ұзақ уақыт керек Олар өте көп Басып шығаруына қызығушылық |
Екінші ақпараттық журналдар | Құрастырылған рефераттар Тәуелсіз сарапшылардың тексеруі Дәлелдің қатаңдылығы Сенімді зерттеулер Ақпаратты таңдаудың қатаңдылығы Клиникада қолданылады | Тек қана рефераттар Зерттеулердің толық мәтіндері |
Басылымдардың рефераттары | Әдебиеттің молшылдылығы Сапасы жақсы | Тереңдігі аз Жиі авторлардың жазуы |
Библиография/әдебиеттер тізімі | Бір тақырыптағы әдебиетке пайдалы нұсқа Жоғары сапалы басылымдарды көрсетеді | Автордың түсініксіз таңдауы Түсініксіз мәліметтер |
Әріптестер | Сізге керектердің сізге арналған және нақты көмегі Көмекке қолайлы жетуі | Үйреніп кетуі Ойы сіздікінен алыс болу мүмкін Уақыттың жетіспеушілігі |
World Wide Web | Соңғы жаңа мәліметтер Бағалы ақпарат Байланыстың жақсы ұйымдастырылуы Толық мәтіндер Ақпараттар бүкіл әлемнен қолжетімді Тәулік бойы | Орталық каталогтың жоқтығы – ақпаратты табу қиын Тексерудің жоқтығы Сапасы мен сенімдігінің жоқтығы Интернетке қосылу керек Ақпараттық технологияны білу қажет |
Электронды пошта | Ақпаратты тез жіберуі Құжатты хабарламаға қосуға болады Кейбір хабарламалар құпия болу мүмкін | Қосып жіберген файлдармен жұмыс істеу қиын Спам Вирустарды жұқтыру мүмкін |
Жіберушілер тізімі | Біреуі біразімен араласа алады Нақты тақырып Тек қана әр аптадағыны алуға болады Әр қайсысының пікірін білуге болады Таратуға оңай және арзан Басқа біреулерге ашық немесе жабық болуы мүмкін Архивтарды қарауға және көруге болады | Хабарландырулардың саны әртүрлі болуы мүмкін Қате мәліметтер барлығына жіберіледі Пікірлерді қолдау қиын |
Библиографиялық МБ | Қарап отырған журналдырдың көптігі Күнделікті жаңалайды Уақытты үнемдеу Қолдану оңай Мәтінді іздеуге оңай Дамыған іздеу құралдары | Толық мәтіннің жоқтығы Басылымның қызығушылығын көрсетеді Кейбір кездері қолдана алмайсың Шетелдік басылымдарды алу қиын |
MEDLINE | Алу оңай Халықаралық Керек тақырыптың саны бар Керек тақырыппен іздеу Сапа тазартқышы бар | Америкалық жұмыстарға елігеді Тақырыптың саны жаман |
Кокрандық кітапхана | Жақсы зерттеулердің мәтіні Халықаралық бірлестік Ең соңғы ақпарат Ақпарттың жақсы құрастыруы Іздеу мен таңдау уақытын қысқартады | Қол жету қиын Кейбір тақырыптар толық берілмеген |
Мәліметтерді ортақтастыру тұрғысынан алғанда ресурстардың әр түрлері бар (біріншілік және екіншілік): журналдар, кітаптар, есептер, нұсқаулықтар, мәліметтер базасы. Клиникалық тиімділік жайлы ақпараттарды медицина мен денсаулық сақтау жайлы көптеген журналдарда – ұлттық, халықаралық табуға болады.
Біріншілік ақпараттардың МБ-сы
MEDLINE
URL: http://www. pubmed. com
АҚШ-тың ұлттық медициналық кітапханасының МБ құрамында мақалалардың библиографиялық сипаттамасы мен мен рефераттары көрсетілген (70% мақалалардың рефераты бар). Қазіргі таңда МБ-ы АҚШ және 70 басқа елдерде басылып шығатын 4500 журналынан құралып отыр. MEDLINE 1966 жылдан бері қазіргі таңға дейінгі аралықтағы мақалалардың 12 млн басылымына ие. Жаңа жазбалар апта сайын толығып отырады, ал жылына 400 000 жазба қосылады. MEDLINE-ға кіру үшін АҚШ-тың ұлттық кітапханасымен тексеріліп отыратын медициналық тақырыптық бастама (Mesh Terms) және басылым типі (Publication Types) бойынша сұралады. MEDLINE-дағы рефераттар АҚШ-тың ұлттық медициналық кітапханасына PubMed арқылы кіріп отырыу қолайлы болып отыр. MEDLINE құрамында 13 млн жазбалар бар. МБ-ның өзі толық құжат мәтіндерін қоса алмағанымен оларды басқа сайттардан сілтеме арқылы табуға болады (олар ақылы немесе ақысыз түрде алуға болады).
Екіншілік ақпараттың МБ-сы
Кохрейн кітапханасы — The Cochrane Library URL: http.V/www. theCochraneLibrarv. com (14- сурет).
14- сурет . Кохрейн кітапханасы.
Кітапхана төрт МБ-нан тұрады
-
жүйелік қарап шығу МБ -
емдік әрекеттердің жері туралы рефераттар базасы -
КЗ-ді басқару регистрі -
қарап шығу әдістемелік жұмысының базасы
Кокран кітапханасына Интернет желісі немесе CD сатып алу арқылы жетеміз. Басымдағы құжаттарды Кокрандық МБ-на Кокрандық бірлестік мүшелері енгізді. Әрбір қатысушы мүшесі белгілі бір клиникалық журналды қолымен іздеп бірінші басылымына дейін жеткізеді. Қатаң әдістемелік критерилерді қолдана отырып бұл мүшелері әрбір құжатты өз басылымына сай еткізіп жіктейді және құрылымдалған рефераттар дайындайды. Қарап шығу негізіндегі сандық мәліметтер - дәрігер оны тез және қарап тексеру, бағалау үшін стандартты графикалық түрде дайындалған.
10- кесте. Медициналық ақпараттарының негізгі көзі жайлы мәліметтер
Ақпарат көзі | Мазмұны | Мекен-жайы | |
Екінші ақпараттық журналдар | |||
АСР Journal Club | Басылымдардың рефераты эксперттердің тексерістерімен бірге | http://www. acpjc. org/ shared/ menu_about. html | |
Evidence-Based Medicine | Басылымдардың рефераты | http://ebm. bmjjournals. com/ | |
Evidence-Based Mental Health | Психиатриядан арнайы және көрікті басылымдар | http://ebm. bmjjournals. com/ | |
Evidence-Based Nursing | Критикалық басылымдар тәжірибесі бар мейірбикенің тексеруімен бірге | http://ebn. bmjjournals. com | |
Медициналық тәжірибесінің халықаралық журналы | Дәрігерлерге арналған нақты, маңызды клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулерден құрастырылған рефераттар | http://www. mediasphera. ru/ mjmp/mjmp-mn. htm# | |
BMJ Updates | Қызықтырған мамандық бойынша жіберілетін ақпараттар туралы жаңа басылымдар. 2002 ж бергі. | http://bmjupdates. mcmaster. ca/ index. asp?choice=13 | |
| Бірінші ақпараттық МБ | ||
MEDLINE | 12 млн. мақала, 1966 ж. бері жарияланған | http://www. pubmed. com | |
EMBASE | 10 млн. мақала, 1974ж. бері жарияланған | http://www. em base, com/ | |
| |||
Екінші ақпараттық МБ | |||
Кохрандық кітапхана. (The Cochrane Library) | Жүйелік қарап шығып МБ-дан, емдік әрекеттердің әсерінен, КИ-ді басқару регистрінен, қарап шығу әдістемесінен тұрады | http://www. theCochraneLibrary. com | |
UpToDate | Оқу әдістемелік бағдарлама сегіз кәсіби медициналық ассоциациясымен бірге | http;//www. uptodate. com | |
Clinical Evidence | Клиникалық ұсыныстарды өңдеуге беретін материалдар | http://www. clinicalevidence. com | |
Халықаралық бірлестік | |||
BEME Collaboration — Best Evidence Medical Education | Медицина білім алу жүйелерді қарап шығу | http://www. bemecollaboration. org/ | |
Evidence for Policy and Practice Informa-tion and Coordinating Centre - EPPI-Centre | Әлеуметтік зерттеулер | http://eppi. ioe. ac. uk/ EPPIWeb/ home, aspx | |
Campbell Collaboration (C2) | Әртүрлі араласу жұмыстарына арналған зерттеулерді қарап шығу | http://www. campbellcollaboration. org/ | |
Метаіздестіру қызметі | |||
SUMSearch | Оқулықтар мен басылымдар, Merck Manual, MEDLINE тәжірибелі басылымдар (медициналық қызметінің сапасы мен зерттеулер бойынша агенттік) | http://sumsearch. uthscsa. edu/ | |
TRIP | 75 база бойынша медициналық ақпаратты іздеу | http://www. tripdatabase. com/ |