Файл: УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.08.2021

Просмотров: 4794

Скачиваний: 18

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы........................................................50

3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51

4.6 Стерилизацияның газды әдісі..............................................................................................60

2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру ...........................................................127

2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру................................................................129

2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері.............................................................................130

Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:

Қол деконтаминациясының мақсаты:

«Деохлор» құралы салмағы 3,4 гр қамтитын дәрілер түрінде келеді, оның құрамында 1,5 г (44,2%) белсенді хлорлы дихлоризоциануралық қышқылының қызметтік заты - натрий тұзы бар. Оның бактерияға қарсы, вирулицидтік және фунгицидтік қасиеті белгілі. Асқазанға енгізілгендегі қалыпты-қауіпті заттардың 3 классына жатқызылады. Белсенді хлоры 0,1% немесе одан да жоғары шоғырлануы жағдайында тыныс алу ағзалары мен көздің зақымдануын туғызады.

Бактериялдық туындау себебі бар инфекциялар кезінде (өкпе құрт ауруы мен аурухана ішілік инфекцияларды туындатушылар), вирусты инфекциялар кезінде (ЖИТС, парентеральды жұғу механизмді гепатиттер), түрлі профильді ЕПМ-дегі қышыма қотыр туындау себебі бар инфекциялар кезінде (күнделікті және жаппай жинастыру жүргізу үшін), балалар мекемемелеріндегі инфекциялық ошақтар кезінде (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) бөлмедегі жиһаз, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекиялау үшін қолданылады. Ауруларды алдын-алу мақсатында 0,015% ерітінді пайдаланылады (1 дәріні 10 литр суға ерітеміз).

«ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралының белсенді заты - дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы. Ол салмағы 3,35 гр-дық хлорлы иісті ақ дәрілер түрінде шығарылады. Бұл дезинфекциялық құралдың микробқа қарсы әсері бактерияларға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса айтқанда), вирустарға (полиомиелит, энтеровирус инфекциялары, Коксаки, ЕСНО, энтеральды және парентеральды гепатиттер, ЖИТС инфекциясы, тұмау, «H5N1 құс тұмауы», ЖРВИ, герпетикалық, аденовирустық және т.б. инфекциялар), Кандида текті қышыма қотыр, дерматофиттерге бағытталады.

«Дюльбак ДТБЛ» дезинфекциялық құралының құрамында 4,5% диде-цилдиметиламмоний хлориді, 6% беткейлі-белсенді заттар, 6% сілтілі тұздары бар иіссіз, қою көгілдір тұстес, сұйық концентраты. Бактеридцидті (туберкулоцидті), вирулицидті (парентеральды вирустық гепатиттер мен ВИЧ-инфекция қоздырғышына қарасты), фунгицидті (Кандида және дерматофит тектес қышыма қотырға қарасты), жуып-шаюшы қасиетке ие.

ЕПМ-дегі алдын-алу, күнделікті, қорытынды дезинфекциялау кезінде бөлме бедері, жиһаз, медициналық қолданыстағы бұйымдар, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарды өңдеуде қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыры (кандидоз, дерматофития), вирустық (гепатит пен ЖИТС) инфекция ошағында дезинфекция жүргізгенде де пайдаланылады. Өңдеу жұмысын ерітіндімен сүрту, суармалау және толыққанды ерітіндіге енгізу арқылы жүргізеді. Ерітіндіні орта есеппен 2-ден 50 мл шамасында сумен араластырып дайындау көзделген.

 «Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы 3,5 (±0,3) гр ақ түсті дөңгелек пішінді дәрі. Белсенді заты – дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы -73,0% және қызметтік құрамдас бөліктер: адипинді қышқыл, натрий гидрокарбонаты. Белсенді хлор массасы (1 дана дәріні суда еріткенде) 1,5±0,15 г. Микробқа қарсы әсері бактерияға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса алғанда), вирусқа, қышыма қотырға жүреді.

ЕПМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын профилактикалық, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.

Ас суы, жүзу бассейндеріндегі суды, беткейлерді, су сақтаушы ыдыстарды, қосалқы бөлмелердің бедерін, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды, жинасыру құралдары, жеміс-жидектерді зарарсыздандыруға қолданылады. Түрлі заттарды дезинфекциялау үшін белсенді хлоры 0,0025-тен 0,2%-ға дейінгі дәрілерді ерітіп қолданамыз..

 «Медифокс»дезинфекциялық құралы – инсектоакарицидті зат. Дезинсекциялау тәжірибесінде қолдануға бағытталған: бас және шат биттерін жою мақсатында, іш-киім педикулезімен, ұшпайтын синантропты көпаяқтылармен, сорғыш тарақандармен, төсек-жабдық қандаламен, сірке, қышыма кенелермен күрес пен ЕПМ-дегі қышыма мен педикулез ошағын зарарсыздандыру үшін қоланылады. Құралдың қолдану нормасы - 0,5%-ды сұйық эмульсияның 50 мл-ін кез-келген бедерге пайдаланамыз.

Жоғарыда аталған құралдар жақсы дезинфекциялық әсерге ие және қолданыста өте ыңғайлы болып табылады. Дегенімен, уақыт есебімен сыналған хлорлы әк пен хлораминді де қолдануымызға болады.

3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы

Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы

Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы

3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек

3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі

6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.

4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі

Шыны, металл, силиконды резеңкеден жасалған заттар үшін қолданылады. Ауалық залалсыздандыру - құрғақ-ыстықты шкабта құрғақ ыстық ауамен өткізеді.

Бұл стерилизатор- дөңгелек немесе тікбұрышты формалы электрлік шкаф болып табылады. Залалсыздандыратын камерада тор және жаймалар бар, олар залалсыздандыруға ұшырайтын заттар, термометр және арнайы құрылым үшін құрғақ және ыстық ауаны бұлғану барысында қолданылады. Қажет температураны термоэлектрлік реле көмегімен қолдайды. Залалсыздандыруды бастамас бұрын ең алдымен шкафтан толық ылғалды ауаны жояды, кейін шкафтың есігі ашық кезінде тетікті іске қосып, камераны 80°С дейін ысытады. Осыдан соң есікті жауып, 10-15 минуттан кейін шкаф залалсыздандырудың толық дайын режиміне ауысады. Залалсыздандыру арнайы дымқылданбайтын қағазда, ылғалды сақтайтын қағаз қалтада немесе ашық ыдыста жүргізіледі (сурет 8).

Сурет 8.

Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру

Құрал-жабдықтардың экспозиция мерзімі аяқталғаннан кейін екі рет стерильді сумен жуады және стерильді контейнерге салады (стерильдік мерзімі – 3 тәуілік.).

4.6 Стерилизацияның газды әдісі

Сурет 10.

Жедел жәрдем автокөлігі

Кесте 5.

Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары

Тағы да науқастың дене қалпын өзгертуде маңызы бар көптеген ауруларды мысалға кетіруге болады. Кей жағдайларда ұзақ уақыт төсекте мәжбүрлі күйде отыру, науқастың жағдайын нашарлатып жібереді, ойық жараның пайда болуына әкеледі, сондықтан науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отыру қажет.

Дене салмағын өлшеу

Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу

Кеуде шеңберін өлшеу

Майдың іш аймағында жиналуы денсаулыққа қауіпті, себебі жүректің ишемиялық аурулары, артериалық гипертония, қантты диабет және т.б. жиі кездеседі. Әлем статистикасы бойынша әйелдердің 30-40%, ал еркектердің 10—20% -ы семіздікке жиі ұшырайды.

Семіздіктің 3 түрі бар:

- әйелдерге тән түрі (гиноидты семіздік) – тері асты май сан және жамбас аймағына жиналады (сурет 40 а);

- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);

Сынапты термометр

Сандық немесе электронды термометр

Инфрақызыл термометр

Терможолақтар

Білезік артериясында пульсті тексеру

а – екі қолда, б - бір қолда

Артериалды қысымды өлшеу әдістері

Артериалды қысымның санын жазуға негізделген әдіс. Өлшеу арнайы құрылғымен жүргізіледі, ол манжеттен, миникопрессордан, есептейтін және жазатын қондырғыдан, есте сақтау блоктан тұрады.

Аппарат 3, 5, 10 және 15 минут сайын аралықта АҚ көрсеткішін тіркейді және өлшеген уақытын қоса есте сақтау блогына жазып алады. 

Келесі күні аппаратты медициналық қызметкер шешеді. Есте сақтау блогындағы мәліметтер санды-әріп жазба түрінде шығады және дәрігер қорытынды жасайды.

Сурет 53

АҚТМ қолдану техникасы

Су тепе-теңдігі – бұл ағзаға түскен сұйықтықпен (ішкен сұйықтық, инфузиялар) және тәулігіне шыққан несеп санының айырмашылығы.

Тәуліктік диурез (тәулігіне бөлінген зәр көлемі) үлкен адамдарда жасына, температураға және қоршаған ортаның ылғалдылығы, тамақтану жағдайы, физикалық күшке және басқа факторларға байланысты 800 мл -ден 2 л-ге дейін аралықта өзгеріп тұрады. Қалыпты жағдайда барлық түскен сұйықтықтың 68-80% зәрмен шығады, ал қалғандары термен, тыныспен және үлкен дәретпен шығады.

Тәуліктік диурезді анықтау науқастарда жасырын ісікті анықтау, зәр айдайтын дәрілердің әсерін бақылау мақсатында жүргізіледі. Науқас 3 күн зәр айдайтын дәрілерді қабылдамауы қажет. Науқасқа тамақтардағы сұйықтықтың пайыздық мөлшерін түсіндіру.

Шараның орындалуы:

1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.

2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.

3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.

4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).

5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).

6. Есепке алу қағазындағы мәліметтерді формула бойынша су тепе-теңдігін есептеуді жүргізу: шыққан зәр мөлшері*0,8 (80%) = қалыпты жағдайда бөлінуге тиіс зәрдің мөлшері.

Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.

1250*100 / 1350 = 91%.

Теріс тепе-теңдік (<70%) ағзада сұйықтықтың жиналуын көрсетеді: зәр айдайтын дәрілердің әсерінің болмауы немесе жасырын ісіктер.

Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.

Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:

Адам қалыпты жағдайда күндіз 2/3 және түнде 1/3 несептің тәуліктік көлемін шығарады. Түнгі диурездің күндізгіден артық болуы –никтурия деп аталады.

vmede.org

vmede.org

Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56

Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі

2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі

2.9 Ауыз қуысы күтімі

Құлық тығындарын алу

Жалпы сипаттамасы: Диета ақуыз, май, тағам талшықтарына, А, С және В тобының дәрумендеріне өте бай. Тағамдар суға және буға пісірілген, суға пісірілген көкөністер.

Сурет 84

Іс-шараның орындалуы:

  • Науқасқа отыруға көмектесу: бір мейірбике науқасты қолдап, келесі бас жағына жастық қояды (немесе кереует бас жағын көтереді).

  • Екі жағынан бір-біріне бетімен қарап науқас кереуетіне жақын тұрады.

  • Мейірбикелер иықтары науқас арқасының деңгейінде, аяқтары алшақ, арқаларын тік ұстайды, аяқтарын тізе буынында бүккен, қозғалыс бағытына қарай бас жағындағы аяқтары бұрылған.

  • Науқас қолтық астына және кеудесіне иықтарын қояды. Қол басы науқас санының астына енгізеді. Науқас қолдарын мейірбикелер иығына салады.

  • Бір қолымен кереует бас жағына тіреліп (шынтақ бүгілген), келесі сан астындағы қолы көмекшінің білезігінен ұстайды екі реттік білезіктік ұстау»)

  • Науқас қасындағы аяғын тіктеу, дене салмағын келесі аяққа ауыстыру, науөасты көтеру. Треуші шынтақты жазу.

  • Науқасты төсегінен толық тұрғызу, аз арақашықтыққа ауыстыру және тағы да науқасты төсегіне аяқтарын бүгіп тұрып отырғызу

Науқасты керек қашықтыққа ауыстыру (сурет 29).

Shape41

healthworker.ru







Shape42

Shape43

healthworker.ru


Сурет 29

Кереуеттен «иықпен көтеру» әдісі


6.8 Науқас өз бетінше қозғалғанда көмектесу

Науқастың қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда, яғни жеңіл жарақаттарда өз бетімен көмекшінің қолына тірелу арқылы қозғала алады.

«Қолдары арқылы ұстау» әдісі (сурет 30)

Shape44








Shape45

larece.ru






Сурет 30

Қолдары арқылы ұстау

Іс-шараның орындалуы:

  • Науқас қолдарын айқастыруын өтініп, оларды кеудеге қысу (егер бір қолы әлсіз болса науқас күштірек қолымен оны ұстайды).

  • Науқастың арқа жағынан келеді (отырған орындық немесе кресло артынан).

  • Өз қолдарын артынан қолтық асты аймағына өткізу, науқасты қолдарының білезігінен ұстау

  • Науқасты тасымалдау (сурет 31)



Науқас жүрісі кезінде қолдау

Shape46












Shape47

medznate.ru





Сурет 31.

Науқас жүрісі кезінде қолдау


Іс-шараның орындалуы:

  • Науқастың қасына тұру

  • «Бас бармақпен алақанды ұстау» әәдісін қолдану: науқастың оң қолын өзінің оң қолымен ұстайды (немесе сол қолымен сол қолын), науқас қолы тік, алақанымен мейірбике алақанына тіреледі

  • Басқа қолымен науқасты шынтақтан немесе қолтық астынан, белінен ұстап қолдау.

  • Науқасқа жақын тұру, оның тізелерін оң жақ аяғымен қолдау (егер мейірбике оң жағында тұрса)

  • Науқаспен қатар қозғалу (сурет 32).


«Көтерілген шынтақты қапсыра ұстау» әдісі арқылы науқасты ұстау


Shape48












Shape49

larece.ru






Сурет 32

Көтерілген шынтақты қапсыра ұстау

Іс-шараның орындалуы:

  • Орындықта (төмен кереуетте) отырған науқасқа бүйірінен бетімен қарап тұру

  • Бір аяғын орындықтың жанына қою, келесісін өкшені жеңіл бұрып науқас аяғының алдына қою, оның тізелерін өз аяғымен бекіте отырып

  • Науқасты алдыға қарай саны арқылы еңкейуін (немесе оған көмектесуін) сұрау және оның иығы Сіздің кеудеңізге тығыз орналасуы қажет

  • Науқас арқасы арқылы алдыға қарай еңкейіп және оның шынтақтарынан қатты ұстаймыз да төменнен тірейміз

  • Науқас иығы Сіздің қолыңызға тіреу ретінде қолдану мақсатында өз иығыңызды ыңғайлы қоясыз

  • Науқасты қажет жеріне ауыстырамыз (сурет 33).


«Қолтық астынан қапсыра ұстау» әдісі арқылы науқасты ұстау

Shape50












Shape51

larece.ru






Сурет 33

Қолтық астынан қапсыра ұстау


Іс-шараның орындалуы:

  • Орындықта (төмен кереуетте) отырған науқасқа бүйірінен бетімен қарап тұру

  • Бір аяғын орындықтың жанына қою, келесісін өкшені жеңіл бұрып науқас аяғының алдына қою, оның тізелерін өз аяғымен бекітеді.

  • Науқас қолтық астына қол басын енгізу: бір қол басын алдынан артқа қарай бағыттау, алақанды жоғары қарату, бас бармақ қолтық астына енбейді, келесісін –артынан алдыға қарай бағыттау, алақанды жоғары қарту, бас бармақ сыртта қолтық астына енбейді.

  • Науқасты алдыға қарай саны арқылы еңкейуін (немесе оған көмектесуін) сұрау және оның иығы Сіздің кеудеңізге тығыз орналасуы қажет.

  • Науқасты қажет жеріне ауыстырамыз (сурет 54).

Науқасты тасымалдаудың кез-келген әдісін қолданбас бұрын қызметкер іс-шараға алдын-ала дайындалуы керек. Ол үшін науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатып, науқасқа әс-шараның мақсатын және жолын түсіндіріп, келісімін алу қажет. Тасымалдау әдісін, қосымша көмектің керектігін таңдау үшін науқастың жіне қоршаған ортаның жағдайын бағалау маңызды (еден ылғалдылығы, денде бөгде заттың болуы, кереует биіктігі және т.б.). Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қолқап киген тиімді.

Науқасты тасымалдамас немесе тұрғызбас бұрын оны ыңғайлы жатқызып немесе отырғызып дене биомеханикасын есепке аламыз. Сондықтан, тасымалдау, ауыстыру немесе қозғалту кезінде мед.қызметкердің омыртқалары мен кеудесіне түсетін қысымды азайту үшін қолданылатын әдістерді пайдалануды білу аса қажет.




































































Тарау IV

ФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ


Ауруханадағы науқастың функционалды жағдайын бақылау үшін келесі көрсеткіштерді анықтау қажет:

  • Қажеттіліктің бұзылуы

  • Жалпы жағдайы

  • Есінің жағдайы

  • Төсектегі қалпы

  • Антропометриялық мәліметтер

  • Дене температурасы

  • Тері жамылғысының жағдайы

  • Тынысы

  • Пульс

  • Қан қысымы

  • Су балансы


  1. Адамның негізгі қажеттіліктерінің сипаттамасы

1943 жылы орыс тегінен шыққан американдық психофизиолог А. Маслоу ұсынған қажеттіліктің иерархия теориясы кең таралды. Маслоу адамның 14 негізгі қажеттіліктерін көрсетіп, оны бес сатыға бөлді.Пирамиданың негізін фундаментті қажеттілік құрайды (сурет 13).



















Shape52

www.dekanblog.ru





Сурет13.

Маслоудың қажеттілік пирамидасы

Бұл теорияға сәйкес адамның қажетттілігі төменнен жоғары қарай дамиды, адам алдымен төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, одан соң жоғары деңгейдегі қажеттіліктер туындайды.

Адамның бірінші деңгейдегі қажеттіліктері – физиологиялық қажеттіліктер:

1. тыныс алу

2. жеу

3. ішу

4. шығару

5. ұйықтау, дем алу.

Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүруге қажет және оған тамақ, су, тұратын жер, дем алу және жыныстық қажеттіліктер жатады.

Екінші деңгей– сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі:


6. таза болу

7. киіну, шешіну

8. температураны ұстап тұру

9. дені сау болу

10. қатерден, аурудан, күйзелістен қашу

11. қозғалу.

Сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі болашақта сыртқы ортадан келетін қатерден физикалық және моралды қорғау қажеттілігін туындатады және болашақта физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратынына сенеді.

Үшіншідеңгей – әлеуметтікқажеттілігі:

12. сөйлесу

Әлеуметтікқажеттілікке біреуге тәуелді болу немесе басқалардың сені қабылдау сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас сезімі, бауыр басу және қолдау сезімдері кіреді.

Төртіншідеңгей – сыйлау және өзіңді сыйлау қажеттілігі:

13. жеңіске жету

Сыйлау қажеттілігіне өзіңді сыйлау, жеке жетістіктері, біліктілігі, қоршаған ортаның сені сыйлауы, мойындауы жатады.

Бесінші деңгей – өз ойын білдіру қажеттілігі

14. ойнау, оқу, жұмыс істеу.

Өз ойын білдіру қажеттілігі - алға қойған мақсаттарын іске асыру және тұлға ретінде өсу қажеттілігі.

Оттегі қажеттілігі – дұрыс дем алу адамның ең негізі физиологиялық қажеттілігі. Оттегі жетіспегенде тыныс жиі және беткей болады, ентігу мен жөтел пайда болады. Ұзақ уақыт болған гипоксия көгеруге әкеледі, терісі және көрінетін шырышты қабаттары көгереді. Бұл қажеттілікті ұстап тұру мейірбикеге басты мақсат болып табылады. Адам осы қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өміріне қажетті қандағы газ құрамын қалыпты деңгейде ұстайды.

Тамақ қажеттілігі денсаулықты сақтауға және көңіл-күйдің жақсы болуына аса маңызы бар. Дұрыс және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмектеседі. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы мал майына және холестеринге бай тағамдарды үнемі қабылдағанда пайда болады. Жарма және өсімдік жасұнығына бай тағамдар тоқ ішектің қатерлі ісігі дамуы каупін төмендетеді. Тағамда ақуыздың көп болуы жараның тез жазылуына көмектеседі.

Бұл қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, мейірбике науқасқа дұрыс және адекватты тамақтану туралы кеңес беру және үйрету. Науқасқа күнде жемістер мен көкөністер, ботқалар, сүт тағамдары, майсыз ет, балық, құстарды жеу ұсынылады, аздап сары май және кілегей, бірақ жұмыртқаның сарысын, қантты, тәтті тамақтарды, тұзды, спиртті ішімдіктерді шектеу қажет.

Тамақты қайнатып, пісіру қажет, бірақ қуыруға болмайды. Тамақ қажеттілігі қанағаттандырылмағанда адам денсаулығы бұзылуы мүмкін.

   Сұйықтық қажеттілігі – бұл күнде 1,5-2 л сұйықтықты қолдану: су, тәтті сусын, бірінші тамақтар, жемістер, көкөністер. Осы көлемдегі сұйықтық несеппен, нәжіспен, термен, тыныс алғандағы бумен бөлінетін шығынның орнын толтырады. Су тепе-теңдігін сақтау үшін, адам шыққан сұйықтықтан артық мөлшерде суды қолдану керек, өйткені сусыздану белгілері пайда болуы мүмкін, жүйелер мен мүшелердің қызметі бұзылмас үшін, 2 литрден артық сұйықтық ішуге болмайды. Науқастың денсаулығы мейірбикенің сусыздану мен ісінулердің пайда болу қаупін болжай білуіне тікелей байланысты.


   Өмір сүру заттарын шығару қажеттілігі. Бірқатар қажеттіліктерді қанағатандыруды кейінге қалдыруға болады, бірақ өмір сүру заттарын шығару қажеттілігін ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. Көптеген науқастар бұл істі тек өзіме қатысты деп есептейді және медициналық қызметкерге айтқысы келмейді. Бұзылған қажеттілікті қанағатандыруда мейірбике оны жалғыз қалдыруға болмайды, науқастың құқығын сыйлауға және құпияны сақтауды қамтамасыз етуі қажет.

   Ұйықтау және демалу қажеттілігі – ұйқы қанбағанда қандағы қанттың деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі бұзылады және ойлау процестері баяулайды, көңіл бөлуі бұзылады, есте сақтау бұзылады. Түннің жартысына дейін ұйықтамаған адамда, фагоцитоз, иммунды қорғанысқа жауап беретін қандағы клеткалардың саны екі есеге азаяды.

   Ауру адамға ұйқы өте қажет, өйткені оның көңіл-күйін жақсартуға көмектеседі. Адам ұйықтап жатқанда сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау төмен болғанымен, бұл белсенді жағдай болып табылады.

   Адамның ұйқысына көптеген факторлар әсер етуі мүмкін: физикалық шаршау, дәрілер, наркотиктер, өмір салты, эмоционалды күйзеліс, қоршаған орта және физикалық күш. Ауырсынумен, физикалық шаршаумен, қорқу және депрессиямен қосарланған кез-келген ауру ұйқының бұзылуына әкеледі.

   Мейірбике тағайындалған дәрілік заттардың әсер етуі мен ұйқыға әсерін науқасқа түсіндіру қажет.

   Дем алу – физикалық және психи­калық белсенділіктің төмендеген жағдайы. Ұзақ уақыт қыдырып жүргенде, кітап оқығанда немесе арнайы босаңсыту жаттығуларын жасау кезінде дем алуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық шам, басқа адамдардың болуы дем алуғакедергі келтіреді.

   Адамның өмір сүруіне дем алу және ұйқы қажет, ол ұйқыда жатқанда қажеттілігін қанағаттандыруға қол жеткізеді және мейірбикеге көмек көрсете алуы мүмкін.

   Қозғалыс қажеттілігі. Қозғалыстың шектелуі немесе қозғала алмау адамға көптеген мәселелерді туындатады. Бұндай жағдай ұзақ және үнемі болуы мүмкін. Ол шина салынған жарақаттан кейін, арнайы аспапты қолдану арқылы аяқтарды созу, созылмалы аурулары кезінде ауырсыну, ми-қан айналым бұзылыстарынан кейінгі көріністердің (инсульт) салдарынан болуы мүмкін.

   Қозғала алмау – ойық жараның пайда болуы, тірек-қимыл мүшелері, жүрек, өкпе жұмыс қызметі бұзылуының қатерлі факторының бірі. Ұзақ уақыт қозғалмағанда асқорыту жүйесінде өзгерістер байқалады: диспепсия, метеоризм (іштің кебуі), анорексия (тәбеттің төмендеуі), іш өту немесе іш қату. Үлкен дәретке отырғанда қатты күшену көтен ішекке, миокард инфарктіне, өкпе артериясының тромбоэмболиясына, жүректің тоқтауына әкелуі мүмкін. Әсіресе жатқан қалыпта қозғала алмау, несептің шығуын бұзады және қуықта, астаушаларда қабынудың, бүйрек пен қуықта тастың пайда болуына әкеледі.


   Қозғалмаудың ең басты мәселесі науқас қоршаған ортамен араласа алмағандықтан, тұлғаның қалыптасуына біршама әсер етеді. Науқастың қозғалмауының ұзақтығы мен дәрежесіне байланысты психоәлеуметтік өрісінде мәселелер туындауы мүмкін; оқуға ынтасы, уәждемесі (мотивация) төмендейді, сезу мен эмоциясы кемиді.

   Мейірбике қозғалысты бар мүмкіндігінше қалпына келтіруге, балдақты, таяқты, протезді қолдана отырып, өз бетінше қозғалуға науқасты бағыттаса, науқастың өмір сүру сапасын жақсартуда үлкен маңызы бар.

   Жыныстық қажеттілік. Ол ауырсада немесе жасы ұлғайсада бітпейді. Адамның сексуалды денсаулығына ауру, даму ақаулары әсер етуі мүмкін. Көп адамдар шындап сексуалды мәселесі болса да, бұл тақырыпта ашық айта алмайды. Науқаста бар және потенциалды сексуалды мәселені шешуге көмектесу, денсаулық аспектілерінің барлық жағынан үйлесім табуына қол жеткізеді. Науқаспен әңгімелескенде қалыпты сексуалды түсінік және ең көп таралған бұзылыстары туралы нақты негізгі білім болуы керек; адамның бағыты, мәдениеті, религиозды пікірі сексуалды қажеттілікке әсерін түсіну керек; мейірбике құзіреті шегінен шыққан мәселені анықтауды үйрену және науқасқа маманның кеңесіне жүгінуді ұсыну (сексолог дәрігері, сексопатолог, андролог).

   Қауіпсіздік қажеттілігі. Көп адамдарға қауіпсіздік деген беріктік және жайлылықты көрсетеді. Әрқайсымыз үй, киім, біреудің көмегін қажетсінеміз. Науқас өзін қауіпсіз жағдайда сезінеді, егер де керует, кресло немесе каталка бекітілген болса, палатада және дәлізде еден құрғақ және басқа заттар болмаса, қараңғы мезгілде бөлме жарық болса, көзі көрмегенде көзілдірігі болса. Науқас ауа-райына байланысты киінуі керек, тұратын жері жылы болуы керек, қажет жағдайда көмек көрсетілуі керек. Науқас өз қауіпсіздігін қамтамасыз еткендігіне және айналадағыларға зиян келтірмейтініне сенімді болуы керек. Күйзеліс жағдайын ушықтырмауы керек.

   Әлеуметтік қажеттілік – бұл отбасына, достарына қажеттілік, олардың қарым-қатынасы, бірін-бірі қолдауы, бауыр басу, жақсы көру. Адамдар өзін жақсы көруін, түсінуін қалайды. Ешкім өзін тастап кетуін, сүйкімсіз және жалғыз қалуды қаламайды. Егер осылай болса, онда адамның әлеуметтік қажеттілігі қанағаттандырылмаған.

   Ауыр ауруларда, жұмысқа қабілетсіздікте немесе жасы ұлғайғанда босқуыс (вакуум) пайда болады, әлеуметтік жалғасулар жоғалады. Осы жағдайларда әсіресе қарт және жалғыз адамдарда сөйлесу қажеттілігі қанағаттандырылмайды. Адам бұл туралы айтқысы келмесе де, әлеуметтік қажеттілікті әрқашан есте сақтау қажет. Науқастың әлеуметтік мәселесін шеше отырып, оның өмір сүру сапасын біршама жақсартуға болады.

   Сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі. Адамдармен әңгімелескенде, өзіңнің жеңісін туралы айналадағылардың бағалауына немқұрайлы қарай алмаймыз. Адамда сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі пайда болады. Еңбек қанағат әкелуі керек, ал демалыс – қанықты және қызықты болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық деңгейі неғұрлым жоғары болса, өзін сыйлау қажеттілігі қанағаттандырылады. Еңбекке жарамсыз және қарт адамдарда бұл сезім жоғалады, өйткені олардың жетістігіне ешкім қуанбайды, қызықпайды, оларда сыйлау қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіншілік жоқ.