Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 774
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алынған мақаланың әрбіреуі КН және ДЕХ құрастыру бойынша жұмыстық топтың кем дегенде екі қатысушымен талданады. Жарияланым сапалығының деңгейіне және оны бүкіл жұмыстық топпен қарастыру ұтымдылығына қатысты күмәндер пайда болған жағдайда сарапшылармен консультациялар өткізіледі. Жарияланымдарды талдауының мақсаты мәселенің таңдаулы басты бөлімдеріне, сонымен қатар енгізу\шығарудың критерийлеріне сәйкестілігін бағалау болып табылады. Іздестірулік міндеттергі жауап бермейтін, сонымен қатар методологиялық көзқарас бойынша сапасыз мақалалар алып тасталады.
Методологиялық сапаның критерийлері ретінде Торонтодағы Мак-мастер Дәлелді медицина университетінің (McMaster University) Канадалық ұсыныстарын қолдануға болады.
КН және ДЕХ соңғы ваианттарын қалыптастыру (қолжазбалық нұсқасын дайындауу)
Бар КН және ДЕХ-дан ұсыныстарға тұжырымдама беру
Бар КН және ДЕХ-дың методологиялық және клиникалық сапасын сыни бағалау, іздестіруді өткізгеннен кейін жұмыстық топ сұрыпталатын КН және ДЕХ-дан қандай ұсыныстарды құрастырылатын құжаттың соңғы вариантына енгізу туралы шешім қабылдауы керек. Варианттар бірнеше болуы мүмкін:
1.Қандай да бір құжаттан барлық ұсыныстарды өзгеріссіз енгізу;
2.Жергілікті жағдайларда қолданыла алмайтын немесе дәлелдемеліліктің төмен деңгейімен сипатталатын ұсыныстарды алып тастау арқылы бір КН\ДЕХ-ды бейімдеу;
3.Жергілікті жағдайларда қолданыла алмайтын немесе дәлелдемеліліктің төмен деңгейімен сипатталатын ұсыныстарды алып тастау арқылы әдебиетті қосымша іздестіру үрдісінде құрастырылған ұсыныстарды енгізетін бір КН\ДЕХ-ды бейімдеу;
4.Бір құжатқа жинақталған бірнеше КН\ДЕХ-дан ең жақсы ұсыныстарды алу;
5.Әдебиетті қосымша іздестіру үрдісінде құрастырылған ұсыныстарды қосып, бір құжатқа жинақталған бірнеше КН\ДЕХ-дан ең жақсы ұсыныстарды алу;
Жергілікті шарттарға бейімделетін КН және ДЕХ қолдану
Төменде Қазақстанның шарттарына КН және ДЕХ бейімделуі кезінде қарастыруды талап ететін негізгі факторлар көрсетілген:
-
Популяцияның ерекшеліктері. Жұмыстық топ басқа елде зерттеу өткізілген популяцияға қарағанда Қазақстан аумағындағы түрлі диагностикалық тестер және емдік шараларға әсер ететін биологиялық механизмдердің бар екендігін шешуі керек. Мысалы, Қазақстан популяциясында бейімделетін КН және ДЕХ құрастырылған популяцияларға қарағанда қандай да бір аурулардың басқа даму деңгейі, жыныстық-жастық немесе этникалық құрамы болуы мүмкін. -
Медициналық көмек көрсету ерекшеліктері. Шетел басылымдарда табылған ұсыныстарды қарастырғанда денсаулық сақтаудың қаржылық мүмкіндіктері және құрал-жабдықтық-техникалық жағдайын, квалификациясы бар қызметкерлердің болуы және дәрілік заттардың жеткіліктігінің барын есепке алу керек. -
Мәдениет пен менталитеттің ерекшеліктері. Жағдайлардың бірқатарында мәдени ерекшеліктер шетел ұсыныстардың өңделуі мен бейімделуінде бөгет бола алады. Батыс елдердегі таралған жасанды тамақтандыру немесе сексуалдық тәртіп облысындағы зерттеулердің кең таралуы мысал бола алады.
Жиі бар КН және ДЕХ-дың бейімделуі өңделушілермен жергілікті шарттарда қолданылуға мүмкін бола алатын ұсыныстардың өзгеруі ретінде түсініледі. Көбінесе бұл тұжырым мағынасының және тұжырымдануы өзгерісімен қосарласады, өйткені бұл осы ұсыныс базаланған ғылыми фактілерден бас тартуды тудырады. Осымен қоса, бейімделетін КН немесе ДЕХ–дың жарық көргеннен кейін жаңа дәлелдемелер пайда болған жағдайлардан басқа КН және ДЕХ бейімделуіне ғылыми тұрғыдан дәлелденген фактілерге негізделген ұсыныстардың өзгерісі кірмейді. Егер ұсыныстың тұжырымдануы өзгертілген болса, онда жұмыстық топ бұған себептердің айқын түсінігін беруі керек.
Шешім қабылдаудың тұжырымдалған әдістері
Түрлі басылымдардан және ұсыныстарға тұжырым жасаудан алынған мәліметтерді жинақтау үрдісінде КН және ДЕХ құрастыру бойынша жұмыстық топ ішкі келіспеушіліктермен соқтығысуы мүмкін. Осы жағдайда жұмыстық топ топтың қатысушылары көпшілігінің пікірін көрсететін көзқарас негізінде консенсусқа жетуді – келісімді қабылдауды қажет ететін бірқатар сұрақтар бойынша ұжымдық шешімдер қабылдауы керек. Шешім қабылдаудың бірнеше жүйеленген (формалдық) әдістері бар: Delfi; Rand, номиналды топтардың техникасы, келісімдік комиссияның кеңес өткізуі және т.б.. Өкінішке орай, қазіргі уақытта қандай әдіс және қандай жағдайларда қолдану қажет екендігі туралы айқын ғылыми мәліметтер жоқ. Аталған әдістердің әрқайсысы өзінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие. Осымен байланысты бірнеше әдістің гибридтерін қолданған қолайлы.
КН және ДЕХ апробациясы
Жұмыстық топтардың мүшелерінің барлық сұрақтар мен келіспеушіліктерді қорытындылап талқыланғанынан кейін, шынайы клиникалық жағдайларда ұсынылатын әдістемелерді тәжірибелік бағалау және талдау үшін емдеу-алдын-алу мекемесінің өкілетті өкілінің шешімі бойынша таңдалған КН және ДЕХ проекттік үлгілері басылған және электрондық тасымалдаушыларда ұсынылады.
Басқарушы мекеме апробацияны өткізбес бұрын қызығушылығы бар жақтардың - өкілетті өкіл құрылымдарының жауапкер әріптестер, жұмыстық топтардың мүшелері, жергілікті және\немесе халықаралық сарапшылар, денсаулық сақтаудың мақсатшыл топ мамандары және т.б. - қатысуымен семинар ұйымдастырылады. Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:
-
КН және ДЕХ апробациясының мақсаттары, міндеттері және шарасы;
-
КН және ДЕХ қолдану салдарынан медициналық көмек сапасының жақсару сұрақтары; -
КН және ДЕХ мәліметтерін өңдеуінде қолданылатын ДМ қағидалары; -
КН және ДЕХ бағалау методологиясы; -
КН және ДЕХ апробациясын өткізудің бөлшектелген жоспары және формалар мен анкеталарды толтыру реті; -
Апробацияны өткізудегі мүмкін бөгеттер мен асқынуларды талқылау; -
Апробацияны өткізетін ұйымдардың КН және ДЕХ өңдеушілермен кері байланыс шарасы.
Апробация үрдісінде тәжірибелік денсаулық сақтаудың өкілдерімен жаңа хаттамалар мен нұсқаулардың қолданылуға қабілеті, олардың белгілі бір медициналық мекеменің және денсаулық сақтаудың әрекетшіл жүйесі аясында медициналық көмек көрсетудің арнамалылығының шынайылығына талаптарының сәйкестілігі бағалануы керек. Олардың құрылымы, форматы, клиникалық мазмұны және т.б. бойынша барлық ескертулер, қосымшалар, өзгертулер және ұсыныстар КН және ДЕХ бағалаудың арнайы формаларына енгізіледі. 3 Қосымшада 2005 жылы ҚР денсаулық сақтау мекемелеріндегі ДЕХ апробациясы кезінде қолданылған осындай формасының мысалы келтірілген.
КН және ДЕХ апробациясы кезінде алынған бүкіл ақпарат бұл мекемелердің жауапты адамдармен толтырылады, және толықтау үшін басқарушы ұйымға электрондық және қағаз түрінде тапсырылады. Апробацияны өткізудің едәуір объективизациясы үшін AGREE Instrument сұраушысынан бейімделген арнайы анкеталарды қолдануға болады. Апробация кезінде алынатын ескертулерге ұсынылатын міндетті талаптардың бірі бұл ақпарат алынған сенімділікке ие басылымдарға сүйенулердің міндетті түрде болуы және қатаң дәлелдемеліліктің аясында барлық келтірілетін ескертулер негізделуі керек екендігі болып табылады. Объективті себептердің (қажетті жабдық пен қызметкерлердің жоқтығы, кадрлардың аздығы, жоғары мамандырылған көмек көрсетудің мүмкінсіздігі және т.б.) салдарынан ұсынылатын КН және ДЕХ-мен бұйырылатын талаптарды сақтау мүмкінсіздігі туралы ақпарат 3 Қосымшада келтірілген формада бекітіледі және негізделеді.
КН және ДЕХ проекттерін пилоттық ұйымдарға таратудың бүкіл үрдісін, орындардағы апробацияны және ақпараттың жинағын 6 ай ішінде жүзеге асыруға ұсынылады, өйткені қысқа мерзімдерде территориалдық түрде алыстатылған емдік-алдын-алу мекемелердің апробациясына тарту кезінде зерттеуді жеткіліксіз толық іске асырудың мүмкіндігі бар.
КН және ДЕХ толықтау
Апробациядан кейін алынған ескертулер нозологияларға сәйкес біріншілік өңделуді және таңдаманы өтетін басқарма ұйымға бағытталады, ал кейін біріншілік КН және ДЕХ өңделуін жүзеге асыратын профилдердің жұмыстық өңдеуші-мамандардың топтарында зерттеу үшін ұсынылады. Осы мамандар көкейтестілік, кәсіби сауаттылық және олардың дәлелділігінің дәрежесі жағынан ескертулерді бағалайды. Қорытындылап түзетілген ескертулер кейін бастапқы КН және ДЕХ құрылымына енгізіледі.
Қажеттілігінде КН және ДЕХ толықтау ерте бекітілген КН және ДЕХ-на қатысты өткізіледі, өйткені олар медициналық ғылымның соңғы жетістіктерінің нәтижелерін көрсетуі керек. Сондықтан олар ғылыми зерттеулердің ең жаңа мәліметтерінің пайда болуына сәйкес тұрақты жаңартуды талап етеді. Бар КН және ДЕХ толықтауы туралы шешім Сараптама кеңеспен қабылданады.
Сараптама кеңесі КН және ДЕХ-дың болжанатын жаңартуының шарасы және уақыты туралы айқын ережеге ие болу керек. Жаңарту үшін қолайлы уақыттық интервал түрлі факторларға, әсіресе клиникалық облысында, тәуелді. Клиникалық медицинаның кейбір бөлімдерінде (кардиология, қарқынды терапия, онкология) жаңа мәліметтердің пайда болуы өте тез жүзеге асады. Осындай облыстарда негізгі нұсқауларды қайта қарастыру әрбір 2-3 жыл сайын өткізілуі керек. Бұдан басқа, КН және ДЕХ жаңартылуы ғылыми зерттеушілер, денсаулық сақтаудың тәжірибелік тобының өкілдері, науқастар және қызығушылығы бар басқа жақтарынан қосымша ескертулер және ұсыныстардың түсу қарқындылығына тәуелді болуы қажет.
КН және ДЕХ толықтау түскен ескертулерді басқарма ұйымға бағыттағаннан кейін 1 ай ішінде өткізіледі.
Өңделген КН және ДЕХ методологиялық және клиникалық мазмұнының сыртқы сараптамасы
КН және ДЕХ құрастырылған проекттік үлгілерінің методологиялық және клиникалық мазмұнын бағалау басқарма ұйымда олардың толықтауы аяқталғаннан кейін сараптама кеңесімен немесе қажеттілігінде КН және ДЕХ өңдеу бойынша жұмыстық топтардың құрамына кіруі тиіс емес тәуелсіз сыртқы сарапшылармен тартылатын сараптама кеңесімен бағаланады. Методологиялық сапаны бағалау бойынша сараптама тобының құрамына мүмкіндігінше КН және ДЕХ-мен жұмыстың бұрынғы тәжірибесіне, сонымен қатар ДМ бойынша білім мен дағдыларға ие мамандар кіруі керек.
Қорытынды бағалауды өткізудің маңызы келесімен түсіндіріледі:
-
жұмыстық топ КН және ДЕХ құрастыру және апробациясы үрдісінде есепке алынбаған болуы мүмкін талаптар және дәледемелер бойынша, сонымен қатар енгізілген дәлелдемелердің альтернативті интерпретациясы бойынша қосымша ескертулер және ұсыныстарды алады; -
құрастырылған КН және ДЕХ бағасына қатысты басқа облыстардан мамандар тартылады, бұл пәнаралық анализдің аясында ұсыныстардың қорытынды варианттарының формасына әсер етуін рұқсат, бұл кейінгіде КН тәжірибелік енгізілуін жеңілдетеді. -
өңделген КН және ДЕХ енгізуге арналған мүмкін бөгеттер қарастырылуы және талқылануы мүмкін.
Құрастырылған КН және ДЕХ дәлелділігі мен клиникалық дұрыстығын анықтаудан басқа, сарапшылармен апробациядан кейін түскен ескертулерге сәйкес жасалған КН және ДЕХ-дағы өзгерістердің жұмыстық тобы мүшелерімен енгізілудің объективтілігін талдау өткізілуі керек.
Қайта құрастырылған КН және ДЕХ бағалаудан басқа бар КН және ДЕХ-дың кезеңдік талдауын олардың кейінгі жаңартылуы мен жетілдірілуі мақсатында өткізу керек. Бұл қажет, өйткені, біріншіден,емдеу үрдісін жақсартуға және жетілдіруге мүмкіндік жасайтын, аурулардың диагностикасы мен емі сферасында медициналық технологиялардың тұрақты дамуы жүзеге асады; екіншіден, емдік және диагностикалық шараларды, сонымен қатар медициналық қызметті тұтынушылар және тасымалдаушылардың құқықтық статусын өткізудің нормалары мен ережелерін регламентациялайтын нормативтік-құқықтық базаның өзгерісі іске асады. КН және ДЕХ жетілдіру үрдісі медициналық тәжірибеге жаңа КН және ДЕХ толық енгізілуінен кейін, сонымен қатар тәжірибелік денсаулық сақтауда оларды ұзақ уақыт бойы (1-2 жылдан аз емес) қолданудан кейін жүзеге асады.