Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 779
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚР медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды аккредитациясы
Медициналық ұйым жүйесінде актуальды проблема болып медициналық көмектің сапасын көтеру болып саналады. Оны шешу үшін көптеген жолдар қарастырылған, анықталған механизмдер өңделген, оның ішінде медициналық мекеменің аккредитация жүйесі. Аккредитацияда маңызды орынды медициналық көмектің сапасы анықталған стандартқа сәйкес келуі. Отандық және шет ел авторлары аккредитацияны сыртқы бақылаудың құралы деп есептейді. Ол ең алдымен, медициналық мекемеге қажет. Бұл нарықтық жағдайда бәсекелестікті жоғарлатады. Аккредитациядан өту нақты бір медициналық мекеменің мамандарының өңдірілген ұйымдастырушылық, міндеттілік, клиникалық стандартқа сәйкес екендігін көрсетеді, яғни сол мекеменің медициналық көмек көрсету сапасы жоғарғы деңгейде бағаланады.
Аккредитация- лицензиялауға қарағанда, жоғарғы стандарт деп түсіну қажет, оның мақсаты медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату.
Аккредитацияның бір мақсаты медициналық мекеменің жұмысына тиімділік, медициналық көмектің деңгейін жоғарлатуға қызығушы жақтарды біріктіру болып саналады. Ол мақсат тек қана кемшілікті табу ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді шешуді қарастырады. Аккредитацияның стратегиясы болып әрекеттегі сапаны жақсарту процессін дамыту үшін мекемеге көмек көрсету, оқыту, жәрдем беру болып саналады. Оның міндеті өзаралық тәртіп бойынша науқастарды емдеу және күтуді дамыту, мекемеде істейтін кәсіпқой мамандарға сапасына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді.
Денсалық сақтау жүйесінде аккредитация жүйесі көп елде кең таралған. Ең қымбат тәжіриебе АҚШ, Канада және Ұлыбританияда. Аталған елдерде медициналық көмектің сапасын бағалау және анализдеу технологиясына арнайы мамандар даярланған.
Атап айтып кету керек, медициналық мекемелердің аккредитация жүйесі денсаулық сақтау мекемелерінің барлық моделінде, әр түрлі қаржыландыру түрлерінде қызмет етеді. Аккредитация мемлекеттік және сақтандырушы медициналық ұйымдарында өткізілінеді.
Сонымен қатар, кейбір елдерде аккредитацияны өткізу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер де бар. Медициналық қызметті тапсырушылар үшін аккредитация сертификаттары медициналық көмек көрсетудің кепілі есебінде мойындалады. Аккредитация өткізудің қалпы әр түрлі болады – өзіндік басқарудан бастап кәсіпқойлық бағалау және мемлекеттік тексерулерге дейін.
Оған байланыссыз, аккредитация жүргізген кезде негізгі принциптерді ұстану қажет: арыз берушінің өз еркімен қатысуы, аккредитация стандартына сәйкес өзін өзі бағалау, анықталған сапаны стандартқа сәйкес сыртқы бағалау, тек қана бақылау және экспертиза өткізу ғана емес, туындаған мәселені бірге шешу.
Сонымен қатар, кейбір елдерде аккредитацияны өткізу мемлекеттік кепілдікті іске асыру үшін медициналық мекемелер үшін міндет болып саналады. Бірақ басында аккредитация бағдарламасы өзеркімен, мақсатты, құрылымды бағытталған және жасырын, құпия сипатта болады. Казіргі кезде негізгі параметрлерде өзгерістер болуы мүмкін, себебі көрсетілген қызметтердің сапасына әсер тигізетін тетіктер мен құралдар өзгеруімен байланысты. Мысалы, Франция және Испанияда өткізілетін міндетті аккредитация, ауруханаға қаржыландыру құқығы беріледі және барлық аурухананы қолдануға ынғайлы стандартпен қамтамасыз етеді. АҚШ, Канада және Австралияда өткізілетін өзеркіндік аккредитация аурухананың халықтық және кәсіпқойлық беделін көтереді, оларға анықталған бәсекелестер алдында артықшылықтарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Мұндай қызметтің көптілігі ұлттық денсаулық сақтау жүйсінің тиімділігін жоғарлататын аккредитация әдісін іздестіруі ынталандырады.
Медициналық көмектің сапасын үздіксіз жоғарылауы көбінесе өзіндік баға беру арқасында ішкі аудиттің қызмет етуімен қамтамасыз етіледі. Аккредитацияның стандартын жаңалау және өңдеу барлық қызығушы жақтар қатысуымен жүзеге асырылады және олар медициналық көмектің сапасын жоғарлатуына алып келетін жұмыстық стандартқа айналдыра алады.
Ең бастысы болып аккредитацияның сертификаты шектелген мерзімге беріледі, уақыты біткен соң қайтадан экспертиза жүргізіледі.
Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін және жағдайды анализдеу арқасында шет ел тәжіриебиесіне сүйене отырып көрсетіліп отырған медициналық көмектің деңгейін жоғарлату механизмі ретінде Қазақстан Республикасында медициналық мекемелерді аккредитация жүйесін енгізу ұсынылды.
Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткізу үшін заңнамалық және нормативті-құқықтық базасы
Ең алғашқы рет медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу түсінігі 2003 жылғы 4 маусымдағы №430-II ҚР Заңында бекітілген: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы: медициналық ұйымдарды аккредитациялауын денсаулық сақтау облысында медициналық, дәрігерлік, фармацевтикалық, ғылыми және білімдік деңгейінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру үшін бекітілген мекемемен жүргізіледі»
Осыған сәйкес «Денсаулық сақтау ұйымдарында аккредитациянының Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 8 қаңтарындағы №15 ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша аккредитация өткізудің тәртібі және ережелері анықталған.
ҚР Президентінің Қаулысы бойынша 2004 жылдың 13 қыркүйегінде №1438 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын қайта құру және дамуының Мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Осы бағдарламада медициналық көмектің сапасын басқару жүйесінде ең басты механизм мемлекеттің реттеуші қызмет есебінде денсаулық сақтау саласында аккредитация жүйесінің дамыту бағдарламасы қарастырылған.
Осыған байланысты Бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған шаралар аясында, 2004 жылы 13 қазанда бекітілген №1050 Үкімет Қаулысында тәуелсіз сарапшылардың қатысумен медициналық мекемелерді аккредитациялау сұрақтары бойынша нормативті-құқықтық актлерге қосымшалар мен өзгерістер енгізуі қарастырылған.
7 шілде 2006 жылдан Қазақстан Республикасының Заңында № 171-Ш ҚРЗ «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау сұрақтарына қатысты кейбір заңнамалық актлерге қосымшалар мен өзгерістер енгізуге байланысты» келесі өзгерістер енгізілді 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы «Денсаулық сақтау жүйесі жайлы». Заңның 1 бап, 1 тармағында аккредитация анықтамасы берілген: «Аккредитация – жеке және заңды тұлғалардың медициналық және фармацевтикалық қызметті іске асыру үшін ерекше мәртебені мойындау рәсімі және денсаулық сақтау мекемелерін аккредитациялау стандарттарына сәйкес қызметтің тәуелсіз сараптамасын жүргізуі тәртібі».
Осы Заң бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің медициналық көмек көрсету оның ішінде аккредитация үрдісі бойынша да мемлекеттік өкілетті мекеме құзыреті көрсетілген. Онда ҚР акредитация жүргізу тәртібін анықтайды (6.9 бап), денсаулық сақтау саласындағы құзыретті мекеме тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін анықтайды (7.12бап), утверждает стандарты в области медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы стандарттарды анықтайды (7.9 бап); медициналық көмек саласындағы мемлекеттік мекеме денсаулық сақтау субъектлерінің аккредитациясын жүргізеді (7-1.7 бап), денсаулық сақтау субъектлерінің қызметін бағалайтын тәуелсіз сарапшы жеке және заңды тұлғалардың аккредитациясын өтізеді (7-1.8 бап), әр түрлі саладағы мамандардан тәуелсіз сарапшы мамандар банкін құрастырады (7-1.9 бап).
Бұдан басқа, Заңның 11 бабында мына анықтама бар: «денсаулық сақтау саласында аккредитация жүргізу денсаулық сақтау субъектлерінің қызметін сырттан кешенді түрде бағалайды және бұл шара өз еркімен жүзеге асырылады. Аккредитация субъектсі болып аккредитация талаптарына сай келетін жеке және заңды тұлғалар бола алады. Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сарапшылар бекітілген тәртіп бойынша денсаулық сақтау субъектсінің қызметін сараптауға, аккредитация, аттестация, лицензирлеуге және кәсіби эмтихандарды қабылдауға шақырылуы мүмкін».
Жоғарыда аталған Заңдарды орындауға 31 қазан 2006жылы №1030 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы шықты оған мынандай толықтырулар мен қосымшалар енгізілді, 8 қаңтар 2004 жылғы №15 «Денсаулық сақтау саласында аккредитацияны өткізу Тәртібіне» оның ішінде денсаулық сақтау мекемелері мен тәуелсіз сарапшы мамандар аккредитациясы тәртібіне.
Қазіргі таңда 2009 жылдың 12 қазанында шыққан №1559 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қолданылады «Денсаулық сақтау жүйесінде аккредитация өткізу Ережесін бекіту» қолданылады.
Сонымен, қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында аккредитация жүргізу бойынша заң жүзіндегі нормативті-құқықтық негіздерін қалыптастырудың дайындық кезеңі толығымен аяқталды. Аккредитация жүйесінің құрылымы, осы үрдіске қатысушылар, олардың өзара әсерлесуі, алгоритмдері, қызметінің негізгі қағидалары анықталған, бұл өз кезегінде денсаулық сақтау үрдісінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдарды аккредитациялау: негізгі принциптері, міндеттері, қатысушылар
Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдарды аккредитациялаудың негізгі принциптеріне мыналар жатады:
- бағаның объективтігі;
- өзеркіндік;
- аккредитация үрдісінің ашықтығы;
- науқас құқығын қамтамасыз етуге мақсатталғаны;
- аккредитация және бағалау үрдісінде алынған ақпаратты құпиялығын қамтамасыз ету;
- медицина саласындағы стандартты қолдану;
- мекемені бағалау нәтижесінде шешілген мәселені шағымдау;
- халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету.
Аккредитацияның міндеттеріне келесілер жатады:
- медициналық көмектің сапсын және қауіпсіздігін бағалау;
- науқастарға қызмет көрсету сапасын жоғарлата білу медициналық мекеменің қасиетін бағалау;
- медициналық көмектің сапасын жоғарлату үшін практикалық ұсыныстарды қалыптастыру;
- сапаны жақсарту үшін кез келген кезеңінде кәсіпкерлерді қатыстыру;
- мекемеде медициналық қызметтің сапасын халықтық мойындауын қамтамасыз ету;
- халықтың сенімін күшейту.
Аккредитация үрдісіне қатысушылар мыналар болып табылады:
- Денсаулық сақтау министірлігі;
- Медициналық көмек саласындағы бақылау комитеті;
- Аккредитация өткізетін мекеме (аккредитация коммисиясы);
- аккредитация жүргізілетін медициналық мекеме (предендент);
- Тәуелсіз эксперт;
- медициналық қызметті тұтынушылар;
- технологияны бағалау және стандартизациялау орталығы болып саналады.
Аккредитация үрдісіне қатысушылар аккредитацияның барлық кезеңінде өзара қатынаста болады: стандарты енгізуден бастап денсаулық сақтау ұйымының аккредитация куәлігін алғанша және келесі жүргізілетін кезекті стандартқа дейін. 20-суретте аккредитацияға қатысатындар арасындағы өзара қарым-қатынас схемасы көрсетілген.
20-сурет. Медициналық көмек сапасын қамтамасыз ететін үрдіс - аккредитацияның негізгі қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынасы
Аккредитация жүргізу алгоритмі
Кез келген процесс сияқты аккредитация бірнеше кезеңдерден тұрады, әр кезең өз уақытымен болады. Дайындық және өзіндік бағалау кезеңінің алдында мекемеде қызмет сапасын бақылайтын аурухана ішілік аудит қызметі қалыптасуы керек (ауруханішілік аудит). Мекеменің көлеміне және оның ішіне кіретін бөлімшелердің санына байланысты ішкі аудит бірден жеті экспертке дейін болуы мүмкін
1. Ішкі дайындықты және өзіндік бағалауды өткізу
Мекеменің дайындық дәрежесіне байланысты 3айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін. Халықаралық тәжірибенің мәліметі бойынша медициналық мекемеге сапаны бағалау және сапа стандартын енгізу кезеңі 12 айдан 24 айға дейін созылады.
-
Медициналық мекеменің басшысының аккредитация өткізетін мекемеге аккредитациядан өту туралы арыз беруі. -
Мекемеде дайындық аккредитация стандарты бойынша өзіндік бағалау технологиясына ұйымдастыру шараларын өткізу және қажет құжаттарды дайындау, ішкі аудит және бөлімше басшылар эксперттерінен жұмыстық топ құрау. -
Бұл кезеңде аурухана қызметкерлерін және ішкі аудиттен құрылған жұмыстық топты аккредитация критериясына сәйкес келетін бағалау әдісіне қарасты оқулық семинарлар өткізілінеді, қажет құжаттарды қалыптастырады. Оқулықты өткізу үшін Орталықтыр және эксперттер жұмысқа тартылады. -
Претендент өңделген әдістеме бойынша аккредитация стандартына сәйкес өзіндік бағалау жүргізіледі (деңгей сәйкестігіне ішкі бағалау).
Аккредитация стандарты бойынша өзіндік баға беру ішкі бақылау тобымен өңделген әдістеме бойынша өткізіледі. Ішкі бақылау тобына келесілер кіреді: әр стандартты блокты өткізуге жауапты бөлім бойынша мамандар. Бұл кезеңде тәуелсіз эксперттер қатысуы мүмкін. Тексерудің соңында өзіндік бақылау акті толтырылады, онда барлық мекеменің барлық бөлімшелері көрсетілген. Актқа қосымша есебінде стандарттың бағалы кестесі болу керек, одан басқа жоспарлы, мақсатты, рейдтік, жоспарсыз өткен соңғы екі жыл ішіндегі тексеру нәтижесінің жинақталған есебі болу керек. Көрсетілген қалыптар кейінгі жұмыс үшін сыртқы эксперттерге берілу қажет. Сыртқы эксперттермен өзіндік бағалау кезеңінде ақпаратты жария етілмейтіні жайлы келісім шартқа қол қойылады