Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі аз мма жоары жне жоонан кейінгі мамандытар бойынша білім беру оудістемелік секциясы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 645
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ
1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)
II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ
2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ
2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ
2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).
3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)
3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)
3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ
4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.
4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ
4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ
V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ
5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ
5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)
VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ
VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ
7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.
VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.
ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ
9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ
б) Өңештің созылмалы қабынуы
Өңеш дивертикулында, стриктурасында, ісіктерінде, жүректің ауыр (декомпенсациялы) кемістіктерінде, арақты жиі ішетін адамдарда байқалады. Бұл жағдайда өңештің кілегейлі қапшығы қызарады, ісініп - қалыңдайды, оның қан тамырлары кеңиді. Сілекей аз шығады. Өңеш құрғайды.
Емдеу - ауруға ұшыратқан негізгі себепті анықтап, оны емдеу қажет. Кейде өңештің ауыруын басу үшін 3% дикаин, 2-5% новокаин ерітіндісімен, 1-3% танинмен, 2% күміс суымен сүрту пайдаланылады.
б) Өңештің рефлюксті ауруы - қарынның кардиальды жомының (жабу механізмінің) әлсізденіп созылып, кеңеюі салдарынан қарын қышқылының өңешке енуі (рефлюкс) оның қабынуына ұшыратады. Өңештің кілегейлі қапшығы ісінеді. Ауру қарын немесе ұлтабар ішегінің ойық жарасына ұқсас симптомдар береді (ауыру, қыжылдау, кекіру). Өңеш қабынуына және өңеш ойық жарасына ұшыратады. Бұл жарадан қан ағуы мүмкін.
Диагнозды анықтау үшін рентгендік тексерістерді қолдану қажет.
Емдеу - қарынның ауруын емдеуге ұқсас - консервативті тәсілдерден құралады. Тек осы емнің нәтижесіздігінде хирургиялық шаралардың қажеттігі туады. Қолданылатын операциялардың негізі қарынның қышқылын өңешке өткізбейтін кедергі жасау болады. Бұл ұшін қарыннан өңештің төменгі (абдоминальды) бөлшегін айналдыра қысып түратын жом жасалады.
в) Өңештің пептиқалы ойық жарасы - қарын кардиясының қемістігі салдарынан, көкеттің жырығынан немесе өңеш өтетін тесігінің кеңуінен қарын қышқылының өңешке енуі себебінен пайда болады. Өңештің пептикалы жарасының симптомдары анық емес. Кейде еш қандай белгілі көрініс бермейді. Ал кейбір ауруларда дисфагия, құсық, төс сүйегі артының ауырсынуының IX кеуде омыртқасына шабуы, қан құсуы байқалады. Мұндай аурулар ұзақ уақыт тағам қабылдамай қатты жүдейді. Өйткені тамақ қабылдау іштің ауырсынуын күшейтеді.
Диагнозды анықтау үшін орындалатын инструментальды тексерістерді абайлап орындау қажет. Өйткені зондпен, эзофагоскоппен тексеру өңеш ойық жарасының жыртылуына, одан қан ағуына соғуы мүмкін. Сондықтан контрасты рентген тексерісі мен "ниша" анықталуы диагнозды шешеді.
Емдеу - консервативті. Тек бұл емнің нәтижесіздігі операциямен емдеуді талап етеді. Емнің негізгісі диетотерапия.
Өңештің созылмалы ерекше(спецификалық) қабыну аурулары
а) Өңеш түберкулезі - өңештің ойық жарасына немесе қатаң ісінуіне соғады. Өңештің бұл ауруын мерездік ойық жарадан және өңеш рагінен ауыру қажет. Диагнозды анықтауда эзофагоскопияның және биопсияның маңызы зор.
Емдеу - ең алдымен өңештің ауыруын басу үшін дикаин, анестезин, новокаин пайдаланылады. Жараны ляписпен күйдіреді. Аурудың негізгі себебін - түберкулезді емдейді.
б) Өңеш мерезі - сирек кездесетін ауру. Көбінесе өңештің жоғарғы бөлімінде орналасады. Мерездік гумма ісігі шіріп оның орнында тыртықтар пайда болып, өңешті тарылтады.
Симптомы - алғашқы ойық жаралы кезеңінде өңеш ауырсынуы, ал кейінгі тыртыкты кезеңде -дисфагия. Бұған қоса Вассерман реакциясы оң мәнді болса диагноз шешіледі.
Емдеу - мерезге қарсы спецификалық. Тыртықтанып тарылған өңешті созып кеңейту.
в) Өңеш актиномикозы басқа денедегі актиномикоздан жайылады. Диагнозды анықтауда және оны өңеш қатерлі ісігінен, мерезден айыру үшін биопсияның маңызы зор.
Емдеу - рентгенді терапия, және йод препараттарын ішкізу.
5. Өңештен кан ағуы
Өңештен қан ағуының келесі себептері бар:
1) Өңеш қан тамырларының кеңеюі.
2) Өңештің сыртқы қан тамырларының жарақаттануы.
3) Өңеш қабырғаларынан аққан қанның өңешке құйылуы.
4) Өңештің шіріген ісіктерінің қанауы.
5) Өңеш ойық жарасының қанауы.
Аталған себептер арасында ең жиі өңеш қан тамырларының варикозды кеңеюі. Варикозға бауырдың атрофиялы (Лаеннек) циррозы салдарынан портальды венадағы қысымның көтерілуі ұшыратады, бұнымен қатар бауыр мерезі және қақпа көк тамырының тромбозы да себеп болады.
Өңештен қан ағу еш белгісіз басталады. Кейде көмекей қышынады, ауыздың демі бұзылады, одан соң қоңырқай түсті көпіршіксіз қан құсады. Егер өңештен аққан қан алдымен қарынға ағып, одан соң құсықпен шықса ол ұйып шығуы мүмкін. Көп-мөлшерде қан ақса - анемияның жалпы көріністері (бас айналуы,әлсіреу, шөлдеу, дене бозаруы, қан қысымы төмендеуі т.б.) байқалады.. Диагнозды анықтау (қан ағуы өңештен немесе қарыннан ба?) анамнездің және бауырды тексерудің көмегімен анықталынады.
Емдеу консервативті – қан ағуын бәсендететін белгілі жалпы және жеке тәсілдерге қоса Блекмор зондын жұтқызу орындалады. Өңешке енгізілген зондтың манжеткасын ауамен толтырғанда, онымен варикозды кеңейіп жыртылған қан тамырлары қысылып қан ағуы тоқтайды.
Консервативті тәсілдер нәтиже бермегенде Гэрлок (Garlok) операциясы (кейінгі көкірек арқылы өңешті дәкелі тампонмен қысу) ұсынылған.
Өңештің қан тамырын байлау. Бұлардан басқа өңештен қан ағуының алдын алатын көмекші операциялар (спленэктомия), бауыр артериясын байлау, порто-кавальды анастомоз, немесе спленоренальды анастомоз
, Пальма операциясы - іштің шарбы майын іштің бетіне, бауырға тігіп бауырдың қан айналысын жақсарту ұсынылған.
6.3. ӨҢЕШТІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ
1. Өңештің сыртқы жарақаттары - мойынның басқа күрделі мүшелерінің жарақаттануымен қоса кездеседі. Сондықтан өңештің сыртқы жарақатын анықтау және емдеу барлық жарақаттарды қоса тексерумен, емдеумен қатар орындалады. Бұл жағдайдағы зор қауіптердің бірі - жарақаттанған өңештен көкірекке инфекцияның жайылуы. Жарақаттанған адамға 2-3 тәулік бойы ауызынан тағам ішкізбейді. Өңештің жарасы ашылып оның айналасы дренажданады.
Өңештің іш бөлімінің жарақаттануында жұтынудың қатты ауырсынуы, қанды кұсық, қызу көтерілуі, жүрек жағдайы нашарлануы, шөлдеу, жарақаттанған адамның жағдайының шапшаң нашарлануы, инфекцияның плевраға, перикардка, көкірекке жайылуы салдарынан науқастың аз уақытта өлуі мүмкін.
Бұның алдын алу үшін тезірек өңеш жыртығын ашып, оның жарасын тігу, дренаждау, тампондау қажет. Іріңді плеврит, медиастинит, перитонит басталса плевротомия, медиастинотомия, лапаротомия орындалады.
2. Өңештің ішкі жарақаттануы - жұтылған тағаммен, бөгде затпен, сүйекпен т.б. заттармен өңештің ішкі қабатынан сыртына қарай жарақаттануы. Бұл жарақаттардың өңешті зондпен, эзофагоскоппен тексергенде кездесуі де мүмкін. Жарақат саяз және терең болуы мүмкін.
Симптомдары: лоқсу, тері астының эмфиземасы, пневмоторакс, өте ауыр жалпы жағдай, дене көгеруі, тұншығу, тамыр соғуының нашарлануы, зәр азаюы.
Өңештің жыртылуы тек операциямен емделеді.
3. Өңеш тесілуі :
а) cay өңештің инструментпен тесілуі (зонд, эзофагоскоп, шприц, бөгде заттар).
б) Аурумен өзгерген өңештің тесілуі (ісік, аневризма).
Өңештің тесілуінде оның жыртылуындағыдай симптомдар орын алады. Бірақта бұл симптомдар алғашқыда ауыр емес және анық емес. Перфорацияланған өңештің еттері ісініп қабынуы тесікті қысып одан бос ауаның шығуын бәсеңдетеді. Сондықтан перфорацияда тері асты эмфиземасы болмашы немесе толық жоқ.
Сау өңештің перфорацияға ұшырағанында жедел операция жасалып тесік тігіледі, дренаждалынанды. Кажет болса уақытша қарын жыланкөзі орындалады.
4. Өңештің күюі:
а) Өңештің ыстық тағаммен күюі сирек кездеседі және жеңіл өтеді. Оларды тағамды салқындатып қабылдаумен, ауыру сезімін басатын дәрілерді қолданумен емдейді.
б) Көбінесе өңештің химиялық күюі кездеседі. Сілтілі немесе қышқыл химиялық сұйықтарды әдейі немесе байқаусыз ішуде байқалады. Күйіктің ауырлығы ішілген заттың концентрациясымен, мөлшерімен, оның өңеште сақталған уақытымен байланысты. Аталынған жағдайларға байланысты өңештің жеңіл (тек ішкі, кілегейлі қабаты) күюі, немесе ауыр терең күйігі кездеседі. Жеңіл күйігі бірнеше тәуліктен соң жазылады. Ауыр күйігінде ҮІІ-VІII тәуліктерде некрозденген кілегейлі қабат шіріп оның астында жеңіл қанағыш грануляциялы жара пайда болады. Келешекте бұл грануляцияланған жара тыртықтанып өңештің көзін бітейді немесе оны тарылтады. Кейде қысқа уақытта өңеш айналасының флегмонасы басталып аурудың өліміне ұшыратады. Ал өте көп және концентрациясы күшті элементті ішкенде өңештің барлық қабаттары шіріп-тесіліп адамның шоктан, уланудан, қан ағудан тез өліп кетуі мүмкін.
Симптомдары - өңештің химиялы күйіктерінде алдымен ауыздың, жұтқыншақтың, қарынның, өңештің күшті ауыруы байқалады. Химиялық элемент тыныс жолына да енсе -тұншығу, ентігу, үрейлену байқалады. Лоқсу, қан түкіру, кейде түкірікпен қоса некрозданған өңеш кілегейлі қапшығының үзінділері байқалады. Мойын флегмонасы кездесуі мүмкін.
Емдеу шаралары
1. Өңешті, карынды ішілген химиялық элементті нейтрализациялайтын ерітіндімен жуу. Сілтімен уланған адамға 3-5% лимон қышқылын ішкізу, мұздай сумен жуу.
Қышқылдармен уланғанда сода ерітіндісі, күйдірілген магнезия ішкізіледі. Кан тамырына 5% глюкоза, физиология ерітінідісі егіледі, ауыруды басу үшін морфий пайдаланылады, жүрек жағдайы жақсартылады.
Келешекте өңештің тыртыктанып тарылуына қарсы өңештің буждауды 1-3 күннен бастап қолдану және бұған қарсы ұсыныстар белгілі.
Ac қорыту мүшелерінің (ауыз, жұтқыншақ, өңеш, қарын) химиялық қүйіктері туралы хабарлар XIX ғ. алғашқы жылдарынан басталып жарияланады. 1836 Гросхейм (Grossheim) өңештің, қарынның. ұлтабар ішегінің және ащы ішектің жоғарғы бөлшегінің "күшті арақпен" (күкірт және тұзды қышқылдар қосындысы күйгендігін жазған).
Ресейде бірінші болып 1877 ж. Мәскеу акушер-гинекологы В.Ф.Снегирев күйіктен соң тарылған өңешке операция жасаған. Ал 1880 ж. Киев хирургі А.С.Яценко өңеші күйген науқасқа гастростомия операциясын жасап, қарын жасанды жыланкөзін ауруды көректендіру және өңештің бужбен созуды орындау үшін пайдаланған. Н.М.Волкович 1893 ж. өңеші мен қарыны күйген ауруға операция жасаған. 1907 ж. П.А.Герцен жасанды өңеш операциясын орындаған. Герцен бұл операцияның Ру ұсынған екі кезеңді техникасын үш кезеңмен орындаған (I- ішектен өңеш даярлап оны төс сүйегінің алдымен өткізу, 2-өңешті қарынмен жалғастыру, 3-өңешті (ішекті) мойын өңешіне жалғастыру).
1913 ж. Я.О.Гальперин тыртықтанып тарылған өңешті қарынның үлкен иінінен пішілген жамаумен алмасытруды ұсынған.
Химиялық күйіктерде ең алдымен ішек - қарынның кілегейлі қабаты күйеді, эпителий некрозданады да оның орнында бозғылт-қоңыр үлдірлер пайда болады. Бұл үлдірлер шіріп сасық иісті массаға айналады. Жұтқыншақпен өңеште қанағыш жаралар пайда болады. Бұл жаралар инфекцияланып ісінеді.
Қышқылдар бұнымен қоса протоплазмалық у болатындығынан жараның беті қатты құрғақ қабыршақпен жабылады.
Сілтілер-тіндердің дымқыл некрозына ұшыратып, удың тереңге жайылуына жол ашады. Удың айналасына жайылуы тек демаркациялық жол пайда болуына дейін байқалады.