Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 782
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Үрдісті бағалау денсаулық сақтау ұйымдарының науқастар қабылдап жатқан емдерінің нәтижесіне әсері тиетін кездейсоқ жағдайларға соқтығысып қалуы мүмкіндігін міндетті түрде емдеу-диагностикалық технологияны талдау арқылы есептейды.
Нәтижені бағалау былай жүреді: ем қабылдағанан кейінгі нәтижені ғылыми және клиникалық бағалау негізінде бекітілген эталонды көрсеткіш нәтижелермен салыстыру арқылы анықтайды. Практикада нәтижелік көрсеткіш есебінде медициналық (жалпы сауығып кету көрсеткіші, жазылу, нашарлау және әр мамандықтарға тән көрсеткіштер), экономикалық (қаржылықтың тиімділік көрсеткіші, қаржыны жұмсау), әлеуметтік (медициналық көмектің сапасына қанағаттануы) көрсеткіштер болып есептеделеді.
Медициналық көмек сапасын бағалау үшін халықаралық ұсыныстар бар – ол клиникалық аудит.
Клиникалық аудит - бұл сапалы жетілдіру үрдісі, ол үнемі медициналық көмекті жақсартуға бағытталған, оның қорытындыларын жүйелік шолу арқылы нақты көрсеткіштермен салыстырып отырады және жиі өзгерістерге әкелуді қамтамасыз етеді.
Клиникалық аудиттің келесі кезеңдері бар: аудитке дайындық, көрсеткіштерді таңдау, деңгейді өлшеу, жаңаландыруды қолдау және жарату.
Емдік аудитті 10 сатылық жүйе бойынша жүргізіледі:
1. Жауапкершілікті анықтау;
-
Емнің көлемін анықтау; -
Емнің негізгі аспектерін анықтау; -
Әрбір емнің маңызды тұстарына сапалық индикаторларды анықтау; -
Индикаторларға табалдырықты көрсеткіш орнату; -
Мәліметті жинау және оларды топтастыру; -
Емді бағалау; -
Сапаны жақсарту мәселесін шешу; -
Әрекетті бағалау және жақсаруды растау; -
Өткізіп жатқан аудиттің мақсатына байланысты сәйкес бағдарламаларға ақпаратты жеткізу.
БДҰ дәрілік заттарды тәжірибеде дұрыс қолдану үшін барлық күш жігерін салып жатыр, оның ішінде ДЗ ұтымды қолдану және бағалауға. Сол себептен дәрілік заттарды тағайындағанда сандық бағалау әдісін қолдануға қажеттілік туындады. Қолданылып жүрген дәрілердің сапасына жеткілікті бағалау қажет. БДҰ халықаралық ұйымдармен бірігіп дәрілік заттардың емдік мекемеде қолдануын бағалау (ДЗҚБ) бағдарламасын жасап шығарды. Бұл бағдарлама негізгі және қосымша индикаторларды пайдалана отырып дәрілік заттардың емдік мекемеде тағайындалуын және қолдануы емдік стандарттарға сай болуын талдауға арналған. Негізгі индикаторға жоғарғы стандартталған және бейімдеуді қажет етпейтын базалық индикаторлар жатады. Сол себептен ол индикаторларды дәрілік заттарды зерттеген кезде қолдану үшін ұсынылады. ДЗ қолданылуындағы негізгі индикаторлар біріншілік денсаулық сақтау жүйесінде тез және сенімді кейбір аспектерді шешетін қарапайым негізгі құрал болып қалады. Оларға жатады: формулярдан алынған ДЗ пайызы, антибиотик және тағы басқа инъекциялар тағайындалғаннан кейінгі пайыз, бір дәрігердің қабылдауындағы тағайындалған ДЗ пайызы. Қосымша индикаторлар негізгі индикаторлардың қосымшасы болып саналады. Олар да маңызды болады бірақ, оларды анықтау қиынырақ. Себебі, қосымша индикаторлар аз дәрежеде стандартталған және жергілікті ауыспалы көрсеткіштерге тәуелді болады. Қосымша индикатордың мысалы: жалпы ДЗ бағасындағы антибиотиктың сомасы, инъекционды препараттардың сомасы, медициналық көмекпен науқастың қанағатанарлық пайызы, ДЗ емдеу және диагностикалық хаттамаларға сәйкес тағайындалу пайызы. Қолда бар индикаторлардың көбісі дәрілік заттарды тағайындау немесе жазылу тәжірибесіне қатысты болып келеді. ДЗҚБ бағдарламасы нақты аурудың медикаментозды емінің экспертизасының технологиясын қарастырмайды. ДЗ қолданылуын шолу/бағалау әдістемесі клиникалық аудитте ДЗ қолданылуын бағалау бағдарламасының бір құрамдас бөлігі болады. Бұл бағдарлама стационар деңгейінде құрастырылған және ДЗ тағайындалуын негіздеуді бағалауды қарастырады. Екінші жағынан ДЗ бағалау бағдарламасы формулярлы жүйенің бір бөлігі немесе жеке аудит шеңберінде жүргізілуі мүмкін.
Медикаментозды емнің сапасын бағалау. Клинико-фармакологиялық экспертиза
Медициналық көмектің сапалау жүйесі Қазақстанда 1996 жылдан бастап міндетті түрдегі медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқасында пайда бола бастады. Сол кезден бастап медициналық көмектің бағалау параметры анықтала бастаған еді. Айып пұл салу жүйесі бар еді, кейін ол медициналық қызметін бағалау және анализге алмастырылды. Сол себептен экспертиза өткізетін критерийлер (көрсетілген медициналық көмектің стандартқа сайлығы, медициналық қызметінің сапасын бағалау, науқастардың қанағаттанарлығын зерттеу) өңделіп шығарылды. Медициналық көмектің сапасын бақылағанда ең негізгі проблема технологиялық деңгейде жатады, яғни емді объективті бағалауда. Дәрігер жұмысының 30-70% негізін дәрілік ем тағайындау құрайды, сол себептен медициналық көмектің сапасын бағалау үшін медициналық экспертиза жүргізуді маңызды деп саналады. Кейбір эксперттер медициналық терапияға экспертиза жүргізген кезде сапаны және оның өлшеу әдісін анықтайтын жалпы критерийлер жоқ болғандықтан әр жағдайда әр түрлі бағалайды.
Медикаментозды емнің клинико-фармакологиялық экспертизасы
Клинико-фармакологиялық экспертиза (КФЭ) - медикаментозды терапияның сапасын бағалау, талдау және сараптау арқылы жүзеге асырылады. Медикаментозды терапияны қандай дәрежеде екендігін айқындау үшін медикаментозды терапияны маңызды құрамдас бөліктеріне бөлшектеу және оларды анализдеу арқылы анықталады. Ал, медикаментозды терапияны анализдеу өз кезегінде медикаментозды терапиясының КФЭ жеке маңызды нәтижелерін қарастыру арқылы өткізіледі. Бұл жағдайда интенсивтілігін бағалаумен негізгі параметрлерді бөліп алу қажеттілігі пайда болды. Осыған байланысты «параметр» және «индикатор» терминдерінің оқшауланған түсініктері пайда болды.
Медикаментозды терапияның экспертизасы аумағында параметр деп өлшемелі фармакотерапиялық процесстің немесе оның нәтижесінің құрамдық бөлігін көрсетіп тұратын айнымалы өлшемді атаймыз. Индикатор деп фармакотерапиялық процесстің немесе оның бір бөлігінің ішіндегі нәтижесін көрсетіп тұратын анықталған параметрдің көлеміндегі айнымалы өлшем бірлікті атаймыз.
КФЭ фармакотерапияның ұтымдылығын, қауіпсіздігін және тиімділігіне анализ жүргізуге, медикаментозды терапия бойынша нақты істелген шараларды және алынған нәтижені клиникалық диагностика және емдеу хаттамаларға сәйкестігін салыстыру арқылы талданады, онда науқастардың клиникалық, құралдық, лабораториялық қорытындылары стационарлық немесе амбулаториялық, медициналық картадағы дәрігерлік жазу нәтижесін салыстыру бойынша жүргізіледі
КФЭ медикаментозды терапия сапасын бағалау үшін келесі параметрлер бойынша жүргізіледі:
-
Медикаментозды терапияның бекітілген диагностика және емдік (медициналық көмек көрсету дәрежесіне байланысты) клиникалық хаттамаға сәйкестігін бағалау, негізгі (формулярды) дәрілік затты тағайындалуын бағалау. -
Негізгі және қосалқы ауруды ескере отырып дәрілік затты таңдау, оған қоса көрсетілімі жоқ және тиімділігі дәлелденбеген дәрілік заттарды тағайындау және физиологиялық жағдайды (жүктілік, жасы және т.б.) бағалау. -
Дәрілік заттардың енгізу жолдарын және мөлшерін бағалау. -
Дәрілік заттардың өзара әсерлесуін, кері әсер барлығын немесе пайда болу қаупін, полипрагмазия жағдайын бағалау. -
Клиникалық тиімділікті бағалау (медикаментозды терапиянының мақсатына жетуі) және медикаментозды терапияны жүргізу барысында кешенді клиникалық, лабораториялық-құралды зерттеу негізінде оны бақылау.
Көрсетілген параметрлерді бағалау үшін келесі индикаторлар қолданады.
1-ші параметрдің интенсивтілігін бағалау үшін келесі индикаторлар қолданады:
-
Медикаментозды терапияның клиникалық хаттамаға (стандарттарға) сәйкес келуі; -
Негізгі (формулярлы) дәрілік затты тағайындау.
2-ші параметрдің интенсивтілігін бағалау үшін келесі индикаторлар қолданады:
2.1 дәрілік анамнез;
2.2 медикаментоздық терапияның негізгі этиопатогенетикалық факторларға сәйкес келуі;
2.3 негізгі ауруды есепке ала отырып дәрілік затты тиімді тағайындау;
2.4 қосалқы ауруды есепке ала отырып дәрілік затты тиімді тағайындау;
2.5 науқастың физиологиялық жағдайын есепке ала отырып дәрілік затты тиімді тағайындау;
2.6 көрсетілімі жоқ дәрілік затты тағайындау (нақты көрсеткіші жоқ);
2.7 тиімділігі дәлелденбеген дәрілік заттарды тағайындау.
3-ші параметрдің интенсивтілігін бағалау үшін келесі индикаторлар қолданады:
3.1 дозасын тиімді таңдау (бір реттік, тәуліктік, қолдаушы);
3.2 курстық дозаны тиімді тағайындау;
3.3 дәрілік заттардың енгізу үшін ұтымды жолдарын таңдау.
4-ші параметрдің интенсивтілігін бағалау үшін келесі индикаторлар қолданады:
4.1 бекітілген схема бойынша дәрілік заттардың қосарласуын пайдалану;
4.2 дәрілік заттардың қосарласуының ұтымдылығын және тиімділігі;
4.3 медикаментозды терапияны дұрыс тағайындамау себебінен пайда болған кері әсері;
4.4 пайда болған кері әсерді (реакцияны) түзету;
4.5 полипрагмазия барлығы.
5-ші параметрдің интенсивтілігін бағалау үшін келесі индикаторлар қолданады:
-
медикаментозды терапияны түзету; -
медикаментозды терапияны бағалау (дәрігер жазбаларын аналитикалық жолмен талдау және қажетті кешенді клиникалық, лабораторлық-құралды зерттеулер негізінде); -
медициналық көмек көрсетіліп жатқанда медикаментоздық терапияның мақсатына жетуі.
Параметрдің әр бір индикаторы келесі шкаламен (баллмен) бағаланады:
«0» - ұтымды емес, медикаментозды технология дұрыс жүргізілмеген, индикаторлар бойынша нәтижесі теріс;
«0,5» - индикатор бойынша медикаментоздық технологиясының жартылай сәйкес келуі;
«1,0» - индикатор бойынша нәтижелер оң, медикаментозды технология толық, ұтымды жүргізілген.
Медикаментозды терапияның сапасын анықтау үшін бес параметрдің әр бір индикаторының қосындалау қажет. Сонда медикаментозды терапияның сапалық интегральды көрсеткіші шығады. Индикатордың бағалық қадамын ескере отырып келесі медикаментозды терапияның сапалық интегральды бағасының шкаласы шығарылған: 0,84-1 - жоғарғы деңгей, 0,68 – 0,83 - жақсы, 0,51 – 0,67 - орташа, 0,5 және одан төмен – медикаментозды терапия сапасының төменгі деңгейі.
Құрастырлған индикаторлар фармакоэпидемиологиялық зерттеу жүргізген кезде бағалау критерийлары есебінде қолдануға болады.
Денсаулық сақтау мекемелерінде медикаментозды терапияның КФЭ-сын клиникалық фармаколог дәрігері немесе клиникалық фармакологиядан тақырыптық жетілдіру өткен дәрігер жүргізуі керек. Бұл кезде дәрігер –клиникалық фармаколог медикаментозды терапияның КФЭ жүргізу үшін мекеме немесе мекемеден тыс медициналық көмек сапасын бағалау шеңберінде шақырылуы мүмкін.
Медикаментозды терапияның КФЭ ретроспективті және проспективті жүргізіледі. Проспективті КФЭ денсаулық сақтау мекемелерінде клиникалық фармаколог дәрігері кеңес беруіне байланысты жұмыс барысында жүргізілуі мүмкін. Егер өлім болған жағдайда, асқыныстар туындағанда, медикаментозды терапияның тиімділігі төмендегенде, медикаментозды терапия сапасын бағалау барысында сұрақ туындаса және науқас немесе оның туыстары шағымданса міндетті түрде КФЭ жүргізілу қажет. Медикаментозды терапияның КФЭ денсаулық сақтау мекемесінің әкімшілігі немесе формулярлы-терапевтік комитет дәрілік заттардың ұтымды қолданылуын шешу барысында байқалған кейбір тактикалық сұрақтарды шешу үшін жүргізуді ұсынады. КФЭ медициналық көмек сапасын бағалауға арналған әр түрлі бағдарламаларға енеді және денсаулық сақтау мекемесінде дәрілік заттардың қоолданылуын бағалау үшін қолданылады.
12 – кесте. Экспертиза жүргізу үшін параметрлер (индикаторлар) және медикаментозды терапия сапасын анықтайтын шкала
Параметрлер/индикаторлар | шкала (баллдар) | ескертпелер (егер индикатордың баллы төмендетілсе) |
1.Медикаментозды терапияның бекітілген диагностика және емдік (медициналық көмек көрсету дәрежесіне байланысты) клиникалық хаттамаға сәйкестігін бағалау, негізгі (формулярды) дәрілік затты тағайындалуын бағалау. 1.1 Медикаментозды терапияның клиникалық хаттамаға сәйкес келуі (ия, толық емес, жоқ) 1.2 Негізгі (формулярды) дәрілік затты тағайындау (ия, толық емес, жоқ) | | |
2. Негізгі және қосалқы ауруды ескере отырып дәрілік затты таңдау, оған қоса көрсетілімі жоқ және тиімділігі дәлелденбеген дәрілік заттарды тағайындау, және физиологиялық жағдайды (жүктілік, жасы және т.б.) бағалау. 2.1 дәрілік анамнез көрсетілген (ия, толық емес, жоқ) 2.2 медикаментоздық терапияның негізгі этиопатогенетикалық факторларға сәйкес келуі (ия, толық емес, жоқ) 2.3 негізгі ауруды есепке ала отырып дәрілік затты ұтымды тағайындау (ия, толық емес, жоқ) 2.4 қосалқы ауруды есепке ала отырып дәрілік затты ұтымды тағайындау (ия, толық емес, жоқ) 2.5 науқастың физиологиялық жағдайын есепке ала отырып дәрілік затты ұтымды тағайындау (ия, толық емес, жоқ) 2.6 көрсетілімі жоқ дәрілік затты тағайындау(ия, толық емес, жоқ) 2.7 тиімділігі дәлелденбеген дәрілік заттарды тағайындау (ия, толық емес, жоқ) | | |
3.Дәрілік заттардың енгізу жолдарын және мөлшерін бағалау 3.1 дозасын тиімді таңдау (бір реттік, тәуліктік, қолдаушы ) (ия, толық емес, жоқ) 3.2 курстық дозаны тиімді тағайындау (ия, толық емес, жоқ) 3.3 дәрілік заттардың енгізу жолдарын ұтымды таңдау (ия, толық емес, жоқ) | | |
4. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуін, кері әсер барлығын немесе пайда болу қаупін, полипрагмазия жағдайын бағалау. 4.1 бекітілген схема бойынша дәрілік заттардың қосарласуын пайдаланылды (ия, толық емес, жоқ) 4.2 дәрілік заттардың қосарласуы ұтымды және/немесе тиімді болды (ия, толық емес, жоқ) 4.3 медикаментозды терапияны дұрыс тағайындамағандықтың себебінен пайда болған кері әсері (ия, толық емес, жоқ) 4.4 пайда болған кері әсерді түзету өткізілді ме (ия, толық емес, жоқ) 4.5 полипрагмазия барлығы (ия, толық емес, жоқ) | | |
5.Клиникалық тиімділікті және клиникалық лабораториялық зерттеу жүргізілген негізінен медикаментозды терапияны бақылауды бағалау. 5.1 медикаментозды терапияны түзету өткізілді (ия, толық емес, жоқ) 5.2 медикаментозды терапияны бағалау өткізілді (ия, толық емес, жоқ) 5.3медициналық көмек көрсетіліп жатқанда медикаментоздық терапияның мақсатына жетуі (ия, толық емес, жоқ) | | |
Ескертпе: №2.6, 2.7, 4.3, 4.5 индикаторларынан басқалары «ия» - 1 балл, «толық емес» - 0,5 балл, «жоқ» - 0 балл балдық шкала осылай бағаланады. Көрсетілімі жоқ, тиімділігі дәлелденбеген дәрілік зат тағайындалса және полипрагмазия, медикаментозды терапияның ұтымсыз тағайындалу кесірінен пайда болған дәрілік заттың кері әсері анықталса онда «0» баллы қойылады, ал олар анықталма «1» балл қойылады. 2.4; 2.7; 4.1; 4.3; 4.4; 5.1 индикаторлары бағаланбайды, егер ол индикаторларға сай қажеттілік жоқ болса. Индикатор 4.1 бағаланады егер дәрілік заттың қосарласуын қатаң ұстану қажет болса (мысалы: эрадикалық терапия). Егер 1ші және 2 ші параметрлер теріс нәтиже көрсетсе, онда экспертиза ары қарай жүргізілмейды, медициналық терапиясының сапасы төмен деп есептелінеді. |