Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 413

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
мен басқару, оқушының өмірлік тәжірибесін жетілдіру мен түрлі өзгерістерге бейімделуге қабілеттілік пен оған негіз болатын білім, білік, іскерлік және құзыреттіліктерді меңгерген оқушы тұлғасын қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру. Бұл оқушылардың ауқымды құзыреттілік түрлерін меңгеру мен оған ие болу мүмкіндігін іске асырып, әсіресе, олардың зерттеушілік және жобалық іс-әрекеттерінің өнімділігіне негіз болатын метапәндік білім нәтижелері арқылы зерттеушілік құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпал жасайды. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, зерттеу құзыреттілігінің мазмұндық жүйесін ашып қарастырсақ:

Зерттеу құзыреттілігі - оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқушының бейімделген қабілеттері. Бұнда өздігінен білім алу арқылы өзін-өзі жетілдіру үдерісін ұйымдастыра алушы, ізденушілік арқылы жеке орындаушылық әрекеттен шығармашылық және жасампаздық қызметке өтудегі даму көрсеткішін беретін зерттеу іс-әрекеттерін біртұтасқа алып келу [72].

Зерттеу құзыреттілігі - түрлі құзыреттердің өзара байланысқан түрін қамтиды. Оқу-танымдық негіздегі әлемді, қоршаған ортаны немесе жаңа білімдерді ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы түсіну және туындайтын сұрақтар мен көкейкесті мәселелерді шешу саласында кешенді білімдер жүйесін меңгеру. Өмірге бейімделу қабілеттілік, танымдағы іс-әрекетпен тәжірибені ұштастыратын талдаулық ауқымды сипаттамалар. Оқушыларға оқу-тәрбие үдерісінде және олардың келешек өмірге бейімделуіндегі баулу
үдерісіде ерекше мәнге ие деп түсіну қажет.

Зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімнің, ата-ананың және түрлі сатылық кезеңде білім алатын оқушылардың ынтымақтастығы жүйесінде іске асырылады. Жеке пән сабақтарында және сабақтан тыс оқу-танымдық іс-әрекеттің түрлі формаларын біріктіретін, тақырыптақ, бөлімдік және қысқа немесе ұзақ мерзімдерге /бір, бірнеше жылға/ арналған мақсатты жеке және топтық, ұжымдық бірлестіктегі танымдық үдеріс.

Мектептегі бастауыш сынып оқушылары үшін ұйымдастырылатын зерттеушілік әрекеттер олардың жас және сыныптық деңгейдегі игерген білімдері бағытындағы танымдық ерекшеліктерін, білім алып отырған оқушының тұрғылықты географиялық аймақтың өзгешеліктеріне бағытталған тақырыптық, бөлімдік немесе және ғылыми-әлеуметтік әріптестікті басшылыққа алатын педагогикалық жоба болуы тиіс. Оны іске асыру мектептегі бастауыш білім кезеңіне бейімделген оқу-әдістемелік, ақпараттық-әдістемелік орталықтарымен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру - қазіргі бастауыш білім беру кезеңінде білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде саналады, бастауыш білім берудің теориясы мен жеке пәндерді оқыту тәжірибесіндегі жолдарды шешілуі тиіс педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. Яғни, қазіргі білім берудегі жаңа жағдайдың туындағаны және жаңа міндеттерді шешу құралдарын дербес, белсенді және ынталы іздеу қабілетін қалыптастыру басты мәселе ретінде орынға ие болды. Бастауыштың педагогикалық үдерісі

аясында осындай қабілеттерді дамыту үшін жағдай жасау, бірақ, дәстүрлі сабақтарға қарағанда өзгеше, өйткені, зерттеу және жобалау қызметтерінде аталған қасиеттерді қалыптастыруға болады. Бастауыш сынып оқушысының қалыпты, әрі жүйелі дамуына ықпал жасап, оның өзегіне айналады десек қателеспейміз.

Зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі бойынша ғылыми еңбек жазған ғалымдар, бұл үдерістің ұзақтығына мән берген. Мәселен, бастауыш сыныптардан басталып білім берудің келесі деңгейлерінде, яғни, орта және жоғары сыныптарда жалғасын тауып, сонымен бірге оқушының бүкіл өмірімен байланыста болып, жалғаса беретіні жайында пікірлерін түйіндейді [76].

Заманауи білім берудің дамуы - Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуымен байланысты айтарлықтай оңтайластырудан өтуде, бұл өз кезегінде педагогикалық теорияға да, сондай-ақ оқу-тәрбиемен айналысатын түрлі сатылық деңгейдегі мекемелердің педагогикалық тәжірибесіне жаңашыл бағыттағы өзгерістер енгізіп отыр. Бұл өзгерістер Қазақстанның Болон процесінен басталып, бұл көп деңгейлі білім беру жүйесіне көшуіне, сондай-ақ оқу-тәрбиемен айналысатын түрлі сатылық деңгейдегі мекемелердің білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық әрекеттерін құзыреттілік тұғыр негізінде құруды басшылыққа алып келді. Бұл білім беру тәжірибесінде зерттеу арқылы оқыту білім алушылардың әлемді, қоршаған ортаны зерттеушілік арқылы ғылыми ақиқат және шындық тұрғысынан жаңаша танудың тиімді әдістерінің бірі ретінде қарастырылады. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту осы бейімділікті жетілдіріп, тиісті іскерліктер мен дағдыларды дамытуға ықпал етуі керек. Қазіргі әлемнің жылдам өзгерістерге түсуі - педагогикалық теория мен тәжірибені
адам өміріндегі зерттеушілік мінез-құлқының рөлі мен маңыздылығын қайта қарауға мәжбүр етеді, бұл педагогика тәжірибесіндегі зерттеу әдістерінің рөлін қайта бағалауға бағыттайды. Зерттеу дағдылары жалпыланған әрекеттер ретінде білім алушыларға әртүрлі пәндік салаларда да, оқу іс- әрекетінің құрылымында да кең бағдар алуға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып оқушыларында зерттеушілік дағдыларын дамыту сабақта да, сабақтан тыс уақытта да жүретіні даусыз.

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі Қазақстандағы жобалық білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі екендігі күмән тудырмайды. Бұл мәселе тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ барлық дүниежүзілік білім беру серіктестігі үшін өзекті екендігін атап өту керек.

Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетінің қалыптасуы жалпы білім беретін мектептің барлық оқыту кезеңінде жүзеге асады. Ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері, мазмұны және әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне және қажеттіліктеріне байланысты анықталады және жалпы білім берудің буындарына байланысты ерекшеленеді.

Зерттеушілік құзыреттілік қалыптасатын үдерістегі зерттеушілік іс- әрекеттің қалыптасуының үш кезеңін бөліп көрсетуге болады, ал нақты бастауыш сыныпта зерттеушілік іс-әрекет оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және оқу іс-әрекетіне ынталандыру құралы болып табылады. Зерттеушілік іс-әрекетті меңгерудің нәтижесі ретінде зерттеушілік құзыреттілікті есептеуге болады.

Оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігі мазмұны авторлық көзқарасқа сәйкес жеткілікті түрде зерттелген және тіпті жүйеленген. Түрлі ғалымдардың анықтамалары бойынша бұл ұғымға қатысты пікірлер көптеп орын алуда. Мәселен, «Құзыреттер» ұғымы белгілі бір іс-әрекет түрін сәтті орындау үшін
қажетті жұмысшыларға қойылатын талаптар жиынтығы ретінде түсіндіріледі, ал «құзыреттілік» осы құзыреттер арқылы іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қолданудың сәтті тәжірибесінің болуы түрінде қарастырылады [77].

Құзыреттілік тұлғаның тұрақты сипаттамасы ретінде анықталады, ол тұлғалық үдерістердің ерекшелігіне, тиімді әлеуметтік тәжірибесіне, белгілі бір мәселе туралы пайымдауға мүмкіндік беретін білімдерді меңгеруіне, беделді пікірлерді білдіруге, өзін және басқаларды түсіне білу қабілеті, өзара қарым-қатынасты адекватты талдау және тұлғааралық оқиғаларды, білімдерді, іс-әрекеттердің іскерліктері мен дағдыларын болжауына, кәсіби тәжірибелік іс-әрекетке дайындығына негізделеді [78].

Құзыреттілікті іс-әрекет субъектісінің құрылымдық бөлшегі, хабардарлық, эрудиция ретінде анықтайды және бұл ұғымды кәсіби іс- әрекеттерді орындаудағы білімдердің, іскерліктердің, тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырады [79].

Ал адамның құзыреттілігі құзыреттер, білімдер, көзқарастар, әрекеттер бағдарламасы (алгоритмдері), құндылықтар және қатынастар жүйесі ретінде анықтайды және сипаттайды. Құзыреттілік тұрғыда білімдерді қалыптастыру механизмдері және оның қызметтері де өзгереді: білім ізденіс және нақты заттық саладағы мінез-құлықтың түрлі модельдерін апробациялау үшін және оқушылардың стилі, қалаулары, адамгершілік бағыттарына аса сәйкес келетінін таңдау үшін қызмет етеді деген пікір білдіреді.

Оқытудың кез келген моделін іске асыру оның нақты білім беру бағдарламаларын құрастырудағы мазмұны туралы жалпы теориялық елестетулерді, таңдап алынған мазмұнды іске асыруға сәйкес келетін технологияларды, бақылаушы-өлшеуші материалдарды, бағалау құралдарының қорларын қайта түрлендіруді талап етеді. Білім алушының құзыреттілігі оның іскерлілік деңгейі,