Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі аз мма жоары жне жоонан кейінгі мамандытар бойынша білім беру оудістемелік секциясы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 676
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ
1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)
II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ
2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ
2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ
2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).
3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)
3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)
3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ
4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.
4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ
4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ
V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ
5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ
5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)
VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ
VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ
7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.
VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.
ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ
9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ
1) Гипергаммаглобулинемия,
2) қанда аутоантиденелер,
3) бауырдың лимфоидты инфилътрациясы,
4) кортикостероидты препараттармен емдеудің жақсы әсер беруі,
5) гепатитке қоса басқа аутоиммунды зақымдалулардың байқалуы.
Бауыр туберкулезы.
Бауыр мерезі.
Бауыр эхинококкозы - бауырдың паразиттер туғызатын ауруларының ең жиісі. Эхинококк түйіні бауыр қақпасын қысса дене сарғаяды, асцит, спленомегалия байқалады. Аллергиялық көріністері - қышыну, бөртпе, дене сарғаюы, қан құрамы өзгеруі (эозинофилия), ЭТЖ көтерілуі. Диагноз үшін рентгенді, лапароскопиялы, радиоизотопты сканирлеудің, ЭХО және ангиографияның, серологиялық тексерістің маңызы зор.
Описторхоз(Виноградов ауруы) - науқастарда әлсіздену, тәбет нашарлануы, оң қабырғалар астының ауырсынуы, бауырдың ісінуі, қатаюы байқалады. Тері және сыртқы кілегейлі қапшықтардың болмашы сарғаюы. Аллергиялық реакциялар (бөртпелер, Квинке ісінуі, қышыну), лейкоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ шапшандануы байқалады. Бауыр описторхозының ең негізгі көрінісі дуоденальды сөлден және дуоденалды каналдан паразиттің көп жұмыртқасының табылуы болады және теріде аллергиялық сынақтың оң болуы.
Клонорхоз- тұқым балықтарын шикі қабылдағанда клонорхозды метацеркарий жұтынуымен байланысты бауырдың паразиттік ауруы. Өт өзектері кеңиді, қалындайды, олардың эпителийлері сыдырылады. Өт өзектерінде құрттар шоғырланады. Сондықтан паразиттер дуоденальды сөлде және нәжісте өте көп. Өт шығуы бұзылады, ангиохолецистит, кейде панкреатит басталады. Оң қабырғалар асты ауырсынады, тері және кілегейлі қабаттар кейде сарғайады.
Фасциолез – ауру арықтардың, тоғандардың қайнатылмаған суын ішкенде, осындай сулармен суарылып өскен өсімдіктермен жемістерді пайдаланғанда басталады. Ауруды туғызатын Fasciola hepatica, f. gigantica паразиттары өт жолдарында, олардан өтіп бауырда орналасады. Бауырда микроабсцесстерді береді. Науқастың әлсіреуін, бас ауырсынуын, дене қызуының көтерілуін шақырады, бауыр қатайады, ісінеді.
Диагнозды анықтауда дуоденальды сөлде және нәжісте гелъминттердің жұмыртқаларын табудың маңызы зор.
Шистосоматоз - аурудың зәр-жыныстық, ішектік және Жапондық түрлері белгілі. Аурудың себебі ауыз және тері арқылы енеді. Паразиттер ішектің көк тамырларына еніп оларда өсіп өнеді. Қан арқылы бауырға шауып цирроз және портальды фиброзге ұшыратады. Ішек шистосоматозының ақырғы кезеңінде бауыр циррозы және спленомегалия, портальды гипертензия, асцит, өңеш көк тамырларының және дене тамырларының варикозы және дене сарғаюы байқалуы мүмкін.
Амебиаз - тоқ ішектің құртпен шақырылатын ауруы, ыстық аймақтарда жиі кездеседі. Аурудың себебі Entamoeba hystolytica өндіретін цитолитикалық фермент. Бұл фермент бауыр және басқа тіндердің зақымдалуына себепші болады. Дизентерия амебасы кірлеген қолдар, су, және тағамдар мен ауыз арқылы енеді.
Ішектен амеба венозды жүйе арқылы бауырға, өкпеге және басқа мүшелерге енеді де гепатит, бауыр абсцессін, өкпе абсцессін туғызады. Тік ішек, сигма тәрізді, айналмалы, басқа тоқ ішектің ойық жарасын береді.
Бауыр комасы - ішектерден қанға церебротоксикалық (аммиак, фенол) заттардың жайылуына байланысты бауырдың және жүйке жүйесі қызметінің нашарлауы. Бұл жағдайда бауыр паренхимасы некроздалады.
Бауырдың қатерсіз ісіктері - бауыр ангиомасы, аденомасы.
Бауырдың қатерлі ісіктері – бауыр қатерлі ісігі, сирегірек саркомасы.
Өттің және өт жолдарының қатерлі ісіктері әйелдерде еркектерден 4-5 рет жиі кездеседі. Ең жиі өт карциномасы байқалады.
4.3. ҮЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ
Ұйқы безі ауруларының жіктелуі:
-
Даму кемістіктері:
1) Басқа жерде орналасу.
2) Қосымша ұйқы безі.
3) Сақинаша ұйқы безі.
-
Жарақаттануы:
1) Жабық,
2) Ашық.
-
Панкреатиттер- без қабынулары:
1) жедел.
2) Созылмалы- спецификалы, спецификасыз.
-
Ісіктер:
1) Қатерсіз- аденома, ангиома.
2) Қатерлі (рак).
-
Кисталар:
1) жалған.
2) Анық.
-
жыланкөздері:
1) сыртқы.
2) Ішкі.
Жедел панкреатит- протеолитикалы және липолитикалы ферменттердің белсенді әрекетінен ұйқы безінің аутолизденуі.
Жедел панкреатиттің түрлері:
-
Бездің жедел ісінуі. -
Геморрагиялы панкреатит. -
Іріндеген жедел панкреатит.
Жедел панкреатит симптомдары:
-
Ауырсыну. -
Құсу. -
Керте симптомы. -
Мейо-Робсон симптомы. -
Ішек парезі. -
Шеткин-Блюмберг симптомы. -
Воскресенский симптомы.
Субиктерия (көздердің шамалы сарғаюы).
8. Дене сарғаюы.
9. Грей-Тернер симптомы.
10.Грюнвальд симптомы.
Клиникалық кезеңдері:
-
ауырсыну кезеңі. -
Ішектің функциональды түйілу кезеңі.
3. Перитонит кезеңі.
Жедел панкреатиттің асқынулары:
-
перитонит. -
Диафрагма астының, ішек арасының, ішпердеден тысқарыдағы іріңдіктер. -
Ұйқы безінің кисталары, жыланкөздері. -
Ішек жыланкөздері. -
Диабет.
Панкреатитдеп ұйқы безінің өзінен шығатын шырындармен ерітіліп, іріп-шіріп, некроздалып кететін ауруды атайды. Ең алғашқы ұйқы безінің жедел басталатын іріңді ауруы туралы қабарды 1641 ж. Тулъпиус (Tulpius) осы аурудан өлген адамның денесін тексеріп жазған.
1842 ж. Глессен (Glaеssеn) жедел панкреатит диагнозын тірі адамда анықтап, аурудың клиникалық көріністерін анықтаған. Бұрынғы заманда жедел панкреатит барлық хирургиялық аурулардың 0,4% ғана құрса, қазіргі уақытта 1-2% жетіп отыр. Бұнымен қоса бұрын әйелдер жиі ауырса, қазір ер адамдар ауырады. Бұның себебі – арақ-шарап. Ауру көбінесе 30-50 жас арасындағыларда кездеседі. Бірақта оның жас балаларда және өте кәрілерде де байқалуы мүмкін.
Этиология және патогенез - жедел панкреатиттің негізгі себебі болып ұйқы безінің өзінен шығатын ферменттердің көбеюі және күшеюі салдарынан бездің іріп-шіруі. Трипсиноген, химиотрипсиноген, липаза ферменттерінің белсенділік қасиеттері бездің ацинусын, одан соң паренхимасын ірітіп шірітеді.
Ферменттердің күшеюі без торшаларының әр түрлі себептерден (механикалық, токсикалық, бактериальды, аллергиялық, нейтротрофикалық, тамырлық) әсіресе бұл себептермен қатар без өзектеріндегі қысым көтерілгенінде байқалады.
Аталған себептер әсерінен без торшаларынан өте белсенді зат цитокиназа шығады. Прокиназаның өте аз мөлшерінің өзі трипсиногенді трипсинге айналдырады. Трипсин без қан тамырларына әсер етіп стазға, бездің ісінуіне, оған қан құйылуына, оның салдарынан бездің геморрагиялық некрозына ұшыратады. Геморрагиялық некрозға ұшыраған бездің бөлшектеріне, қанға өт қышқылдарының тұзы енеді. Бұл липазаны көбейтіп, белсендіріп бездің майлы некрозына ұшыратады. Трипсин мен липазаның қатар (қоса) әрекеті геморрагиялық және майлы некрозды бірге шақырады.
Панкреатиттің аталған аутолизді түрінен басқа дегенеративті және қабынудан басталатын түрлері де белгілі. Бұл панкреатиттің созылмалы түрлерінде жиі кездеседі.
Үйқы безінен көп шығатын ферменттер лимфогенді және контактты жолмен жайылады. Бездің айналасындағы тіндердің жүйке тамырларына байлығы іштің қатты ауырсынуына т.б. көптеген жүйкелі-рефлекторлық бұзылыстарға соғады. Үйқы безінің тікелей жарақаттануы да оның қабынуына себеп болады. Бірақта ұйқы безінің тереңге орналасуы және оның жан жағының қоршалғандығы бездің жарақаттарының өте сиректігінің себебі болады. Көбінесе ұйқы безінің жарақаттануы қарынға, өтке операция жасауда байқалады.
Үйқы безінің қабынуы өт өзектері ауруларымен де байланысты. Өт өзектерінен инфекция ұйқы безіне лимфогенді немесе инфекцияланған өтпен жайылады.
Жедел панкреатитте безде байкалатын патоморфологиялық өзгерістер аурудың кезеңдерімен байланысты:
I - бездің ісіну кезеңінде - без ісінген, бозарған, қатайған. Ісіну қөрші мүшелерге де (ішперде, шажырқай, ішпердеден тысқары майға) жайылады. Қан тамыры, лимфа тамырлары толған, кеңіген, безге қан құйылған. Бұл кезеңде без қызарады, одан әрі ісінеді.
II - Бұдан әрі безге қан құйылуының аумағы өсіп, без іріп-шіріп жұмсарады, геморрагиялы неқроз басталады. Іште қанды сұйық пайда болады. Шажырқайда, ішпердесінен тысқары май қабатында, көрші мүшелерде қанды ісіктер пайда болады. Бұл ісік іштің бетіне, кіндік айналасына жайылады.
Липазаның көбейіп күшеюінің әсерінен бұрынғыға майлы некроз қосылады. Бұл майлы некроздың әсерінен ұйқы безі жұмсарады, бұлыңғырланады, бездің бетінде және ішпердеде көптеген сұрғылт түсті – май шам тамшысына ұқсайтын майлы некроздар көрінеді.
Келешекте бұл майлы некроздалған ошақтардан некрозды - сулы қоспамен толған кисталар пайда болады. Әлбетте бездің геморрагиялы және майлы некроздары қатар дамиды. Өйткені трипсин мен липазаның көбеюі және белсенділенуі бір уақытта басталады. Осындай өзгерген ұйқы безіне бактериальды инфекция қосыла келе бездің іріңдеуі басталады.
Жедел панкреатиттің жіктелуі (А.Н.Бакулев, В.В.Виноградов, С.В.Лобачев)
І - Ұйқы безінің ісінуі:
1. Интерстициальды панкреатит.
2. Геморрагиялық панкреатит.
II - Деструктивті панкреатит:
1. геморрагиялық панкреанекроз.
2. Майлы панкреанекроз.
З. Іріңді панкреатит.
ІІІ - Холецисто-панкреатит.
ІV - Созылмалы панкреатит:
1. қайталанбалы.
2. Ауырсынатын.
3. Ауырсынбайтын.
4. Ісікке ұқсас.
5. Созылмалы холецисто-панкреатит.
Ұйқы безінің қабыну ауруы іштің басқа мүшелерінің қабыну ауруларынан ауыр және қатерлі. Бірақта іш мүшелері ауруларының бір біріне ұқсас көріністері көп. Сондықтан оларды ажыратып, аурудың нақты диагнозын кешіктірмей анықтаудың маңызы зор. Диагнозды анықтау әр науқасты ерекше емдеуге қажетті тәсілдерді қолдану үшін өте маңызды.
Ұйқы безінің қабынуы жедел аппендицит, жедел холециститтен, ішектер түйілуінен соңғы орында байқалады. Сондықтан ұйқы безі қабынуына әкелетін себептерді, аурудың түрін, клиникасын, емдеу тәсілдерін білу әр бір студенттің және дәрігердің міндеті болады.
Ұйқы безі І-ІІ бел омыртқалар тұсында орналасқан. Бездің ұзындығы 10-23 см. арасында, көлденеңі 3-9 см., қалындығы 1-3 см. салмағы 70-80 г. Адамның жасы ұлғая келе ұйқы безікішірейе түседі.
Ұйқы безі тәулігінде 1000-1200 мл. шырын шығарады. Бұл шырында 5-6 г. белок, 35-79 мг. хлорлы натрий, 4,7-7,4 МЭКВ калий т.б. микроэлементтер бар. Шырынның 98,7% сілтіленген су құрайды. Онда көптеген ферменттер бар (протеаздар, липазалар, карбогидразалар және нуклеазалар - амилаза, мальтоза, лактазалар).
Барлық ішкі мүшелердің жедел қабынуларының арасында үйқы безінің қабыну аурулары 6-12% жетеді.
Панкреатит ауруының басталуына ұшырататын 3 топты себептер бар:
1) Өт өзектерінің, ішектің, ұлтабардың, асқазанның қабынуы. 2) Өтпен ұйқы безі шырынының шығатын өзектерінің бітелуі - қабынуы, арақ шарапты көп ішу. Үйқы безінің шырыны тоқтаусыз ұлтабар ішегіне қүйылмаса шырын ферменттері бездің іріп-шіруіне соғады. 3) Шырын ағынына кедергі болатын жағдайлар:
а) Шырын өзегіне ифекцияға шалдыққан өттің құйылуы