Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 415
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ие болуы мен жеке ақыл-ой жетілдіру. Жеке гигиена, өз денсаулығына көңіл бөлу, салауатты өмір салтын ұстану сауаттылығы мен өмір сүру қауіпсіздігін меңгеруі.
Оқушының білім алу құзіреттілігі ақиқат пен шындық негізінде танылатын нысандардың белгілі бір шеңбер аумағындағы іс-әрекет тәжірибесі, іскерлігі, білімі, білігі мен дағдыға негізделген мәнді құндылықтарының топтамасы болып табылады. Білім алу құзіреттілігі оқушылардың жекелеген білім мен іскерлік пен дағдыларды меңгеруі емес, ол әрбір анықталған бағыт бойынша сәйкес білімдерді игерудег і құрылымдық құрамалардың жиынтығын анықтау арқылы кешенді әрекеттерді меңгеру. Жалпы айтқанда оқушылардың құзіреттіліктілігін дамыту педагогикалық мақсаттардың ерекшелігін ескеру, бірақ, мұғалімнің әрекеті түрінде құрылмайды, керісінше оқушының іс-әрекет нәтижесінде қалыптасқан көзқарасынан бастау алады да оның белгілі бір әлеуметтік тәжірибені меңгеру үрдісінде дамуы мен рухани өсуі болып табылады.
Құзыреттіліктік тұрғыдан келуді жүзеге асыру барысын қарастырсақ, онда зерттеліп отырған заттың, құбылыстың немесе толық меңгеруге тиісті білімге кешендік тұрғыдан келу және оны тану барысындағы дамудың деңгейін бағалаудың диагностикалық құралын анықтау; оқушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту шарттарын, әдістері мен құралдарын негіздеу. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін ашу және негіздеуде педагогикалық тәжірибе тұрғысынан келу шеңберін қарастырып, білім беру нәтижесінде орын алатын оның іс-әрекеттік сипаттамасын негіздеу. Қазіргі
білім беру кеңістігіндегі құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың педагогикалық тәжірибесіне қарамастан, «құзырет/құзыреттілік» атауларды жіктеуде айырмашылықтар орын алуда, біз осы зерттеуде оларды бір мәнде түсіндіріп, оларды мазмұндық нақтылауды қарастырып өтеміз.
«Құзырет» - атау ұғымдарына түрліше анықтамалар арқылы талдаулар бола тұрсада, кейбір ғалымдардың оларды «синоним» ретінде қарастырады [52].
Ал, екінші бір ғалымдар құзыреттің жеке сипаттамаларын береді: адамға қойылатын жекелеген талаптар, оларды «тану» анықталған сала бойынша іс-әрекеттің өнімділігін қамтамасыз етуі мүмкін десе, өнімді іс-әрекетке қойылатын талапқа сәйкестілік дәрежесі: іс-әрекет субъектісінің оқыту нәтижелерін /білім, іс-әрекет тәсілдері/ қолдану арқылы іс-әрекетке жалпы қабілеттілігі мен дайындығы; ал бар біліміне сүйене отырып шешілуі мүмкін тәжірибелік мәселе талап ету мен іс- әрекетке үйлесімді келетін тәсілін таңдау арасында байланыс орнату бойынша жалпы қабілеттілігі мен дайындығы деп түсіндірілдеді [53].
Зерттеу жүргізумен айналысатын оқушылардың құзыреттік іс-әрекетке нақты жеке басына бағытталған жалпы талаптар қоятындығын, яғни оны
«тану» барысында іс-әрекеттің өнімділігін анықтап беретіндігін; білім алу өзгерістер мен дағдыларға негізделгендігін; бұндағы зерттеушінің іс-әрекеті белгілі бір бағытты құрылымдық құрылымға жататындығын белгілейді.
Құзыреттілік іс-әрекеттік сипаттама ретінде мәнге ие болады да, ол таңылған құзырет ретінде түсіндірілуі мүмкін [54].
Яғни, құзыреттілік жеке сапа ретінде де мәнге ие болады. Құзыреттілік жеке тұлғалық сапа бола отырып, біріншіден, оқыту мен тәжірибе
жинақтау үдерісінде қалыптасады, ал екіншіден, танымдық /когнитивті/, зияткерлік-тұлғалық құрушы бірлігінде байланыстырылған немесе кіріктірілген сапа ретінде көрініс береді деп түсіндіреді [55].
Құзыреттіліктің іс-әрекеттік сипаты «оның субъект үшін тұлғалық маңызды іс-әрекетте» көрініс табады [56].
«Зерттеушілік мәселелерді тиімді және ықшамдылығы, шағын мен шапшаң нәтижелілігіне қол жеткізу түрде шешу қабілеттілігі және оған дайын болуынан» [57].
«Шешім қабылдау үшін ақпаратты пайдалану іскерлігінен» [60], «тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешуде оқушылардың білім, іскерлік және іс- әрекет тәсілдерін қолдануға дайын болуынан» көрініс табады [61]: құзыреттілік жеке тұлғаның белгілі бір бағытта кемелденуіне қолжеткізу және сатылық және деңгейлік білім алу жағдайындағы теория мен тәжірибені үйлестіре білетін /мамандықты игеру, кәсіптік/ іс-әрекет саласында, оның білімдік, іс-әрекеттік /соның ішінде әлеуметтік-тәртіптік/, ынталылық себеп-салдар бағытындағы түрткілік - құндылықтық және этикалық құрамалар негізінде құрылатын мәдениеттің жоғарғы деңгейін меңгерген тұлға деген [62].
«Құзыретті болу дегеніміз – осы жағдайда алған білім мен тәжірибені жұмылдыра білу бейімі» - дейді және «құзыреттілік» ұғымының өзіне тән артықшылықтарын көрсетті:
Ал, біздің диссертациялық жұмысымыз бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетіндегі құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытуға арналғандықтан, осы зерттеушілік құзыреттіліктің мазмұнын ашуды басшылыққа аламыз.
Оқушының зерттеушілік құзыреттілігі - оқушының жаңа білімді өз оқу- танымдық әрекетін ұйымдастыру арқылы меңгеруі мен игеруі болып табылады. Пәннен жаңа мазмұнды идеясы бар оқу материалдарын жеке қарастыру арқылы болжамдар жасау және оған өзге пән оқу материалдарын кіріктіре немесе байланыстар қолдану арқылы кешенді білім көздерін меңгеруі. Тақырыптық зерттеу, бақылау мен бағдарлы байқау жасау, онда теориялық негіздеу, тәжірибе, эксперимент арқылы талдау, жинақтау және т.б. құрылымдық әрекеттер мен құралдар арқылы мәселені шешу жолдарын ұсыну. Сондай-ақ, зерттеушілікке ұсынылған жобаларды шешудің тиімді нұсқаларын табу және нәтижесін пайдалануға ұсынуды жүзеге асыру қабілеті мен дайындығы.
Оқушының зерттеушілік құзыреттілігі зерттеушілік іс-әрекет барысында түрлі әдіс-тәсілдер барысында қалыптасуы мүмкін. Ең ұтымды тәсілдердің бірі - мектептік ғылыми қоғамдастық (оқушылардың ғылыми қоғамдастығы) жұмысы аясындағы жұмыстар. Оқу мекемесі шынайы ғылыми зерттеушілік орталыққа айналуы үшін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс, алдымен оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар ұжымының пікірлеріне талдау жүргізу қажет [70].
Оқушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерінің мазмұны мен оның ерекшелігін түсіну және анықтау үшін оның қазіргі жағдайда адамдарға қандай маңызы бар екендігін анықтап көрсету қажет. Бұнда заманауи білім берудің жаңа парадигмасы тұрғысынан қарастырсақ, қазіргі педагогикалық жүйенің құрамдас бөліктері мен оның мақсаты мен мазмұнындағы өзгерістерді
басшылыққа ала отырып, оқушылардың білімді игерудегі ынталылығы мен өзіндік жеке әрекеттерін дамытуға бағытталғындығы. Ал бастауыш білім беру кезеңде де олардың оқушылардың өзіндік құзыреттілік қабілеттілігін дамытуға бағытталған басты әрекеттерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылатындығында [71].
Білім берудің заманауи парадигмасының басым бағыттық сипаттамаларын дамытуға жүйелілікпен қарай отырып, қазіргі жағдайда оқушының білім алуы мен өмір сүру әрекетінің ауқымды қамтылуының күшейтілуі мен оның өзгерістерге ұшырауының заңдылықтарының сипатталуы өзекті педагогикалық мәселе болып табылады. Бұл оқушылардың зияткерлік дамуының танымдық әрекеттерін құратын құралдары мен құрылымдық құрамаларын қалыптастыру және қазіргі өзгермелі әлемде бағдарлануына, оған сыни тұрғыдан қарап, түсіну арқылы ақиқаттықпен тану арқылы жеке тұлғаға қойылатын талаптардың жаңаша мәнге ие болуын қабылдап, оны бағалауда мүмкіндік беретін іскерліктер мен құзыреттіліктерді меңгеру болып табылады.
Қоғамдағы заманауи білім беру міндеттерін мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес, үйлесімді жүзеге асыру барысында олардың мазмұндық құрылымдарын талдау және оқушының жеке тұлғалық бітім-болмысын қалыптастыру мен дамытуды білім беру ұйымдарының, мектеп соның ішінде бастауыш білім беру кезеңіндегі педагогикалық үдерістерде басты басымдылықа ие болатын мәселе ретінде орын алатыны шындық және ол оқушының келешек өмірінің өзегі ретінде орын алады. Қазіргі педагогикалық талапта оқушы дамуындағы оза жүру қызметін ұйымдастыру

-
Құзыреттілік деген ұғымдық түсінік «білім, білік, дағды» бір сөзбен түсіндіруі және оның құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыстырушы болып табылады. Құзыреттіліктің тереңдетілген мағынасы пәнді жетік білу немесе меңгерілетін іскерлік пен машықтануы ретіндегі мазмұнды береді деуге болады. -
«Құзыреттілік» ұғымы мектептегі кәсіби маман - түлегінің нақты дайындық деңгейінің сипатын анықтауға бағытталған ұғым. Таңдаған мамандығын жетік меңгерген жоғары білікті кәсіби маманды мектептің нақты жағдайларында дайындауға мақсатты бағыттау керек. Құзыреттілік - нақты мақсат, өйткені құзыреттілік пен жетілу арасындағы айырмашылық бар. Құзыреттілік - бұл міндеттерді нақты орындау болып табылады. -
Құзыреттілік кәсіби әрекеттегі туындайтын көптеген мәселенің шешімдерін табуда ең қолайлы және тиімдісін ажырата білу, жалған шешімдерді дәлелді түрде жоққа шығару, оң әрі тиімді шешім қабылдау, сондай-ақ тиімді емес шешімдерге күмәнмен қарау, яғни, сыни ойлау қабілетіне сүйену. -
Құзыреттілік әр уақытта кәсіби міндеттерді табысты шешу үшін білімді үнемі жаңартып, толықтырып тұруды, жаңа ақпаратты меңгеруді болжайды. Құзыреттілік - бұл кәсіби қызметті талаптық деңгейде орындай алу қабілеті. -
Құзыреттілік мазмұндық (білім), және процессуалды (іскерлік) құрылымдық құрамаларды қамтиды. Яғни, құзыретті адам мәселенің мәнін түсініп қана қоймай, оны іс жүзінде шеше білуі керек, яғни («білу және іскерлік») шешу әдісін меңгерген. Мәселені шешудің нақты шарттарына байланысты құзыретті маман осы жағдайларға тиімді және ұтымды деп танылған бір әдісті басшылыққа алуы. Әдістің көп нұсқалығы - бұл жинақы әрі тиімді білім және сыни ойлаумен қатар құзыреттіліктің маңызды сапасы ретінде көрініс берсе, сондай-ақ, мәселені шешудің нақты жағдайларына байланысты құзыретті маман сол жағдайға байланысты ыңғайлы және тиімді болатын әдіс түрін негізге алады. Әдістің нұсқалары – бұл құзыреттіліктің тиімді және ұтымды білім және сыни ойлаумен қатар жүретін ерекше қасиеті. Автор «құзыреттілік формуласын» - құзыреттілік – білімнің ұтқырлығы, әдістің икемділігі және сыни тұрғыдан ойлай білудің қосындысы деп түсіндіреді [69.].