ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 244
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
нитрозаминдер).
Жоғарғы градустағы этильдік спирт, арақ, кейбір концентрациясы жоғары қышқыл және
негіздермен химиялық жарақаттану.
Тағамдардың құрамында нәруыздың, оның ішінде ауыстырылмайтын аминдік
қышқылдардың (лизин, метионин, трионин т.т), рибофлавин мен токоферолдың, А және С
витаминдерінің жеткіліксіздігі.
Тамақтану тәртібі рәсімінің ұдайы бұзылуы.
Сыртқы ортаның климаты мен географиялық ерекшеліктері
Ауа райының өте құбылмалылығы: жаз мезгілінің ыссылығы, аңызақ желкемділігі, қыстың
құрғақтау және ызғарлы болуы.
Тұрғылықты жердің топырағының құнарсыз сор мен сортаңдылығы, су мен топырақ
құрамында хлоридтердің көптігі, сульфттардың аздығы.
166
Ішкі себептер және ағзадағы қосалқы сырқаттар
- Өңеш пен асқазан орталығындағы қыспақтың жартылай немесе толықтай жабылмаушылығы.
- Өңештің іштен туа біткен қысқалығы ( Баретта ауруы) және оның көкеттегі өңештік қуыс
жарығымен қабаттасуы.
- Кардиоспазм (кардияның ахалазиясы).
- Пламмер-Винсон синдромы.
- Ауыз ішіндегі, көмей айналасындағы әртүрлі ұлпалар мен тіндерде кездесетін созылма-
лы қабынулар (іріңді баспа, глоссит, стоматит, кариес, парадонтоз).
- Созылмалы қабынған тұрақты өңеш қалтасы.
- Тилоз (табан мен алақандағы гиперкератоз).
Өңештің ракалды аурулары
Ауыр түрдегі шырышты қабаттың созылмалы қабынуы (эзофагит):
- клиникалық жіктелуі: латенттік, дисфагиялық, аурушылық, диспепсиялық, аралас
түрлері.
- эндоскопиялық жіктелуі: катаралдық, гипертрофиялық, атрофиялық, эрозиялық, ойық
жаралық.
Эзофагиттің аталмыш түрлерінің ішіндегі облигаттық ракалды ауруларына жататындар:
дисфагиялық, аурушылық, диспепсиялық, аралас түрлері және эрозиялық, ойық жаралық реф-
люкс- эзофагиттер.
- Лейкоплакия.
- Өңештің химиялық күйіктен кейін тыртықтанып тарылуы.
- Кардиялық қыспақтың ахалазиясы.
- Өңештің іштен туа біткен қысқалығы ( Баретта) және оның көкеттегі өңештің қуыс
жарығымен қабаттасуы.
- Созылмалы қабынған тұрақты өңеш қалтасы.
- Пламмер-Винсон синдромы.
Өңештің ракалды ауруларын профилактикалық байқау және скрининг тәсілін (рентге-
нография, эзофагоскопия, морфологиялық зерттеу) қолдану арқылы анықтап, оларды 1 «Б»
клиникалық диспансерлік топқа есепке алып, әртүрлі сауықтыру, емдеу шараларын іс жүзіне
асыру керек.
Өңеш рагының патанатомиясы
Макроскопиялық үш түрі:
- экзофиттік,
- эндофиттік,
- аралас.
Микроскопиялық құрылымдары:
- жалпақ жасушалы рак (жоғарғы, орта, төмен дәрежеде пісіп - жетілген) – 90-92%;
- бездік-аденокарцинома (жоғарғы, орта, төмен дәрежеде пісіп - жетілген) – 5-7%;
- аденоакантома 4-5%.
Ісік жасушаларының пісіп-жетілу дәрежелері
G x – ісіктің пісіп-жетілу дәрежесі анықталмаған;
167
G 1 – ісік жоғарғы дәрежеде пісіп-жетілген;
G 2 – ісік орта дәрежеде пісіп-жетілген;
G 3 – ісік төменгі дәрежеде пісіп-жетілген;
G 4 – пісіп-жетілмеген рак;
Өңеш рагының макроскопиялық түрлері
Түйінді рак Ойық жаралық рак
168
Скироздық рак
Ісік орналасқан жердегі өңештің
сау жағының созылуы
Өңеш рагының метастаздану ерекшеліктері
Лимфогендік жол:
- өңештің мойындық, жоғарғы кеуделік бөлігіндегі рак бұғананың асты мен үстіндегі,
кеңірдек жағалауындағы лимфалық түйіндерге метастаз береді;
- өңештің орта бөлігіндегі рак жүрек қабы, қолқа, кеңірдек айырығындағы лимфалық
түйіндерге метастаз береді;
- өңештің төменгі кеуделік және іш құрсақтық бөлігіндегі рак төменгі өкпе байламы, қолқа
тамыр жағалауына, сол жақ асқазан артериясы бойына метастаз береді.
Өңештің шырышты қабаты астымен, өңеш бойын қуалай өскен рактың метастаздары ісіктің
негізгі ошағынан жоғары және төмен 4-6 см қашықтыққа дейін шырыш асты қабатынан тарайды.
Қан тамырлық жолмен метастаздар бауыр, өкпе, бүйрекке жиі тарайды.
169
Өңеш рагының даму сатысын TNM жүйесімен жіктелуі
(UICC, 2002)
Қатерлі ісіктің өңештің қабырға қабаттарына таралғандағы
аймақтық лимфа бездеріне метастаздың таралу жиілігі
Шырышты қабат
Шырышасты қабат
Бұлшық еттік қабат
Талшықты тіндік қабат
шырышты қабаты
шырышасты қабаты
бұлшық ет қабаты
170
Өңеш рагының даму сатысына байланысты жіктелуі
(UICC, 2002)
0 – даму сатысы – Tis N0M0 немесе in situ карциномасы;
I – даму сатысы T1N0M0;
II А- даму сатысы T2N0M0 және T3N0M0;
II В даму сатысы – T1N1M0 және T2N1M0;
III – даму сатысы - T3N1M0, T4N0M0;
IV – даму сатысы T1-4N1-4M1;
IV А- даму сатысы T1-4N1-4M1а ;
IV В даму сатысы – T1-4N1-4M1в;
171
Өңештің жоғарғы кеуделік бөлігіндегі рак
Өңештің орта бөлігіндегі рак Өңештің төменгі бөлігіндегі рак
172
Өңеш рагының клиникалық белгілері
Алғашқы клиникалық белгі – функционалдық дисфагия.
Дисфагия, оның төрт сатыдағы тарылуы:
І саты – түйіртпекті, қатты, қабыршақты тағамдардың түйіліп өңештен өтуі (ісік өңеш
қуысының 50 %- на тарағанда сезіледі);
ІІ саты – қоймалжың тағамдардың өңештен түйіліп өтуі (ісік өңеш қуысының 60-70 %- на
тарағанда сезіледі);
ІІІ саты – сұйық тағамдардың өңештен түйіліп өтуі (ісік өңеш қуысының 80-90 %- на
тарағанда сезіледі).
ІV саты – сұйықтықтың өңештен өтпеуі (ісік өңеш қуысын толықтай кептегенде сезіледі)
Аурулық сезім:
- тағамдардың өңештен өту барысында байқалатын аурулық сезім;
- екі жауырын ортасынан тұрақты байқалатын шаншу;
- төс сүйек артынан байқалатын стенокардия тәрізді аурулық сезім.
Диспепсиялық бұзылыстар: лоқсу немесе қабылдаған тағамды құсу.
Сілекей бөлінуінің көбеюі ( рефлекторлық тұрғыда).
Ауыз аймағынан сезілетін жағымсыз иіс - қоныс.
Жүдеу, тері жамығының құрғауы.
Өңеш рагының асқынуы және оның клиникалық
белгілері
Ісіктің қанауы – кенеттен пайда болған әлсіздік, бас айналу, қан құсу, қан қысымының
төмендеуі, нәжістің қараюы.
Медиастенит – жүрек соғуы мен пульстің жиіленуі, дененің қызулануы, төс сүйектің ар-
тынан байқалатын аурулық сезім.
Өңеш пен кеңірдек арасындағы жыланкөз – кенеттен пайда болған дамылсыз азапты жөтел,
қан араласқан іріңді қақырық, дененің қызулануы, ауа жетпей алқынып ентігу.
Өңеш рагының рентгендік белгілері
1. Өңештің белгілі бір бөлігінің ішкі шырышты қабықшасының бедері мен қыртыстарының
бұдырланып, буылтықтанып өзгеруі.
2. Ісік пайда болған жердегі өңеш қабырғасының сіресіп, жиырылмалы қозғалысының
тежелуі.
3. Ісік пайда болған өңеш бөлігінің ішкі және сыртқы пішіні мен кескінінің өзгеруі.
4. Өңештің ішкі қуысының таралып, тіпті бітеліп қалуы.
5. Өңеш қуысы ісікпен бітелгенде ісіктің жоғарғы жағындағы өңеш қуысы қап сияқты кеңіп,
рентгендік супрастеноз белгісінің пайда болуы.
6. Өңеш қуысындағы ойық жара тәріздес ісіктік ақау.
7. Пневмомедиастинографияда байқалатын өңештің қабырға қабаттарының қалыңдауы.
8. Рентгендік тышқан құйрық белгі.
173
Өңеш рагының эндоскопиялық белгілері
Тікелей белгілері – шырышты қабықшада өсіп-өрбіген ісіктің сырқы кескіні түйіншекке,
саңырауқұлаққа, сүйелге, бөртпеленген ақ жолаққа, айналасы жырымдалып көмкерілген,
қанталаған ойық жараға ұқсайды. Ісік өңешті бүріп кептегенде өңеш қуысы тарылады;
Жанама немесе көмескі белгілері – өңештің шырышты қабықшасының белгілі бір
бөлігінің бозарып, қыртысы жазылып, қатаюы.
Эзофагоскопия кезінде ісіктік алаңнан биопсиялық тін, жағынды және жуынды алу міндетті
шарт.
Рентгендік бақылаумен проф. Б. В. Монаховтың эластикалық сүмбесі арқылы эксполиативтік
әдіспен өңештің шырышты қабықшасынан жасушалар алып, оны цитологиялық зерттеуден
өткізген абзал.
Кеуде қуысын жоғарғы және орта бөліктерінің рагының рентгенограммасы
174
Радиоизотопты анықтау
Көк тамыр арқылы 32-радиоактивті фосфорды (1 кг салмаққа 1-3 мккюри) енгізгеннен кейін
арнайы сүмбе-есептегішті өңеш қуысына кіргізіп, сканерлік әдіспен радиоактивті фосфордың
ісік тіндеріне шоғырлану мөлшері анықталады.
Өңеш рагын төмендегі аурулардан ажырату қажет
1. Кардиоспазм (парадоксалдық дисфагия, спазмолитиктерді пайдалану, науқастың
анамнезінің ұзақтығы).
2. Химиялық күйіктен кейінгі өңеш қуысының тыртықтанып тарылуы.
3. Созылмалы эзофагиттің дисфагиялық түрі.
4. Өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі.
5.Өңештің механикалық жарақаттан тесілуінен, туберкулездік немесе іріңдік ме-
диастиниттен кейін пайда болған беріштенген (склероздық) медиастенит.
Өңеш рагының эзофагосонограммасы
175
Өңеш рагын емдеудің принциптері мен тәсілдері
Өңеш рагына шипалы емдеу тәсілін нақты жоспарлау үшін алдын ала тексерудің
қорытындысынан төмендегідей мәліметтерді анықтау керек:
- Ісіктің өңеш бойындағы орналасқан жерін нақтылау;
- Ісіктің даму сатысын анықтау ( ТNM жіктеуі бойынша);
- Ісіктің гистологиялық түрін, оның пісіп-жетілу дәрежесін анықтау;
- Науқас адамның жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек мүшелерінің функционалдық қызметін
анықтау.
Өңеш рагын емдеуге хирургиялық, сәулелік, химиотерапиялық ем тәсілдері жеке, кешенді
және қабаттастырылып қолданылады.
Өңеш рагына шипалы емді таңдау ісіктің орналасқан жеріне байланысты:
- егерде ісік өңештің жоғарғы бөлігінде, яғни V мойын омыртқа мен IV кеуделік омыртқалар
тұсында орналасса, сәулелік немесе сәулелік тәсілге қосымша химиотерапиялық емдер
қолданылады, яғни кешенді ем;
-өңештің басқа бөліктерінде орналасқан рактың І-ІІ а даму сатыларында тек қана
хирургиялық ем, II-б, III сатыларда қабаттастырылған немесе кешенді ем, ал IV сатысында
және науқас хирургиялық емнен бас тартса немесе операция жасауға қосалқы науқастары
мүмкіншілік бермесе (кез келген даму сатысы), онда сәулелік ем жеке немесе дәрі-дәрмектермен
біріктіріліп қолданылады немесе симптоматикалық ем тәсілдері жүргізіледі.
Өңеш рагына қолданылатын хирургиялық
операциялардың түрлері
Егер ісік өңештің орталық бөлігінде, яғни V-VІІ кеуделік омыртқалар аралығында орналасса,
оған екі-үш кезеңге бөлінген хирургиялық операциялар қолданылады.
І кезеңде өңешке Добромыслов-Торек операциясы жасалады, яғни өңештің кеуделік бөлігі
ісікпен, сыртқы лимфа бездерімен қоса сылынып алынады да, асқазанға Витцель гастростомасы,
сол жақ мойын аймағына эзофагостома жасалады;
ІІ кезеңде операциядан кейін 5-6 ай өткесін, рактың қайталамасы мен метастаздарының
жоқтығына көз жеткізіп, ащы немесе тоқ ішектерден жасанды өңеш операциясы жасалады
(жасанды өңешке тоқ ішектің оң жақ бөлігіне қоса мықындық ащы ішекті қолданған қолайлы);
III кезеңде жасанды өңештің проксималдық ұшы өңештің мойындағы ұшына жалғастырылып,
гастростома жабылады.
Егер ісік өңештің жүрек арты сегментінде, яғни VII-IX кеуделік омыртқалар тұсында
орналасса, бір кезеңді екі зоналық лимфодиссекциямен Льюис операциясы жасалады. Бұл
операцияны өңештің орталық бөлігіндегі ракқа да қолданады.
Егер ісік өңештің іш қуысы бөлігінде орналасса, онда бір кезеңді Гэрлок операциясы екі
зоналық лимфодиссекциямен жасалады.
Соңғы жылдары өңеш рагының алғашқы даму сатыларында (І-ІІ) бір кезеңді мойындырық-
көкеттік әдісімен өңеш айналасындағы лимфалық бездермен және май шелдерімен бірге
сылынып алынады да, асқазанның үлкен иінінен жасанды өңеш түтігі жасалып, ол өңеш
орналаскан орталық жылға арқылы мойын аймағына шығарылып, өңештің кесілген мойындық
ұшымен жалғастырылады.
176
Өңеште жаңа ғана пайда болған рак ( І даму сатысы) эндоскопиялық