ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 237
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жылы 4-ші орында тұр.
Қазақстанда 2010 жылы асқазан рагы 2653 адамнан анықталып, барлық қатерлі ісіктің 9,0%
құрады, өлім-жітім көрсеткіші 2010 ж. – 13,3%000. Жоғары аурушылық көрсеткіші (%000)
Павлодар (22,5), Ақмола (22,1), Қостанай (19,9), Қарағанды (20,2) облыстарында, төменгі
Алматы (11,1) Жамбыл (13,4), Атырау (11,2), ОҚ (10,5), Маңғыстау (6,6) облыстарында тіркелді.
Тіркеуге алынған науқастың 23,0%-да қатерлі ісіктің І–ІІ даму сатысы, ал 28,4 %-да IV даму
сатысы анықталған (Қ.Ш. Нұрғазиев т.б. 2011ж.).
Асқазан рагының 100 000 адамға шаққандағы жиілігі 20-30 жастағы адамдар арасында – 3,0,
ал 50 жастан жоғарыларда – 84,0, яғни 28 есе жоғары.
Асқазан рагының пайда болуына септігін
тигізетін факторлар
Геогидрохимиялық жағдайлар (топырақтың құрамы, шым тезек-сазды, анювильді болуы,
ішетін судың жоғары минералдануы, әсіресе, хлоридтермен және кальций, мыс, хромның мол
болуы, магний-натрийлік қоспалардың жетіспеуі (Р.Ф.Белоконь, 1974).
200
Наlісоbасtеr ріlогі (Warren М, 1983) ацетальдегид ферментін бөледі, ол асқазанның
шырышты қабықшасын зақымдап, қабыну үрдісін жеделдетеді және жергілікті иммундық
жағдайды төмендетеді. Бұл бактерия гипо-, анацидтік гастриттермен ауыратын адамдарды
қатерлі ісікке бейімдейтін антиген бөліп шығырады (Wollmers J.1994).
Күнделікті пайдаланатын тағамдар құрамындағы канцерогендік заттар:
- Афлотоксиндер;
- Нитрозоаминдер;
- Көп циклді хош иісті көмірсутектерінің 4-3 бенз(а)пирен, 9-10 диметилбензатраценинің
т.б. тағам құрамында көп мөлшерде болуы.
Тағамдар құрамында төмендегі антиоксиданттардың жеткіліксіз болуы (Е.С ви-
таминдері, бета-каротин, селен).
Тағаммен ас тұзын үнемі жоғарғы мөлшерде қабылдау
Аталмыш себептердің әсерінен шырышты қабатта, әсіресе оның бездік құрылымында
алдымен функционалдық, кейіннен морфологиялық өзгерістер, ошақтық пролифераттар
түзіледі, гиперплазиялық, дисплазиялық үрдістер өрбиді. Одан гастрит, ойық жара пайда
болады.
Асқазан ракалды аурулары
Гастриттер:
- Клиникалық ағымы бойынша – созылмалы түрі;
- Секреторлық функциясы бойынша – гипо-, анацидтық түрлері;
- Эндоскопты- морфологиялық жіктелуі бойынша гипертрофиялық (Менетрие ауруы),
антрофиялық түрлері, әсіресе атрофиялық гастриттің ішектік түрі.
Созылмалы ойық жара (коллезді түрі);
Асқазан полиптері (аденоматоздық,бүрлік);
Резекцияланған асқазан қалдығындағы гастрит.
Жоғарғы қауіп-қатер топтар
Асқазанның бездік кілегей қабықшасында ішектік үлгідегі метаплазиялық өзгерісі бар
созылмалы гипо-, анацидті атрофиялық гастритпен ауыратындар;
Биопсиялық тінде дисплазияның ауыр түрі (ІІІ-ші даму сатысы) айқындалған, асқазанында
ойық жара бар науқастар;
Аденоматоздық, бүрлік полиптері бар науқастар;
Гипертрофиялық гастритпен (Менетрие ауруы) ауыратындар;
Атрофиялық фундальды гастрит негізінде дамыған пернициоздық анемиямен ауыратындар;
Ойық жара немесе полип себебінен асқазан резекциясы жасалған науқастар.
Аталмыш науқастарды дер кезінде анықтап, оларды 1”Б” клиникалық диспансерлік
топқа есепке алып, тиісті ем шараларын қолданған ләзім. Емдеу алдында және ая-
ғында гастрофиброскопия жасап, емнің шипалылығын бақылау керек.
201
Асқазан рагының патологиялық анатомиясы
Макраскопиялық түрлері:
- Экзофиттік (табақша немесе тостағанша түрі, полиптер тәрізді).
- Инфилтративтік (ойық жара тәрізді,жайылмалы - инфильтративтік немесе скироздық
түрлері).
- Аралас өскен түрлері.
Гистологиялық түрлері:
Аденокарцинома:
- папиллярлық
- тубулярлық
- муциноздық
- коллоидтық
Сақина тәрізді жасушалы рак.
Безді-жалпақ жасушалы рак.
Пісі-жетілмеген рак.
Жіктелінбейтін рак.
Асқазанның аталмыш патологиялық түрлерінің ішіндегі болжамы төмендердің қатарына
инфильтративтік, аралас өскен түрлері және муциноздық, колоидтық, сақина тәрізді, пісіп-
жетілмеген гистологиялық түрлері жатады.
Рактың пісіп-жетілу дәрежесі.
G х – ісіктің пісіп-жетілу дәрежесі анықталмаған.
G 1 –жоғарғы дәрежеде пісіп-жетілген.
G 2 –орта дәрежеде пісіп-жетілген.
G 3 –төменгі дәрежеде пісіп-жетілген.
G 4 –пісіп-жетілмеген анапластикалық рак.
202
Асқазан рагының алғашқы даму сатысындағы
макроскопиялық көрінісі
а – экзофиттік түрі
б – беткейлік түрі
в – ойық жаралық түрі
Асқазан рагының метастаздану жолдары
Лимфогендік метастаздану жолдары:
Д 1 - оң жақтағы а.,v.gastrіса dехtrае, а.,v.gastroepiploica
dехtrае маңындағы лимфалық бездердегі метастаздар.
Д 2 - а. gastrica sinistrae және а.liеnalіs аймағындағы метастаздар.
Д 3 - гастродуоденалдық байлам, құрсақтық бағана, қолқа және жалпы бауырлық артерияның
маңындағы метастаздар.
Д 4 - сол жақ бұғана үстіндегі Вирхов метастазы.
Іш перделік- имплантациялық метастаздар:
- Дугласов аймағындағы Шницлер метастазы.
- Әйелдердің аналық безіндегі Крукенберг метастазы.
- Кіндіктегі метастаз (бауырдың дөңгелек байламында).
Ісіктің дене мүшелеріне жанасқан жеріндегі метастаздар (іш перде, көкет, ұйқы безі,
тоқ ішек).
Гематогендік метастаздар (бауыр, ұйқы безі, бүйрек, бүйрек үсті безі).
203
Асқазан рагының даму сатысын TNM жүйесімен жіктелуі
(UICC, 2002)
0 даму сатысы – Тis N 0 M 0 (саrsinoma in sity); аймақтық лимфалық түйіндерде метастаз жоқ).
І “А”даму сатысы – Т 1 N 0 M 0 – ісік шырышты, шырыш асты қабатты зақымдаған, аймақтық
лимфалық түйіндерінде метастаз жоқ.
TIBN 0 M 0 үш топқа бөлінеді, олар:
- Т 1 N 1 M 0 – ісік шырышты, шырыш асты қабатты зақымдаған, аймақтық 1-6 лимфалық
түйіндерінде метастаздар бар.
- Т 2а N 0 M 0 – ісік бұлшық еттік қабатты зақымдаған, аймақтық лимфалық түйіндерінде
метастаз жоқ;
- Т 2b N 0 M 0 (ісік сірі қабаттың астына жабысқан, аймақтық лимфалық түйіндерде метастаз
жоқ.
ІІ-даму сатысы – Т 1 N 2 M 0 – ісік шырышты, шырыш асты қабатты зақымдаған, аймақтық
7-15 лимфалық бездерде метастазы бар.
Т 2а/b N 1 M 0 – ісік шырышты, шырыш асты, бұлшық еттен өтіп сірі қабатының астына
жабысқан, аймақтық 1-6 лимфалық түйінде метастаздар бар.
Т 3 N 0 M 0 – ісік асқазанның барлық қабаттарына зақымдаған, бірақ іргелес ағзалармен
тіндерді зақымдамаған, аймақтық лимфалық түйіндерде метастаз жоқ.
ІІІ “А” сатысы 4-ке бөлінеді:
- Т 2а N 2 M 0 – ісік бұлшық ет қабатын зақымдаған, аймақтық 7-15 лимфалық бездерде
метастаз бар;
- Т 2b N 2 M 0 – ісік бұлшық ет қабатынан өтіп, сірі қабатында зақымдай бастаған, аймақтық
7-15 лимфалық түйіндерде метастаздары бар;
- Т3N 1 M 0 – ісік асқазанның барлық қабаттарын зақымдаған, аймақтық 1-6 лимфалық
түйіндерде метастаздары бар.
- Т 4 N 0 M 0 – ісік асқазанмен іргелес ағзалар мен тіндерді зақымдаған, аймақтық лимфа-
лық түйіндерде метастаз жоқ.
ІV даму сатысы:
- Т 4 N 1-3 M 0 – ісік асқазанмен іргелес ағзалар мен тіндерді зақымдаған, аймақтық
лимфалық түйіндерде 1-15-ке дейін метастаздар бар;
- Т 1-3 N 3 M 0 – ісік кез келген қабатты зақымдаған, бірақ аймақтық лимфалық түйін-
дерде 15-тен артық метастаздар бар.
- Кез келген Т, кез келген N, алшақ дене мүшелерінде метастаз бар.
Асқазан рагының TNM бойынша жіктелуі
(UICC, AJCC 2002)
0 – сатысы – Tis Nо Mо (рак in situ)
I “А” сатысы – T 1 No Mo
I “B” – T 1 N 1 M 0 және T 2а/в N 0 M 0
II “A” – T 2 N 0 M 0
II “B” – T 1 N 2 M 0 және T 2 N 2 M 0 , T 2а/в N 1 M 0 ,T 3 N 0 M 0
III “A” – T 2а/в N 2 M 0 және T 3 N 1 M 0 ,T 4 N 0 M 0
III “B” – T 3 N 2 M 0
IV T 4 N 1-3 M 0 , T 1-3 N 3 M 0 , T 1-4 N 1-3 M 1
204
Ісіктік үрдістің асқазанның қабырға қабаттарын Т 1 , Т 2
сатыларында зақымдау көрінісі
Ісіктік үрдістің асқазанның қабырға қабаттарын Т 1 , Т 2 сатыларында
зақымдау көрінісі
205
Ісіктік үрдістің асқазанның қабырға қабаттарын Т 3 , Т 4
сатыларында зақымдау көрінісі
206
Ісіктік үрдістің асқазанның қабырға қабаттарын Т 3 сатысында аймақтық
лимфалық түйіндерге метастаздану көрінісі
207
Асқазанның дисталдық бөлігіндегі рактың аймақтық лимфалық түйіндердегі
метастаздары
Асқазан түбінде өрбіген рактың метастаздарының таралатын орындары
208
Асқазанның анатомиялық бөліктері
С160 – өңештің ішперделік бөлімі.
С161 – асқазанның проксималдық бөлігі.
С162 – асқазанның денесі.
С163 – асқазанның дисталдық бөлігі.
С164 – пилорикалық қыспақ.
Асқазан рагының клиникалық белгілері
Асқазан рагы алғашқы даму сатысында елеулі клиникалық белгілерсіз басталады. Негізі
оның клиникалық белгілері ісік алдында кездесетін созылмалы гастрит, ойық жара, полиптердің
белгілері сияқты, сондықтан ауру анамнезін жинаған кезде бұрыннан байқалған белгілердің
жаңа өзгеріске айналғандығына назар аударған жөн.
Асқазан рагының клиникалық белгілері үлкен 6 топқа бөлінеді: жалпылама, жергілікті,
басқа дене мүшелерінің қызметінің бұзылуы, ісік жабысқан дене мүшелерінде пайда болатын
белгілер, метастаздық белгісі, асқыну белгісі.
Рактың жалпылама клиникалық белгілері немесе А.И.Савцкийдің “кішігірім белгіле-
рі” – әлсіздік, жабырқау, жүдеу, тәбетсіздік.
Рактың қалған басқа белгілері қатарына төмендегілер жатады:
- семсер тәрізді өскін аймағындағы аурулық сезім;
- диспептикалық синдром (лоқсу, құсу, иісті кекірік, тоқтық сезім);
- функциялық бұзылыс синдромы (іштің кебуі, нәжістің сұйықталуы, дисфагия);
- асқазан рагының алшақтағы метастаздарының белгілері (шемен, терінің сарғаюы);
- ісіктің асқынғандық белгілері (қансырау, тесілу);
- кофе тәрізді құсық;
- нәжіс түсінің соңғы кезде қараюы (мелена).
Асқазан рагын анықтаудың тәсілдері
Асқазан рагын анықтау үшін барлық тексеру мен зерттеулер бір жүйемен жүргізіледі.
Науқастың анамнезі мен шағымдарын жинағанда олардың динамикалық дамуына басты
назар аудару керек. Бұрыннан асқазан ауруларының бар немесе жоқтығын, болса қандай
ем шараларын қолданғанын, соңғы кезде байқалатын шағымдарының өзгешелігін, тағамға,
209
оның ішінде ет тағамдарына тәбетінің бар немесе жоқтығын, А.И. Савицкийдің «кішігірім»
белгілерін анықтау керек.
Мануалдық әдістердің көмегімен келесі белгілерді анықтауға болады.
- тері жабындысының қуқылдығы және сарғыштануы, құрғақтығы;
- ісіктің күн тәрізді нерв өріміне жабысып, оны тітіркендіргенде эпигастрий аймағын-
дағы аурулық сезім;
- іш шемені мен бауырдың қалыптан тыс ұлғаюы (гепатомегалия);
- эпигастрий аймағында іш қабырғасының томпаюы;
- сол жақ бұғана үстіндегі лимфалық түйіннің бар екендігі (Вирхов метастазы);
- кіндік айналасында лимфалық түйіннің пальпациялағанда білінуі (Марии Джозеф
метастазы);
- әйелдердің құрсақ ішінің мықындық аймағынан анықталатын көлемді құрылым (аналық
бездегі Крукенберг метастазы);
- тік ішекті, қынапты саусақпен қарағанда дуглас кеңістігінен байқалатын көлемді, тығыз
құрылым (Шницлер метастазы);
- ісік өңеш пен асқазанның тоғысатын жерінде орналасса, тағам тежеліп өтеді (дисфагия).
Зертханалық зерттеу
1. Қан құрамын зерттеу арқылы асқазанға байланысты анемияның бар немесе жоқтығы
анықталады.
2. Асқазан сөлінің мөлшері жуан немесе жіңішке сүмбі арқылы анықталады. Асқазанның
сөл бөлу қызметін нақты анықтау үшін жіңішке сүмбі арқылы фракциялық зерттеу әдісін
қолданады.
3. Қанды биохимиялық тәсілмен зерттегенде альбуминдер мөлшерінің төмендеуімен,
глобулиннің жоғарылауы себебінен гипопротеинемия жиі байқалады.
4. Нәжістен жасырынды қанды Григерсен сынамасымен анықтайды.