Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 777
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дүние жүзінде бүгінгі күні хаттамалар мен нұсқауларды құруда шынайылық пен жоғары сапаны қамтамасыз ететін бірнеше әдістеме өңделген. Мысалы, медицинаның Американдық институтымен (US Institute of Medicine) ұсынылған «қолайлы КН қажетті элементтері; КН құру бойынша арнайы нұсқаулар (SIGN, NZGG, WHO және т.б. өңделген); клиникалық нұсқаулардың бағалануы мен дайындалуын унифицирлейтін AGREE халықаралық сұраушысы.
Осылайша, дәлелді медицина жағынан жүзеге асатын диагностика мен емнің хаттамаларын және клиникалық нұсқауларды өңдеу методологиясы бірінші кезекте шынайы және қазіргі ғылыми дәлелдемелерді іздестіру және жүйеленген жинақтауға сүйенуі керек. Бұл жаңа және шынайы ақпаратты есепке алумен интуиция, квалификация, абыройлы әріптестердің пікірі, баршаға танымал нұсқаулар мен анықтама берушілерге ұсыныстар және т.с.с. көптеген субъективті факторларда дәрігердің шешіміне әсерін жақсартуға немесе төмендетуге мүмкіндік береді.
КН және ДЕХ өңдеуге ұсынылатын қазіргі талаптар:
-
КН және ДЕХ өңдеу қоғам ішінде едәуір жиі кездесетін және әлеуметтік тұрғыдан емдеу және алдын-алуда едәуір қолайлы клиникалық соңын қамтамасыз ету үшін өткізіледі -
КН және ДЕХ қалыптастырудың процесі бірінші кезекте клиникалық қызмет тұтынушыларының қызығушылықтыры мен сұраныстар есебінде негізделеді -
КН және ДЕХ әр ұсыныс дәлелдемелілігінің жоғары дәрежесін қамтамасыз етумен ең жаңа қазіргі кездегі ғылыми мәліметтер есепке алынып құрылуы керек -
Құрылатын КН және ДЕХ құрылымы қарапайым, түсінікті, басылған және электрондық форматтарда жеңіл іске қосылатын болуы қажет -
КН және ДЕХ өңдеу, енгізу және мониторингі кезінде өмірге едәуір қабілетін қамтамасыз ету үшін КН және ДЕХ мәліметтері қызмет атқаруы аясында бар денсаулық сақтау жүйесінің шынайы экономикалық, клиникалық , әкімшілік және тағы басқа шарттарды есепке алу керек -
КН және ДЕХ қолдану кезінде жеке науқастың ерекшеліктеріне жеңіл адаптациялау қажет -
Клиникалық тәжірибеге КН және ДЕХ енгізуден кейін тәжірибелік денсаулық сақтаудың әрекетіне әсерін бағалау және олардың нәтижелілігінің үздіксіз мониторингін іске асыру керек -
Бар КН және ДЕХ үшін жаңа ғылыми дәлелдемелерді есепке алумен тұрақты кезеңділік қайта қарастыру және жаңартуды өткізу керек.
КН және ДЕХ құрастыру үрдісі
КН және ДЕХ құру үрдісі дұрыс ойланылып, жүйеленген болуы қажет және стандарттық баршылықпен қабылданған және ғылыми тұрғыдан негізделген, өңдеу үрдісінің айқын эволюциялық алгоритмдерін қолдана отырып, елдегі бар тәжірибе және осы облыста шетелде істелген жұмыстарды пайдаланумен жолдама құжаттардың бүкіл пакетін өңдеуді қамтиды (23- сурет).
КН және ДЕХ өңдеудің формализацияланған (стандартизацияланған) үрдісі оларды құрастыруға арналған уақытша және қаржылық шығындарды едәуір қысқартуға рұқсат беріп, олардың сапасында оң көрініс беруі керек. Одан басқа, бір жақты әдіс-амал нұсқауларды құру үрдісінің мөлдірлігін қамтамасыз етеді.
Нұсқаулықтар мен хаттамалар құрастыру үрдісін ұйымдастырудың әдістемесі |
↓
Нұсқаулықтар мен хаттамалардың тақырыбын таңдау |
↓
Нұсқаулықтар мен хаттамалар құрастыратын жұмыс тобын ұйымдастыру |
↓
Бар нұсқаулықтар мен хаттамаларды іздестіру, сыни бағалау, ортақтасытыру |
↓
Нұсқаулықтар мен хаттамалардың әдістемесі мен клиникалық сапасына баға беру |
↓
Нұсқаулықтар мен хаттамалардың проектын құрастыру |
↓
Нұсқаулықтар мен хаттамалардың апробациясы |
↓
Апробация нәтижесіне сай нұсқаулықтар мен хаттамаларды толықтыру |
↓
Толықтырылған нұсқаулықтар мен хаттамалардың әдістемесі мен клиникалық мазмұнының сыртқы экспертизасы |
↓
Өкілетті мекеменің нұсқаулық пен хаттамыны бекітуі |
23 -сурет. КН пен ДЕХ құрастыру үрдісі
КН және ДЕХ құрастыруды ұйымдастыру
КН және ДЕХ құру – ұзақ уақытты талап ететін күрделі үрдіс. Оларды өңдеудің мерзімдері мынаған тәуелді өзгеруі мүмкін: сыни бағаланған әдебиет тақырыбына қатынасы бар зерттелетін ақпараттың көлемі КН және ДЕХ сараптамасының ұзақтығы, сонымен қатар өкілетті өкілмен бекітілуге қажетті уақыт ең бастысы, жұмыстық топ мүшелеріне шамадан тыс жүктеме түсуі (15- кесте).
15- кесте. КН және ДЕХ құрастырға кететін уақыт көлемі*
Жұмыстық топты қалыптастыру тақырыпты таңдау | КН және ДЕХ іздестіру, меншікті КН және ДЕХ проекттерін жинақтау және өңдеу | Апробация | Клиникалық сәйкестілік ісін аяқтау және бағалау | Сараптама және бекіту | |
КН үшін | ДЕХ үшін | ||||
1 ай. | 6 ай. | 3 ай. | 6 ай. | 1 ай. | 1 ай. |
*адаптирленген - SIGN 50: A guideline developers’ handbook. Scottish Intercollegiate Guidelines Network, February 2001.
Қазіргі денсаулық сақтау талаптарының көпшілігіне жауап беретін бағалы нұсқаулар мен хаттамаларды құру үшін түрлі құрылымдарды тартады: Денсаулық Сақтау Министрлігінен науқастар, түрлі бағыттағы тәжірибелік клиницистердің үкіметтік емес ассоциацияларына дейін, соның ішінде ҒЗИ және медициналық ЖОО – дан бас мамандар, клиникалардың бас дәрігерлері, сонымен қатар денсаулық сақтаудың бірінші қатарының тәжірибелік дәрігерлері және орташа медициналық қызметкерлер.
Хаттамалар мен нұсқауларды құру бойынша әрекет координациясы денсаулық сақтау облысында өкілетті өкілмен конкурстық негізде немесе өкілетті өкіл немесе басқа жауапкер ұйымның құрылымында арнайы бөліммен анықталатын белгілі бір басты ұйым арқылы іске асуы керек. Оның жұмысы аясында жеткілікті қаржылық және материалдық ресурстардың бары алдын ала қарастырылған жөн, жоғары квалификациялы қызметкерлер және жақсы дамыған инфрақұрылым болуы керек. Сонымен қатар осы ұйым жеткілікті абыройға ие болу керек және Денсаулық Сақтау Министрлігі және басқа қызығушылығы бар ұйымдардың, соның ішщінде халықаралық медициналық бағдарламалар мен жергілікті дәрігерлік ассоциациялар өкілділігінің қолдауына ие болу керек.
Барлық құрастырылатын хаттамалар мен нұсқаулар сараптамадан өтілулері қажет тәжірибеге еңгізілместен бұрын денсаулық сақтауда стандартизациялау бойынша кеңеспен мақұлдануы керек. Республиканың бүкіл территориясында құрастырылатын хаттамалар мен нұсқауларды қолдану біркелкілігіне жетпесе, мамндардың күштері босқа жұмсалуы мүмкін.
Сонымен қатар КН және ДЕХ құрастыру және іске асыру бойынша негізгі жұмысты жүзеге асыратын басты ұйым, ең алдымен осы үрдісті қамтамасыз ететін құжаттардың қажетті пакетін дайындап оларды өкілетті құрылымдарда бекітеді, және де КН және ДЕХ өңдеу және қолдану сұрақтарын қозғайтын бар заң беруші базасының бөлшекті талдауды өткізеді.
КН және ДЕХ тақырыбын анықтау
Хаттамалар мен нұсқаулардың құрастырылатын топтарының тақырыбын анықтау тәжірибелік денсаулық сақтау үшін едәуір көкейтестілік және қажеттілікпен шарттанады. КН және ДЕХ тақырыптары медициналық көмектің сапасын шынайы жақсарта алатын медицина облыстарын қозғауы керек. КН және ДЕХ өңдеуге арналған нозологиялар тізімі келесі негізгі параметрлер бойынша өкілетті өкілдің сараптамалық кеңеспен анықталады: таралуы/ сырқаттылық, асқынулар мен өлімнің жоғары деңгейі, әлуметтік маңыздылығы (еңбекке қабілеттілікті жоғалтудың, мүгедектіктің жоғары деңгейі), экономикалық жұмсаулылық, бар әдіс-амалдардың, т.б. бар өзара қарама –қайшылығы. Осы тізімге сүйеніп, сарапшы кеңес құрастырылатын КН және ДЕХ, сонымен қатар олардың форматының қажетті тізімі және кезектілігін бекітеді.
КН және ДЕХ тізімін құрастыру, мысалы, АХЖ, SNOMED, RCC және т.б. сияқты бар халықаралық жіктеушілер аурулардың каталогизаторлардың базасында негізделуі керек. Негізінде хаттамалар мен нұсқаулар өңделетін көкейкесті нозологияларды таңдау объективті әдістердің ішінен жоғары жұмсаулылығы немесе едәуір әлеуметтік маңыздылыққа ие қандай да бір ауру кездесушілігінің жиіліктік талдауы бойынша таңдаманы қолданған тиімді.
КН және ДЕХ өңделетін едәуір маңызды тақырыптарды таңдау үшін келесі критерийлерді қолданған жөн:
-
Еміне және оның нәтижелеріне әдіс-амалдарының айырмашылықтарымен бекітілетін аурулардың диагностикасы, алдын-алуы және еміне жалғыз көзқарасының жоқтығы; -
Өлім-жітімнің және асқынулар даму жиілігінің төмендеуіне әкелуге қабілетті емнің дәлелді нәтижелі әдістердің бары; -
Ятрогенді асқынулардың пайда болуының жоғары қауіптілігімен байланысты араласулардың болуы;
-
Бұл тақырып бойынша Қазақстанда ұсыныстарды құрастыру сәтінде ДМ-ға негізделген КН және ДЕХ жоқ.
КН және ДЕХ өңдеудің басталуына дейін олардың мақсаты, қарастырылатын мәселелер шеңбері, сонымен қатар олардың тапсырыс берушілердің соңғы өніміне ұсынылатын талаптар сипатталынған болуы керек.
Уақыттың қандай да бір кезеңінде ізделетін нозологиялардың көпшілігі бойынша республикалық бағыну ұйымдары және шетел мекемелерімен клиникалық нұсқаулар мен хаттамалар құрастырылған болатын. Олар бар құжаттар сапасында берілген және жергілікті шараларға бейімделуі мүмкін.
Жұмыс тобын құрастыру
Құрастырылатын хаттамалар немесе нұсқаулардың тақырыбы мен тізімдерін бекіткен соң, басты ұйым нұсқаулар мен хаттамаларды өңдеу бойынша жұмыстық топтарын қалыптастырады. Құрастырылатын хаттамалар немесе нұсқаулардың тақырыбы мен тізімдерін бекіткен соң басқарушы ұйым нұсқаулар мен хаттамаларды өңдеу бойынша жұмыстық топтарды қалыптастырады. Қазіргі КН және ДЕХ мультипәндік өнім болып табылады, сондықтан барлық басты және қызығушылығы бар мамандықтардың өкілдерін, сонымен қатар науқастарды өңдеу үрдісіне тарту КН және ДЕХ құрастырудың едәуір маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Жұмыстық топты құрастыру кезінде оның мүшелерін және олардың біліктілігінің бағалауының формализацияланған әдістерін қолдану керек. Жұмыстық топтың қатысушысы ДМ облысында арнайы дағдыларға ие болуы қажет, бұл үшін КН және ДЕХ өңдеу жұмысына кіріспес бұрын, оған алдын-ала қысқаша оқу өткізіледі.
КН және ДЕХ науқастарды емдеу мәселелерінен оқшауланған тек ғалымдар және үлкен мамандармен ғана құрастырылмауы керек, өйткені егер КН және ДЕХ дәрігерлердің көпшілігінің күнделікті жұмысында көрініс бермесе, олар сол қалпы жетуге мүмкін емес атын стандарт болып қалады.
КН және ДЕХ құрастырушылар тобына түрлі мамандарды енгізу келесіге кепіл береді:
-
науқасты емдеудің барлық кезеңдеріне қатысқан барлық медициналық мамандықтардың өкілдерінің енгізілуі; -
ғылыми дәлелдемелерінің тақырыбына қатыстылар анықталған және сыни көзбен бағаланған; -
КН және ДЕХ тәжірибелік қолданудың мәселелері анықталған және қарастырылған;
-
Қызығушылығы бар топтар КН және ДЕХ-рын, құрастырылуына өздері қатысқан, араласудың сенімді құралы ретінде қарастырылады, бұл КН және ДЕХ енгізу және қолдану кезінде олар қызмет етеді.
Жұмыстық топтың сандық құрамы түрлі масштабтарда түрлендірленеді және орташа есеппен алғанда 10-20 адамды құрайды. Одан басқа ол КН және ДЕХ өңдеу үрдісінде өзгеруі мүмкін. Қажет дегенде бір бағдарлама аясында қызмет ететін түрлі профилдердің бірнеше жұмыстық тобы құрастырылуы мүмкін. Жұмыстық бағдарламаларды құрастыру кезінде нәтижелі жұмысқа қажетті топтың қолайлы құрамы мен қатысушы ұйымдардың қажетті саны арасында ымырға жетілуі керек.
Мамандарды анықтау және олардың жұмыстық топ құрамына қатысу мүмкіндігі үшін қызығушылығы бар барлық басқарушы медициналық мекемелермен, ғылыми орталықтармен және кәсіби дәрігерлік ассоциацияларымен консультацияларды өткізген жөн. Осы кезде толық бағалы КН және ДЕХ өңдеу үшін жұмыстық топтар құрамына келесілердің кіретінін есепке алу керек:
1) медициналық көмекті ұйымдастыру үрдісінің терең ғылымдарымен мамандар (денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар);
2) өңделетін нұсқаудың тақырыбына сәйкес клиникалық тәжірибесі бар мамандар (денсаулық сақтаудың тәжірибелік бөлімінің өкілдері);
3) консультанттар: өңделетін тақырыптама мен аралық пәндердің басқарушы ғылыми қызметкерлер және аймақтық сарапшылар, клиникалық фармакологтар және басқа мамандар;
4) ғылыми ақпаратты іздестіру, жинақтау және сыни көзбен бағалаудың дағдыларына ие методологтар (дәлелді медицина бойынша мамандар);
5) науқастарды ұсынатын кәсіби ассоциациялардың, ұйымдардың, науқастардың өкілдері, орташа медициналық қызметкерлер және сәйкес мамандықтардың басқа медициналық қызметкерлері.
Жұмыстық топтың қатысушылары аталған бес облыстардың әрқайсысында болуы міндетті емес. Қатысушылардың көпшілігі бір немесе екі облыстардың мамандары болуы мүмкін, бірақ КН және ДЕХ бойынша жұмыстың белгілі кезеңдерінде олардың білімдері мен тәжірибесі бағалана алмайтын маңызды. Одан басқа мүмкіндігінше Қазақстанның түрлі аймақтарынан мамандардың қатысуын қамтамасыз ету керек.