Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі аз мма жоары жне жоонан кейінгі мамандытар бойынша білім беру оудістемелік секциясы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 662
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ
1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)
II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ
2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ
2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ
2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).
3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)
3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)
3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ
4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.
4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ
4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ
V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ
5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ
5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)
VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ
VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ
7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.
VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.
ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ
9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ
Бұл үшін қажетті жансыздандырудан соң шаптың терісі, тері асты май қабаты, фасция, пупарт сіңіріне қатар және одан 2 см. жоғары жерде 8-10 см. ұзындықта тілінеді. Шап арнасының сыртқы тесігінен енгізілген науалы темір сүнгі арқылы өзектің алдынғы беті тілініп ашылады. Жараның төменгі шетінен жарық қапшығы табылады да оны шандырдан және кремастер етінен, жалпы қынапты қапшықтан тазартады.
Тазартылған қапшықтың түбі кесіледі, қапшық ішіндегі мүше ішке енгізіледі. Қапшық ішіне енгізілген саусақ және тупфер көмегімен қапшық мойнына дейін тазартылып босатылады. Қапшық мойын тұсында жібек жіппен байланады да оның денесі мен түбі толық кесіліп алынады. Жарадан қан ағуы мұқиат тоқтатылады. Бұдан соң ашылған шап арнасы белгілі тәсілдердің бірімен қайта құрастырылады.
Бассини(Bassini, 1888 ж.) - жарық қапшығы мүмкіндігінше жоғарыдан алынады. Ұрық жолы кеңінен ашылып, ол жараның бір жанына көтеріліп тартылады да терең тігін деп аталатын тігіндер салынады. Бұл тігінге жоғарыда қиғаш және көлденең бұлшық еттер, көлденең шандыр коса алынады. Кейде шеткі 1-2 тігінге тік еттің шеті де қоса алынып олар шап төмпешігіне тігіледі. Бұдан соң аталған тіндер шап сіңіріне тігіледі. Ұрық жолы тігілген тіндер үстіне жатқызылады да оның үстінен сыртқы қиғаш еттің апоневрозы тігіледі.
Мартынов тәсілі - жарық қапшығын алып тастағаннан соң жіңішке жібек жібімен сыртқы қиғаш еттің шандырының жоғарғы бөлшегін шап жалғамына тігеді. Апоневроздың төменгі бөлшегін жоғарғы бөлшек үстімен онша қатты созбай апоневрозге тігеді. Булшық еттер тігіске алынбайды. Шеткі тігінді салғанда шап өзегінің сыртқы тесігін тарылтып алмауды бақылайды.
Жирар тәсілі - жарық қапшығын тазартады, босатады, байлайды, кесіп алады. Ішкі қиғаш және көлденең бұлшық еттер шетін ұрық жолының үстімен шап сіңіріне тігеді. Бұдан соң сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозының жоғарғы бөлігін жекелендіріп шап сіңіріне тігеді. Апоневроздың төменгі бөлшегі жоғарғы бөлігі үстімен тігіледі.
Жирар-Спасокукоцкий тәсілі - Жирар тәсілінен айырмашылығы қиғаш және көлденең бұлшықеттердің шеті апоневроздың жоғарғы бөлігінен жекеленбей бірақ тігінмен қоса тігіледі. Ол екі қатар тігінмен шап сіңірін жарақаттандырудан сақтайды.
Кимбаровский тәсілі(1928 ж) - тігін ұрық жолының алдымен салынады. Тігінге сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозының жоғарғы бөлшегіне қоса ішкі қиғаш көлденең еттің жиегі қоса алынып олар шап сіңіріне тігіледі.
Кукуджанов тәсілі(1949) - сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневрозын тіліп ұрық жолын алға және төмен тартады да жарық қапшығы босатылып ол мүмкіндігінше жоғарыда байланып алынып тасталады. Жарық қапшығының мойны өте кең болса оны үзіліссіз тігінмен тігеді. Көлденең фасция жеке тігіледі. Көлденең ет жамбас жолына және қасаға жалғамына тігіледі де шап арнасының түбі бекітіледі. Тік бұлшық еттің сіңірін шап сіңіріне тігіп ішкі қиғаш бұлшық ет төмендетіледі. Бұл кеңіген шап аралығын тарылтады және шап арнасының артқы бетін күшейтеді. Ұрық жолы тігіндер үстіне орналастырылады.
Сыртқы қиғаш бұлшы арнасы пластикасының 130 - дан астам тәсілдері белгілі. Әр түрлі себептермен олардың көпшілігі қолданылмайды.Ең жиі қолданылатын және жақсы нәтиже беретін тәсілдерді жоғарыда атадық.
Шап арнасын ашпай орындалатын жарықты жою операциялары – бұл тәсілдерде тері және тері асты май қабаты, сыртқы фасция тілініп, шап сіңірі, және сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозы толық ашылады.
Бүдан соң Ру(Roux, 1892 ж.)тәсілі бойынша тілінбеген сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозын қыртыстандырып тігеді. Тігінге шандырға қоса шап сіңірі де алынады.
Оппель(1919 ж.)- Ру тәсілін аз ғана өзгертті. Ол тігінге апоневрозға қоса ішкі қиғаш бұлшық етті де қамтиды және жарықтың сыртқы тесігін шынашақ ұшын өткізетіндей етіп тарылтады.
Кохер тәсілі - шап арнасының сыртқы тесігіне дейін жарық қапшығы тазартылады да корнцанг көмегімен қапшық шап өзегіне енгізіледі. Арнаға енгізілген корнцангтың ұшы тұсында апоневроз тесіліп, ол тесік арқылы жарық қапшығы шығарылады. Қапшықтың мойны байланғаннан соң, ол кесіліп алынады. Бұдан соң өзектің алдынғы беті Ру тәсілі бойынша тігіледі.
Қайталанған шап жарықтарын операциямен емдеу - қиын және шап арнасын қосымша пластикалық тәсілдермен бекітуді талап етеді. Бұл үшін фасция, апоневроз, тері, ішпердесі, синтетикалық материалдар пайдаланылады.
Операция үстінде кездесуі мүмкін асқынулар - жарық қапшығын тазартқанда ұрық жолының, жарық қапшығы ішіндегі мүшенің жарақаттануы мүмкін. Бұның алдын алу үшін алдымен қапшықты тіліп, оның ішіндегі мүшені көзбен көріп, саусақпен қорғап отырып қапшықты толық тазартады.
Шап сіңіріне тігіндер салған сәтте сан - жамбас қан тамырларының жарақаттануынан немесе тігінге түсуінен мұқият сақтану қажет.
Жарадан аққан қанды өте сапалы тоқтату қажет. Өйткені операциядан соңғы гематома жарықтың қайталануының көп себептерінің бірі болады. Шаптың тік жарықтарына операция жасағанда (жылжымалы, сырғанағыш) зәр қуығының жарақаттануынан сақтану қажет.
Сурет № 2. Жарық элементтері. 1. Ішек 2. Ішперде 3. Іш қабырғасы 4 Жарық қакпасы 5. Жарық қапшығы 6. Жарық қабырғасы 7. Жарық қапшығының ішіндегі мүше | Сурет № 3. Шап жapығының пайда болуы. а) ішпердесінің қынапты бұтағының толық бітелуі (қалыпты) б) қынапты бұтақ бітелмеген - туа біткен шап жарығы в) жүре пайда болған қиғаш шап жарығы г)жүре пайда болған тік шап жарығы. |
| Сурет № 4. Жарықтың бір қабырғалық (жартылай) қысылуы |
Операциядан кейін кездесуі мүмкін асқынулар- жараның іріңдеуі. Бұның алдын алуда асептика, антисептика шарттарын сақтаудың, сапалы гемостаздың маңызы зор.
- Гипостатикалық пневмония - операциядан соң ұзақ уақыт төсек тартып жатқан ауруларда жиі кездеседі.
- Зәр шығарудың қиындануы катетерді қолдануға мәжбүр етеді. Ал ол цистит ауруына әкелуі мүмкін.
- Ішек – қарын парезі.
Аталған операциядан кейінгі асқынуларды алдын алу үшін науқасты төсекте қозғалыссыз ұзақ ұстамай ерте аяғына тұрғызу қажет.
7 тәуліктен соң операциядан кейінгі тігін жіптері алынады да 8 тәуліктен соң ауру үйіне шығарылып, 1,5-2 ай бойы қара жұмыстан босатылады. Қайталанып жасалынған операциядан соң ауыр жұмысқа кірісу уақыты 2-3 жұмаға ұзартылады.
Аталған операциялардың еш біреуі жарық қайталануынан толық қорғай алмайды. Операциядан соңғы қайталану 2-20% арасында байқалады. Ең нәтижелі тәсілдер болып шап өзегінің артқы бетін бекітетін операциялар саналады.
Әр қашан операция тәсілін жарықтың түрімен (қиғаш, тік, қайталанған) санаса отырып шешеді.
Жарық қайталануының негізгі себептері - анатомиялық жағдайлар және операцияны орындаудағы техникалық қателіктер, ауруды ерте ауыр жұмысқа шығару.
Сурет № 5. Жарықтың орнына жалған түсірілуі а) Жарық капшығы және қысылған мүше ішпердеден тысқары аймаққа ығысқан б) Париетальды ішперденің жарық қапшығы-мойыны тұсында жыртылуы салдарынан қысылған ішектің қысушы сақинаның іш куысына еніп кетуі. |
1-ші науқас, 18 жаста. Шағымы - қозғалу, жүру қиындауы. Бұл құбылыстардың ауыр жұмыста күшеюі және оң шап тұсында төмпешіктің пайда болуы. Бұл ісік бұдан екі жыл бұрын ауыр атлетикамен шұғылдану әсерінен пайда болған . Алғашқыда ісік кішкене, жаңғақтың үлкендігіндей және қатты болатын.
Биыл медициналық тексерісте оң шаптың жарығы анықталды. Кейінгі уақытта ісіктің аумағы үлкейіп тауық жұмыртқасындай мөлшерге жетті. Ісік жұмсарды. Оның айналасы тіпті азғана әсерден - жөтелгенде, күшенгенде ауыратын болды. Сондықтан бұл жігіт біздің бірінші қалалық емханаға клиникаға жатқызылды. Ауруды аяғына түрғызып қарағанда оң шап тұсында сопақша келген төмпешік пайда болады. Бұл ісік жұмсақ, ауруды жатқызғанда ісік ішке еніп жоғалып кетеді. Жөтел симптомы анық Шап тесігі саусақты өткізеді. Ісік ұрық жолынан сыртқары шығады. Ұрық безі өзгермеген.
Науқастың шағымы, шапта жұмсақ ісіктің пайда болуы, ол ісіктің жатқанда жоғалуы, шап каналының сыртқы тесігінің кеңеюі және жөтел симптомының анықталуы ісіктің ұрық жолынан тысқары шығуы негізінде келесі диагноз қойылады. Оң шаптың кейін пайда болған қиғаш, орнына түскіш жарығы.
1.2. САН ЖАРЫҚТАРЫ - Hernia femoralis
Сан жарығының анатомиялық ерекшеліктері. Жарықтың симптомдары мен диагнозы. Сан жарығын емдеу тәсілдері
Сан жарықтары шап жарықтарына қарағанда сирек кездеседі. Олар еш уақытта іштей пайда болмайды және себептері шап жарығы себептеріне ұқсас. Сан жарығы көбінесе әйелдерде кездеседі. Оған себеп қайталап бала көтеру, босану және әйелдер анатомиясының ерекшелігі.
Сан жарығы пупарт жалғамынан төменде сан үшбұрышы тұсынан шығады.
Шап сіңірі мен қасаға сұйегі арасы кішкене екі бөлшектен (лакунадан) тұрады – тамырлық және бұлшықеттік. Тамырлық лакуна арқылы сан артериясы мен көк тамыр өтеді.
Бұлшық еттік лакуна арқылы m. iliopsoas еті және сан жүйкесі өтеді.
Сан жарығы қан тамырларынан тысқары canalis femoralis арнасынан шығады. Арнаның ішкі тесігі шап жалғамының астында орналасқан.
Дені сау адамдарда сан арнасы жоқ. Ол тек сан жарығы пайда болғанда ішперденің созылуынан пайда болады.
Сан жарығы келесі орындардан шығуы мүмкін бұлшық ет лакунасынан, қан тамырларының алдымен немесе артымен. Көбінесе жарық сан көк тамырынан тысқары жерден шығады. Бұл жағдайда каналдың келесі қабырғалары байқалады.:
Алдында - шап сіңірі, артында - жамбас шандыры, ішкері лакунарлы жалғам, сыртқары – сан көк тамыры.
Сан жарығы көбінесе қартаң әйелдерде кездеседі. Еркектер мен әйелдер арасындағы жиіліктері 1:5. Бұл әйелдер анатомиясының ереқшелігімен байланысты.
Сан арнасының қысқалығына байланысты жарық ісігі - төмпешігі кішкентай, дөңгелек немесе сопақша түсті. Көбінесе жарық ішінде шарбы майы болады.
Аурудың барлық көріністері байқалатын жағдайда сан жарығын анықтау қиын емес. Кейде өте толық әйелдерде шап сіңірін анықтау қиындайды. Кейде жарық көріністеріне диспепсиялық және дизуриялық қөріністер қосылады.
Жарықтың өзіне тән көріністері болып ышқынғанда, күшенгенде пайда болатын "ісік", төмпешік. Ауруды жатқызғанда "ісік" жоғалады, ісік шап сіңірінен төмен орналасқан, ал шап жарығында ісік шап жалғамынан жоғары орналасады.
Орнына енбейтін жарықтарды айыруда "ісіктің" дыбыс беруі, оны саусақпен перкуссиялағанда жіңішке дыбыс анықталуы көмек береді.