Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 326
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Инвестицияның қарапайым функциясы: I =I(r), инвестиция пайыз мөлшерлемесіне кері байланысты. Пайыз мөлшерлемесі өссе немесе төмендесе инвестициялық шығындардың альтернативті құны қысқарады немесе өседі, яғни инвестиция арзандайды немесе қымбаттайды да оларға сұранысты өзгертеді. Осы тұжырымдарды қолдана отырып, тауарлар мен қызметтер нарығында пайда болатын тепе-теңдіктерді сипаттайтын IS қисығынталдауға болады. Оны 1 суреттегі графиктердің көмегімен көрсете аламыз.
Сурет 1 - IS қисығын құрастыру
Кейнс крестінде a нүктесінде жоспарланған шығындар мен нақты шығындар тең, инвестиция мөлшерлемесі r1 , ал осы пайыз мөлшерлемесінде инвестицияға сұраныс I1 . Жоспарланған шығындар E1=C+I1+G. Жоғарғы a нүктесінен төмен қарай, r1–ден оңға қарай сызықтар жүргізсек, төменгі IS қисығының кординаттарында олар кездеседі, сөйтіп төменгі a нүктесін аламыз.
Енді бір себептермен пайыз мөлшерлемесі төмендеді деген жорамал жасасақ табыс пен шығарылым қалай өзгереді?
Пайыз мөлшерлемесі инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін кредит алу шығындары болып табылады, демек, пайыз ставкасының r1-ден r2-ге дейін төмендесе инвестициялық шығындар арзанға түседі де жоспарланған инвестициялар I1-ден I2-ге дейін өседі (инвестиция функциясының графигі). Жоспарланған инвестициялардың өсуі шығындар функциясын Е1-ден Е2-ге дейін жоғары жылжытады (Кейнс крестінің графигі). Шығындар функциясының ауысуы табыстың жоғары деңгейіне әкеледі. Жоғарғы b нүктесінен төмен қарай, r2 –ден оңға қарай сызықтар жүргізсек IS қисығының кординаттарындағы төменгі b нүктесін аламыз. Төменгі a мен b нүктелерін бір-бірімен сызық арқылы қоссақ IS қисығын аламыз. Осылайша, пайыз мөлшерлемесінің өсуі табысты немесе шығарылымды Y1 –ден Y2 –ге өсіреді.
IS қисығын талдаудан туындайтын тұжырымдар:
-
IS қисығы тауар нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін пайыз мөлшерлемесі мен табыс деңгейінің үйлесімдерін көрсететін көптеген нүктелерден тұрады; -
IS қисығы төмен қарай еңкіш болады, себебі пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі инвестициялық шығындарды (жоспарлаған шығынды) өсіреді, яғни жиынтық сұранысты және тепе-тең табыс деңгейін ұлғайтады; -
IS қисығының еңкіштігі мультипликатор мөлшері мен инвестицияға сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне икемділігімен анықталады. Мультипликатор мөлшері аз болса және инвестицияның пайыз мөлшерлемесіне сезімталдығы төмен болса IS қисығы тіктеу болады және керісінше; -
автономды шығындардың ұлғаюы (G-мемлекеттің шығындары, TR-трансферттер) IS қисығын оңға жылжытады, ал азайса IS қисығы солға жылжиды. Ынталандыратын бюджет-салық саясаты (мемелекеттік шығынның өсуі немесе салық мөлшерлемесінің төмендеу) IS қисығын жоғары оңға жылжытады, нәтижесінде тепе-тең табыс пен пайыз мөлшерлемесі өседі және керісінше; -
IS қисығының оң жағында нүктелерде тауарлардың ұсынысы оларға сұраныстан көп, қисықтың сол жағында - сұраныс ұсыныстан көп болады.
Сонымен, IS қисығының сипаттамасы: тауарлар мен қызметтер нарығында жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдігін, жинақ пен инвестицияның теңдігін, жиынтық сұраныстан шығатын ағымдар оған кіретін ағымдардың теңдігін, нақты шығындар мен жоспарланған шығындардың теңдігін көрсететін нүктелердің сызығы.
8.2 Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM – қисығы.
LM қисығы ақша нарығындағы көптеген тепе-теңдіктердің сипаттамасы. Ақшаның номиналды санын Ұлттық банк бақылайды. Ақшаның ұсынысы MS берілген шама, пайыз мөлшерлемесіне байланысты емес.
Өтімділікті қалау теориясына сүйене отырып ақша нарығында пайда болатын тепе-теңдіктерді сипаттайтын LM қисығын суреттегі графиктердің көмегімен көрсете аламыз (сурет 2).
Сурет 2- LM қисығын құрастыру
Осыған дейін тек пайыз мөлшерлемесі нақты ақша қорларына әсер етеді деген тұжырым жасалған және ақшаға сұраныс табысқа да тығыз байланысты болатынын, табыс өссе ақшаға тарнзакциялық сұраныста өсетіні айтылған. Ақшаға жалпы сұраныс функциясы: (M / P)d = L(Y, r). Бұл функцияда ақшаға сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне кері байланысты және табысқа тура байланысты екені көрсетілген.
Ақша нарығындағы бастапқы тепе-теңдік r1 пайыз мөлшерлемесіне сәйкес келетін Ms пен L(r1,Y1) қисықтарының қиылысқан нүктеде. r1-ден екінші графикке қарай сызық жүргізу арқылы Y1-ге сәйкес келетін а нүктесін белгілейміз. Енді графикте көрсетілгендей табыс Y1–ден Y2–ге өссе ақшаға сұраныс та өседі, ақшаға сұраныс қисығы орнын оңға жоғары L(r2,Y2) жылжытады. Ақшаның ұсынысы тұрақты жағдайда нарықтағы сұраныстың өсуі пайыз мөлшерлемесін r1 –ден r2–ге дейін өсіреді және жаңа тепе-теңдік пайда болады. Ол r2 пайыз мөлшерлемесіне сәйкес келетін Y2 табыс дейгейін көрсететін b нүктесі. Енді а мен b нүктелерін сызық арқылы қоссақ LM қисығын аламыз.
Ақша нарығындағы берілген нақты ақша қалдықтарының (М/Р) деңгейінде пайыз ставкасы мен табыстың арасындағы тура байланысты LM сызығы сипаттайды. LM сызығының бойындағы кез-келген нүкте ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің әсерін ескерсек ақша нарығындағы тепе-теңдіктің алғы шарты:
(M/P) = kY – hi (1),
мұндағы:
k – ақшаға сұраныстың табысқа икемділік коэффициенті;
h - ақшаға сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне икемділігі.
Осы теңдіктен пайыз мөлшерлемесін анықтасақ LM қисығының теңдігін аламыз:
i = 1/h (kY – M/P) (2),
LM қисығын талдаудан туындайтын тұжырымдар:
1. LM қисығы оң көлбеу түрінде болады. Осы тіркелген ақша ұсынысында ақшаға сұранысты арттыратын табыс деңгейінің өсуі пайыз мөлшерлемесінің өсуімен қатар жүреді. Бұл ақшаға сұранысты қысқарту арқылы ақша нарығындағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.
2. LM қисығының еңкіштігі ақшаға сұраныстың табысқа (k) және пайз мөлшерлемесіне (h) икемділігіне байланысты. Егер k >1, h < 1 болса LM қисығы тіктеу болады. Егер h > 1 болса LM қисығы көлбеулеу болады. LM қисығы мүлдем тік немесе мүлдем көлбеу болуы да мүмкін. Ол ақшаға сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне икемділігінің дәрежесіне байланысты.
3. LM қисығы нақты ақша ұсынысының өзгеруіне байланысты орнын жылжытады. Нақты ақша ұсынысы өссе LM қисығы орнын оңға ауыстырады және керісінше.
4. LM қисығының оң жағында ақшаға сұраныс оның ұсынысынан көп, сол жағында керісінше.
8.3 IS-LM - тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдіктің моделі.
IS-LM моделін алғаш рет Дж.Р.Хикс ұсынды. Кейнстің макроэкономикалық тұжырымдамасының мәнін баяндаудың көрнекі тәсілі ретінде IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесінде бір мезгілде ақша және тауар нарығында тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік бағалы қағаздар нарығындағы тепе-теңдікпен бір мезгілде болатынын ескеру қажет. Сондықтан тауарлар, ақша және капитал нарықтарындағы бірлескен тепе-теңдікке қол жеткізу шарттарын анықтау үшін жоғарыда көрсетілген IS және LM қисықтарын біріктіру қажет (сурет .3).
Сурет 3 - Тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдік
Е нүктесінде тауарлар мен активтер нарығы бір мезгілде тепе-тең жағдайда болады. Y0 тепе-тең табыс немесе шығарылым көлемі, ал r0 тепе-тең пайыз мөлшерлемесі. Одан ұлттық табыс мөлшері мен пайыз мөлшерлемесі мәндерінің бір ғана үйлесімі бар екенін және бір мезгілде үш нарықта (ақша, тауар мен капитал) тепе-теңдікке қол жеткізілетінін көреміз.
Тауарлар, ақша және бағалы қағаздар нарығындағы бірлескен тепе-теңдікке сәйкес келетін тауарлар нарығындағы жиынтық сұраныстың көлемін тиімді сұраныс деп атайды. Тиімді сұраныстың шамасымен бірге ұлттық табыстың және пайыз ставкасының тепе-тең үйлесімі мәмілелер үшін ақша мен мүлік ретінде айналымдағы ақшаның санын бөлумен айқындалады.
IS және LM желілерін құру кезінде олардың үстінде артық аймақтар, ал олардың астында тапшылық аймақтары болатыны айтылған. Сондықтан бұл сызықтардың қиылысуы ұлттық табыс пен пайыз ставкаларының барлық жиынтығын жеке нарықтардағы теңсіздік сипатымен ерекшеленетін төрт облысқа бөледі.
Ұлттық табыстың нақты мәндері мен пайыз ставкасы олардың тепе-тең мәндерінен ауытқыған жағдайда не болады? Мысалы, тауарлар мен ақша нарығында артық ұсыныс бар. Нарықтық мәмілелерге қатысушылар, ұлттық табыстың мәні мен пайыз ставкалары бір-бірімен сәйкес келмегендіктен, екі нарықтағы сұраныс пен ұсынысты өзгертуге тырысады. Экономиканың тепе-тең жағдайға қарай қозғалыс процесі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл экономикалық субъектілердің мінез-құлқына байланысты.
Алайда, көп жағдайда ақша нарығында тепе-теңдік тауарлар нарығына қарағанда тезірек орнайды деп болжауға болады, өйткені өндіріс көлемін өзгерту үшін айналымдағы ақша санын өзгертуге қарағанда көп уақытты талап етеді. Ақша нарығындағы ұсыныстың артық болуы пайыз ставкасының төмендеуіне әкеледі. Осының салдарынан ақша ұсынысы қысқарады, ал оларға сұраныс өседі. Белгілі пайыз ставкасы мен ұлттық табыс деңгейінде ақша нарығында тепе-теңдік орнайды. Осы уақытта тауарлар нарығында әлі де артық тауар болады, ол тұрақты бағалар кезінде екі факторлардың әсерінен азая бастайды:
1. Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі кәсіпкерлердің инвестициялық сұранысын арттырады.
2. Дайын өнім қоймаларында нормативтен тыс қорлардың пайда болуынан, кәсіпкерлер өндірісті қысқартады, бұл табыстың төмендеуіне әкеледі.
Пайыз ставкасы мен табыс тепе-теңдікке қарағанда аз болған кезде ақша нарығында қайтадан артықшылық пайда болады және пайыз ставкасы одан да көп төмендейді. Бейімделу процесі ұлттық табыс пен пайыз мөлшерлемесінің мәндерінде бірлесіп тепе-теңдік орнатылғанға дейін жалғасады. Ұқсас процестер кез-келген басқа тепе-тең емес күйде пайда болады.
Үй шаруашылықтары өз мүлкінің құрамында ақша үлесінің ұлғайғанын байқап, оның оңтайлы құрылымын қалпына келтіру үшін бағалы қағаздарға деген сұранысты арттырады. Бағалы қағаздар бағамы өседі, ал пайыз ставкасы азаяды. Оның төмендеуі тиімді инвестициялық жобалардың санын арттырады және инвестицияларға деген сұраныс артады. Резервтік өндірістік қуаттар болған кезде мультипликативтік әсер пайда болады және ұлттық табыс өседі. Демек, толық жұмыспен қамтылмаған кезде экономикада айналыстағы ақша санының өсуі нақты ұлттық табыстың өсуімен сүйемелденеді. Бұл Дж. М. Кейнстің бір негізгі теориялық тұжырымы.
Бірақ бұл жағдайда екі ерекшелік бар. Егер қарастырылып отырған үш нарықтағы бірлескен тепе-теңдікте LM қисығы «кейнсиандық» аймаққа түссе, онда экономика «өтімділік тұзағына» түседі. LM қисығы көлденең сызық арқылы көрсетіледі. «Өтімділік тұзағы» - бұл ақша (өтімділік) санының өзгеруі нақты ұлттық табысты өзгертпейтін жағдай. Егер «өтімділік тұзағы» болса, яғни халық пайыз ставкасының ең төмен деңгейге түскеніне (r*) қарамастан жауап бермесе, онда ақша санының өсуі (Ms) пайыздық ставкаға, табыс деңгейіне, инвестицияға сұранысқа, жиынтық сұранысқа, шығару көлеміне әсер етпейді және толық жұмыспен қамтуға кепілдік бермейді.
Сурет 4 – «Өтімділік тұзағы»
Ақша-кредит саясатының тиімділігі. Егер ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесіне байланысты болмаса ақша-кредит саясаты тиімді. Ал, егер «өтімділік қақпаны» болса, яғни халық пайыз мөлшерлемесіне көңіл бөлмесе, онда Ms пайыз ставкасына, Id, AD мен шығарылым көлеміне әсер етпейді.
Егер экономика инвестициялық тұзаққа түссе, ұқсас жағдай туындайды. Ол инвестицияларға деген сұраныс пайыз ставкасына мүлдем икемсіз болса пайда болады. Мысалы инвесторлар болашақтағы нарықтың жағдайларына сенбесе инвестицияларға деген сұраныс пайыз ставкасына мүлдем икемсіз болады.
8.4 AD-AS және IS-LM моделінің өзара байланысы.
Тауарлар нарығының ақша нарығымен өзара байланысын талдау негізінде баға деңгейінің өзгеруі жиынтық сұраныстың шамасына қалай әсер ететінін және тиімді сұраныс көлемінің баға деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын оның функциясын құруға болады. AD қисығы баға деңгейі мен табыстың арасындағы кері байланысты сипаттайды. Ақша ұсынысының өзгермеген көлемі кезінде баға деңгейінің өсуі табыстың төмендеуіне алып келеді. Ақша ұсынысының ұлғаюы немесе азаюы жиынтық сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуына әкеледі (сурет 5).
Сурет 5 - IS-LM моделіндегі жиынтық сұраныс
Жиынтық сұраныс қисығын алу үшін кестеде көрсетілген IS-LM моделін қолданамыз. Графикте көрсетілгендей баға деңгейінің P1-ден P2–ге өссе, тұрақты ақша ұсынысы жағдайында ақша қаражатының нақты қоры (М/Р) қысқарады да LM қисығы орныны LM(P1)-ден LM(P2)–ге жылжытады. Ақша қаражатының нақты қорының қысқаруы ұлттық табысты немесе шығырылым көлемін Y1