Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 414

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
орын алатын жаңа түзілімдермен байланысты. Педагогикалық- психологиялық зерттеулер екінші және үшінші сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуында осындай күрт өзгерістер болатынын көрсетіп отыр. Оқытудың осы кезеңінде ойлау қабілетінің қалыптасуы және оқу материалын белсенді меңгеруі, вербалды ақыл-ойдың дамуы, яғни түсініктерге сүйене отырып ойлау мүмкіндігі жүзеге асырылады.

Ойлаудың жаңа мүмкіндіктері басқа да танымдық үдерістерді: қабылдау, зейін, жадыны одан әрі дамыту үшін негіз болады. Белгілі психолог кіші жастағы оқушылардың даму ерекшеліктері туралы былай деп жазған: «Память в этом возрасте становится мыслящей, а восприятие думающим». Балада өзінің психикалық үдерістерін өзі ерікті түрде басқару қабілеті де белсенді бола бастайды, ол зейінін, жадын, назарын ерікті түрде бағындыра білуге үйренеді.

Сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуындағы осы түзілімдерді шығармашылық, дамытушылық жұмыстарда белсенді қолдану оң нәтижелер беретінін ұстаздар естерінде ұстағаны дұрыс [12].

Төртінші сынып оқушысының ерекшелігі. Оқудың төртінші жылы бастауыш сыныптың оқушысы үшін мектеп өміріндегі бірінші кезең аяқталады. 4-сынып оқушылары – бұл бастауыш мектептің түлектері. Бұл – баланың төрт жыл бойы қол жеткізген білім, білік, дағдыларының қорытындысын шығаратын, психикалық, физиологиялық дамуының деңгейін анықтайтын жауапты кезең. Сондықтан да бұған ата-аналар мен мұғалімдер, ең алдымен, 4-сынып бітіруші бала келесі деңгейге көшкенде күрделі сабақтарды алып кете
ала ма, жоқ па, қажетті білім, білік, дағдылар жиынтығымен қаруланды ма және оларды әрі қарайғы өмірінде қолдана ала ма, т.с.с. мәселелерге назар аударып, жыл бойы қадағалап, үлкен дайындықпен, жауапкершілікпен келуі тиіс. Ол үшін әр баланың өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері, қабілеттері мен дүниеге өзіндік көзқарастары, яғни әркімнің тек өзіне ғана тән дара ерекшелігі немесе өзіндік мәнері (стилі) болатынын да естен шығармаған жөн.

Көп жылғы зерттеулер көрсеткендей, 4-сыныпты аяқтаған оқушылардың көпшілігінде оқу әрекетін орындаудағы өзіндік жеке стилі қалыптасады. Бұл бала үй жұмысына дайындалған кезде немесе сабақ үстінде, т.б. жағдайларда байқалады. Мысалы, бір бала сабаққа дайындау жұмысын мектептен келісімен бастаса, ал басқа бала демалғанды (әртүрлі ұзақтықтағы) қажет етеді. Біреу жұмысқа тез әрі жеңіл кіріссе, екіншілері дайындық кезеңді керек етеді. Бір бала үй жұмысын орындауды күрделі оқу пәндерінен бастаса, ал басқа бала жеңіл пәндерден бастайды. Сондай-ақ материалдарды графикалық бейнелерге (суреттер, кестелер және т.б.) сүйене отырып меңгеретін немесе, керісінше, ауызша түсіндіруді қажет ететін балалар да бар. Оқу жұмысын орындаудың жалпы айырмашылығы балалардың жеке-типологиялық ерекшеліктеріне, олардың жұмыс істеу қабілеттеріне, танымдық даму өзгешелігіне, ақпаратты қабылдауына және оны қайта өңдеуіне, әртүрлі оқу пәндеріне деген қызығушылықтың бірдей еместігіне және т.б. байланысты [12].

Оқу жұмысының жеке стилі оқу тапсырмаларын орындаудың жалпы тәсілінде ғана емес, оқушылардың әртүрлі оқу білігі мен дағдысын қолдануда да көрініс табады. Оқу жұмысының нәтижелі тәсілдерін меңгеру оқушыда оқу біліктілігі қалыптасқандығын

білдіреді: яғни ол ұсынылып отырған білімді сапалы игеруге қабілетті және қажет болған жағдайда өздігінен меңгеруге дайын.

Бастауыш мектепті тәмамдаған оқушының келесі сыныптарда, яғни негізгі орта білім беру деңгейінде оқуын жалғастыру барысында жоғары жетістіктерге жетуі үшін жалпы қандай білік-дағдылар қалыптасуы тиіс? Мысал ретінде солардың ішінен кейбіреулерін атап көрсетейік:


  • мұғалімді тыңдау;

  • мәлімдемеден басты ойды бөлу;

  • мәтін мазмұнын байланыстырып айтып беру;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;

  • мәтінге сұрақтар қою;

  • алған ақпараттар негізінде қорытынды жасау;

  • өз ойын жазбаша білдіру;

  • қосымша ақпараттар көздерін қолдану, анықтамалық әдебиеттерді пайдалану (сөздіктер, энциклопедиялар және т.б.);

  • өз жұмысының нәтижесін дәл бағалау.

Осы білік-дағдылардың көпшілігі ойлау қабілеттеріне сүйенеді: заттың, құбылыстың, т.б. жалпы және дара сипатын салыстыру және таба білу; бастыны айырып көрсету, маңыздыны болмашыдан айыру, логикалық қорытынды мен тұжырымдама жасай алу біліктері, т.с.с.

Сыныптың көптеген оқушыларында оқуға деген қызығушылықтың дифференциациясы байқалып, оқу пәндеріне деген әртүрлі көзқарас пайда болады [13].

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Біздер зерттеушілік ұстаным жайындағы түсінікті зерттеудегі болжамға сүйене отырып, ғылыми танымдық белгісіздікті тану мен ұғыну барысындағы басшылыққа алатын бағыттық әрекеттің мақсатын кезеңдік жүйелеу, нәтижеге қол жеткізу деп түсіне отырып, бұлар оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы қажеттілік, зерттеудің кезеңдерін біртіндеп іске асырудағы танымдық әрекеттерінің қызығушылық пен ынталы жүйелік жұмыстарының тұтастығын қарастыратын мәселе, яғни - ұстанымы деп қабылдаймыз.

Зерттеушілік ұстанымды басшылыққа ала отырып, ғалымдыр оқушылардың оқу-танымдық әрекетіндегі зерттеушілік жұмыстарын олардың жеке
шығармашылықтарындағы танымдық ізденістерімен байланыстыра отырып, ғылыми ізденушіліктегі туындайтын белгісіздікті түсіну мен ұғынудағы мәселелерді шешудің негізгі кезеңдерін анықтайтын және болжамдайтын зерттеу міндеттерін; ғылымдағы дәстүрлі әрекеттер мен ұйымдастырулар; мәселенінің көкейкестілігін түсіну; зерттеуге қатысты теориялық талдау және тәжірибемен ұштастыру; зерттеу әрекеттері үшін әдістерін таңдау және тәжірибедегі тиімділігі мен қолайлылығын анықтау; зерттеуге қатысты жеке дереккөздерін жинақтау, жалпы және жалқы талдау әдістерін пайдалану; қол жеткізген нәтижелерді жүйелеу мен қорытындылау жағдайларын қатыстырып біртұтастықта қарастыру қажеттілігі жайлы пікірлерді ұстанады [14].

Зерттеушілік әрекет ұстанымының бағыттылық пен жүйелілікте болуы зерттеу әрекетінің түпкі нәтижесіне оң көзқарас қалыптастыруға негіз болып, зерттеудегі белгісіз мәселені табудағы шешімді іздеу мен бір бағытта ұстауға және ғылыми этикалық мәдени құндылықтарды екі жақты сақтауға және зерттеушіліктегі бірлескен шығармашылық ізденіс үдерістерін реттеуге өз септігін тигізеді [15].

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу әрекетін оның сыныптық сатылық деңгейдегі игерген білімдерімен және оны толық, әрі терең игеруге деген қызығушылығы – яғни, түрлі әсер етуші себеп-салдармен саналы түрде арнайы бағытталып жасалған оқу-танымдық әрекеттерінің жиынтығы. Жаңа білім материалдарын меңгеру және оны өзінің бойынан өткізе отырып ақиқат және шындығын танудағы ізденушілік шығармашылық жұмыстарының барысы деп тану, әрі оның негізі болған жағдай ол - зерттеудегі басшылыққа алынған ұстанымдардан шығатыны анық. Ол зерттеу кезеңдері, кезектік орын алып орындалатын міндеттері; зерттеудегі ғылымилылығын танудағы немесе ашуда мәселе қою; зерттеудің теориялық негізін түсіну; зерттеудің