Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 785

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мәліметтер базасынан дәлелді ақпаратты іздестірудің негіздері

(мысалы: PubMed іздестіру жүргізу, сайты www.PubMed.com).

Аурулардың диагностикасы, емдеуі және профилактикаға қатысты ақпаратты арнайы мәліметтер базасында жүргізуге болады. Олардың ішіндегі қол жетімді және танымал мәліметтер базаларының бірі PubMed.

Бульдік логика

Іздеу жұмыстарын жүргізген кезде электронды МБ бульдік логиканы қолдануға тура келеді (Джордж Буль – ағылшын математигі 1815-1864 жылдар): AND, OR, NOT.

Көптеген МБ операторларында бульдік ойды жоғарғы тіркеуде жазу керек.

AND операторы – «және» дегенді білдіреді. Мысалы, лапароскопиялық холецистэктомия жайында ақпарат іздейтін болсақ мынаны жазу керек: «laparoscopic AND cholecystectomy».

OR операторы – «немесе», яғни мақаланы таңдаған кезде логикалық байланысы бар бірінші және екінші термин бар мақала керек болған жағдайда. Мысалы, холецистэктомия және холецистостомия жайлы мақала іздеген кезде бірінші немесе екінші термині бар мақалалар шығады, ол келесі түрдегідей болады: «cholecystecomy OR cholecystostomy».

NOT операторы – «жоқ». Керегі жоқ тақырыптардан арылу кезінде қолданылады. Мысалы, біз лапароскопиялық холецистэктомия жайында ақпарат іздейтін болсақ, бірақ дәстүрлі холецистэктомияны алып тастау керек. Онда сұрау төмендегідей болады: «laporoscopic AND cholecystectomy NOT laparotomy».

Мәліметтер базасының алаңы

МБ іздеуді арнайы жолақта жүргізеді. Көбінесе іздеу үшін термин немесе арнайы жұрнақты орналастыру: басылған жылы, орны, авторы және т.б.

MeSH- medical subject heading (медициналық пәндер бөлімдері) - терминдер тізімі (түйінді сөздер), оның көмегімен MEDLINE мәліметтер базасындағы мақалаларға индекс белгілері беріледі.

MeSH жұрнағының қолданылуы - нақтыланған іздеу шараларының бір түрі болып табылады. MEDLINE жүйесіндегі қосымша түзетулер тарауы. MEDLINE жүйесі MeSH термині арқылы мақалаларды этиология, профилактика, емдеу және т.б. тараулар бойынша классификациясын көрсетеді. Ең қажетті тараулар 11 - кестеде көрсетілген.

11- кесте. Неғұрлым жиі қолданылатын MeSH тараулары

Суффикс

Маңызы

Мысалы

/ае

кері әсерлер

thalidomide/ae

/со

асқыныстар

measles/co

/ct

қарсы көрсеткіштер

propranolol/ct

/di

диагноз

glioma/di

/dt

дәрілік ем

depression/dt

/ed

білім

asthma/ed

/ер

эпидемиология

poliomyelitis/ep

/hi

тарих

mastectomy/hi

/nu

мейірбике ісі

cerebral palsy/nu

/og

мекеме/басқару

health service/og

/pc

профилактика және бақылау

influenza/pc

/px

психология

diabetes/px

/th

терапия

hypertension/th

/tu

терапевтік қолдану (препараттың)

aspirin/tu


Ақпаратты іздестіру мысалы.

Мысалы, біз инсульттің емі жайлы ақпарат тапқымыз келеді. Бұл жалпылама сұрақ екенін ескере отырып іздестіруді бастаймыз. Ең басында қажетті сайтқа, сілтемені көрсете отырып кіреміз. Мына сілтеме www.pubmed.com, немесе www.ncbi.nih.gov/ pubmed/.(15 - сурет)



15- сурет. PubMed

Ең қарапайым іздестіруді жүргізу үшін іздестіру алаңында қажетті терминді жазамыз, мысалы: Инсульт (Stroke) және Search басамыз. (16- сурет)



16-сурет. Терминді енгізу.

Біз осы тақырыпқа арналған өте көп публикацияларды (190 мыңнан астам) аламыз. Одан әрі біздің сұраныстар шеңберін тарылтуымыз керек, ол үшін, мынаны көрсетеміз, мысалы, Ишемиялық инсульт мета-анализ (stroke ischemic review) (17- сурет).



17- сурет . Ақпаратты іздестіру

Алынған ақпараттар саны әжептәуір азайды (9 мың публикацияға дейін). Сұранысқа белгілі бір шектеулер (Filters) қою арқылы сұрғымызды нақтылай түсеміз. Бұл панель негізгі терезенің сол бөлігінде орналасқан. Арнайы нұсқаулар болмағандықтан іздестіру (All Fields) барлық алаңдарында жүргізіледі, бірақ іздестіруді әр түрлі көрсеткіштер енгізу арқылы шектеуге болады. Бұл тақырыпқа іздестіру жүргізу арқылы келесі шектеулер қоюымызға болады: толық мәтіннің болуы (Free full text available), публикацияның мерзімі 5 жыл (5 years), құжат түрі жүйелік шолулар (Reviews), жынысы - әйелдер (Female), жасы 65 жастан жоғары (Ages 65+).

P ubMed іздестіру жүргізу арқылы біз 65 жастан жоғары әйелдердегі инсульттің еміне арналған соңғы 5 жыл көлемінде жарияланған 23 жүйелік шолу және мета-анализ қорытындысын алдық. (18- сурет).

18- сурет. Іздестіру қорытындысы.
Мақалаларды талдау және оның сыни бағалауы

Мақаланың стандартты компоненттері:

  • бөлімнің басы

  • авторлары

  • реферат (түйін)

  • кіріспе

  • зерттеуді негіздеу

  • әдістемесі

  • мәліметтердің статистикалық талдауы

  • зерттеу қорытындысы

  • талдау

  • әдебиет

Бөлім басы



Дұрыс таңдалған бөлім басында мақаланың біраз бөлігін қамтиды. Егер бөлім басы сізге ұнаса, одан әрі авторлар тізімін қарауға болады. Сирек жағдайда бұл тізімде сізге таныс аты-жөні (фамилия) болуы мүмкін және бұл сіздің мақалаға деген қызығушылығыңызды тудырады. Ал көп жағдайда аттары таныс емес болса ары қарай рефератты оқу керек.

Рефератты мақаланың авторы дайындайды. Ақпаратты, құрылымдық нақты бөлімдерге бөлінген мақала мазмұнын толық ашатын болуы керек.


Кіріспе

Негізінен оқырмандарды зерттелініп жатқан мәселемен және зерттеудің қажеттілігін түсіндіру үшін керек. Бұл жерде мәселенің тарихын суреттейді және зерттеу мақсатын анықтайды.

Зерттеуді негіздеу

Бұл бөлімде зерттеудің күшті және әлсіз тұстарын, оның қорытындыларын қайда қолдануға болатынын көрсетуге мүмкіндік береді.

Ғылымда шыңдықты тек қана тәжірибеде көрсетеді. Тәжірибе дұрыс жасалса, зерттеу жұмысының дәлдігі арта түседі. Жұмыс дұрыс болған сайын ғылыми дәлел рөлі арта түседі.

Зерттеу әдістемесі

Медицинадағы зерттеу әдістері эпидимиялогиялық ғылымының обьектісі болып табылады. «Әдістер» бөліміндегі мағұлматтар жоспар мен хаттамаға сай болады. Зерттеу барысында алынған мәліметтер «қорытынды» бөлімінде жазылады.

Бақылау мен тәжіребиеге қатысушылардың қалай алынғаны толық жазылуы керек, зерттеуге енгізу және шығару критерийімен қоса зерттелетін популяцияның суреттемесі берілуі қажет. Қозғаушы принцип түсініктілік пен талдау айқындылығы болуы керек.

Статистика

Статистикалық әдіс нақты суреттелуі тиіс, себебі анықтаушы оқырман және осы мәліметтерге толық ие болатын адам берілген мәліметтерді тексере алуы үшін. Бұл бөлімде көлемді мәліметтермен қоса қателіктермен белгісіздіктер болуы тиіс (сенімділік интервалы сияқты). Және қандай операциялық бағдарлама қолданылғаны көрсетілуі тиіс.

Қорытынды

Қорытындыларды негізінен жазбаша түрде кесте және логикалық жалғасуымен көрсетілген суреттер түрінде беріледі. Қосымша материалдармен техникалық анықтамалар басқа бөлімде көрсетіледі. Мәліметтерді есептеген уақытта олар туынды түрінде ғана емес (мысалы пайыздық қатынас) және де абсолютті сандар түрінде берілуі мүмкін. Және бұл сандар туындының қалай есептелгенін көрсетеді және бұл талдауда қандай статистикалық әдіс қолданғанын көрсетеді.

Талдау

Қорытындылар зерттеу мақсатымен толық сәйкес келуі керек және алынған мәліметтерді толық растауы тиіс.

Әдебиеттер тізімі

Мақаланың көрінісінің тізімі оқырмандарға көп мәлімет береді, дегенмен тізімдердің бастапқы алынған мәліметтері жайында анықтама берілуі тиіс. Басқаша жағынан алып қарағанда тақырыпқа сәйкес мәліметтер тізімі өте көп болса ол баспа нұсқасында орын алады.

Мақаланың сыни бағалауы


Қазіргі заманға сай дәрігерге мақаланы сыни бағалай білу өте маңызды және қажет өйткені, жыл сайын көптеген зерттеулер қорытындылары жарияланады, олар сіңіп қалған дәрігердің емдеу әдістеріне өзгертулер әкелуі мүмкін. Дәрігер әдетте жиі клиникалық мәселеге жауап іздеу барысында көптеген бір-біріне қарама-қайшы келетін деректер мен әдістемелік нұсқауларға жолығуы мүмкін. Сондықтан дәлелді медицинадағы басты қағида: ғылыми әдіс қиын болған сайын әрбір дерек үлкен маңызға ие болады.

Мақаланы сыни бағалаудағы тағы бір маңызды міндеттердің бірі зерттеу барысында алынған мәліметтерді нақты клиникалық жағдайда қаншалықты қолдануға жарамдылығын айқындау (зерттеу қорытындыларының «ортақтастыруы»).






19- сурет. Мақаланы сыни бағалаудың жалпы алгоритмі.
9 бөлім.

Дәлелді медицинаның төртінші және бесінші кезеңдері. Алынған мәліметтерді тәжірибеде қолдану. Клиникалық аудитті жоспарлау және өткізу. Жіберген қателерді талдау және қайталама аудитті жоспарлау.
АҚШ–тың медицина институты денсаулық сақтаудың сапасын былай анықтады: жеке тұлғалар мен жергілікті халық тобына көрсетілетін медициналық көмек қаншалықты халық денсаулығын жақсарта алады және оның білім деңгейі қазіргі заманғы медицинаға соншалықты сай келетініне байланысты болады деп атап көрсетті.

Сонымен, медициналық көмектің сапасы деп дәрігер (қызметкерлер, емдеу мекемесі, медициналық көмек ұсынушылар) мен науқастың белгілі бір деңгейдегі өзара қатынасы деп түсінуге болады. Бұл арақатынас тек күтілген нәтижеге жетуге бағдарлануы керек, ол науқастың дәрігер көмегіне және қазіргі таңдағы денсаулық сақтау ұйымдағы барлық мүмкіншілікке қанағаттанарлығы. Медициналық көмектің сапасын анықтаудың бір қиыншылығы болатыны қазіргі таңда оның ішкі субъективизмі болып саналады. Осы қиындықты жеңу үшін сараптама біріңғай әдістемелік қағида және технологиямен өткізілуі қажет.

Дәстүрлі түрде медициналық көмектің сапасы үш бағыт бойынша бағаланады: құрылым, үрдіс және нәтиже (ақыр соңы).

Құрылымдық баға өзіне мынандай міндет қояды: сандық жоспар бойынша медициналық көмек көрсетіп жатқан жеке тұлғаның немесе мекеменің мінездемесін анықтау.