Файл: Миокард инфарктісінен кейін емханалы кезеде оалту жргізілуі керек.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 515
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
29 жастағы науқаста сирек экспираторлы тұншығу ұстамалары байқалады, тұншығуды басу үшін аптасына бір реттен кем емес сальбутамол ингаляциясын қолданады. Ұстама кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ұстама аралық кезеңді зерттегенде болу керек шамадан ЖФТШ1 (ОФВ1) 80-85 %.Осы клиникалық жағдайға қай диагноз сәйкес келеді?
A) бронх демікпесі, жеңіл персистирлеуші
B) бронх демікпесі, орташа дәреже
C) бронх демікпесі, жеңіл интермиттирлеуші
D) созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағым
E) созылмалы обструктивті бронхит, орташа ауырлықта
ANSWER: C
30 - жастағы әйел, соңғы жарты жылдың ішінде әлсіздік, жүрек қағуы, меноррагияға шағымданады. Объективті: тері мен шырышты қабаттары бозғылт, тырнақта көлденең сызықтар, койлонихия. Жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Қанда: эритроциттер - 2,8 млн., Нв - 72 г/л, ТК - 0,77, лейкоциттер - 4,2 мың, тромбоциттер - 192 мың. ЭТЖ - 16 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада: сидеробластар - 12%. Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсетілгендердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
A) ретикулоциттер
B) жалпы билирубин
C) сарысулық темір
D) нейтрофильдердің сілтілі фосфатазасы
E) эритроциттердің осмостық резистенттілігі
ANSWER: C
30 - жастағы әйел, соңғы жарты жылдың ішінде әлсіздік, жүрек қағуы, меноррагияға шағымданады. Объективті: тері мен шырышты қабаттары бозғылт, тырнақта көлденең сызықтар, койлонихия. Жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Қанда: эритроциттер - 2,8 млн., Нв - 72 г/л, ТК - 0,77, лейкоциттер - 4,2 мың, тромбоциттер - 192 мың. ЭТЖ - 16 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада: сидеробластар - 12%. Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсетілгендердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
A) ретикулоциттер
B) жалпы билирубин
C) сарысулық темір
D) нейтрофильдердің сілтілі фосфатазасы
E) эритроциттердің осмостық резистенттілігі
ANSWER: C
30 жастағы ер адамда қан аралас диарея, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімі, қызба пайда болған. Проктосигмоскопия кезінде шырышты қабаттың қансыраған, борпылдақтығы анықталды. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) смектаны
B) салофалькті
C) ванкомицинді
D) фуразолидонды
E) метронидазолды
ANSWER: B
30 жастағы ер адамда қан құюдан және гемоглобинуриялық жіті тубулярлық некрозы бар жіті гемолизден кейін жіті бүйрек жеткіліксіздігі дамыған. Бұл жағдайда науқастың отбасына болжам туралы айту керек
A) сірә, бүйрек қалпына келмейді және өмір бойы гемодиализ қажет болады
B) болжам нашар
C) мұндай жағдайларда 90% - да сауығу байқалады
D) мұндай жағдайларда 20% - да сауығу байқалады
E) пациентті трансплантацияға дайындау қажет
ANSWER: C
32 - жастағы әйел аздаған әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде; қалқанша безі ассимметриялы ұлғайған, сипағанда беті тегіс, шекарасы айқын, қозғалмалы түйін анықталады. Емдеудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?
A) тиреостатиктерді
B) йод препараттарын
C) оперативті емді
D) тиреоидты гормондарды
E) қабынуға қарсы препараттарды
ANSWER: C
32 жастағы ер адам, тамақ ішкеннен немесе алкоголь қабылдағаннан жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы басып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең сипағанда эпигастрии аймағында жайылмалы ауырсыну. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-саран қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
A) 24-сағаттық рН-метрия
B) эндоскопиялық рН-метрия
C) электрогастрографиялық әдіс
D) Helicobacter pylori зерттеу
E) гастросынама әдісімен асқазанның сөлін зерттеу
ANSWER: D
32 жастағы ер адам, тамақ ішкеннен немесе алкоголь қабылдағаннан жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы басып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең сипағанда эпигастрии аймағында жайылмалы ауырсыну. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-саран қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
A) 24-сағаттық рН-метрия
B) эндоскопиялық рН-метрия
C) электрогастрографиялық әдіс
D) Helicobacter pylori зерттеу
E) гастросынама әдісімен асқазанның сөлін зерттеу
ANSWER: D
32 жастағы науқас, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға, оң жақ бел аймағында сыздап аурсынуға, зәр шығаруының жиілеп ауырсынуына шағымданды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Анамнезінде – жиі циститпен ауырған. Объективті қарағанда: дене қызуы 380С, аускультацияда- тыныс алуы везикулярлы, жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ЖЖЖ минутына 92 рет, АҚ 120/80 мм.сн.бағ. Іші жұмсақ, оң жақ шап аймағында және оң жақ қабырға доғасының деңгейінде іштің тік бұлшықеттінің сыртқы жиегінде ауырсыну байқалған. Пастернацкий симптом оң мәнді.Қандай ауру туралы ойлауға болады?
A) бүйрек туберкілезі
B) гломерулонефрит
C) пиелонефрит
D) бүйрек амилоидозы
E) бүйрек тас ауруы
ANSWER: C
32 жастағы әйел, несептің жалпы анализінде кездейсоқ тексеру кезінде анықталды: 70 мг/л дейінгі протеинурия, лейкоцитурия - 1520 в п/з. анамнезден 3 жыл бұрын жедел пиелонефритпен ауырғанын, өздігінен емделгенін анықтады. Алдын ала диагноз қойыңыз
A) гломерулонефрит
B) созылмалы пиелонефрит
C) созылмалы цистит
D) зәр тас ауруы
E) интерстициалды нефрит
ANSWER: B
33 жастағы әйел әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде: қалқанша безінің субтотальді резекциясы, тәулігіне 50 мкг L-тироксинді қабылдайды. Объективті: беті ісіңкі, жүрек үндері тұйықталған. АҚ - 100/70 мм с.б.б. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық анықталды. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
A) ЭКГ
B) қанның бактериальдық себіндісі
C) кеуде аралық КТ
D) Т3 және Т4 деңгейлерін анықтау
E) АҚ тәуліктік мониторлау
ANSWER: D
35 - жастағы әйел, стресстен кейін тершеңдік, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтары қалтырайды. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л. Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
A) ЭХОКГ
B) АҚ тәуліктік мониторингі
C) қалқанша безінің пункциясы
D) Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу
E) гликозилирленген гемоглобинді зерттеу
ANSWER: D
35 жастағы ер адам 3 ай ішінде қан қысымының 160/95 мм c.б.б. дейін жоғарылауына шағымданады. ЭКГ елеулі өзгерістерсіз. Көз түбінің тамырларында патология жоқ. Белгілі болғандай, анасы гипертониялық аурумен ұзақ жылдар бойы ауырады. Төмендегі диагноздардан ең қолайлы диагнозды таңдаңыз
A) Иценко—Кушинг синдромы
B) Конн синдромы
C) нейроциркуляторлық дистония
D) гипертониялық аурудың I дәрежесі
E) феохромоцитома
ANSWER: D
35 жастағы ер адам, 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы беротекпен басылады, гормонға тәуелді. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде: тыныштықтағы ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде келтірілген тәсілдердің қайсысы БАРЫНША тиімді?
A) теофиллин per os
B) эуфиллин 2,4% 10 мл к/т
C) вентолин небулайзер арқылы
D) преднизолон 30-60 мг к/т
E) беротекпен ингаляцияны жалғастыру
ANSWER: D
35 жастағы науқас жалпы тәжірибелі дәрігеріне әлсіздік, ентігу, шаршау сияқты шағымдармен жүгінді. Қан анализінде: гемоблобин 50 г/л; ТК 0,5. Жағындыда пойкилоцитоз, микроцитоз, ретикулоциттер 0,2%. Ең ықтимал диагноз қандай
A) апластикалық анемия
B) темір тапшылығы анемиясы
C) В12 тапшылық анемия
D) гемолитикалық анемия
E) постгеморрагиялық анемия
ANSWER: B
35 жастағы науқас әйел стационарға келесі шағымдармен келіп түсті: бел аймағының оң жағының сыздап ауырсынуы, шөлдеу, аузының құрғауы, кіші дәретке жиі баруы, басының мезгіл-мезгіл ауыруы. Анамнезінен: бала кезінде жедел пиелонефритпен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі құқыл. АЌ 170/105 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Ќағу симтомы екі жақта да оң мәнді. Несеп анализінде: түсі лайланған, тығыздығы 1008, белогі 0,066 г/л, лейк. 20-30 к/а, эритр. 0-1 к/а. Бүйректің УДЗ екі бүйректе де әртүрлі көлемді микролиттер анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қажетті емес лабораториялық зерттеуді анықтаңыз:
A) Несепті бактериялогиялық зерттеу
B) Зимницкий сынамасы
C) Реберг-Тареев сынамасы
D) Нечипоренко сынамасы
E) Аддис-Каковский сынамасы
ANSWER: C
35 жастағы науқас, стоционарда идиопатиялық пурпуралы тромбоцитопениямен емделуде. Денесінде аздаған петехиальді-дақты қан құйылулар байқалады, етеккірінің көлемі көбейген, басқа өзгерістері жоқ. Тромбоциттер 18,0х109/л. Осы ауруына байланысты бұрын емделмеген. Қандай емдеу әдісін қолдану тиімді?
A) Преднизолонмен емдеу
B) Спленэктомия
C) Цитостатик
D) Плазмаферез
E) Тромбомассаны енгізу
ANSWER: A
35 жастағы науқас, стоционарда идиопатиялық пурпуралы тромбоцитопениямен емделуде. Денесінде аздаған петехиальді-дақты қан құйылулар байқалады, етеккірінің көлемі көбейген, басқа өзгерістері жоқ. Тромбоциттер 18,0х109/л. Осы ауруына байланысты бұрын емделмеген. Қандай емдеу әдісін қолдану тиімді?
A) Преднизолонмен емдеу
B) Спленэктомия
C) Цитостатик
D) Плазмаферез
E) Тромбомассаны енгізу
ANSWER: A
37 жастағы науқас жалпы әлсіздік, бас айналу, көздің қараңғылануы, аяқтардағы парестезия және жүрістің тұрақсыздығы туралы шағымдармен жалпы практика дәрігеріне жүгінді, салмағы 10 кг жоғалтты. Жоғарыда аталған шағымдар бірнеше ай бұрын пайда болды және баяу өсті. Тексеру кезінде терінің аздап сарғаюы байқалады, бауыр қабырға доғасының шетінен 1,5 см шығады, көкбауыр пальпацияланбайды. Қан анализінде: гемоглобин 70 г / л, ТК 1,4; тромбоциттер 110 * 10`9/л; лейкоциттер 2,5 *10`9/л; ЭТЖ 12 мм/сағ. Ең ықтимал диагноз
A) гемолитикалық анемия
B) В12 тапшылық анемия
C) гиполастикалық анемия
D) фолий тапшылығы анемиясы
E) темір тапшылығы анемиясы
ANSWER: B
38 жастағы әйелғ дене салмағының артуы, терлеудің азаюы және бетінің ісінуіне шағымданады. Ұзақ уақыттан бері созылмалы тонзиллитпен ауырады. Объективті: бойы-158 см, салмағы - 89 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, көз шарасының шекаралары айқын емес. ЖЖЖ - 56 рет мин. АҚ - 100/60 мм с.б.б. Қанда: эритроциттер - 3,2 млн., лейкоциттер - 7,5 мың., Нв - 82 г/л, ЭТЖ - 14 мм/сағ, қандағы глюкоза - 3,3 ммоль/л, сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л. Емдеудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?
A) витаминдік ем
B) зәр айдағыштарды тағайындау
C) қабынуға қарсы терапия
D) төмен калориялы емдәмді тағайындау
E) тиреоидты препараттармен емдеу
ANSWER: E
4 жыл бойы қант диабетімен ауыратын 16 жастағы қыз бала инсулинтерапиясын алады. Дене шынықтыру сабағы кезінде есінен танып, қысқа мерзімдік тырысулар болды. Терісі ылғалды. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
A) гиперосмолярлы кома
B) лактацидозды кома
C) кетоацидозды кома
D) гипогликемиялы кома
E) жедел өкпе-текті жүрек жетіспеушілігі
ANSWER: D
42 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігеріне ентігу, ұстамалы жөтел, тұншығу ұстамаларына шағымданады. Симптомдар аптасына 1 реттен аз, бірақ айына 1 реттен көп мазалайды. Шағымдар өршігенде физикалық белсенділік пен ұйқы бұзылғанын айтады. Түнгі шағымдар айына 2 реттен көп мазалайды. Форсирленген тыныс шығару көлемі 1 ≥ 80% норма, Тыныс шығару пиктік жылдамдығы көрсеткіштерінің таралуы 20% -30%. Дәрігерге қандай зерттеулер БА-ның себеп-салдарлық қауіп факторларын анықтауға көмектеседі?
A) Спирометрия
B) Аллергиялық жағдайды бағалау
C) Пикфлоуметрия
D) Бронхилитикпен ингаляциялық үлгілер
E) Эозинофилияға қан анализі
ANSWER: B
43 - жастағы ер адам сол қолға, жауырын астына берілетін төс артындағы ауыру сезімімен ауруханаға түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, баяу тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ-да: V2-V4 шықпаларында ST сегментінің элевациясы. Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?
A) ӨАЭС (ЧПЭС)
B) коронарография
C) вентрикулография
D) миокард сцинтиграфиясы
E) позитронды-эмиссиондық томография
ANSWER: A
43 - жастғы әйел терісінің құрғауы, іш қату, ұйқышылдыққа шағымданады. Анамнезінде созылмалы гайморит. Бойы - 168 см, салмағы - 92 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, көз шарасы шекаралары айқын емес. Беті ісіңкі, ЖЖЖ - 60 рет мин. АҚ - 80/60 мм с.б.б. Қанда: Нв - 75 г/л, қандағы глюкоза - 3,5 ммоль/л, сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л. Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?