Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 320
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2011 жылғы 30 маусымда республиканың жалпы сыртқы борышы 124,1 млрд.доллар болды, оның 6,5 млрд. доллары немесе 5,3%-ын мемлекеттік сектордың сыртқы борышы (Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттемелері) құрады, фирмааралық берешек үлесіне 56,2 млрд. доллар немесе 45,3%, банк секторы - 18,6 млрд. доллар немесе 15,0%.
Қазақстан Республикасының қарызының елдік құрылымы 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында (%- бен) Нидерланды - 21,1%, Ұлыбритания - 20,9%, Қытай - 10,4%.
Қарыздар бойынша борыштың валюталық құрылымында бұрынғысынша АҚШ доллары – 90%, еуро үлесі - 2,3 %, жапон иенасы - 0,6% көшбасшы болды, қазақстандық теңге үлесі 7,0%-ды құрады. Қазақстандық банктердің негізгі кредиторлары - резидент еместері қаржы ұйымдары: шетелдік банктер, халықаралық қаржы ұйымдары (ЕҚДБ, АДБ) және еурооблигациялардың соңғы иелері болып табылатын басқа институционалды инвесторлар. Ұлыбритания отандық банктер үшін негізгі кредитор болып қала берді үлесі - 61,8%, Қытай үлесі - 13,2%, Австрия - 4,7%, МҚҰ – 2,9%, Нидерланды - 2,0%, Германия - 1,6%, басқа елдердің үлесі - 13,7%.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы мемлекеттік борышы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 27,6%–ға ұлғайып, 5,614 трлн теңгеге жетті, оның ішінде 31 желтоқсандағы Үкіметтің борышы 5555,3 млрд теңгені құрады: 4178 млрд теңге ішкі борыш пен 1377,2 млрд теңге сыртқы борыш, ҚР Ұлттық Банкінің борышы – 43,7 млрд теңге, жергілікті атқарушы органдардың борышы - 15,5 млрд теңге. 2014 жылғы 1 қаңтарда ҚР мемлекеттік қарызы 4,4 трлн теңгені құрады. 2015 жылы республикалық бюджет тапшылығы 1 257,7 млрд теңге мөлшерінде немесе ЖІӨ-ге 3,0% деңгейінде сақталды.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы мемлекеттік борышы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 27,6%–ға ұлғайып, 5,614 трлн теңгеге жетті, оның ішінде 31 желтоқсандағы Үкіметтің борышы 5555,3 млрд теңгені құрады: 4178 млрд теңге ішкі борыш пен 1377,2 млрд теңге сыртқы борыш, ҚР Ұлттық Банкінің борышы – 43,7 млрд теңге, жергілікті атқарушы органдардың борышы - 15,5 млрд теңге. 2014 жылғы 1 қаңтарда ҚР мемлекеттік қарызы 4,4 трлн теңгені құрады. 2015 жылы республикалық бюджет тапшылығы 1 257,7 млрд теңге мөлшерінде немесе ЖІӨ-ге 3,0% деңгейінде сақталды.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 трлн теңгені құрады. Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша елдің мемлекеттік қарызы 40 млрд долларды құрады. Ведомствоның нақтыланған деректері бойынша, 12 трлн теңге (31 млрд доллар) үкіметтік борышты құрады: ішкі - 6,7 трлн теңге (17 млрд доллар), сыртқы – 5,4 трлн теңге (14 млрд доллар). Үкімет алдындағы қарыз республикалық бюджет қаражатынан өтеледі. 2019 жылы Қазақстанға тек Грузия ғана қарыз болды, бұл көрсеткіш 25,4 млн долларды құрады.
2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 158,3 млрд АҚШ долларын немесе ЖІӨ-ге 87,7%-ды құрады (жыл басынан бері 0,8 пайыздық тармаққа жақсару). Сыртқы борыш құрылымында бұрынғысынша фирмааралық берешек басым - 63,3%, корпоративтік сектордың байланысты емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы - 25,1%, мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет және Ұлттық банк) - 8,0%, банк секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) - 3,6%.
Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 806,1 млн. АҚШ долларына өсіп, 47,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Сыртқы үкіметтік борыштың жалпы көлемінің 2,3 триллион тенге, халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған кредиттер. Олар Халықаралық Қайта Құру және даму банкі, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Азия Даму банкі және Ислам Даму банкі. Сонымен қатар сыртқы үкіметтік борыш шетелдік коммерциялық банктерге, шет мемлекеттердің үкіметтік ұйымдарына 253 миллиард теңгені құрайды. Олар арабэкономикалық дамуының Кувейт қоры, Абу-Даби Даму қоры, Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі және Германия үкіметінің кредит агенттігі.
Қазіргі кезеңде әлемдегі барлық мемелекеттердің сыртқы борышы бар. Мысалы, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 22 триллион доллардан асады, осы қарыздың 27 пайызы әртүрлі мемлекеттік компанияларға, оның ішінде зейнетақы қорына 33 пайыз, жеке тұлғалар мен банктерге, 40 пайызы шетелдік кредит берушілерге АҚШ үкіметтінің қарызы.
Қытай мен Жапония жалпы соммасы 2 триллион 210 млрд.доллар тұратын АҚШ үкіметінің қарыз облигацияларының ең ірі ұстаушылары. Ресей өз активтеріндегі американдық бағалы қағаздардың санын азайтты, қазір Ресей АҚШ экономикасына тек 14 млрд доллар инвестициялайды. Қытай мен Жапонияда өздерінің активтеріндегі американдық бағалы қағаздардың санын көп азайтты.
Егер осы аталған мемлекеттердің қарыздарын жалпы ішкі өніммен салыстыратын болсақ, онда АҚШ-та жалпы ЖІӨ-нің 110% құрайды, Жапонияның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 200%-дан астамын құрайды, соған қарамастан Жапонияның экономикасы әлемдегі ең мықты бестікке кіреді. Ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз жалпы ЖІӨ-нің 119% құрайды, бірақ біздің экономиканы олармен салыстыруға болмайды. Ұлттық экономиканың даму деңгейі мен мүмкіншілігін ескерсек сыртқы қарыздың жылдам өсуі мемлекеттің экономикалық және саяси тәуелсіздігімен, елдің ішіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселелермен тығыз байланысты.
Сонымен қатар, осындай қарыздар қарапайым халық үшін өте үлкен және психологиялық тұрғыда қиын болып көрінеді. Сондықтан, сыртқы және ішкі қарыздардың жылдам өсуі кез-келген мемлекеттің қатаң бақылауында болуы керек.
Негізгі ұғымдар:
Бюджеттің тапшылығы.
Мемлекеттің қарызы.
Бюджеттің бірінші тапшылығы.
Бюджеттің құрылымдық тапшылығы.
Бюджеттің циклды тапшылығы.
Лаффер қисығы.
Инфляциялық салық.
Сеньораж.
Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру.
Бюджет тапшылығын реттеу концепциялары.
10 МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
10.1 Экономикалық цикл: себептері, фазалары мен қазіргі ерекшеліктері.
10.2 Жұмыссыздықтың түрлері мен табиғи деңгейі. Оукен заңы.
10.3 Инфляция: мәні, себептері және түрлері.
10.4 Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Инфляцияға қарсы саясат.
10.1 Экономикалық цикл: себептері, фазалары мен қазіргі ерекшеліктері.
Экономикалық цикл – экономиканың бір дағдарыстан екінші дағдарысқа қарай қозғалысы (К.Маркс. Капитал . т.1. б. 542), яғни экономикалық циклдың сипаттамасы: дағдарыс пен өрлеу фазалары арқылы өтетін біртекті және көпжақты процесс. Тербеліс ұзақ мерзімді экономикалық өрлеу тренді айналасында болады.
Экономикалық циклдың екі фазалық және төрт фазалық моделі бар. Екі фазалық моделінде өрлеу және құлдырау фазалары қарастырылады. 40-50 жыларасында қайталанып отыратын циклды 1920 жылдары Ресей экономисі Николай Кондратьев құрастырған. Оны Кондратьевтің «үлкен толқындар» циклы деп те атайды. Ғалым эмпирикалық жолмен ұзын ырғақтардың төрт негізгі заңдылығын анықтады:
1. Жоғары толқынның дамуы қарсаңында (кейде оның басында) басқару жағдайларына әсер ететін түбегейлі өзгерістер болады. Олар өнертабыстар мен инновациялық тәсілдердің практикаға енгізілуіне, экономикалық салада нарыққа кезекті шыққан ел түрінде немесе жаңа ойыншының пайда болуына, ақша массасының айналыстағы шарттарының өзгеруіне және т.б. байланысты болуы мүмкін.
2. Ұзақ циклдердің өрлеу болатын уақыт кезеңдері, әдетте, әлеуметтік саладағы (соғыс, революция және т.б.) оқиғаларымен сипатталады, ал төмен толқындар кезеңінде бұл байқалмайды.
3. Ұзын толқындардың төмендеу сегменттері ауыл шаруашылығы секторында болып жатқан ұзаққа созылған депрессиямен қатар жүреді.
4. Ұзақ ырғақтар экономикалық жүйеде болатын орташа және қысқа мерзімді тербелістер сияқты дәл динамикалық тізбекте көрінеді, яғни олар дамудың бірдей кезеңдерімен сипатталады: өрлеу, дағдарыс, депрессия.
Өнеркәсіптік циклдің төрт фазалық моделі дағдарыс, депрессия, жандану және көтерілу фазаларынан тұрады. Өнеркәсіптік циклдың фазаларының сипаттамалары:
1) дағдарыс (құлдырау) фазасы. Бұл фазада өндіріс көлемі мен іскерлік белсенділік төмендейді, артық тауарлар пайда болады және баға төмендейді, инвестициялар қысқарады, жұмыссыздық өседі және кәсіпорындар жабылады, пайда төмендейді немесе болмайды, шығындар өседі, пайыз мөлшерлемесі қысқарады.
2) тоқырау (стагнация) фазасы: ұлттық табыстың төмендеуі тоқталмайды және жұмыссыздық өседі, инвестиция көлемі нөлге жақындайды, экономикалық жүйе циклдың ең төмен нүктесіне жетеді, пайыз мөлшерлемесі төмендей береді.
3) жандану фазасы: ұлттық табыс пен жұмысбастылық өсе бастайды, инвестиция өседі, баға, өндіріс, пайыз ставкасы өседі. Жанданудың материалдық негізі - жаппай негізгі капиталды жаңарту болып табылады.
4) өрлеу фазасы: баға, өндіріс көлемі, жұмысбастылық, инвестиция, жеке табыс өседі, жалақы мен пайыз ставкасы өте жоғары болады. Бұл фазада өте жоғары жұмысбастылық пен өндіріс қуатының толық қолдануы жаңа дағдарысқа өтуге қажетті жағдай жасайды.
Осы моделдерде аталған, циклдың фазаларын сипаттайтын макроэкономикалық айнымалыларды былай жіктеуге болады:
-
проциклдік (көтерілу кезеңіндегі өсіп келе жатқан айнымалылар және құлдырау кезеңіндегі төмендеу); -
циклге қарсы (көтерілу кезеңінде төмендейтін және құлдырау кезеңінде өсетін айнымалылар); -
ациклдік (іскерлік белсенділік циклдерімен байланысты емес айнымалылар).
Қазір экономистер циклды дамудың себептерін экзогенді (сыртқы) және эндогенлі (ішкі) деп қарастырады. Экзогенді (сыртқы) себептер: ғылыми-техникалық революция, жаңа технология, саяси жағдайлар, соғыстар, революция, ірі табиғат апаттары және т.б. Эндогенді себептер: AD мен AS құрылымындағы өзгерістер, үкіметтің экономикалық саясаты, экономикадағы құрылымдық өзгерістер және т.б.
Қазіргі экономикалық циклдың ерекшеліктері. Қазіргі экономикалық циклдар бизнес циклы немес іскерлік белсенділік циклы деп аталады, депрессия фазасы болмайды, циклдың мерзімі қысқарған, цикл көп жағдайда құрылымдық сипат алады, экономикалық дағдарыстар жаһандық сипат алады.
Экономикалық циклдың типтері: Китчин циклы (2-4 жыл), Жугляр циклы (7-12 жыл), Кузнец циклы (16-25 жыл), Кондратьев циклы (45-50 жыл).
Экономикалық циклдар теориялары:
1. Итермеші күшпен таратылатын теория (Слуцкий, 1927ж.). Детерминистік теориялар - экономикалық циклдар тұрақты жүйелілікпен, бірдей қасиеттермен көрінетінін көрсетеді. Бұл теорияларда цикл экономикалық жүйеге кездейсоқ пайда болатын импульстардың (немесе соққылардың) әсерінен әсерінен пайда болады. Импульстар немесе шок экономикалық жүйеден тыс пайда болып, оған әсер етеді және тепе-теңдікті бұзады. Ал, соққылардың экономикалық жүйеде тарауы және оны тербеліске әкелуі экономикалық жүйенің құрылымына, қарсы тұратын күштерінің шамасына байланысты болады.
Соққыларға немесе шоктарға жататындар:
1) ұсыныс сілкіністері: технологиялық өзгерістер, ауа -райындағы өзгерістер, табиғи апаттар, шикізаттардың жаңа көзін ашу, шикізаттарға әлемдік бағаның өзгеруі;
2) саяси шоктар: жиынтық сұранысқа әсер ететін саяси шешімдер, ақша ұсынысының өзгерісі, валюта бағамының өзгерісі, фискалды саясат;
3) сұраныс шоктары: инвестициялық және тұтынушы шығындарының өзгерістері, экономикалық дамудың болашағын күту.
2.Кейнстің бизнес-цикл теориясы. Кейнстің ойынша итермеші күштің көзі - жиынтық сұраныс, оның ішінде инвестицилық шығындардың тұрақсыздығы.
Инвестиция деңгейінің тербелісі кәсіпкерлердің психологиясына да байланысты болады. Неокейнстік цикл теорияларында мультипликатор–акселератор моделі арқылы акселератордың рөлін былай сипаттайды: ұлттық табыстың біркелкі өсуі инвестицияны тербелтпейді, ұлттық табыстың әртүрлі өсуі инвестицияның тербелісін туғызады, ұлттық табыстың тербелісі инвестицияның өте қатты тербелісін туғызады да экономикадағы тербеліске негізгі себеп болады. Мультипликатор–акселератор механизмі және оның әрекеті: автономды шығындардың өсуі → жиынтық сұраныстың өсуі → мультипликативті әсер → ұлттық табыстың өсуі → үдеткіш эффект → индуцияланған инвестициялар → инвестициялық сұраныстың өсуі → жиынтық сұраныстың өсуі → мультипликативті әсер және т.б.
Циклдің неоклассикалық теориялары:
1) жетілмеген ақпарат моделі (экономикалық субъектілердің толық емес ақпараты бар және экономикаға әсер ету жағдайында әртүрлі күйзелістер ұсыныс деңгейі туралы шешім қабылдауда қателіктер жібереді);