Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 773
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жұмыстық топтың құрамына әрекеті денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және жоғары сапасымен қамтамасыз етумен байланысты халықаралық ұйымдардың өкілдерін енгізген жөн.
Сонымен қатар, мүмкіндігінше, нұсқаулар мен хаттамаларды құрастыруда науқастардың қызығушылықтарын есепке алу және қамтамасыз ету керек. Науқастардың ой-пікірі КН және ДЕХ сапасында оң мәнді әсер ететін болады. Науқастар медициналық қызметкерлермен есепке алынбаған сұрақтарды анықтап, мәселені дәрігерлердің көзқарастарынан олардың өзінің көзқарасы өзгешеленетін аспектілерін баяндай алады.
Жұмыстық топтың құрамы хаттамалар мен нұсқауларды өңдеу кезіндегідей, сонымен қатар оларды әрі қарайғы қайта қарастыру кезінде мағыналық айқынсыздықтардан және бұрыс түсіндіруден аулақ болу үшін мүмкіндігінше тұрақты болуы керек. Жұмыстық топ мүшелері білімдерінің деңгейі және оларды дайындау медициналық ғылымның дамуымен сәйкес тұрақты өсуі керек.
Қызығушылар арасындағы дау-жанжалдар декларациясы.
Жұмыстық топтың барлық қатысушыларына жазбаша формасында фармацевтік компаниялармен, медициналық құрал-жабдықтарды өндірушілермен және қызығушылығы бар басқа жақтармен бар қаржылық қарым-қатынастар туралы хабарлау керек. Бұл төлемді ғылыми консультациялар, төленген сапарлар, барша алдында шығып сөйлеулер және тағы басқа болуы мүмкін. Қызығушылықтырдың дау-жанжалының бары жұмыстық топ қатысушысы объективті болмайтыны немесе алдын-ала ойланылған екендігін автоматты түрде көрсетпейді. Бірақ, бұл қауіп бар екендігінен қызығушылықтардың дау-жанжалын КН және ДЕХ өңдеу үрдісімен ере жүретін құжаттамаға енгізу керек. Кейбір жағдайларда коммерциялық қызығушылық жұмыстық топқа толық қатысу үшін едәуір кедергі болуы мүмкін. Ондай қатысушы конфликттік қызығушылықтармен байланысты белгілі бір шеңбердегі сұрақтарды шешуге қатысудан бас тартуы керек, бұл жағдай құжаттық түрде жазылуы қажет. Бұл жүзеге асырылмаса, өңдеу тобындағы ондай қатысушының бары құжаттың абыройын төмендетіп жібереді.
КН және ДЕХ проектсін құрастыру
Екіншіден қайталап жасауды болғызбау немесе керісінше сәйкестілігі аз форматты құру үшін КН және ДЕХ-ды құрастыру кезінде басқа елдерден немесе еліміздің медициналық мекемелерінде құрастырылған КН және ДЕХ-ды қолданған жөн, сонымен қатар екіншілердің приоритеттілігі ерекше қажетті, өйткені олар жергілікті шарттарға бейімделген. Мамандардың түрлі тәуелсіз топтарымен өңделген КН және ДЕХ-дың бірнеше үлгілерін қолдану едәуір қолайлы болып табылады. Бұл кезде қандай да бір КН және ДЕХ іріктеу критерийлерін таңдау айқын аргументтелген және хаттамаланған болуы керек.
Бар клиникалық нұсқауларды іздестіру және оларды сыни көзбен бағалау
Нұсқаулар мен хаттамалардың басты міндеттерінің бірі науқас үшін оларды енгізу құны және бар ресурстарды қолдану бойынша қаупі төмен қолайлы қатынаспен сипатталынатын едәуір нәтижелі араласуларды таңдау болып табылады. Клиникалық нұсқаудан жеке алынған бар ең сенімді дәлелдемелерге негізделуі керек.
Жоғарыда аталғандай, КН және ДЕХ құрастыру жұмысының едәуір бөлігі басқа елдердің аналогтық нұсқауларды құрастырушыларымен жасалған болатын, сондықтан жасалған жұмысты екі еселеп жасау қажеттілігі жоқ. Егер елде іздестірілген бағыттыр бойынша КН және ДЕХ құрастырылған болса, онда жергілікті шарттарға бейімделгендігінен оларды қолдану қолайлы. Бейімделуі үшін бар құжаттар ретінде мамандардың түрлі тәуелсіз топтарымен өңделген бірнеше бар КН немесе ДЕХ іріктелуі мүмкін. Бұл бір жаңа құжаттағы түрлі бөлімдердің құрамын бейімдеу үшін КН және ДЕХ түрлі бөлімдерін қолдануға мүмкіндік жасайды, бұл клиникалық нұсқауларды құрастырудың схемасының мысалында көрсетілген (24- сурет).
24- сурет. Бар КН іздестіру және оның сапасын бағалау
Жарияланымдарда енгізу/шығару критерийлерін таңдау
Жарияланымдарды іздестіруге және сыни көзбен бағалауға кіріспес бұрын олардың енгізу\шығарудың критерийлерін анықтау қажет. Мысалы, жұмыстық топ тек ірі және абыройлы өңдеушілермен құрастырылған хаттамалар мен нұсқаулармен (мысалы, SIGN, NZGG және т.б.), немесе құрастырылғанына (жаңартылғанына) 5 жылдан аса емес уақыт болған КН және ДЕХ-мен жұмыс істеу немесе рецензияланған журналдарда (BMJ, JAMA, NEJM, Lancet және т.б.) кең талқыланған КН және ДЕХ-ды жұмыста қолдану арқылы шешім қабылдай алады. Жұмыстық топ тек белгілі бір тілде (тілдерде) жарияланымдарды енгізе алады. Жарияланымдарды енгізу\шығарудың критерийлері әр түрлі болуы мүмкін (жарияланымның типі, жарияланымның уақыты және т.б.), бастысы, критерийлерді таңдау аргументацияланған және хаттамаланған болуы керек.
Алынған КН және ДЕХ сапасын сыни бағалау
Енгізу\шығарудың таңдалған критерийлеріне сәйкес мәліметтердің электрондық базасында іздестіруден және жарияланымдарды сұрыптаудан кейін табылған КН және ДЕХ сапасының (методология мен клиникалық мазмұнының) сыни көзбен бағалануы жүргізіледі.
Сапаның бірлескен талдануы параметрлердің бірқатарын есепке алады: КН және ДЕХ-ды өңдеуде қолданылған методологияны, ұсыныстардың қорытынды варианты мазмұнының толықтылығы, құжаттың клиникалық мазмұнының сапасы, сонымен қатар КН және ДЕХ-ды тәжірибеде қолдана алу және тәжірибеге енгізумен байланысты факторлар.
Әдістемелік сапасын жүйелік бағалауы
Осы мақсатпен КН және ДЕХ-ды бағалаудың түрлі құралдары қолданылады. Бірақ едәуір түсінікті Халықаралық сұраушысы AGREE (Appraisal of Guidelines Research and Evaluation / Нұсқауларды Сараптау және Аттестациялау бойынша сауалнама) – халықаралық қауымдастықпен қабылданған, 13 еуропалық тілге (соның ішінде орыс) аударылған, КН және ДЕХ бағалауға арналған алғашқы құрал ДДҰ-нан мақұлдау алған, сонымен қатар Еуропаның Кеңесімен қолданылуға ұсынылған.
AGREE қолдану жұмыстық топқа келесіге рұқсат береді:
-
бағаланып жатқан КН және ДЕХ оларға талап етілетін сапа критерийлеріне жауап беретініне көз жеткізу; -
өңделуі үрдісі кезінде қолданылған КН және ДЕХ мазмұны және методологияның сұрақтарына назар салу; -
әрбір КН және ДЕХ сарапшыларымен қойылатын баға келіспеушіліктерді анықтауға және белгілі бір (едәуір даулы) сұрақтарды бөлшектеп талқылауда күшті жұмылдыруға көмектеседі;
-
жұмыстық топқа КН және ДЕХ өңдеу үрдісін жүйелеуге және құжаттауға рұқсат береді.
АGRЕЕ сауалнамасы материалды және ұсыныстардың кейбір аспектілерін ұсынудың сапасын бағалауға рұқсат береді. Ол клиникалық ұсыныстардың күтілетін нәтижелілігінің, яғни қажетті нәтижеге жету мүмкіндігінің бағалануын қамтамасыз етеді. Сауалнама аурудың клиникалық соңына ұсыныстардың әсерін бағалауға рұқсат етпейді.
АGREE сауалнамасында қолданылған бағалану критерийлерінің көпшілігі зерттеу дәлелдерден гөрі, теоретикалық болжамдарға негізделуі керек. Олар клиникалық ұсыныстарды өңдеу облысындағы таным және кең тәжірибесі бар бірнеше елдердің зерттеушілері арасындағы дискуссиялар барысында өңделген болатын. Осылайша, АGREE сауалнамасы қазіргі уақытта осы сұрақ бойынша білімдердің деңгейін қарастыруы қажет.
АGRЕЕ сауалнамасы жергілікті, аймақтық, жалпыұлттық, халықаралық үкіметтік емес немесе үкіметтік ұйымдармен өңделген клиникалық ұсыныстарды сараптауға арналған. Бұл клиникалық ұсыныстарға жатады:
-
жаңа клиникалық ұсыныстар -
бар клиникалық ұсыныстар
-
бар клиникалық ұсыныстардың жаңартулары.
АGRЕЕ сауалнамасы жалпы сипатқа ие және кез
келген ауруларды диагностикалау, алдын-алу және емдеу бойынша клиникалық ұсыныстарды бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Сауалнама баспа және электрондық түрде ұсынылған клиникалық ұсыныстарды бағалау үшін қолданылуы мүмкін.
AGRЕЕ сауалнамасы келесіні қолдану үшін арналған:
-
мемлекеттік мекемелер қандай клиникалық ұсыныстарды тәжірибеге енгізілуі керек екендігі туралы көмек ретінде шешімді қабылдауда. Осы жағдайларда сұраушыны қолдану ресми сараптама үрдісінің бір бөлігі болуы керек. -
клиникалық ұсыныстардың құрастырушылары өңдеудің құрылған және қатаң методологиясына және, сонымен қатар, өз ұсыныстар сапасын өзіндік бағалау үшін ілеседі -
ұсыныстарды енгізуден бұрын, олар медициналық қызметкерлермен өзіндік бағалануы үшін
-
оқытушылармен медициналық қызметкерлерді оқытуда көмектесу үшін жарияланатын мәліметтерді сыни қабылдаудың дағдыларына.
Бар құжаттарды бағалау кезінде AGREE критерийлері – бұл «алтын стандарт», немесе эталон екендігін есепке алу керек. Тәжірибеде өңделетін құжаттардың біреуі де эталонға толық сәйкес келмейді. Сондықтан негізгі міндеті бағаны қоюда емес, КН және ДЕХ құруда және бейімдеуде есептелетін жеткіліксіздіктері мен әлсіз жақтарын анықтауда.
Нұсқаулардың дәлелділік деңгейлері
Сапалы КН және ДЕХ қасиеттері – әрбір нұсқау мен ғылыми факт арасындағы байланыс. Әрбір нұсқаулыққа белгілі бір дәрежедегі «Дәлелділік деңгейі» беріледі, осы арқылы неғұрлым сенімді нұсқауларды сенімсіздігі төмен нұсқаулардан ажырату үшін. Белгілі бір дәлелділік деңгейін беру зерттеу дизайнының объективті және (аздаған субъективті) сапасына, біртектілігіне, клиникалық маңыздылығы бағасына негізделген. Мына жағдайды ерекше атап өту керек, нұсқаулықтың дәлелділік деңгейі – оның тәжірибелік МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНДА емес, оның ғылыми фактлер негізіндегі СЕНІМДІЛІГІНЕ байланысты. Басқаша айтқанда, дәлелділік дәрежесі егер нұсқаулықты тәжірибеде қолданса үміт күткен қорытындыға жету қаншалықты мүмкін болатынын көрсетеді.
Ұсыныс дәлелдігінің деңгейі келесі факторлармен анықталады:
-
Зерттеу типі (дизайны); -
Зерттеулер саны және енгізілген науқастардың саны; -
Нәтижелердің гетерогенділігі (барлық нәтижелер бір бағыттас болғанда, қолайлы); -
Нәтиженің және оның түрленуінің клиникалық маңыздылығы (сенімділік интервалы тар болғанда, қолайлы)
-
Қызықтыратын популяцияға зерттеу нәтижелерінің қолданылуы (төзімділігі, жинақтауы)
Алынған ақпараттың сыни көзбен талдануы
Дәлелдемелерді сұрыптау, жинақтау және сыни көзбен бағалау бойынша жұмыс – жұмыстық топ жеке ұсыныстарды қалыптастыруғы кіріспес бұрын шешілетін жеке есеп болып табылатынын атап өту керек.
Табылған дәлелдемелердің шынайылығы мен қолданылуы зерттеулер өткзілген науқастар тобының ғылыми зерттеулерінің және сипаттамаларының методологиялық сапасына тәуелді. Бүгін медицинада ғылыми зерттеулердің дәлелділік деңгейлерінің иерархиясына қатысты консенсус бар. Зерттеуде жүйеленген қателіктің пайда болу мүмкіндігі неғұрлым төмен болса, соғұрлым оның қорытындылары сенімді болады және соғұрлым белгілі бір сқрағ бойынша дәлелдемелердің бүкіл спектрін қарастырғанда ол едәуір салмаққа ие.
Клиникалық сұрақтың алуантүрлілігі зерттеудің қолайлы дизайнын бұйырады. Осылайша, рандомизацияланған клиникалық зерттеулерді жүйеленген шолуы – емдеу немесе алдын алу араласулар нәтижелілігінің дәлелдемелерінің ең сенімді көзі. Диагностикалық тестер немесе ауру болжамының сенімділігіне қатысты клиникалық сұрақтарға шынайы жауаптар басқа типті зерттеулерде алынуы мүмкін (16- кестені қара).
16- кесте. Клиникалық сұрақтардың алуан түрлілігі және оған сәйкес зерттеулердің қолайлы типтері
Клиникалық сұрақ | Зерттеудің қолайлы типі |
Емі | Рандомизациялық бақыламалы зерттеу* |
Сырқаттылық /таралуы | Популяцияны бірсәттік зерттеу |
Этиологиясы/қауіп факторлары | Когорталық зерттеу |
Болжамы | Когорталық зерттеу |
Тесттің диагностикалық құндылығы | Популяциядан кездейсоқ немесе кезекті таңдаманы қолданумен бірсәттік зерттеу |
* Кейбір жағдайларда РБЗ өткізу тәжірибелік себептерге (хирургиялық араласулардың кейбір түрлері) немесе этикалық түсініктерге (мысалы, балаларда) байланысты мүмкін емес.
Клиникалық сұраққа жауаптарды іздестіру зерттеулердің ең дәлелді типтерінен бастайды, ақпараттың жоқтығы немесе жеткіліксіздігінде дәлелдігі төменіректерді іздестіруге өтеді. Егер сұраққа жауап беру үшін РБЗ қатерсіз жүйеленген шолуы табылса, онда іздестіру аяқталады, өйткені сенімділігі төмен ақпарат өте көп болғанда, одан бас тартқан жөн.