ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4797
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Өз ойын білдіру қажеттілігі – адам қажеттілігінің ең жоғарғы деңгейі. Өз ойын білдіру қажеттілігін қанағаттандыра отырып, әрқайсысы басқалардан да артық жасадым деп сенеді. Біреулері үшін өз ойын білдіру – бұл кітап жазу, басқалары үшін–бақ өсіру, үшіншісіне–балаларды тәрбиелеу.
Мейірбике науқасты күту жоспарын құрғанда, өз біліктілігі аясында көмектесуі қажет.
-
Науқастың жалпы жағдайы
Науқастың жалпы жағдайын бағалау (жағдайының ауырлық дәрежесі) объективті және субъективті зерттеу әдістері негізінде іске асады.Жалпы жағдайының ауырлығы ағзаның өмірге қажетті қызметтері декомпенсациясының бар болуына және дәреже айқындылығына байланысты анықталады. Дәрігер жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты диагностикалық және емдік шаралардың көлемін және шұғыл жасалу сұрақтарын шешеді, ауруханаға жатқызу көрсеткішін анықтайды, науқасты тасымалдау және аурудың соңы (болжау) туралы айтады.
Клиникалық тәжірибеде жалпы жағдайдың бірнеше өрбулерін ажыратады:
-
Қанағаттанарлық
-
Орта дәрежесі
-
Ауыр
-
Өте ауыр (агония алды)
-
Терминалды (агония)
-
Клиникалық өлім жағдайы
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, егер ағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылмаса, аурудың көптеген симптомдары болуы мүмкін, бірақ олар әлсіз айқындалған және науқастың белсенділігіне кедергі келтірмейді. Есі анық, төсектегі қалпы белсенді, тамақтануы бұзылмаған, дене температурасы қалыпты немесе субфебрилді. Науқас өзін-өзі күте алады. Қанағаттанарлық жағдай аурудың жеңіл түрі ағымында немесе реконвалесценция кезеңінде болады (жазылу).
Орта дәрежелі ауырлық жағдайы ағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылған, бірақ науқастың өміріне қауіп төндірмейді. Есі анық, бірақ бел-әлпеті ауырған адамның түрі. Негізгі аурудың симптомдарының аздап айқындығы көрінеді: әр жерінің ауыруы, әлсіздік, қызба, ентігу және басқалары. Науқастың қозғалыс белсенділігі шектелген. Науқастың белсенділігі жалпы әлсіздікті және ауырсыну симптомдарын үдетеді, бірақ науқас өзін-өзі күте алады.
Ауыр дәрежелі ауырлық ағзаның өміріне қажетті қызметінің декомпенсациясы науқастың өміріне қауіп төндіреді, немесе мүгедектікке алып келеді.Науқастың төсектегі қалпы пассивті немесе мәжбүрлі, науқастың есін әртүрлі дәрежеде ауырлатуы мүмкін. Аурудың шағымы мен симптомдары біршама айқын: шыдатпайтын ауырсыну, қайта-қайта құсу, тыныштықта ентігу және басқ. Кейде науқас айқайлайды, көмекке шақырады, бет-әлпеті қайғылы түрде. Барлық ауыр жағдайдағы науқастар жедел түрде ауруханаға жатқызылады.
Аса ауыр жағдай (агонияалды) ағзаның өміріне қажетті қызметінің бірден бұзылуымен сипатталады және тез арада қарқынды ем шаралары жүргізілмесе, науқас бірнеше сағатта немесе минуттарда қайтыс болуы мүмкін. Науқастың есі комаға түсуі мүмкін. Қалпы пассивті. Тыныс-алу, жүрек-тамыр және басқа жүйелер мен мүшелердің зақымдалу симптомдары айқындалған: тыныс алудың ақаулы түрі, ұйқы артериясында пульс әлсіз, әзер байқалады, тырысужәне басқ. Реанимациялық бөлім жағдайында ем жүргізіледі.
Терминалды (агоналды) жағдай естің толық болмауы байқалады, бұлшық еттер босаңсыған, рефлекстері болмайды. Көздің қасаң қабығы мөлдір емес, төменгі жағы түсіп кетеді. Ұйқы артериясында пульсібайқалынбайды, қан қысымы анықталмайды, жүрек тондары естілмейді, бірақ электрокардиограммадамиокардтың электрлік белсенділігі тіркеледі. Әр кезде кезеңді түрде тыныс алу қозғалысы - Биот типті тыныс байқалады. Агония бірнеше сағатқа немесе минутқа созылады.
Электрокардиограммада фибрилляция толқыны немесе изоэлектрлік сызықтың пайда болуы және тыныстың тоқтауы, клиникалық өлімнің болғанын көрсетеді. Өлер алдында науқаста тырысу, еріксіз несептің және нәжістің шығуы дамиды. Клиникалық өлімнің ұзақтығы бірнеше минутқа созылады, дер уақытында жасалған реанимациялық шаралар адамды аман сақтап қалуы мүмкін.
-
Ес жағдайы
Науқаста естің бұзылуының әртүрлі дәрежесі дамуы мүмкін, оның өшуі (ступор, сопор, кома) немесе ОНЖ қозуы болады (сандырақтау, галлюцинация).
Есі анық – есінің толық сақталуы, белсенді сергектік, өзін және қоршаған ортаны адекватты қабылдау. Науқас қоршаған ортаны толық бағдарлай алады, қойылған сұрақтарға нық жауап береді.
Ступор (аздаған қатаңдану) – естің жартылай өшуі. Науқас уақыт пен кеңістікті жақсы бағдарлай алмайды, бірақ өзін, айналадағы адамдарды бағдарлай алуы сақталған. Қатты шаршағаны, солғыңдығы, бет-қимылы азайғандығы, ұйқылы-ояулығымен сипатталады. Ауырту қозғалыс реакциясы белсенді және дұрыс бағыталған. Сөйлесуі сақталған, адамның сөйлегенін естігенде, көзін ашады, бірақ сұрақтарға баяу, бірыңғай, кейде мағынасыз жауап береді. Жамбас мүшелерінің қызметін бақылау сақталған.
Сопор – естің терең тұнжырауы. Науқас «ұйқылы» жағдайда болады: сыртқы ортаға қатыссыз, көздері жабылған, сөйлесу мүмкін емес, команданы орындамайды, қозғалыссыз. Қатты айқайлағанда, ауырсыну кезінде (укол, шымшу және т.б.)оны алып-тастауға бағытталған, аяқ-қолдарының үйлесімді қорғаныс қозғалыстары байқалады жәненауқас басқа бүйіріне бұрылуы, немесе ынырсуы мүмкін. Ақаулы ұйқы жағдайынан қысқа уақытқа шығуы мүмкін. Жамбас мүшелерінің қызметін бақылау бұзылған. Өміріне қажетті қызметі сақталған, немесе бір параметрі аздап өзгерген.
Кома – естің толық жойылуы. Науқас ауырсыну және дыбыс тітіркендіргіштеріне жауап бермейді, рефлекстері жоғалған. Тыныстың тереңдігі мен жиілігі бұзылу, қан қысымының төмендеуі, жүрек қызметі ырғағының бұзылуы, температура реттеуінің бұзылумен сипатталады. Қарашығы тарылған, жарыққа реакциясы жоқ.Кома аурудың біршама ауыр дәрежеде екенін көрсетеді, мида жедел ми-қанайналым бұзылысы, бас жарақаты, қабыну (энцефалит, менингит, малярия), сонымен бірге улану нәтижесінде (барбитурат, көмірсу тотығы және басқ.), қант диабеті, уремия, гепатит (уремиялық, бауырлық кома) салдарынан мидың қыртысында терең тежелу пайда болудан дамиды.
Сандырақтау – бұл жалған, ретсіз пікір, ойланудың бұзылуы және байланыссыз сөйлеумен бірге жүреді. Соматикалық науқастарда жоғары дене температурасы кезінде (мысалы, жұқпалы аурулар кезінде), жиі психикалық бұзылыстары кезінде болады. Сандырақтаудың тыныш және елірме түрін ажыратады. Елірме сандырақтауда науқастар қозулы күйде, төсектен ұшып тұрып, осы жағдайда не өзіне, не айналадағыларға залалын тигізуі мүмкін. Бұл науқастарды күту мен бақылау үшін жеке мейірбикелік бекет ұйымдастырылады.
Галлюцинация – шын мәнінде жоқ нәрсені, жалған қабылдау. Есту, көру, иіс сезу, сипап сезугаллюцинациялары болады. Есту галлюцинациясында науқас өз-өзімен немесе жалған әңгімелесушімен сөйлеседі. Көру галлюцинациясында науқасшын мәнінде жоқ нәрсенікөреді. Бұндай галлюцинация көбінесе созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда болады. Иіс сезу галлюцинациясы науқастарда жағымсыз иістер мен дәм сезудің өзгеруімен болады. Сипап сезу галлюцинациясы – денесінде жәндіктер, микробтар жүрген сияқты сезімде болады.
-
Науқастың төсектегі қалпы түрлері
-
Белсенді қалып — науқас қажеттілігіне қарай ерікті (белсенді) қозғалыстарды еркін және жеңіл орындайды, ешкімнің көмегінсіз төсекте қозғалады, жүреді. Науқастың белсенді қалпы жеңіл ауруларда немесе ауыр аурулардың бастапқы кезеңіне тән.
-
Пассивті қалып — науқас қозғалыссыз, әлсіздік салдарынан өзінің қалпын өз бетінше өзгерте алмайды, ерікті қозғалыстар жасай алмайды,басы мен аяқ-қолдарын ауырлық күшіне байланысты салбыратып жатады. Науқастың ес-түссіз күйінде немесе әбден әлсіреуі және науқастың арықтауы кезінде кездеседі. Науқасты дұрыс тыныс алу және қан-айналымды жақсартатын қалыпта отырғызу қажет.
-
Мәжбүрлі қалып — науқас жағдайын жақсарту үшін, өзіне ыңғайлы қалыпта отырады. Бұл қалыпта отыруға аурудың ерекшелігі әсер етеді. Менингитпен ауыратын науқастың төсектегі қалпы «жатқан иттің қалпы» - жамбас- сан және тізе буындары бүгілген және басы артқа қайырылып, бір жақ жанымен жатады (сурет 35).
Сурет 35
Менингит кезінде дененің мәжбүрлі күйі
Ортопноэ–мәжбүрлі отырған қалыпта көбінесе жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар отырады: науқас төсегінде алға еңкейіп, аяғын түсіріп отырады (сурет 36).
liveinternet.ru
Сурет 36.
Жүрек жеткіліксіздігікезіндегі ортопноэ қалпы
Бұндай қалыпта науқастың тыныс алуы жеңілдейді, өйткені көк еттің қозғалысы жеңілдейді, кеуде қуысында қысым азаяды, өкпенің экскурсиясы жоғарылайды, газ алмасу жақсарады, мидан веналық қан қайтады және айналымдағы қанның көлемі азаяды: қанның жартысы аяқтарда іркіледі, жүрек пен кіші қан айналым жеңілдейді.
Науқас бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында, плевритте және басқа аурулардың ауыр ағымында мәжбүрлі қалыпта отырады (кесте 5).
Кесте 5.
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Мәжбүрлі қалыптың сипаты |
Ауру(синдром) |
Жағдайын жеңілдеткен себептер |
Керуеттің шетін қолмен ұстап, отырған күйдегі қалып |
Бронх демікпесінің ұстамасы |
Тыныс алуға көмектесуші бұлшық еттері мобилизациясы |
Ауырған бүйірімен жату |
Құрғақ плеврит |
Зақымдалған жақтың плевра жапырақшасы қозғалысының шектелуі және ауырсыну синдромының азаюы |
Ауырмаған бүйірімен жату |
Қабырғаның сынуы |
Егер науқас ауырған бүйірімен жатса, сынған қабырғалар қысылып, бір-біріне қажалып, ауырсыну күшейеді. |
Ішпен жату |
Ұйқы безінің ісігі |
Жүйкелердің біріккен жеріне ұлғайған ұйқы безінен қысым азаяды. |
Басын төмен қарата, ішпен жату |
Өкпеден қан кету |
Қаннан тыныс жолдарын босату, зақымдалған қанның өкпенің сау аймағына жақын жатқан бронхыларға ағуын, олардың зақымдалуын болдырмау. |
Басы денесінен төмен горизонталды қалып |
Көп қан кету |
Жүрекке қанның келуін жоғарылату және мидың және ішкі ағзалардың қан-айналымын жақсарту. |
Тағы да науқастың дене қалпын өзгертуде маңызы бар көптеген ауруларды мысалға кетіруге болады. Кей жағдайларда ұзақ уақыт төсекте мәжбүрлі күйде отыру, науқастың жағдайын нашарлатып жібереді, ойық жараның пайда болуына әкеледі, сондықтан науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отыру қажет.
Антропометрия (грек. antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері ағзаның функционалды жағдайын көрсетеді және денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар.
Өлшеуді тексеруден өткен өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл тоқыма киімде болуы керек.
Бойды өлшеу (дененің ұзындығы)
Дененің ұзындығын өлшеу үшін бой өлшегішті қолданады, ол алаңға бекітілген сантиметрлік шкалаға бөлінген вертикалды енсіз жұқа тақтайша. Вертикалды енсіз жұқа тақтайшада жоғары-төмен қозғалатын көлденең орналасқан планкасы бар (сурет 37).
Шараның орындалуы:
-
Шараның мақсаты мен жасалуы туралы науқасқа түсіндіру, келісімін алу.
-
Гигиеналық әдіспен қолын өңдеу.
-
Бой өлшегішті жұмысқа дайындау.
-
Бой өлшегіштің планкасын бойынан биікке көтеру.
-
Н ауқасқа алаңның ортасына вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға арқасын тіреп тұруын өтіну (аяқ киімсіз).
-
Науқас вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға 3 нүктесі тиіп тұруы қажет: өкшесі, жамбасы, жауырыны.
-
Сыртқы есту тесігі мен көзі бір көлденең сызықта тұратындай деңгейде басын ұстап тұру.
-
Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың басына тигізе түсіреді (баспай).
-
Планшеттің төменгі шетіндегі шкаладағы сан науқастың дене ұзындығын көрсетеді.
-
Бой өлшегіш алаңынан абайлап шығуын сұрайды.
Өлшеу дәлдігі - 0,5 см дейін.
http://bono-esse.ru
Сурет 37.
Науқастың бойын өлшеу
Дене салмағын өлшеу
Салмақ бойға қарағанда тұрақты көрсеткіш емес, бір тәулік ішінде 1-ден 1,5 кг дейін өзгеріп отырады. Дұрыс қойылған және тексерілген медициналық таразыда өлшеуді жүргізеді. Кәзіргі уақытта электрондық таразылар көп қолданылады (сурет 38). Өлшеуді таңертең аш қарынға, қуық пен ішекті босатқаннан кейін жасайды.
Ш араның орындалуы:
1. Таразыны қосу
2. Сандық тақтадан 0 көрінуін тосу қажет.
3.Науқасқа алаңның ортасынатұруын өтіну (аяқ киімсіз), қажет болса науқасқа көмектесу.
4. Таразы салмақты көрсеткенін тосу қажет.
5. Таразыдан түсуге науқасқа көмектесу.
6. Нәтижені тіркеу қажет.
http://mebelmed.ru
Сурет 38.
Дене салмағын өлшеу
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
Кеуде клеткасы шеңберін өлшеу үшін жұмсақ сантиметрлік лентаны қолданады. Өлшеуді қалыпты тыныс алғанда, барынша демді ішке алу мен шығару кезінде өлшейді (сурет 39).
spinazdorov.ru
Сурет 39
Кеуде шеңберін өлшеу
Шараның орындалуы:
1. Науқасқа кеудесіндегі киімдерді шешуін өтінеміз.
2. Науқастың қолын сәл жанына көтеруін сұраймыз.
3. Сантиметрлік лентаны артынан – жауырын бұрышынан төмен, алдынан – төстің IV қабырғадеңгейіне (емшек ұшы маңы тұсында) қояды.
4. Үлкен сүт бездері бар әйелдерде лентаны төстің үстінен терінің сүт безіне өтетін аралыққа қояды.
Кеуде клеткасы шеңберін демді ішке алу мен шығару кезінде өлшегендегі айырмашылық саны кеуде клеткасының қозғалысын көрсетеді және тыныс алу кезіндегі кеуде клеткасының экскурсиясы деп аталады.
Дене салмағының индексі
Дене салмағының индексі (бой-салмақ көрсеткіші, Кетле индексі) – адамның дене салмағының бойына сәйкес келу дәрежесін бағалайтын көрсеткіш. Дене салмағының индексін (ДСИ) білу арқылы семіздікті немесе дене салмағының жеткіліксіздігін анықтауға болады. ДСИ есептеу формуласы:
ДСИ = дене салмағы (кг)
бойы(м)2
Қалыпты ДСИ - 18,5 - 25.
-
егер ДСИ < 18,5 – дене салмағы жеткіліксіз,
-
егер ДСИ 25-29,9 – дене салмағы артық (семіздіктің алды),
-
егер ДСИ > 30 – семіздік.