Файл: Миокард инфарктісінен кейін емханалы кезеде оалту жргізілуі керек.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 510
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
A) Т3, Т4, ТТГ зерттеу
B) Реберг сынамасын жүргізу
C) қандағы холестеринді зерттеу
D) Нечипоренко сынамасын жүргізу
E) глюкозаға толеранттылықты зерттеу
ANSWER: A
43 жастағы ер адамды дене қызуының 38,5 С дейін жоғарылайтын қызба, қалтырау, тершеңдік, миалгия, өнімсіз жөтел мазалайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпеде әлсіз тыныс, базальді бөліктерінде крепитация. Рентгенологиялық зерттеу: екі жақты инфильтрация. Қанда: лейкоциттер - 15,5 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. СТФ (ФВ5) зерттегенде: рестриктивті типті тыныс жеткіліксіздігінің белгілері. Массивті антибактериальді терапия нәтиже бермеді. Пациентке қандай емді тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) муколитиктерді
B) бронхолитиктерді
C) туберкулостатиктерді
D) глюкокортикостероидтарды
E) аминохинолин туындыларын
ANSWER: D
43 жастағы науқасты дене салмағының артуы,әлсіздік,бетінің ісіуі,терісінің құрғауы, ішінің қатуы, аменорея, есте сақтауының нашарлауы мазалайды. Терісі құрғақ, суық. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚ90/60 мм с.б.б. пульс─52 рет.Т3 және Т4 төмендеген, ТТГ жоғарылаған. Науқасқа қандай ем көрсетіледі:
A) Тиреостатты препараттар
B) Тиреоидты препараттар
C) Диуретиктер
D) йод препараттары
E) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
ANSWER: B
43 жастағы әйел іш қату шағымдармен отбасылық дәрігерге жүгінді.Ол үлкен дәретке өздігінен дәрінің көмегінсіз шыға алмайтынын айтты. Әңгімеде оның аяқ-қолдардың салқындығы, шаршағыштық мазалайтыны белгілі болды және шашының жиі түсуі . Программист болып жұмыс істейді, компьютер алдында көп уақыт өткізеді. Тексеру кезінде терінің, шырышты қабықтардың құрғауы анықталды.Жүрек тондары тұйықталған. АД 110/70 мм с. б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде тығыз, нәжіспен толтырылған сигма тәрізді ішек анықталады. Осы науқас үшін ең ақпараттыдиагностикалық тестті таңдаңыз
A) фиброгастроскопия
B) қалқанша безінің гормондарын және TТГ, қалқанша безіне антиденелерді анықтау
C) фиброколоноскопия
D) копрограмма
E) іш қуысынУДЗ
ANSWER: B
44 жастағы науқас дәрігерге физикалық күш түскендегі ентігуге, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауырсынуға, бөлінетін несеп мөлшерінің азаюына, оның түрінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезінде жиі суық тиіп ауырады. Қарғанда беті бозарған, үрленген, мойын веналары ісінген. АҚҚ-180/110мм.сын.бағ. Несеп талдауында: протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия. Сіздің диагнозыңыз:
A) Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, СБЖ 0
B) Жедел гломерулонефрит, жайылған ағым артериалды гипертониямен бірге, СБЖ 0
C) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0
D) Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі,СБЖ 0
E) Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0
ANSWER: B
44 жастағы әйел адам жедел жәрдем емханасына физикалық күштемеден кейін күшейетін бірден тыныс алудың қиындауына шағымданып түсті. Науқас жүрек ауруымен және эмфиземамен сырқаттанатынын айтты. Науқас түнгі сағат 3-те айқын тұншығудан оянғанға дейін өзін жақсы сезінген. Кеуде тұсында ауырсыну болмаған, бірақ алқызыл түсті қақырықты жөтел байқалған. Объективті қарап тексергенде науқастың жағдайы ауыр, айқын ентігу 36 рет 1 мин. АҚҚ 200/110 мм с.б.б., пульс ырғақты, 110 рет/мин, дене температурасы 38 °С. Өкпеде жауырын деңгейіне дейін екі жақты құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек аускультациясында галоп ырғағы естіледі, шулар жоқ. Перифериялық ісінулер анықталмады. ЭКГ-да: ритм синусты және ST сегментінің спецификалық емес өзгерістері анықталды. Кеуде торының рентгенографиясында — жүректің ұлғаюы және альвеолалық суреттің екі жақты аздап күшеюі байқалады. Барынша мүмкін болатын диагноз
A) эмфизема, асқынған пневмониямен
B) өкпе артериясының эмболиясы
C) ересектердегі респираторлық дистресс-синдромы
D) жедел кардиогенді өкпенің ісінуі
E) гипертониялық криз
ANSWER: D
45 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін басталып, алға еңкейгенде күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, кекіру, құсу және спазмолитиктерді қабылдағаннан кейін азаятын ауыру сезіміне шағымданады. Рентгенде асқазанның фундальды бөлігінің кеуде қуысына ығысуы және диафрагманың өңеш тесігі тұсында асқазан пішінінің деформациясы анықталды. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
A) колоноскопия
B) ирригоскопия
C) эзофагоманометрия
D) көкірекаралық томографиясы
E) эзофагогастродуоденоскопия
ANSWER: E
45 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін басталып, алға еңкейгенде күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, кекіру, құсу және спазмолитиктерді қабылдағаннан кейін азаятын ауыру сезіміне шағымданады. Рентгенде асқазанның фундальды бөлігінің кеуде қуысына ығысуы және диафрагманың өңеш тесігі тұсында асқазан пішінінің деформациясы анықталды. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
A) колоноскопия
B) ирригоскопия
C) эзофагоманометрия
D) көкірекаралық томографиясы
E) эзофагогастродуоденоскопия
ANSWER: E
45 жастағы ер адам оң жақ бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады, ауырсыну шапқа таралады, жиі ауырсынатын зәр шығару,дене температурасының 37,5 "С дейін көтерілуі. Дене салмағының индексі 32. Зәр анализі: реакциясы қышқыл, көру аймағында 100-ден астам лейкоциттер, көру аймағында 50-ге дейін эритроциттер, зәрдің түсі қоңыр, тұндырғанда қызыл-қоңыр болған. Іш қуысы мүшелерін УДЗ кезінде оң бүйректің астаушалары және оң несепағардың жоғарғы бөлігінің кеңеюі анықталды. Болжамды диагноз
A) бүйрек абсцессі
B) созылмалы пиелонефриттің өршуі
C) зәр тас ауруының өршуі, несептік тастар
D) зәр тас ауруының өршуі, оксалаттық тастар
E) емізікшелік некроз
ANSWER: C
45 жастағы ер адам, 10 жыл бойы аллюминий шығаратын зауытта жұмыс істейді, жол апатынан кейін қалтырау және тершеңдік, миалгия, жөтелмен бірге жүретін дене қызуының 38,5 С жоғарылауына шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тыныштық жағдайда ентігеді. Өкпенің екі жағының төменгі бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада екі жақты инфильтрация және өкпе суретінің күшеюі байқалады. Қанда: лейкоциттер - 16 мың, ЭТЖ - 28мм/сағ. СТФ (ФВ5) зерттеу: тыныс жеткіліксіздігінің рестриктивті титрінің белгілері. Бұл дертте қандай этиологиялық фактордың маңызды болуы БАРЫНША мүмкін?
A) вирустық
B) саңырауқұлақтық
C) токсикалық
D) паразитарлық
E) бактериальдік
ANSWER: C
45 жастағы науқас алдыңғы қабырғалық жедел миокард инфарктысымен интенсивті (қарқынды) бақылау палатасына түсті. АҚҚ 150/100 мм с.б.б., ЖСЖ 100 рет 1 мин. 2 күннен кейін қысқа уақытты ұстамалы ентігуге шағымданды; АҚҚ 100/70 мм с.б.б., ЖСЖ 120 рет 1 мин, ТАЖ 32 рет 1 мин. Өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Кеуденің төменгі бөлігінде галоп ырғағымен қосарласқан голосистолиялық шу естіледі. Диагнозды нақтылау үшін сенімді тексеру әдісін таңдаңыз
A) 12 тіркемелі электрокардиограмма
B) өкпе рентгенографиясы
C) өкпе артериясындағы қысымды өлшеу
D) эхокардиография
E) артериялық қанның газдық құрамын өлшеу
ANSWER: D
46 жастағы ер адам, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде торшасының оң жақ бөлігіндегі сыздап ауыру сезімі мен көп мөлшердегі жағымсыз иісті, іріңді қақырықты жөтелге шағымданады. ТЖ мин. - 26 рет. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі үстінде амфоралық тыныс. Рентгенде: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қуыс анықталды. Келтірілген жағдайда төмендегі тәсілдердің қайсысы БАРЫНША тиімді:
A) плазмаферез курсы
B) өкпе бөлігінің резекциясы
C) ампициллин инъекциясы
D) левофлоксацин инфузясы
E) моксифлоксацинді қуыс ішіне енгізу
ANSWER: E
47 жастағы ер адам нервтік-психикалық күштемеден кейін кеуде тұсының қарқында (интенсивті) ауырсынуын, әлсіздікті, бетінің жабысқақ тер басуын сезінді. Көлікпен өзі ауруханаға келді. Қарап тексергенде бозарған, кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымдануын жалғастыруда. ЭКГ-да — синусты тахиардия, PQ 0,14 с, V1-V3 тіркемелерінде ST сегменті R тісшесінің ортасынан басталып, биік Т тісшесіне жалғасады. Жедел түрде қандағы ферменттерді (қалыпты) талдау жүргізілді, перифериялық қан өзгеріссіз. Төменде көрсетілгендер арасынан сәйкес келетін диагнозды таңдаңыз
A) күштемелі стенокардия
B) тұрақсыз стенокардия
C) миокард инфаркты
D) қабырғааралық невралгия
E) миокардит
ANSWER: C
48 жастағы М. атты науқас тәулігіне 5-6 реттік тұншығу ұстамасы, шырышты- көпіршікті қақырықты жөтелге шағымданады. Түн сайын тұншығу ұстамасынан оянады. Қарап тексергенде ТАЖ - 26 рет мин. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 55%. Қандай диагноздың сәйкес келуі БАРЫНША МҮМКІН?
A) бронх демікпесі, орташа дәрежелі, өршуі ТЖ ІІ
B) бронх демікпесі, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ ІІ
C) созылмалы обструктивті бронхит, өршуі, ТЖІІ
D) созылмалы обструктивті бронхит, өршуі, ТЖІІІ
E) бронх демікпесі, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ ІІІ
ANSWER: B
50 жастағы науқас жай ғана медициналық тексеру үшін ауруханаға келген. Шағымы жоқ. Қарап тексергенде: АҚҚ 160/100 мм с.б.б., ЖСЖ 72 рет 1 мин, ырғақты, дене температурасы қалыпты. Көз түбі тамырларын тексеру барысында артериоланың тарылуы және тамырлық көріністің бұралуы анықталды. Кеуде торы өзгеріссіз. Жүрек ұшы түтркісінің күшеюі байқалады. Қалған физикальды көріністер өзгеріссіз. ЭКГ-да: сол жақ қарынша гипертрофия. Электролит және креатинин талдауында өзгерістер жоқ. Сіздің тактикаңыз
A) стационарға тексеруге жолдау
B) жедел түрде гипотензивті препараттарды енгізу
C) «гипертониялық ауру» диагнозын қою және гипотензивті терапияны тағайындау.
D) үш күн ішінде АҚҚ қайталап өлшеу және содан соң науқасты бақылау
E) гипотензивті терапияны тағайындау және симптоматикалық гипертензияны жоққа шығару үшін тексеруді жалғастыру
ANSWER: E
51 жастағы ер адам ұзақ уақыт бойы оң қабырға астының ауырсынуына және жиі кекіругешағымданады.Тексеру кезінде: сарғаю жоқ, Кер симптомы оң мәнді, субфебрильді температура, СОЭ-30 мм/сағ. Болжамды диагноз қандай
A) созылмалы холецистит өршу сатысы
B) созылмалы панкреатит ремиссия сатысы
C) асқазан жарасы өршу сатысында
D) cозылмалы гепатит
E) басқа ауру
ANSWER: A
51 жастағы әйелді оң жақ қабырға астында ұзаққа созылған ауырсыну мазалайды. Қарағанда сарғаю анықталмаған. Кера, Ортнер симптомдары оң мәнді, дене қызуы субфебрильді, гемограммада ЭТЖ-30 мм/сағ. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?
A) созылмалы холецистит, өршу сатысы
B) созылмалы панкреатит, өршу сатысы
C) асқазан ойық жарасы, өршу сатысы
D) созылмалы гепатит, өршу сатысы
E) бауыр циррозы, декомпенсация сатысы
ANSWER: A
52 - жастағы ер адам баспалдақпен 3 қабатқа көтерілгенде пайда болып, нитроглицерин қолданғанда жойылатын төс артындағы және жүрек аймағындағы қысып ауыру сезіміне шағымданады. Жүрек үндері бәсеңдеген. ЭКГ – сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
A) ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия
B) ЖИА. Күштемелік стенокардия ФК II
C) ЖИА. Күштемелік стенокардия ФК III
D) ЖИА. Күштемелік стенокардия ФК IV
E) ЖИА. Үдемелі стенокардия
ANSWER: B
52 - жастағы ер адам, трансмуралды алдыңғы-перделік миокард инфарктысымен емделді. Аурудың 3-ші күні жағдайы нашарлап, төстің сол жиегінде ІІІ-ші қабырға аралығында систолалық шуыл және оң қарыншаның үдемелі жетіспеушілік белгілері пайда болды. Дамыған асқыну диагностикасын нақтылауда қандай тексеру әдісін жүргізу БАРЫНША тиімді?
A) ЭКГ
B) ӨАЭС (ЧПЭС)
C) ЭхоКГ
D) селективті коронароангиография
E) кеуде қуысы торшасы ағзаларының рентгенография
ANSWER: C
54 жастағы инженер дрігерге келесі шағымдармен қаралды: тез шаршағыштық, басының айналуы, жалпы әлсіздік. Ауруының басталған уақытын білмейді, суықтаумен байланыстырады. Об-ті: терісі қуқыл, таза. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырмайды. Несеп анализінен: түсі сары, реакциясы сілтілі, тығыздыєы 1004, белогі 0,066 г/л , лейкоциттері 16-18к/а, эрит. 1- 2 к/а, бактериялар +. Болжам диагноз:
A) жедел пиелонефрит
B) созылмалы пиелонефрит
C) созылмалы гломерулонефрит
D) бүйрек амилоидозы
E) бүйректің созылмалы шамасыздығы
ANSWER: B
55 жастағы ер адам, 4 күннен бері түнде тершеңдік және жүректің қатты соғысымен бірге кеуде тұсының ауырсынуын байқаған. Бұрын науқаста күндіз нитроглицерин таблеткасымен басылатын, физикалық күштеме кезінде сирек стенокардия ұстамалары байқалып жүрген. ЭКГ бұрынғы тексерумен салыстырғанда өзгеріссіз. Төменде көрсетілгендер арасынан сәйкес келетін диагнозды таңдаңыз