ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4792
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Будың барабан ішіне өтуі үшін, металды терезелі белдеменің ауысуы арқылы сәйкесінше тесік топтарына ашылып жабылатын бикстің айналасында тесіктер жасалған. Биктің герметикалығын белдеменің барабан қабырғасына қысатын, қысылатын құрылғы қамтамасыз етеді. Құрылғының жұмысын барабанға таңатын материалдар мен киімді саларда тексеру қажет, герметикалық бұзылыста бикстің ішіндегілер инфицирленуі мүмкін. Бикстерді ішінен және сыртынан 0,5%-тік мұсатір спирті ерітіндісімен сүртеді, содан кейін жанындағы тесіктерді жауып тұрған бикстің қабырға жағына дөңгелек пластинканы итереді, қақпағын ашып бикстің түбіне және бикстің қабырғасына салфеткамен, төсенішпен жабады.
Таңатын материал мен киім салуда орнатылған тәртіпті қадағалап есте сақтаған жөн. Бисктен кез келген затты басқаларына тиіспей алу үшін, ұқыпты жиналған киімдерді секторальді бір-біріне вертикаль жағдайда қояды. Таңатын материалды қорбымен немесе пакетімен алып шығу үшін оларды ретімен қояды. Бір бикстің үстіндегі төсенішке халатты, оның үстіне бірнеше дәке салфеткасын және орамалды қояды. Бұл операциялық мейірбикенің қолын жуғаннан кейін басқа киімдер мен материалдарды ашпай, оларды сүртіп және стерильді халатын кию үшін қажет.
Әрбір бикс қақпақшасында онда не бары, стерилизация уақыты, биксті дайындаған мейірбике тегі көрсетілген жабыстырылған этикетка болуы керек. Бикс қақпақшасын жапқан соң, оның кенеттен ашылып кетпуі үшін, оны шынжырлы ілгегі бар және тесьмамен қатты байлайды. Аяғында бикстің жақтауындағы тесіктерінің ашықтығын тексереді.
Бикстерге заттарды салу
Іс-шараның орындалуы:
1. Бикстің дұрыс жабылуын тексеру;
2. Биксті ішкі және сыртқы жағынан залалсыздандыру 15 минут аралықта екі рет.
3. Биксті ішкі жағынан екі қабат мата салфетканы төсеу.
4. Құрал-жабдықтар мен материалдарды босанқы салу, өйткені олардың арасынан қол өту үшін.
5. Зарарсыздандыру индикаторын берілген заттарды зарарсыздандыруға арналған температуралық режимге сәйкес салу.
6. Салынған материалдарды, заттарды биксқа төсеген салфеткамен жабу.
7. Биксті жабу.
8. Бикстің ұстағышына бөлімшенің атауы, кабинеті, зарарсыздандыруға жіберілген материалдың атауы көрсетілген белгі жапсыру.
9. Биксті орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесіне таза қапқа салып жеткізу.
10. Зарарсыздандыру жүргізгеннен кейін биксті тығыз таза қапқа салып қайта алып келу.
Автоклавтаудағы стерилизация режимі
Режим 1 - температура 132°С, бу қысымы 2 атм., уақыт 20 мин. Коррозияға қарсы материалдан, шыныдан, текстильді материалдан жасалған заттар стерилизациясы үшін қолданылады.
Режим 2 - температура 120°С, бу қысымы 1,1 атм., уақыт 45 мин. Резеңкеден және латекстен, полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады.
Режим 3 - температура 134°С, бу қысымы 2 атм.,уақыт 5 мин. және латекстен, полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады.
Стерилизацияланған заттарды сақтау мерзімі постерилизацияланған, фильтрацияланбаған қораптарда үш тәулікке тең, фильтрлі стерилизацияланған биксте 20 тәулікке дейін.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Шыны, металл, силиконды резеңкеден жасалған заттар үшін қолданылады. Ауалық залалсыздандыру - құрғақ-ыстықты шкабта құрғақ ыстық ауамен өткізеді.
Бұл стерилизатор- дөңгелек немесе тікбұрышты формалы электрлік шкаф болып табылады. Залалсыздандыратын камерада тор және жаймалар бар, олар залалсыздандыруға ұшырайтын заттар, термометр және арнайы құрылым үшін құрғақ және ыстық ауаны бұлғану барысында қолданылады. Қажет температураны термоэлектрлік реле көмегімен қолдайды. Залалсыздандыруды бастамас бұрын ең алдымен шкафтан толық ылғалды ауаны жояды, кейін шкафтың есігі ашық кезінде тетікті іске қосып, камераны 80°С дейін ысытады. Осыдан соң есікті жауып, 10-15 минуттан кейін шкаф залалсыздандырудың толық дайын режиміне ауысады. Залалсыздандыру арнайы дымқылданбайтын қағазда, ылғалды сақтайтын қағаз қалтада немесе ашық ыдыста жүргізіледі (сурет 8).
Сурет 8.
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
Зарарсыздандыру режимдері
Бірінші режим (негізгі) - температурасы 180°С, уақыты 60 минут. Шыныдан және металлдан жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.
Екінші режим (жеңілдетілген) - температурасы 100°С, уақыты 150 минут. Резеңкеден жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.
4.5 Стерилизацияның химиялық әдісі
Полимерлі заттар, резина, шыны, коррозияға –берік металлдарды залалсыздандыру үшін қоданылады.Залалсыздандыру пластмассадан жасалған жабық сыйымдылықта немесе эмальмен жабулы пластмассада жүргізіледі. Эмальмен жабулы пластмасса еш бұзылыссыз болуы керек. Қазіргі кезде залалсыздандыруға ашпа ретінде 6%сутегінің асқын тотығын және дезоксин-1 пайдаланылады.
Сутегінің асқын тотығы айқын залалсыздандырушы әсерге ие.
1. 6% сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен стерилизациялау режимі:
1) Температурасы 18°С, экспозициясы 360 минут.
2) Температурасы 50°С, экспозиция 180 минут.
Құрал-жабдықтардың экспозиция мерзімі аяқталғаннан кейін екі рет стерильді сумен жуады және стерильді контейнерге салады (стерильдік мерзімі – 3 тәуілік.).
2. «Дезоксон-1» ерітіндісінің коррозиялық әсері бар, сондықтан барлық заттарды стерилизациялауға келмейді.
«Дезоксон-1» ерітіндісімен зарарсыздандыру режимі:
1) 1% ерітіндіні қолданады (200 мл препараты 8000 мл ағынды сумен араластырады). Дайын ерітіндіге толығымен салып қояды, температурасы 18°С, экспозициясы 45 минут. Стерильды суда жуады, 5 минутқа салып қойып, суды үш қайтара ауыстырады. Стерильды жаймаға салады. Стерильдік мерзімі – 3 тәуілік.
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Газды зарарсыздандыру әдісін термиялық өңдеуден өткізуге болмайтын объектілерді зарарсыздандыру үшін қолданады (сурет 9).
Сурет 9.
Газды зарарсыздандырушы
Бұл хирургиялық құрал-жабдықтар, оптикалық және радиоэлектронды құрал-жабдықтар, кескіш және шаншуға арналған құрал-жабдықтар микронды өткірлегішпен, кетгут, бір рет қолдануға арналған заттар және басқа да термиялық өндеуге жатпайтын синтетикалық пластмасс заттары (зондтар, катетерлер және т.б.), булы, ауалық және химиялық (ерітінділер арқылы) зарарсыздандыруды қолдануға келмейтін заттар. Кейде газды зарарсыздандыруды термотұрақты заттарды зарарсыздандыруға қолданады.
Газды зарарасыздандырылуда қолданылады:
-
Этилен окисімен бромды метанның қосындысы. Стерилизацияны екі қабатты полиэтилен пленкасы жинамадасында, жуандығы 0,06—0,2 мм, пергамент, дымқылдық өткізбейтін қағаз қапшада жүргізеді. Газ мөлшері 2000 мг/дм3 экспозициясы — 240 сағат. Полиэтилен жинамасында зарарсыздандырылған заттардың сақтау мерзімі бес жылға дейін, крафт-қағазда — 20 тәуілік.
-
16%-формалин буын оптикалық заттарды, кардиостимуляторларды, шыныдан жасалған заттарды, металлдарды, полимерды материалдардан жасалған заттарды қауіпсіздендіру үшін қолданады. Стерилизаторды 2/3көлеміне дейін зарарсыздандыруға дайындаған заттармен толтырады. Картоннан жасалған қораптан газы бар флаконды алады, полиэтиленнен жасалған қапша арқылы, бүтіндігін бұзбайды, тығының ашады, флаконның ішіндегі затты полиэтиленнен жасалған қапшаға құяды содан кейін зарарсыздандыруға жіберілетін заттың бетіне қояды. Стерилизаторды қақпағымен жауып, бұранда арқылы тығыздап тығындайды. Апаратты герметизациялаудан кейін ұсталымның басы белгіленеді.
Газды әдіспен зарарсыздандырылған өнімдер тек қана мұқият желдетіп алынғаннан кейін қолданылады. Металл және шыны өнімдер кем дегенде 1 тәулік желдетілуі керек, ал резеңке және полимерлерден жасалған өнімдер 5 тәулік, жаралы жерге ұзақ (30 минуттан ұзағырақ) байланысқа түскен өнімдер 14 тәулік, балаларға арналған өнімдер 21 тәулік желдетілуі керек.
Камералық газды зарарсыздандыру адамға жоғары уландырғыш әсерін тигізетіндіктен сирек қолданылады.
4.7 Зарарсыздандыру сапасын бақылау әдістері
-
Техникалық
-
Химиялық
-
Бактериологиялық
Техникалық әдіс. Манометрлер, термометрлер, мановакуумметрлер және т.б. құрал-жабдықтарды қолдану температураны, бу қысымы немесе газды, зарарсыздадыру уақытын бақылауға мүмкіндік береді.
Химиялық әдіс зарарсыздандырудың тексерілуі үшін күн сайын қолданылады. Ол кейбір заттардың температураның ықпалынан балқу немесе түсін өзгерту қабілетіне құрылған. Индикатор ретінде бензойқышқылын (t° 122,36°), мочевина (132,7°), тиомочевина (187—182°), аскорбин қышқылын (187—192°) және т.б. қолдануға болады.
Бактериологиялық әдіс ең өзгеше әрі нақты. Стерилизаторға тірі тест-организмдермен флакон немесе бак.тестер қағазды ыдыста орналастырылады, олар зарарсыздандыру нәтижесінде өздерінің тіршілікке бейімділігін жоғалтады, осыған байланысты осы әдісті қолданады. Сонан соң, бұл микроорганизмдердің қоректік ортаға орнатылуы және олардың зарарсыздандырудан кейінгі тіршілікке қабілеттілігі белгіленеді. Бұл әдіс белгілі бір уақытты қажет етеді, бірақ ол стерилизатордың жұмысын әр түрлі режимдерде тексеру қабілетін иеленеді.
Бұл әдістің белгілі кемшіліктері бар: тест-организмнің зарарсыздандырудан кейін қоректік ортаға орынауыстырылуына белгілі бір уақыт және асептикалық жағдайлар қажет.
-
Медициналық қалдықтар
Медициналық қалдықтар – бұл ауруханаларда, емханаларда, диспансерлерде, хоспистерде, аптекаларда, сотты-медициналық лабораторияларда, жедел көмек пен қан құю станцияларында қолданылып, жиналған байлам материалдары, бір реттік шприцтер және системалар, қолғаптар, халаттар, рентгендік пленкалар, тамақ блоктарында инфицирленген қалдықтар, жұқтырылған қан, тері құрақтары, кесіп алынған мүшелер, мерзімі өткен, бұрмаланған дәрілік заттар және басқа материалдар.
Аурухана қалдықтарында ауру тудыратын микроорганизмдердің өте көп мөлшерде болуы, аурухана ішілік инфекцияның дамуының жоғары қатерлі қаупін туғызады. Патогенді микрофлорамен зақымдалған медициналық қалдықтары бар қоқыс өртенген кезде, қатерлі жұқпалы ауру қоздырғыштары желмен ұшып, айналадағы аймаққа таралады. Кей жағдайда қалдықтарды жерге көмгенде қауіпті микроорганимдер сумен шайылады, биорганика шіріктерінен бөлінген газ арқылы жер бетіне шығады.
Қазіргі уақытта ҚР барлық аймақтарында медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын ұйымдар бар.
ҚР ДМ №533 бұйрығына сай медициналық қалдықтар эпидемиологиялық, токсикологиялық және радиациялық қауіптілігі дәрежесіне байланысты класстарға бөлінеді. Басшының бұйрығымен ЕСМ әр құрылымдық бөлімшесінде қалдықтарды жинайтын, сақтайтын және оны тасымалдайтын жауапты адам болуы керек. Медициналық қалдықтарды жинайтын арнайы пластикалық және су өткізбейтін қағаз қаптар (пакеттер), матадан жасалған таралар, темір мен пластикалық ыдыстар, қауіпсіз утилизация қораптары, арнайы контейнерлер қолданылады. Қалдықтардың әр классын жинауға арналған қаптардың, контейнерлердің түсі әртүрлі болуы керек; ыдыстар– маркирленген болуы керек. Қауіпті қалдықтарды жинайтын темір мен пластикалық ыдыстар, арнайы контейнерлертығыз бекітілген болуы керек.
Қауіпсіз утилизация қораптары (ҚУҚ) тығыз (тесілмейтін) және су өтпейтін материалдан жасалынған, медициналық қалдықтардың шашылмауын немесе түспеуін қамтамасыз ететін бекіткіш клапаны бар. ҚУҚ тасымалдауға арналған ұстағышы болуы керек. ҚУҚ мөлшері медицинада қолданылатын бір реттік заттардың (шприцтер, инелер, системалар) тәуліктік жиналуынан аспау керек.
Қалдықтары бар қаптарды, пакеттерді, ыдыстарды, контейнерлерді тасымалдау үшін арбаларды қолданады. Арбаларды басқа мақсатта қолдануға болмайды.
Рұқсат етілмейді:
1) қалдықтармен жұмыс істеу кезеңдерінде әртүрлі класты араластыруға болмайды;
2) қалдықтарды қолмен тығындауға болмайды;
3) арнайы киімсіз және қолғапсыз жұмыс істеуге болмайды;
4) қалдықтары бар ыдыстарды электр құралдарының жанына қоюға болмайды.
5.1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі
Медициналық қалдықтарды 5 классқа іріктейді және жинайды, оның ішінде қауіпті және аса қауіпті қалдықтарды алдын-ала залалсыздандырып, термиялық әдіспен жояды.
А классты қалдықтарды құрайды:
1) әкімшілік-шаруашылық бөлмелері;
2) тамақ блогі, буфетте, асханада, палаталарда;
3) азық-түлік қоймалары, көкөніс сақтайтын жер;
4) аурухана айналасы.
А классты қалдықтарды жинау ережелері:
-
Қалдықтарды көп рет қолданылатын ыдыстарға немесе пластикалық қаптарға (пакеттерге) жинау қажет. Көп рет қолданылатын ыдыстардағы қалдықтар мекеменің аймағына қойылған контейнерлерге салынады. Бір реттік қаптар (пакеттер) қалдықтармен бірге контейнерлерге салынады. Көп рет қолданатын ыдыстарды қалдықтан босатқан соң, жуу қажет.
-
Жұқпалы ауруханадан (бөлімше) басқа мекемелердің бөлімшелеріндегі тамақ қалдықтарын (сұйық, қатты) «тамақ қалдықтары үшін» деген маркирі бар темір немесе пластикалық ыдыстарға жинау қажет және малдардың жеміне қолдануға болады. Тамақ қалдықтарына арналған ыдыстар жуылып, залалсыздандырылуы керек.
Б классты қалдықтарды құрайды:
1) емдік-диагностикалық бөлімшелерінде;
2) клиникалық-диагностикалық лабораторияда;
3) 3-4 патогенді микроорганизм топтарымен жұмыс істейтін, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораторияларда;
4) патологиялық-анатомиялық бөлімдерінде;
5) сот-медициналық экспертиза мекемелерінде;
6) виварияда.
Б классты қалдықтарды жинау ережелері:
-
Медицинада қолданылатын бір реттік заттарды (катетерлер, зондтар, гинекологиялық айналар, шпателдер) және жұмсақ материалдар (мақта, турунда, тампондар, таңатын материалдар, бұраулар, астына салатын жаялықтар, науқастардың қаны жұққан бір рет қолданатын төсек жабдықтар және арнайы киімдер) бір рет қолданатын пластикалық пакеттерге жинап, қақпағы тығыз жабылатын көп рет қолданатын ыдыстарға (темір, пластмас) немесе ҚУҚ саламыз. Бір рет қолданатын пакеттерге салған соң аузы байлануы керек;
-
Шприцтер, системалар, инелерді бұзбай және залалсыздандырмай бірден ҚУҚ салынуы керек;
-
Биологиялық және патологиялық-анатомиялық қалдықтарды қақпағы тығыз жабылатын темір немесе пластикалық ыдыстарда жинауы қажет;
-
Клиникалық-диагностикалық, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораториядағы биологиялық қалдықтар темір (пластикалық) ыдысқа немесе бикстерге жинауы қажет;
-
Сот-медициналық экспертиза және вивария мекемелеріндегі биологиялық қалдықтарды пластикалық немесе су өтпейтін қаптарға (пакеттер) жинап, қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарға (темір, пластмас) салынуы қажет;
-
Жұқпалы ауру бөлімшесі қалдықтары жою әдісіне байланысты (жағу, канализацияға лақтыру) қақпағы тығыз жабылатын бір реттік пластикалық пакеттерге немесе темір (пластикалық) ыдыстарға жинау қажет.