Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 778

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.






21- сурет. Аккредитацияның 1 кезеңі: стандарттарды енгізу, өзіндік бақылау (ішкі аудит)

2. Сыртқы бағалау.

Эксперттік топтың аккрдитацияның стандартын орындаудағы сыртқы бағалауы екі аптадан бір айға дейін созылады.

2.1. 2004 жылдың 8 қантарында №15 ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша бекітілген құжаттар тізіміне сәйкес аккредитация өткізетін мекеме Претендентің құжаттарын тексеріп шығады. Комиссияға өзіндік бағалау Актісі және Жинақтық есеп жіберіледі.

2.2. Сосын аккредитация өткізетін мекеме тәуелсіз эксперттерді қосып сыртқы бағалау жүргізетін топты қалыптастырады. Ол кезде жұмыс көлемін және Предентенттің арнайы қызметі ескеріледі.

2.3. Коммисия және эксперттермен инспекция жоспары құрылады.

2.4. Тағайындалынған эксперт топтар мекемеге тәуелсіз экспертиза жүргізе бастайды, аккредитация өтіп жатқан мекеменің аккредитация стандартына сәйкестігін қарастырады.

Эксперттік топ ең аз дегенде 3 адамнан кұрылады. Оның ішінде кем дегенде бір адам аккредитация өтіп жатқан мекеме саласының маманы болу қажет. Топтың бір мүшесі басшы үйлестіруші қызметін атқарады.


22-сурет. Аккредитацияның 2 кезеңі: сыртқы, тәуелсіз экспертиза
3. Эксперттің қорытындысын қалыптастыру.

Эксперттік қорытынды инспекция быткен соң бір айдан екі айға дейін құрастырылады. Өзіндік бағалау және сыртқы эксперттердің тексерулерінен кейін екі бөлімнен тұратын есеп жасалынады. Бірінші бөлім өзіндік бағалау әдісін бағалау, екінші бөлім стандартқа сәйкестігін бағалау. Комиссия өңдеуі бойынша есеп құрылымдық түрде болады. Инспекция біткен соң екі айдан кешікпей мекемеге есептің қорытындысы беріледі. Есепті алып болған соң мекеме бір ай ішінде өз түсіндірмелерін жібере алады. Онда нұсқаулар мен индикаторладың тиімділігін жоғарылатуға қатысты шаралар жоспарын бере алады.

4. Аккредитация жүргізу туралы шешім қабылдау

Претендент жіберген құжаттарды Комисия отырысында Ережеге сәйкес қарастырылады. Құжаттарды комиссиялау бойынша аккредитация өткізу (немесе өткізбеу) және аккредитация куәлігін беру (немесе бермеу) шешімі қабылданады.

Аккредитациядан өткен мекемеге аккредитация өткізетін мекеменің қалпы бойынша үш жылға куәлік беріледі.

Аккредитация стандартының дизайның жіктемесі, стандартты орындағанын бағалау


Денсаулық сақтау жүйесін басқару және аккредитацияны өткізудің өзіндік ерекшіліктері болғандықпен әр елдің стандартының негізгі құпиясы бар ол науқастың құқығын қорғау және қызметкерлердің қауіпсіздігі. Аккредитацияның стандартында бүгінгі күнде ҚР денсаулық сақтау мекемесінде бар барлық қызметтер үшін стандарттар енгізілген. Төменде денсаулық сақтау мекемесіне жүргізілетін аккредитация жүйесінің стандарттар блоктары көрсетілген

  1. Стандарттар жіктемесі.

Стандартты блоктары:

  1. Ұйымдастыру және басқару

    1. 1.1. Заңды мәртебе

    2. 1.2. Жоспарлау және есептілік

    3. 1.3. Ақпараттық қамтамасыз ету

    4. 1.4. Іс-қағаз жүргізу

    5. 1.5. Ұйымдастыру-шаруашылық қызмет

  2. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

  3. Кадрларды басқару/Кадрлар саясаты

    1. 3.1. Оқыту

    2. 3.2. Кадрлар саясаты (лауазымдық нұсқаулықтар)

  4. Медициналық қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін басқару

    1. 4.1. Ұйымдастыру және жоспарлау

    2. 4.2. Жұмыс рәсімдерін құжаттау

    3. 4.3. Бағалау және сапаны арттыру

  5. Клиникалық қызмет

    1. 5.1 Ұйымдастыру және жоспарлау

    2. 5.2 Жұмыс рәсімдерін құжаттау

    3. 5.3 Бағалау және сапаны арттыру

  6. Қосалқы қызметтер

    1. 6.1. Ұйымдастыру және жоспарлау

    2. 6.2. Жұмыс рәсімдерін құжаттау

    3. 6.3 Ұйымдастырушылық-шаруашылық бөлім

  7. Жұқпаны бақылау және пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі

    1. 7.1. Клиникалық қауіпсіздік

    2. 7.2. Жұқпаны бақылау

    3. 7.3. Қауіпсіздік техникасы

  8. Пациенттер құқықтары, медициналық көмек сапасымен қанағаттану деңгейін зерделеу

    1. 8.1. Пациенттер құқықтарын қамтамасыз ету жүйесі

8.2. Пациенттердің демалысын және күтімін ұйымдастыру

  1. Стандарт дизайны. Келесі мысалда стандарт дизайнын көреміз:

13- кесте.



Стандарт бөлімі

1

Жіктеу бойынша реттік номеры (1.4.6.)

2

Стандарттың шарты (А; Б; В)

3

Мәлімет көзі (медициналық карта және т.б.)

4

Стандартты орындау бағасы (критерий)


Стандарт 0.0.0 стационарлық науқастардың медициналық карталары бекітілген ереже бойынша сақталуы қажет.

Стандарт талабы.

А) стационарлық науқастардың медициналық карталары науқас стационарда болған кезде арнаулы орында тұруы қажет (дәрігерлердің бөлмесінде, мейірбикенің постында сөреде немесе үстелде) және тығыз материалдардан жасалған мұқабада сақталуы қажет.

Б) стационарлық науқастардың медициналық карталары мекемеден тыс жерге шығарылмауы керек (егер ерекше жағдай болмаса).

Ақпарат көзі:

- медициналық карталарды және олардың сақталатын жерін көріп шығу;

- қызметкерлерден сұхбат алу.

Стандарттың орындалуын бағалау.

Медициналық караталарын сақтау жерін көріп шыққан кезде стандарттың негізгі шарттары бұзылмайды, науқастардың медициналық картасы науқас және науқасқа келуші адамдарға қолы жеткізе алмайтын жерде сақталуы қажет, мекеме қызметкерлерінің емделіп жатқан науқастардың медициналық құжаттына қолы жетімді болу керек.

Медициналық құжатты беру талабы бекітілген және ол толығымен орындалады. Медициналық құжат медициналық мекемеден арнайы ұйғарымсыз сыртқа ешқайда шығарылмайды.

Стандартта қандай шарт қойылғаны, мәліметтерді және стандарт шартына сәйкес келетін куәліктерді қай жерден іздеуді қажет екені, маманға түсінікті болу үшін стандарт солай құрастырылған. Стандарттың ең негізгі бөлімі – бұл стандартты орындалуының бағалау – стандарт шарттарың орындалуы сипатталған бөлім. Стандарттың дизайны ақпаратты екі жақ қолданыла алады: ішкі аудит эксперттері және аккредитация кезеңінде стандарттың орындалуын бағалап жатқан тәуелсіз, сыртқы эксперттер.

3. Стандарттың орындауын бағалау.

Стандартқа қосымша есебінде өзіндік бағалау және аккредитация кезеңінде эксперттер толтыратын бағаланатын кесте болып табылады. Өзіндік бағалау кезеңінде эксперттер мекеменің басшысына орындалмаған немесе толық орындалмаған стандарттының талдауын беру керек. Талдау кейін көрсетілген жетіспеушіліктерді жоюға шаралар және тәсіл құрастыруға көмектеседі.

14- кесте. Аккредитация стандартының бағалау кестесі.

Стандарт

№_______

Орындалған

Жартылай орындалған

Орындалмаған

Ескерту

А










Орындалмаған себебі

Б













Баллдар саны














Эксперт А.Ж.Т.:________________________________________________

Қолы: _______________________________________________________

Стандартты бағалау екі баллдық жүйе бойынша есептелінеді:

- 2 балл - стандарт орындалған;

- 1 балл – стандарт жартылай орындалған;

- 0 балл – стандарт орындалмаған;

«Баллдар саны» графасында стандарттың қорытынды баллы көрсетіледі, кейін ол балдар эталонмен салыстырылады. Бағалауды біткен соң стандарттың бағасын Жиынақтайтын кесте қалыптастырады және барлық жалпы баллдардың саны саналады. Үлгі есебінде стандарттың орындалуы жүз пайызы болып саналады. Сосын стандарттарды келесіге бөлуге болады: жартылай орындалған және орындалмаған, сосын оларды стандарттың жалпы санының пайыздық қатынасын санау керек. Әрқайсысын талдау керек. Біздің ойымызша, бағалау стандарттарын шектен тыс қиындатудың қажеті жоқ, одан да сарапшыларда талдау мен шешім қабылдауға көп уақыт қалғаны дұрыс болады. Бұл бағалау жүйесін аурухана ішілік аудит сарапшыларының қолдануына болады, олар осы стандарттарды енгізуге, өзіндік бақылауды күшейтуіне пайдаланады. Маңызды мезет болатыны өзін-өзі бағалау актлері мен сыртқы тәуелсіз аккредитация сарапшылары толтырған актлерді салытыру кезі болады. Мұндай салыстырулар және оның талдауы кейіннен ішкі аурухана ішілік сарапшы мамандарға орын алған қателіктердің бетін ашып оларды түзету мен жоюдың жолдарын қарастыруға көмектеседі.

Мекеменің сыртқы экспертизасына дайындалу кезеңінде оны зерттеп сосын қандай стандарттың орындауын бағалау қажет, ал қандай стандартты бағаламау қажет екені анықталады. Мысалы, егер жоғары маманданған медициналық көмек халыққа хирургиялық көмек көрсетпесе, онда ол стандартты алып тастау керек. Сосын бағалау әдетінше жүргізіле беріледі соңында осы мекемеде стандарттың орындалу дәрежесін көреміз.

10 бөлім.

Клиникалық нұсқаулықтар: анықтамасы, құрастыру мен тәжірибеге енгізудің негізгі қағидалары. Клиникалық нұсқаулықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Өткен ғасырдың ортасынан бастап, медициналық көмек сапасының жоғарылауы дүние жүзі бойынша көптеген елдердің денсаулық сақтау жүйелері жұмысының приоритеттік бағыттарының бірі бола. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауында медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде сапасын басқарудың комплекстік және нәтижелі жүйені қалыптастыруға қажеттілік туды. Бұл жүйені тудырмай, ұлттық жүйенің едәуір дамыған елдердің деңгейіне жақындауға керек критерийлері бойынша із басу мүмкін емес. Бұл кез Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына әржылдық жолдауында «Қазақстаннның дүние жүзінің едәуір бәсекелестікке қабілетті елдерінің 50-іне кірудің стратегияларында» көрініс берген. Стратегияның бір пункті саланың әрі қарай нәтижелі дамуы үшін денсаулық сақтау сферасын ұйымдастырудағы қазіргі қағидалар мен стандарттарға өту қажеттілігіне арналған.


ДДҰ сараптаушыларының пікірі бойынша денсаулық сақтау жүйелерінің сапасы халықтың денсаулығын жақсарту және әділеттік күтуіне сәйкестіліктегі құнды мақсаттарына жету деңгейі ретінде анықталады. Халық денсаулығының жағдайы науқастарға көрсетілетін көмек қаншалықты әсерлі екендігіне (яғни, ол денсаулық мәселелерін қаншалықты шешеді), жұмсалған қаржысы бойынша нәтижелі екендігіне (яғни, науқас қажеттілігі жоқ көмек түрлерінен құтқарылған) және қауіпсіздігіне (яғни, науқасқа көрсетілетін көмек оған зиян келтірмейді).

90-ыншы жылдардың басына дейін науқасты клиникалық жүргізу белгілі дәрігердің прерогативасы болып табылған. Осымен байланысты дүние жүзінің түрлі елдерінде және түрлі мекемелерінде өзінің әдістемелері болған, бұл сапаны бақылауды өткізуді едәуір қиындатқан.

Медициналық көмек көрсетуді басқару жүйелерін тудыру стандартталған клиникалық нұсқауларды және диагностикалаудың және емдеудің хаттамаларын өңдеудің қажеттілігін шарттаған (КН және ДЕХ).

Көптеген елдерде клиникалық нұсқауларды және диагностикалау және емдеудің хаттамаларын өңдеудің ұлттық бағдарламалары оларды тудырудың егжей-тегжей методологиясымен бекітілген, ал 2002 жылы клиникалық нұсқауларды өңдеудің методологиясы ДДҰ-мен де дайындалған. Одан гөрі, 2002 жылы 56 мемлекеттердің ішінен өңдеушілер кірген клиникалық нұсқаулар мен хаттамалар өңдеушілердің Халықаралық желісі – Guidelines International Network (GIN)- құрылған болған.

Қазір Қазақстан Республикасында реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасын және денсаулық сақтауды дамытуды іске асыру аясында, сонымен қатар 16.02.2004ж. бекітілген «Денсаулық сақтау облысында стандартизациялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша, денсаулық сақтау облысында ҚР денсаулық сақтау Министрлігі кейпінде өкілетті өкіл арқылы (әрі қарай – өкілетті өкіл), КН және ДЕХ белсенді өңдеу және медициналық тәжірибесіне енгізу өткізіледі.

КН және ДЕХ өңдеуге қажетті негізгі, денсаулық сақтауда сапаны қамтамасыз ету бойынша қазіргі талаптарға жауап беретін критерийлердің бірі дәлелді медицина әдістері мен қағидаларын кең қолдану – клиникалық ақпаратты сыни бағалудың негізгі фундаменті ретінде дұрыс орындалған қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тарту болып табылады. Қауіпсіздік, нәтижелілік және құны жағынан дәлелді медицина қағидаларын денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу медициналық көмектің сапасын жақсартуды алдын-ала қарастырады. Қазіргі ғылыми-негізделген медициналық тәжірибе дәрігерден аурулардың диагностикасы, нәтижелі емді тағайындау, теріс араласуларды азайту тек сенімді ақпаратқа негізделуін талап етеді.