Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 321

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Барлық шығындарды келесі топтарға бөлуге болады: әскери; экономикалық; әлеуметтік мақсаттарға; сыртқы экономикалық және сыртқы саяси қызметке; басқару аппаратын ұстауға. Мемлекеттік шығыстар саясаты ең алдымен мемлекеттік сектордың сұранысын қанағаттандыруға, яғни бюджеттің шығыс баптарында көрсетілетін шұғыл мемлекеттік мұқтаждықтарға арналған шығыстарға қажеттілікті қанағаттандыруға арналған.

Мемлекеттік кірістер саясаты мемлекеттік бюджетке ақша қаражатының түсуінің қолда бар және әлеуетті көздерін, осы көздерді пайдаланудың шектеулі мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі. Егер бюджетке ақша қаражатының түсуі қолда бар және әлеуетті шектеулі мүмкіндіктерді ескермесе экономикаға нұқсан келтіруі және кіріс алу арналарының жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Мемлекеттік бюджет негізінен салық түсімдерімен толтырылатындықтан, мемлекеттің кірістерін қалыптастыру саясаты салық саясатымен тығыз байланысты болуы керек.

Салық саясаты - салық түрлерін, салық салу объектілерін, салық ставкаларын, салық салу шарттарын, салық жеңілдіктерін белгілеуде көрінетін фискалдық-экономикалық саясаттың бір бөлігі. Мемлекет осы параметрлердің барлығын салықтарды төлеу есебінен ақша қаражатының түсуі мемлекеттік бюджетті қаржыландыруды қамтамасыз ететіндей етіп реттейді. Бірақ сонымен бірге салық және бүкіл фискалдық саясаттың негізгі қайшылықтарымен кездесуге тура келеді. Мемлекеттің салық саясаты бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз етумен ғана емес, жүргізілетін құрылымдық-инвестициялық саясатпен де байланысты. Салықтарды, салық ставкаларын, салық жеңілдіктерін реттей отырып, мемлекет өндірістің белгілі бір түрлерін дамытуды ынталандыруға, тұтыну құрылымына әсер етуге және экономиканы дамытуға қаражат салуды ынталандыруға қабілетті.

Осылайша, фискалдық саясат тұтастай алғанда мемлекеттік экономикалық саясатының ең қуатты бағыты бола отырып, қаржыландырудың, бюджеттеудің, салық салудың алуан түрлі құралдарының жиынтығын біріктіреді.
5.2 Мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторы.

Автономды шығындардың (табысқа байланысты емес шығындар) 1 теңгеге артуы кірістің тепе-теңдік деңгейін қандай деңгейге арттырады? Автономды шығыстардың 1 теңгеге ұлғаюы шығарылым мен кірістің өсуіне алып келеді, өз кезегінде бұл өсім индукцияланған шығыстардың (кіріске байланысты шығыстар) ұлғаюына әкеп соғады, өйткені кірістің өсуі тұтынуды өсіреді. Шығарылымның өсуі кірістер мен шығыстардың өсуіне, кірістер мен шығыстардың өсуі - сұраныстың жаңа өсуіне, сұраныстың өсуі - өндірістің одан әрі кеңеюіне және т.б. әкеледі. Сонымен, автономды шығындардың мультипликаторы: m = 1 / 1 - MPC немесе 1 / MPS.


1 / 1 - MPC - көбейткіш. MPC мәні неғұрлым үлкен болса, көбейткіштің өзі де соғұрлым үлкен болады. Мультипликатор неғұрлым күшті болса, MPS мәні соғұрлым аз болады. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы бірден көп болады.

Мемлекеттік шығыстар жиынтық шығыстардың құрамдас бөлігі болып табылады, олардың ұлғаюы кірістің осы деңгейінде жоспарланған шығыстардың ұлғаюын білдіреді. Кейнс крестіне сүйенсек, егер мемлекеттік шығыстар (G) ∆G-ге өссе, онда жоспарланған шығыстар (Е) желісі ∆G-ге орнын ауыстырады. Мемлекеттік шығыстардың өсуі бастапқы импульспен салыстырғанда табыстың (Y) көбірек өсуіне әкеледі, яғни табыстың өсімі ∆Y мемлекеттік шығыстардың өсуінен ∆G көбірек болады. ∆Y/∆G қатынасы мемлекеттік шығыстардың мультипликаторы деп аталады. Бұл мемлекеттік шығыстардың бір ақша бірлігіне өсуіне жауап ретінде кірістің қаншаға өсетінін көрсетеді. Алгебралық есептеулер мемлекеттік шығындардың мультипликаторын келесідей жазуға мүмкіндік береді:
∆Y / ∆G = 1 / (1-МРС) (1),
Мысалы, егер тұтынуға шекті бейімділік 0,6 болса, мультипликатор ∆Y / ∆G-ге тең болады = 1 / (1 - 0,6) = 2,5. Демек, мемлекеттік шығыстардың 1 теңгеге артуы тепе-теңдік кірісті 2,5 теңгеге арттырады.

Салықтардың ∆Т шамасына азаюы қолда бар табысты (Y - Т) ∆Т шамасына арттырады, демек, тұтыну - ∆Т * МРС шамасына артады. Кез-келген табыс деңгейінде Y жоспарланған шығындар МРС * ∆Т шамасына артады. Табыс үшін салықты өзгертудің жиынтық әсері:
∆ Y / ∆Т = - МРС / (1 - МРС) (2),
Бұл салық мультипликаторы. Ол салықтардың бір теңгеге өзгеруіне жауап ретінде жиынтық табыс қанша теңгеге өзгеретінін көрсетеді. Мысалы, егер тұтынуға шекті бейімділік 0,6 болса, онда салық мультипликаторы ∆Y / ∆Т болады = - 0,6 / (1 - 0,6) = -1,5. Демек, салықтардың 1 теңгеге азаюы тепе-теңдік табысты 1,50 теңгеге арттырады.
5.3 Ынталандыратын бюджет-салық саясаты. Ығыстыру әсері.

Мемлекеттік шығыстардың ұлғаюы жиынтық сұранысты өсіре отырып, өндіріс көлемінің ұлғаюына әкеледі. Бірақ шығарылымның жоғары мөлшері активтер нарығындағы пайыздық мөлшерлеменің өсуін туғызады, бұл фискалдық саясаттың шығарылымға әсерін тегістейді. Пайыздық мөлшерлеменің жоғары деңгейі инвестициялық шығындар деңгейін төмендетеді немесе жеке инвестициялық шығындарды «ығыстырады», мұны ығыстыру әсері деп атайды.

Үкімет ынталандырушы фискалдық саясат жүргізген кезде (IS қисығының оңға ауысуы) «жеке инвестицияларды ығыстыру әсері» деп аталатын жағдай туындайды. Бұл мемлекеттік шығыстарды ұлғайту арқылы ынталандырушы фискалдық саясат жиынтық сұраныс пен кірістің өсуіне әкелген кезде пайда болады. Ал өз кезегінде табыстың өсуі ақшаға транзакциялық сұранысты арттырады. Егер ақша ұсынысы өзгермесе, онда ақша нарығындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін пайыздық мөлшерлеме артуы керек. Пайыздық мөлшерлеменің өсуі өз кезегінде инвестициялық тауарларға сұранысты тежейді. Инвестициялық тауарларға сұраныстың төмендеуі мемлекеттік шығыстардың өсуін өтейді және кіріс деңгейі өзгермейді.



Пайдаланылмаған ресурстары бар экономикада ығыстырудың толық әсерін байқауға болмайды. Егер фискалдық кеңейту пайыздық мөлшерлемені көбейтсе, онда табыс та артады. Жиынтық сұраныстың өсуі кірістің өсуіне әкеледі, ал кірістің өсуімен жинақ деңгейі артады. Жинақтаудың бұл кеңеюі жеке инвестицияларды толығымен алмастырмай бюджет тапшылығын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Толық емес жұмыспен қамту кезінде, демек, өнім шығарылымының ұлғаюы мүмкін болса пайыздық мөлшерлеме өспеуі де мүмкін, яғни пайыздық мөлшерлеме өспесе «жеке инвестицияларды ығыстыру әсері» болмайды. Жеке инвестициялық шығыстарды ығыстыру проблемалары тұрақтандыру саясатының құралы ретінде фискалдық саясатты бағалау және оның тиімділігін анықтау үшін үлкен маңызға роль атқарады.
Негізгі ұғымдар:

Мемлекеттің табысы.

Мемлекеттік шығындар.

Дискрециялық және автоматты фискалдық саясат.

Салық саясаты.

Мемлекеттік кірістер саясаты.

Дискрециялық фискалдық саясат.

Фискалдық саясаттың құралдары.

Салық мультипликаторы.

Мемлекеттік шығыстардың мультипликаторы.

Ынталандырушы бюджет-салық саясаты.

Жеке инвестицияларды ығыстырудың әсері.
6 АҚШЫ НАРЫҒЫ: АҚША ҰСЫНЫСЫ МЕН АҚШАҒА СҰРАНЫС

6.1 Негізгі ақша агрегаттары.

6.2 Ақша ұсынысының моделі. Ақша массасы мен ақша базасы. Ақша мультипликаторы.

6.3 Ақша сұранысының себептері. Баумоль-Тобин моделі.

6.4 Ақша нарығындағы тепе-теңдік және оның ауытқу себептері.
6.1 Негізгі ақша агрегаттары.

Ақша - тауарлар мен қызметтерді сатып алу мәмілелерін жасау үшін қызмет ететін қаржылық актив (басқа анықтама: ақша-мәміле жасау үшін қызмет ететін заңды төлем құралы.). Актив – ол құндылыққа ие барлық игілік. Активтер нақты және қаржылық болып бөлінеді. Нақты активтер - бұл заттай (материалдық) құндылықтар: құрал-жабдықтар, ғимараттар, жиһаз, тұрмыстық техника және т.б., қаржылық активтер - бағалы қағаздармен ұсынылған құндылықтар. Қаржылық активтер ақшалай қаржылық активтерге (ақшаға) және ақшалай емес қаржылық активтерге (бағалы қағаздар - акциялар мен облигациялар) бөлінеді.

Өтімділік (liquidity – «liquid» ағылшын сөзінен, бұл «сұйық, ағым» дегенді білдіреді) - бұл активтің кез-келген басқа нақты немесе қаржылық активке немесе экономикада қабылданған төлем құралына айналу қабілеті. Активтердің өтімділігінің үш белгісі болады: оларды айырбастауға кететін уақыт пен шығын және активтің номинальды құны. Абсолюттік өтімділіктің иесі - қолма-қол ақша.


Электрондық ақша. Электрондық ақшаны дамытудың бірінші кезеңі (1960-80 жж.) магнитті кредиттік және дебеттік карталарды айналымға енгізу, сондай-ақ төлемдердің электрондық жүйесін кеңінен пайдалану болуымен байланысты. Екінші кезеңі (1990-2000 жж.) айналымға смарт-карталарды немесе «сақталатын сома бар карталарды» енгізумен сипатталады. Қазіргі уақытта батыс зерттеушілерінің көпшілігі смарт-картаны электрондық ақша элементтерінің бірі ретінде қарастырады. Сонымен қатар, смарт-карталар «өнім-кілт» деп аталатын электрондық ақша құралдарының бірі болып табылады. Электрондық ақша нысанын дамытудың үшінші кезеңі (2000-2010 жж.) нақты уақыт режимінде немесе компьютерлік желілерде «он-лайн» төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «желілік ақшаның» электрондық ақшасының жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Бұл төлемдер арнайы әзірленген қамтамасыз ету бағдарламаның арқасында мүмкін болады.

Пластикалық карталар. Пластикалық карточка - бұл карточканы пайдаланатын тұлғаға тауарларды және/немесе қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу, сондай-ақ банк бөлімшелерінде (филиалдарында) және банктік автоматтарда (банкоматтарда) қолма-қол ақша алу мүмкіндігін беретін дербестендірілген төлем құралы. Карточканы қабылдайтын сауда/сервис кәсіпорындары және банк бөлімшелері карточкаға қызмет көрсету нүктелерінің желісін (немесе қабылдау желісін) құрайды.

«Желілік ақша» негізінде құрылған қазіргі заманғы электрондық төлем жүйелері. Алғаш рет «желілік ақша» немесе «электрондық қолма-қол ақша» деп аталатын идеяны АҚШ-та 70-ші жылдардың соңында Дэвид Чоум ұсынды. «Желілік ақша» интернет желісі арқылы тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған түрлі электрондық төлем жүйелері болып табылады. «Желілік ақша» компьютерлік желілер бойынша, атап айтқанда интернет арқылы құнды аударуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады. Басқаша айтқанда, «желілік ақша» нақты емес, виртуалды экономика шеңберінде жұмыс істеуге арналған.

Тарихи түрде ақша рөліне сәйкес, үш ақша жүйесі бөлінеді:

1. Темір ақша. Ақша ретінде алтын мен күміс пайдаланылған кезде ақша жүйесі биметаллизм деп аталды. Бірақ күмісті өндірудің ұлғаюымен және оның арзандаумен байланысты биметаллизмді монометаллизм жүйесіне көшуге мәжбүр етті. Ақша ретінде алтын ғана пайдаланыла бастады.

2.Банкноттар. Банктердің алтын монеталарына айырбасталған міндеттемелерінің (банкноттардың) айналысына негізделген.


3. Қағаз-ақша. Ішкі құны жоқ және тек қана құн белгілері, символдары болып табылатын ақша айналымы.

Ақша агрегаттары. Экономикадағы айналатын ақша санын ақша массасы деп атайды және ақша ұсынысының шамасын білдіреді. Ақша ұсынысының шамасы ақша агрегаттарының көмегімен өлшенеді. Әртүрлі елдерде ақша агрегаттарының саны әртүрлі, бұл ең алдымен ұлттық ерекшеліктерге және депозиттердің әртүрлі түрлерінің маңыздылығына байланысты.

Бірақ барлық елдерде ақша агрегаттары жүйесі бірдей қағидаттар бойынша құрылады: әрбір келесі агрегат алдыңғы агрегатты қамтиды. Төрт агрегаттан тұратын ақша агрегаттары жүйесін қарастырайық: М1, М2, М3 және L.

М1 ақша агрегаты қолма - қол ақшаны (currency) (кейбір елдерде, мысалы, Ұлыбританияда және Ресейде қолма-қол ақшаны жеке М0 агрегатына бөледі) және чектік депозиттерді немесе талап етілгенге дейінгі депозиттерді білдіретін ағымдағы шоттардағы қаражатты (demand deposits) қамтиды:
М1 = қолма-қол ақша + чек салымдары (немесе талап етілгенге дейінгі

депозиттер) + жол чектері (1),
М2 ақша агрегатының құрамына М1 ақша агрегаты, жинақ шоттардағы құралдар (saving deposits) және ұсақ мерзімді салымдар кіреді:
М2 = М1 + жинақ салымдары + ұсақ мерзімді салымдар(2),
М3 ақша агрегаты М2 ақша агрегаты және ірі мерзімді салымдар кіреді (time deposits):
М3 = М2 + ірі мерзімді салымдар (3),
L ақша агрегатында М3 және қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар (қазынашылық векселдер - treasury bills) есептелінеді:
L = М3 + қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар (4),
Ақша агрегаттарының өтімділігі төменнен жоғары (L - ден М0-ге дейін), ал кірістілігі жоғарыдан төмен (М0-ден L-ге дейін) артады.

Ақша деп әдетте ең жоғары өтімділікке және ең төмен кірістілікке ие М1 ақша агрегатын түсінеді (1980 жылға дейін АҚШ-тағы чектік салымдар бойынша пайыз мүлдем төленбеген). Сондықтан ақша агрегаттарының компоненттерін: қолма-қол және қолма-қол емес ақшаға бөліп қарастыру қажет.

Ақша және «дерлік-ақша» («near-money»). Ұлттық банктің міндеттемелері болып табылатын қолма - қол ақшаны - С (currency) қамтитын М1 ақша агрегаты және коммерциялық банктердің міндеттемелері болып табылатын ағымдағы шоттарындағы қаражат- D (demand deposits) ақша болып табылады:
М = С + D (5),
Жинақтаушы емес шоттардағы қаражат, мерзімді шоттардағы қаражат және қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл «дерлік-ақша», өйткені оларды ақшаға айналдыруға болады.
6.2 Ақша ұсынысының моделі. Ақша массасы мен ақша базасы. Ақша мультипликаторы.

Ақша теориясының сандық теңдеуі.