Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 318
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кейнстің ойынша экономикалық ресурстар толық қолданылмаған жағдайдың өзінде қысқа мерзімде макроэкономикалық тепе-теңдік (AD = AS) болады. Кейнстің орталық идеясы нарықтық экономика өзін-өзі реттеуге әрдайым қабілетті емес, өйткені баға және басқа да нарық механизмдері икемсіз, тез арада өзгере алмайды. Бұл жағдайда экономика баға тетігі есебінен депрессиядан өз бетінше шыға алмайды, ол жиынтық сұранысты ынталандыру түрінде мемлекеттің араласуын талап етеді. Осы кейнсиандық көзқарастың пайда болуы кейіннен экономикада «кейнсиандық революция» деп аталды.
Кейнс крестін «тиімді сұраныс» моделдерін қолдана отырып экономикада кездесетін екі жағдайды түсіндіре аламыз. Біріншісі, рецессиялық алшақтық. Егер толық жұмысбастылық жағдайында нақты шығарылым көлемі тепе-тең шығырылым көлемінен асып кетсе (Yа < Y2) жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігі пайда болады (AD < AS ).
Толық жұмысбастылық жағдайындағы жиынтық сұраныстың жиынтық ұсынысқа қарағанда жеткіліксіздігін рецессиялық алшақтық дейді. Рецессиялық алшақтық жұмыссыздықты туғызады. Рецессиялық алшақтықты жою үшін жиынтық сұранысты ынталандыратын фискалды саясат жүргізіледі.
Екіншісі, инфляциялық алшақтық. Егер Y1 толық жұмысбастылық жағдайындағы нақты шығарылым көлемі тепе-тең шығырылымнан аз (Yа > Y1) болса, жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан артық (AD > AS) болады. Толық жұмысбастылық жағдайындағы жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артық болуын инфляциялық алшақтық дейді. Инфляциялық алшақтық инфляция деңгейінің өсуін туғызады. Инфляциялық алшақтықты жою үшін жиынтық сұранысты тежейтін фискалды саясат жүргізіледі.
4.3 Тепе-тең шығарылым деңгейінің тербелісі және автономды шығындар мультипликаторы.
Кейнстің «табыстар мен шығындар» моделінде инвестиция мен бюджет- салық саясатын экзогенді өзгермелер ретінде қарастырдық. Енді осы моделдің көмегімен инвестиция мен бюджет- салық саясаты табыстың өзгерісіне қалай әсер ететінін көрсетуге болады.
Сурет 5 – Кейнс кресті моделіндегі мемлекеттік шығынның өсуі
Экономикадағы алғашқы тепе-теңдік А нүктесіне сәйкес келеді (E1=Y1). Мемлекеттік шығындардың ΔG мөлшеріне өсуі жоспарланатын шығыстарды Е1-ден Е2-ге өсіреді. Жоспарланған шығыстар сызығы орнын жоғары жылжытады. Экономикадағы тепе-теңдік В нүктесіне ауысады. Табыс ΔY мөлшеріне Y1-ден Y2-ге өседі. Мемлекетік шығынның өсуі мультипликативті әсер туғызады. Мемлекетік шығынның өсуі табысты өсіру арқылы тұтынудың деңгейін өсіреді, ал ол өз кезегінде қайтадан табысты өсіреді.
Егер мемлекетік шығынның алғашқы өсуі ΔG болса, онда бірінші рет тұтынудың өзгерісі = MPC х ΔG; екінші рет тұтынудың өзгерісі = MPC х MPC х ΔG; үшінші рет тұтынудың өзгерісі = MPC х MPC х MPC х ΔG.
Сондықтан графикте көрсетілгендей табыстың өсуі ΔY мемлекетік шығынның өсуінен ΔG артық.
Негізгі ұғымдар:
Тұтыну (C).
Жинақ (S).
Ұлттық жинақ.
Атаулы пайыз мөлшерлемесі (i).
Нақты пайыз мөлшерлемесі (r).
И.Фишера теңдігі.
Тұтыну функциясы.
Тұтынуға шекті бейімділік (MPC).
Тұтынуға орташа бейімділік (АPC).
Жинаққа шекті бейімділік (MPS).
Жинақ қор функциясы.
Инвестиция функциясы.
Ұқыптылық оғаштығы.
Инфляциялық алшақтық.
Рецессиялық алшақтық.
Тиімді сұраныс.
Кейнс кресті.
Жоспарланатын шығыстар.
Нақты шығындар.
5 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ. БЮДЖЕТ–САЛЫҚ САЯСАТЫ
5.1 Бюджет-салық саясатының мақсаттары, түрлері мен құралдары.
5.2 Мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторы.
5.3 Ынталандыратын бюджет-салық саясаты. Ығыстыру әсері.
5.1 Бюджет-салық саясатының мақсаттары, түрлері мен құралдары.
Бюджет-салық саясаты - бұл үкіметтің инфляцияға байланысты емес ЖІӨ өндіру арқылы толық жұмыспен қамтуды, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралары. Көбінесе «бюджет-салық» терминінің орнына оның «фискалдық» синонимі қолданылады (лат. fiscus - мемлекеттік қазына және fiscalis - қазынаға жатады). Демек, фискалдық саясат қаржылық және қаржылық-бюджеттік саясат деп те аталады және өз қызметінде мемлекеттік қазынаның негізгі элементтерін де қамтиды. Демек, фискалдық саясат бюджет, салық, кірістер мен шығыстар саясаты сияқты қаржы саясатының үлкен түрлерін, нысандарын біріктіреді.
Қаржылық және қаржылық-бюджеттік деп аталатын фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен, салықтармен, мемлекеттік ақшалай кірістермен және шығыстармен тікелей байланысты. Тұтастай алғанда, фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастыру, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу мақсатында пайдалану жөніндегі мемлекеттік іс-шаралар жиынтығында көрінеді.
Фискалдық саясаттың маңызды міндеттерінің бірі - орталықтандырылған мемлекеттік ақша қорларын қалыптастырудың көздері мен тәсілдерін, экономикалық саясаттың мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаражатты іздеу. Қаржы-бюджет саясатын жүргізу арқылы мемлекет елдегі макроэкономикалық процестерді реттейді, қаржының, ақша айналымының орнықтылығын қолдайды, мемлекеттік секторды қаржыландыруды қамтамасыз етеді, өндірістік-экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетті жақсы пайдалануға ықпал етеді.
Фискалдық саясаттың құралдары: салықтар, мемлекеттік шығындар және кірістер. Мемлекет фискалдық саясат құралдарын жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа әсер ету үшін қолданады, осылайша жалпы экономикалық жағдайға әсер етеді, экономикалық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді, дағдарыс құбылыстарына қауіп төндіретін экономикалық параметрлердің шамадан тыс ауытқуларына қарсы тұратын циклге қарсы шаралар қолданады.
Мемлекет жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымына әсер етудің үлкен мүмкіндіктеріне ие бола алады, егер ол алдын-ала анықталған қатаң шектеулермен кездеспесе.
Сонымен қатар, мемлекет жеке кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарының сұранысына жанама әсер ету мүмкіндігіне ие, оны салықтар мен зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар сияқты төлемдер арқылы шектейді немесе ынталандырады.
Бюджет- салық саясаты елдегі жалпы экономикалық жағдайға, экономикада болатын тербеліс циклінің фазасына байланысты екі жалпы бағытта жүргізіледі:
1.Экономикалық өрлеу, іскерлік белсенділіктің күрт өсуі, қарқынды экономикалық өсу кезеңінде фискалдық саясатты шектеулі бағытта жүргізу арқылы экономикалық өсудің параметрлерін қажетті деңгейде тежейді.
2. Өндірістің құлдырауында, экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты экономикалық дағдарыстың неғұрлым қауіпті кезеңдерінде мемлекеттік фискалдық саясат ынталандыру бағытында жүргізіледі, яғни ол өндірісті және экономикалық қызметтің басқа да түрлерін кеңейтуге, құлдырауды, депрессияны жеңуге, құлдыраудан біртіндеп шығуға бағытталған болады.
Экономикалық циклдің фазаларына сәйкес келетін және қарама-қарсы екі бағыттың арасында тұрақтандыру фискалдық саясаты деп аталатын үшінші әрекет бағыты бар.
Тұрақтандыру саясаты - бұл үкіметтің қаржылық ағындардын, ақша айналымын реттеу жөніндегі іс-әрекеті, елдің жалпы ұлттық өнімінің көлемін оның осы жағдайда мүмкін болатын деңгейіне жақындату және сонымен бірге инфляцияны қолайлы шектерде ұстап тұру, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Фискалдық саясаттың түрлері: дискрециялық және автоматты. Автоматты және реттелетін тұрақтандыруды ажырата білу керек. Автоматты тұрақтандырғыштар - бұл экономикада қабылданған, қолданыстағы ережелер, нормалар, бұл үкіметтің араласуынсыз тұрақты жағдайдан ауытқуларға жауап беруге және ел экономикасын тұрақты күйге келтіруге мүмкіндік беретін құралдар. Автоматты тұрақтандырғыштар алдын-ала қарастырылған және ойластырылған, экономикалық қызметті реттейтін заңнамалық актілерге енгізілген, қолданыстағы ережелерде, нормативтік құжаттарда көрсетілген болады.
Алайда, экономикадағы мүмкін болатын ауытқуларды азайтатын экономикалық жүйеге енгізілген ішкі тұрақтандырғыштар тұрақтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді, кейбір жағдайларда олар пайда болатын ауытқуларды сөндіруге және тұрақтылықтың жоғалуын болдырмауға қабілетті емес.
Автоматты тұрақтандырғыштарға мыналарды жатады:
1) Салық түсімдерінің өзгеруі.
2) Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жүйелері және әлеуметтік төлемдер.
Автоматты тұрақтандырғыштар жиынтық сұраныстың өзгеруін азайтады және осылайша ұлттық өнімнің шығуын тұрақтандыруға көмектеседі.
Дискрециялық фискалдық саясат - бұл ұлттық өндірістің нақты көлеміне, жұмыспен қамтуға, инфляцияға және экономикалық өсуге әсер ету мақсатында мемлекеттің салық салу мен мемлекеттік шығыстарды саналы түрде реттеуге бағытталған саясат. Дискрециялық фискалдық саясат үкіметтің қосымша немесе экономикалық өмірде қолданылатын жедел қаржылық шараларының жиынтығын білдіреді. Экономикада қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі дискретті шараларды қолдану реттелетін тұрақтандыру деп аталады.
Дискрециялық фискалдық саясат ынталандыратын және тежейтін деп екіге бөлінеді:
1. Ынталандырушы фискалдық саясат (фискалдық экспансия), біріншіден, қысқа мерзімді кезеңде экономиканың циклдік құлдырауын еңсеруге бағытталған; екіншіден, ол мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды, салықтарды төмендетуді және мемлекеттік шығыстардың өсуін салықтардың төмендеуімен ұштастыруды көздейді; үшіншіден, ұзақ мерзімді кезеңде ол шектеулі ақша-кредит саясатымен қоса жүруге тиіс.
2. Тежеуші фискалдық саясаттың (фискалдық рестрикция) мақсаты экономиканың циклдік өрлеуін шектеу болып табылады; ол мемлекеттік шығыстарды қысқартуды, салықтарды арттыруды және осы құралдарды үйлестіруді көздейді.
Артық сұраныстан туындаған инфляция жағдайында дискрециялық фискалдық саясат мемлекеттік шығыстарды азайтуды және салықтарды көбейтуді немесе салық салудың өсуімен мемлекеттік шығыстарды қысқартуды болжайды.
Дискрециялық фискалдық саясатты жүзеге асырудың ең көп таралған әдістерінің бірі - қоғамдық жұмыстар, материалдық көмек бағдарламалары, салықтар мен олардың ставкаларын өзгерту және басқа да осыларға ұқсас әсер ету құралдары.
Мемлекеттің экономиканы дамытуға ықпал етуінің аса маңызды құралы мемлекеттік шығыстар болып табылады. Шығындар жүйесі арқылы ұлттық табыстың едәуір бөлігі қайта бөлінеді, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты жүзеге асырылады.